«Тамақ өнімдері өндірісінің технологиясы» (2)



бет83/94
Дата08.02.2022
өлшемі432,13 Kb.
#98787
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   94
Байланысты:
acbcd762-3e56-11e4-8251-f6d299da70eeТамақ өнімдері өндірісі-ң тех-сы
0006e459-e16cf466
Жүзім (виноград). Жүзім құрамына жеңіл сіңетін қанттар (глюкоза, фруктоза - 12-22%), органикалық қышқылдар (шарап, алма-0,6%), ароматты және илек заттар, құнды минералды тұздар (калий, кальций, темір, марганец, фтор, йод тұздары), С витамині кіреді. Жүзім жемістері жақсы дәмге және жоғары құндылыққа, емдік қасиетке ие.
Тағайындалуы бойынша жүзімнің ампелографиялық сорттары асханалық, шарап және кептірілетін болып бөлінеді.
Жүзімнің асханалық сорттары - бұл тәтті, шырынды, ароматты, ірі жемісті жидектер. Асханалық сорттардың кең тараған түрлері: Чауш, Шасла, Белая, Изабелла, Хусайне (дамские пальчики) және т.б.
Шарап сорттары құрамында белгілі бір мөлшерде қант және қышқылдар болу керек, сонымен қатар шарапқа дәм мен аромат беретін заттар болу керек.
Кептірілетін сорттар жоғары қант мөлшері мен аз қышқылдылықпен тығыз жұмсағымен Қарақат (смородина) ерекшеленеді.
Қарақаттың қара, қызыл, ақ түрлері өсіріледі.
Қара қарақат құнды болып саналады. Себебі құрамында С витамині, қант (10% дейін), органикалық қышқылдар (2-4%), пектин заттары көп. Кең тараған сорттары: Голубка, Голиаф, Память Мичурина, Победа т.б.
Қызыл қарақат жидектерінде 4-10% кант, 2-4% қышқылдар, С және Р витаминдері бар. Помологиялық сорттары: Голанская красная, Виктория, Версальская красная.
Ақ қарақат қызыл қарақатқа қарағанда тәттірек, құрамында 8%-ке дейін қант, 1% қышқылдар, С витамині бар, каротинмен пектин заттары көбірек. Помологиялық сорттары: Английская белая, Голанская белая.
Қарақаттардың жидектері балғын, таза, құрғақ, жетілген, біртекті түсті, зақымдануларсыз (механикалық, ауыл шаруашылық зиянкестермен және аурулармен) зеңсіз, бөтен дәм мен иіссіз болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет