Қош деп маган қолын берді,
Тапсырды өзі кестесін.
Колхоз қызы қарындасым,
Үмытпаспын кестесін, -
деп калып едім:
Е, Қасым! - деп Жұмакең көңілденіп кетті. Сөйтіп отырып, “Лагерь жыры” да ойыма оралып еді. Ол кісі өзін мені классиктер катарына коскандай, әлсіз денесімен келіп кұшақтай алды. Енді “Кесте”, “Лагерь жыры” осы адамның өлеңдері екенін есімде сақтадым.
...Екеуміз елге - Алматыға келдік. Алматыда Асыл (Қасым ағаның жұбайы - ред.) мен Жұмакеңнен басканы білмеймін. Ол кезде Асыл “Социалистік Қазақстан” газетінде әдеби кызметкер. Ол кызметіне кеткенде, мен Жұмакең үйіне келемін. Ол эрдайым шағын үстел басында өлең жазып отырады да, есіктен кірген мені көріп, куанып орнынан тұрады. Мені құшактап, мэз болып қалады. Мен кейде оны қатты қысыңкырап жіберемін, ол ауырсынып калады, бірак ренжімейді. Ол кісі жаралы, катты ауырып, киналып жүретінін білемін, өзі де жаратылысынан қоңылтақ, нэзік адам. Бірақ мен оны жақсы көремін, онымен эрдайым құшақтасып амандаскан кезде оның аяулы халін ұмытып кетемін. Өзімнің дөрекілігіме басып, катты қысып жіберемін. Ол менің бүкіл жаратылысымды түсінеді. Менің артык аусарлығымды, көрініп тұрған кемшілігімді кешіреді. Ол - өте сезімтал, жүрегі нәзік адам. Жақсылыкқа жарыла қуанып, жаманшылыққа жаны жүдейді. Сол кезде денсаулығы нашар, жұмыс істеуге шамасы болмайды. Жеңгеміз Екатерина да екі-үш ұсақ баламен жұмыс істемейтін. Үйде жүдеп-жадап отырып жазған өлең, мақалалары газет-журналға басылса, сонан алған мардымсыз каламақымен күн кешетін. Ол үйде кейде бар, кейде жоқ еді. Калинин көшесі мен Фурманов көшесі қиылысындағы үйдің екінші қабатында шағын бір бөлменің жүдеу де салқын ішін жайсаң жүрегімен жылытып отырушы еді Жұмакең. Оның жүрегі эрқашан да “Отан, халық камы” деп соғып тұратын сияқты.
ТУҒАН ЖЕР
Ес біліп, етек жинағаннан кейінгі үзақтау болған ғұмырымды жаяу жүріп, ізіме түссем, өкінер өмір сүрмеппін. Балалық шағым кіндік қаным тамған, жер жаннаты Асубұлақта өтті. Бұл өңірдің табиғат көркіне көз тұнатын еді. Айнала асқақ ну орманды заңғар таулар қоршаған. Терең сайларынан тасқынды тентек Тайыты, Тарғын, Үңгірлі, Асубұлак өзендері аққан. Бүларда Ертіс алып өзенінен өрлеп шапкан балықтың неше түрі сая тапқан. Қолыңды суға малсаң, аққайран, ақтабандар алақаныңды қытықтайды. Өзен жағасындағы ит мұрыны өтпейтін тоғайында эр түрлі ұсак кұс алды артыңды орайтын да, қарақат, қызылқат, бүлдірген көздің жауын алатын. Мұздыбұлак, Асубұлак терең сайларында, тау іші толған аң-
кұс еді. Бала кезімізде кызылкат, қаракат теретін жерімізді бұл жемістерге кұмар аюлар сол жерде біздерден бұрын болып, жемісін жеп, шиырлап кететін. Баска жакта өсе бермейтін карамойыл сансыз ағаш басында тұтасып тұрушы еді. Суықты сүйетін ұсак алма түрлері әсіресе, Тайынты өзені бойындағы Кардон елді мекенінде ерекше каулап өсетін. Қасқыр сілеусін, түлкі, қоян қисапсыз көп болатын. Қоянды балалар тұзақ кұрып ұстай беретін.
