Мүкжидек (клюква) - майда, қызыл, шырынды, қышқыл жидектер.
Итбүлдірген (брусника) - домалақ, қызыл, ащы дәмді жидектер. Оның құрамында қант, бензой қышқылы бар, бұл оларды суға салып қойғанда сақталғыштығына ықпал етеді.
Қара бүлдірген (ежевика) - жидектері таңқурайға ұқсас, тек күлгін түсті.
Жидектердің аурулары. Жидектер саңырауқұлақ ауруларымен зақымданады. Ол сұр шірік, ақ шірік, оидиум (жүзім бетін басады, содан кейін жүзім жарылып, толығымен шіриді); мильдь (жүзім піскенге дейін солып, кебеді); жасыл зең.
Жидектерді буып-түю және сақтау. Жүзімді сыйымдылығы 7 кг жәшіктерге, дейін торларға немесе себеттерге, брусника мен клюкваны көлемі 200 л бөшкелерге немесе 60 кг дейін себеттерге салады.
Жидектерді 00С температурада, 85-90% салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтайды.
Өңделген жемістер мен көкөністер
Көптеген жемістер мен көкөністерді әртүрлі әдістермен өңдейді, бұл оларды бұзылудан сақтап қана қоймай, сонымен қатар жаңа тағамдық және дәмдік қасиеттері бар өнімдерді алуға мүмкіндік береді. Өңдеудің келесі әдістері кең қолданылуда: ашыту, тұздау, маринадтау, тоңазыту, кептіру, герметикалық ыдыста консервілеу
Ашыту (тұздау). Жемістер мен көкөністерді ашыту (тұздау) жемістер мен көкөніс құрамындағы қанттардың сүт қышқылы бактериялармен ашу нәтижесіндегі түзілетін сүт қышқылының консервілеуші әрекетіне негізделген. Сүт қышқылы шіріткіш микроптардың әрекетін тежейді және өнімге жаңа дәм береді.
Достарыңызбен бөлісу: |