Ақ қауданды орамжапырақ- орамжапырақ көкөністердің ішінде кең тараған. Оны балғын түрде, аспаздыққа, ашыту және маринадтау үшін қолданылады. Ақ қауданды орамжапырақты 1-2,5% белок, 2,5-5,3% қант,
0,8% минералды заттар, 70 мг дейін С витамиңі бар. Пішіні бойынша олар домалақ, жазық, овал тәрізді және конус тәрізді болады. Өлшемі бойынша майда (0,7 кг), орташа және ірі (4-8 кг) болады. Жетілу мерзімі бойынша ерте, орташа және кеш пісетін сорттарға бөлінеді.
Қызыл қауданды орамжапырақ ақ қауданды орамжапыраққа қарағанда қызыл күлгін түсімен ерекшеленеді, оның түсі құрамындағы антоциандарга негізделген. Құрамында қант 4,7% , С витамині 60 мг. Бұл орамжапырақ суыққа төзімді және жақсы сақталады. Қызыл қауданды орамжапырақты балғын күйінде салат жасау үшін, сонымен қатар маринадтау үшін қолданады. Бұл орамжапырақ ашыту үшін жарамсыз. Кең таралған сорттары: Каменная головка, Гако.
Достарыңызбен бөлісу: |