Біздің Жоғарғы ауыл деп аталатын ауылдың карсысында шағын дөң бар еді. Оны Құройнак дейтінбіз. Ол төбенің басында таңсәріден құрылдап, бірін- бірі қуып ойнайтын кұрға сан жетпейтін.
Табиғаттан асқан мүсінші, суретші жок кой. Біздің жақтың тауы да, тасы да, ағашы да өзінше ерекшеленетін. Керегетас, Секіртпе, Сандықтас деген сиякты атаулар көп. Шіркін, туған Жер-Ана!
Думанды балалық шағым да осы сұлу табиғаттың аясында өтті. Адам өмір сүруді армандайтын осы бір қасиетті коныста дүниеге келудің өзі бақыт қой, шіркін! Қайсар, Құсман, Иіс, Рахметолла сияқты еңбек алыптары да осында түлеген еді. Ел ағалары Құсайынның Қалиы, Темірбайдың Ракымжандары бар өмірлерін халкының болашағына сарп етті. Кезінде әскер катарынан оралған соң, ат үстінде жүріп не алуан өнер көрсе-тетін Байсал ағамыз кандай еді! Суырып салма ойшыл ақын Қалика атам менің кіндігімді кескен - кіндік атам еді. Ел қуанышы жиын тойларда кұлақ кұрышын қандыратын асқан энші Әйкес, Байұзақ, Мұса ағалар үні әлі кұлағымнан кетер емес. Ел еркесі болған мейірімді Самаркан, Иса аталарды айтса- ңызшы. Аруағыңнан айналайын ұлы шешем - Бибіш апам қара өлең, өтірік, жұмбақ өлеңдері тауСылмайтын балалар тэрбиешісі еді. Бұл кісі ер мінезді аса ірі, денелі адам болатын. Осы апамның жатқан жерінде айналасына өлең тыңдау үшін оншақты бала таласа-тармаса сиып кететінбіз. Осы апамнын елінде, демек төркін (Қаршыға деп аталатын ру) жағында аталас Мылтықбай деген кісі болды. Бұл адамды өзім көргенмен, салмағы канша екенін айта алмаймын. Өзінің қарагер атынан басқа жылқы баласы көтере алмайтын да, әрқашан арбамен жүретін. Тіпті арбаның да арбасы көтереді дейтін елдер. Бір үлкен тойда осы кісіні көрдім.
Жоғарыда айтқан Құройнақ аталатын төбеде тойдын
күрес-жарыс кызығы өтіп жатты. Осы тойға Мылтықбай келді деген соң, ол кісіні көруге оншақты бала бардық. Көп арасын аралап жүрсек, элгі дөң үстіне дөң орнап қалғандай малдасын кұрып отырған коңырқай жүзді кісіні көрдік. Ой алла, отырса да орташа адам бойындай тұлғасы. Дереу алдына бардық. Ол кісі шалқайып бір нәрсеге сүйеніп отырған сияқты. Оң жағына шығып едік сол жағына, сол жағына шығып карап едік, оң жағына жантайып отырғандай. Артынан карап едік, еңкейіп, тұқырайып отырғандай болды. Аяқтарын көруге болмады, екі аяғы да дәу дененің астында, көрінбейді. Бір кезде бэйге аттары келе жатыр деген көп дауысы естіліп еді, элгі дэу орнынан екі рет козғалактап барып, түрегелді де: “Тарт, тарт! Қолдай гөр!” деп дауыстады.
Сол кезде халық тамсанып, ауыздарынан тастамайтын құс канатты жүйрік - Қайракбайдың көк аты, Байырқаның кара аты, Шынтайдың торы аты, Ақтағыстың құла аты дейтін алдына жылқы салмас сәйгүліктер болды.
Ана денеден шыкқан зор дауыс жұртты жалт қаратты. Бұл кісі өзі балуан болған екен. Қолындағы сабына қайырып, бүктеп ұстаған қамшы ма, элде арбада ат айдайтын бишік пе, айыру қиын, бірақ өз денесіне сай екен. Бұл кісіні элді біреу болмаса, конак етуі де қиын екен. Бір үйді былай қойғанда, шағын ауылға ол кісі жеген табақ па, астау ма еттен соң шөлін басу да оңайға түспеген. Бірақ барын конақтың аузына тосатын казак емес пе, ауыл болып алдымен қымыз, айран, тіпті шара-шара кұрт жинап, шөлін басып, аттандырады екен.
Осы адал да алып адамды ауыл белсенділері “бай” деп, байлығы болмаса да, қуғындап, атақты отызыншы жылдарда ашықтырып өлтірді. Балаларының бірі бас сауғалап Алматы төңірегінде жүр дегенді естиміз.
Біздің оншақты ата ішінде нелер алып тұлғалар өткен. Қай атаның ұрпағы екенін білмеймін қара дүлей күш алыбы Апақ аңызға айналған. Ол көтеріп бір жерден екінші жерге қойған өркеш-өркеш тастар бар. Өтеміс руынан Сыдық балуанның жауырыны жерге тимепті. Өзімнің аталас Жүніс балуан да сол даңқты Сыдық балуанмен белдессе керек.
Бабаларымыз бұл табиғаты бай өлкені басында тек аң аулап күн көру үшін қоныс тепкен екен. Онан кейінгі
кәсіп күн көрісі ағаш төңірегінде өткендіктен, ағаш кию, оюлы төсек, жеңіл сәнді шана (качевка), кигіз үй сүйегін жасауда Садык, Иса, Аңсабай, Тоқаш аксакалдар шебер еді.
Осы төрт-бес ата үрпактары тату-тэтті өмір сүріп, үйып отырған біртұтас ел болатын. Қай жылы келіп коныстан- ғанын білмеймін, іргемізде Карповка, Толчеевка деген екі орыс селосы бар еді. Осы селоларда ауыл қазактарының орыс тамырлары болатын. Олар біріне-бірі катынасып. орысша, қазақша араластырып сөйлесіп, қаукылдасып жатушы еді. Менің Бибіш апамның да осы екі селода Кэрпей, Никонор деген екі тамыры бар еді, әйтеуір апам оларды осылай атайтын. Олар үйге келгенде, қатты күтіп, карсы алатын. Арғы Түлскей деген Ертіс жағасындағы селода экемнің Василий деген досы болды. Ол бізге үлкен қам- қоршы еді, жақсылығын аямайтын. Кейін Үлы Отан соғысы кезінде маған жау тылында астыртын жүмыста жүргенімде, өзге жасырын ат қою керек болды да, Николай деген аттарынан бас тартып, осы әкемнің досы Василий деген атты өзім атап, сонан элі күнге партизандар арасында “Вася” атанып кеттім. Бұл атым ¥лы Отан соғысы тарихтарында да солай аталып қалды.
Сол кезде жоғарғы ауыл - біз тұрған елді мекенде бірден- бір сауаты бар Оқан деген аталас ағайым болды. Оның арапша сауаты бар еді. Екі-үш ауылға бір мектеп алгашқы рет ашылғанда, бұл кісі бала окытты да, сонан бері өз атына мұғалім деген сөз косылып, “Оқан мүғалім” атанып кетті. Мектеп ортаңгы ауылда ашылды. Ол үлкен бөлмелі бір ағаш үй болатын. Ауыл балаларын үш-төрт ауылдан жинады. Үлкенді-кішілі балалардың жастары әркалай болды. Бірак балалардың ұғым-тэртібіне карай екіге бөлді. Бірінші класта ұғымы бар, тэртіпті дегендерді бөлменің бір жартысына отырғызып, екінші жартысына танымсыздау, ұғымы аздау оншақтымызды отырғызып, окыта бастады. Окан мүғалім жігіт ағасы болып калған, орта бойлы толық кара кісі еді. Шарасы алақандай, аумакты кара көзі эрдайым от шашып, адамға жылы қарайтын. Бірақ өзі моллалардан окып, “баламның еті - сенікі, сүйегі - менікі” дейтін ата-аналардың сөздеріне ергені ме екен, элде өзін окытқандардың шәкірттерді дүрелейтін окыту эдістерін үлгі ете ме екен, эйтеуір шәкірттеріне, эсіресе окуды нашар окитын балаларға колы
ұзындау болатын. Оның қолынан ұзын сызғыш түспейтін. Оның балаларды басынан салып кететін жазалау кұралы. Онан басқа да жазалау түрлері бар. Мектеп бөлмесінің екі бұрышында төгіп қойған кесек кұм бар. Осы кұмға жаза- лайтын оқушысын жалаңаш тізесімен тізерлетіп отырғызып кояды. Кесек құм тізесіне батқан бала көпке шыдай алмайды. Бұл - оның ауыр жазасы. Кейде сол бұрышқа он колымен сол құлағын ұстатып, сол колымен оң аяғын ұстатып, тұрғызып қояды. Бұл да - ауыр жазасының бірі. Мектепте кіре берісте балалар киімін ілетін тақтаймен қоршалған шағын бөлме бар. Ол оның тентектік жасаған окушыларын қамап коятын жазалау орны. Окудың төрт сағат мерзімнің жартысын мен осында өткіземін. Бірде элгі жерге қамауға алып келгенде, өйтеуір қамағалы тұрсыз ғой дегендей;
Мен мұнда отырғанда, мен үшін оқуды кім оқиды? - дедім. Ол жауап орнына қолындағы сызғышымен басқа бір салды да, жылы орныма кіргізіп жіберді. Ал жай кезде біздің үйге келсе, “Осы Қасымның көзқарасы, қылығы ерсі, түбі мықты адам болады” деп мақтайды. Мен үндемей отырамын. Өзіммен сырлас шешем - Бижамал тәтем қайны- сына бірде:
Бүгін де, кеше де сызғышпен ұрып, мұғалім мені жазалау орнына қамады деп келді ғой, жақындығың сол ма? - деді.
Е, ол күнделікті тентектігі үшін жаза, түбінде тегі мықты кісі тентектерден шығады, - деп жайбарақат жауап берді. Қатал болса да, осы аяулы ағадан алғаш сауатымды ашып едім. Бір жылдан кейін арабша оку калып, латын эрпіне көштік. Сол бір жылы арабша жарты класта оқып, содан күні бүгінге дейін арабша сауатты жазып, соғыстан кейінгі жылдарда қытайдағы қазақ бауырларға арабша “Қазак елі” журналында әдеби қызмет атқарып, арабша шығатын оқу-құралдарын редакциялап та жүрдім. Оқан мұғалім ағаның аруағына бас иемін эркашан! Соғыс жылдарында жау тылында жүргенде қолға түсе калса, ешкім оқи алмасын деп күнделігімді тек араб әрпімен жазатынмын. Осы жазудың арқасында талай тінту орындарының тергеулерінен жазғанымнан баскаша жауап беріп, кұтылып та жүрдім.
ӨНЕРДЕГІ Ж¥ЛДЫЗДАР
ӨМІРДЕ ДЕ ЖАРҚЫРАСА...
Театрға барып жүрген кездер еске түскенде, сахнаның майталман саңлактары Қалыбек, Қүрманбек, Қанабек, Серке, Манарбек, Қапан, Камал ағалардың әрқайсысының аскар-асқар таудай бейнелері көз алдыңа келіп, көңіліңді сағыныш сезімі билейді. Осылардың өнер өріндегі екінші канаты - сахнаның сәніне айналған Күлэш, Шара, Сэбира, Шолпан, Әмина, Бикен, Қадишалар театр, кино өнерінің жарқыраған жұлдыздары еді ғой. Әрі бұлар театр төрінде “патшалык” кұрған кез өнер атаулының қадірі асып, ел сүйіспеншілігіне бөленіп тұрған уақыт болатын. Сол алып театр тарландарының арасынан жас талант Байғали өнерін бөлекше кызыктайтынбыз. Ол сахна өнерінің нэзік те талғампаз шебері еді. Оның эсем эуені эр қазактың құлағының кұрышын кандыратын. Осы аяулы дарын иесімен аз уакыт болса да, бірге болғаным бар.
Қай жылы екенін ұмыттыппын, сыркаттанып ауруханаға түстім. Қайда жүрсем де, жолым болатын мен бұл жолы екі кісілік бөлмеге Байғалимен бірге орналастым. Бұрын бірге жүрмегенмен, сахна төрінен таныс бұл кісіге аса құрмет көрсете есендестім. Ол мені біле ме, білмей ме, әйтеуір күлімсірей амандасты. Ертеңінде бөлмеге дәрігерлердің бірі келіп:
Орындарыңыз жайлы болсын! Енді екеулеріңіздің біріңіз бөлме старостасы болуларыңыз керек. “Кэне, қайсыңыз боласыздар?” дегендей екеумізге алма-кезек карады. Байғали:
Староста қашанда жасы үлкен адам болады, жөні Қасекеңдікі ғой, - деді. Дәрігер менің староста боларлык қабілетіме күдіктене қарайтындай көрінді маған.
Старосталық қызметке жасы үлкендік дэлел бола алар ма екен! Өйткені бұл өкіметке карайтын үлгілі аурухана бөлмесін өз деңгейінде ұстауға мәдениеттілік өнер де керек кой. Ал көп жылдар бойы жау тылындағы қалың орманды аюша мекендеген жартылай жабайы партизан басыммен ондай жұмысты аткару маған қиындау. Адамша ақ төсекке кайта жатып үйренгеніме де көп болмаған мен мына сәнді төсекті жөндеп жинауды Байғалиға үйретем дей алмаймын, - деп едім, екеуі де күлді.
Бұл сайлауға айналды ғой, - деп, дәрігер мэз болды да калды.
Бұл жұмысқа осы Байғали таптырмайтын кандидат, - деп мен азар да безер болып отырмын.
Онда старосталықты, Бәке, сіз мойныңызға алыңыз, - деп дәрігер бөлмеден шығып кетті.
Ал, Байғали, дәрігер өзіңе жүктеп кетті. - деп оны мойындата түстім. Ол күліп, көнгендей болды. Екеуміз ағалы-інілі болып, аз уақыт бөлмеде көңілді өмір кештік. Ол жібектей мінезді, ақын жанды адам еді. Менің артық-ауыс жүріс-тұрысыма мэз болып, аса жайдары төзіммен, қызықтай қарайтын. Ауруханадан бірімізді-біріміз қимастай сезіммен шықтық. Кейде көшеде, не басқа жерде кездесе қалсак; “О, менің старостам” деп амандасатын болдым. Ол кезде де, тіпті күні кешеге дейін Байғалидың жан жары кім екенін білмейтін едім. Сөйтсем, өзім сырттай ризашылықпен сахна төрінен таңдай қағып, тамашалап жүретін Қадиша оның өмірлік жан серігі екен. Өмірдің шынайы таланттар тағдырын бір арнаға тоғыстырғанына ішім жылып қалды.
Осы аттары аталған аса көрнекті өнер жұлдыздарының бейнелі мүсіндері өздері шаңырағын көтеріскен ұлы Мұхтар аға атындағы аскак ғимараттың бір кең жерінде сән түзеп тұрса ғой, шіркін, деп армандайды екенсің!
КЕМЕЛ КЕМЕЛ ШАҒЫНДА ЕДІ
Майданнан келіп, ес жидық-ау деген шамада мені Ұлы Отан соғысының партизаны ретінде оқу орындары, фабрика- зауыттар кездесуге шақыра бастады. Сондай кездесулердің бірінде менімен бірге бір жас жігіт шакырылды. Сөз тізгінін ұстап отырған адам оны: “Майдангер-жазушы - Тоқаев Кемел” деп таныстырды. Менің сол жағыма жақынырак жайғасқан ол калың дәптеріне элденелерді жаза бастады. Алғашқы сөз маған тиді. Кешегі жау тылындағы қиын-қыстау, катерлі күндерден естелік айтып тұрмын. Бір қарағанда оның ұсак эріптерді маржандай тізіп, жарты бет жазып тастағанын көзім шалды. Өзінің жұртшылық алдында сөйлейтін сөзінің жобасын қағазға түсіріп отыр-ау деп шамаладым. Ол болса эр оқиғаны аяктап, кідірген кезде маған мөлдір қара көзімен қарайды да, жымиып күледі. Мен көбірек шешіліп кеткен соң, уакыт оған аз қалды
ма, ол әңгімесін қысқа қайырды. Жиын соңында жылы ұшырай бауырмалдык аңғартты. Сөйтіп, жасымыздын алшақтығына қарамастан, көпшілік кездесу-жиындарды бірге өткізіп, күңдер өте келе отбасымызбен араласа бастадық. Менің ескі “Москвич” машинам болушы еді. Сонымен демалыс күндерді бала-шағаларымызбен кала сыртына демалуға бірге шығып жүрдік. Оның екі-үш баласы әлі оку жасына толмаған. Есімде аты сақталған Салтанат деген кішкене қызы мен сүйкімді бір ер баласы қосарланып эн салатын. Оның балаң дауысын кызықтап, қайта-кайта өлең айтқызатынбыз. Кемелдің сол кішкентай баласы - осы күнгі өкімет басшысы Қасымжомарт болар деп ойлаймын. Оның үйіне барғанда еркін отырып, туған айдай толықсыған Түраш келіннің қолынан дэм тататынбыз. Қайда бірге болсақ та Кемел менен сыр тартып, эңгіме такырыбын партизан өміріне бұрып, түртпектеп жазып отыратын. Сөйте жүріп оның мен туралы бір еңбек жазуға кіріскенін түсіндім. Өзі көп сейлемейтін, сыртқа сыр шашпайтын жан еді.
Бір күні Жұмекеңнің (Жүмағали Саинның) үйінде отырып, оған Кемел мен туралы шығарма жазғалы жүр-ау деймін, менен көбірек сыр суыртпактауға эуес болып алды дегенді айттым. Ол кісі біраз ойланып отырды да:
Несі бар, жазсын. Ол - барлаушылар, чекистер туралы тартымды шығарма жазатын талантты жазушы. Өзің де қаражаяу емессің ғой, - деді.
Ол уақытта жазушылык қағиданы онша білмейтін мен:
Жұмеке, мен туралы Ғабдол Сланов аға “Алтай баласы” деген кітап жазып койды ғой. Тым артыктау болмас па екен,
дедім.
Әр жазушының жазу стилі әр баска. Кейін сен де колыңа қалам алар болсаң, шығармашылык өз сокпағынды іздейтін боласың, - деген түйін айтты.
Бір күні Кемелге кездескенде, Украинаға барып кайтқалы жүргенімді айттым. Ол аз ойланып түрды да:
Менің Сізбен бірге барғаным жақсы болар еді, - деген тілек білдірді.
Еш қарсылығым жок. Өзіндей талантты қаламгерге ондағы кандыкөйлек партизан достарымды таныстырар едім,
деп есе жөнелдім. Үш-төрт күннен кейін ол кызмет орнынан демалыс алып, екеуміз жолға шыктык.
Киев қаласына барып түсісімен бірден Украина Жоғарғы Кеңесінің ғимаратына келдік. Ол кезде Жоғарғы Кеңес төрағасының орынбасары Кеңестер Одағының Батыры атағын екі рет алған атақты генерал-майор Сидор Артемьевич Ковпак болатын. Ол кісі эрі Жоғарғы Кеңес жанындагы партизандар козғалысы комитетінің төрағасы ретінде Жоғарғы Кеңеске келген партизандарды кезексіз қабылдайтын. Біз келіп, жөнімізді айткан соң, екеумізді ол кісінің кабылдауына енгізді. Сидор Артемьевич бұрынғы әдеті бойынша орнынан жайлап тұрып келіп, менімен құшақтасып амандасып, саулықтан соң екеумізге үстел жанынан орын ұсынды. “Мына жігіт кім?” дегендей Кемелге қарады.
Бұл - осы Украина жерлерінде соғысқан майдангер- жазушы, Украина партизандары жайлы кітап жазу ниетімен келген Кемел Тоқаев, - деп таныстырдым. Ол Кемел деуге тілі келмей, “Кимал” деп киналды. Қабылдау соңында генерал бізге Киев төңірегін аралауға жеңіл машина беретінін айтып, қаражат жағынан да көмектесетінін ескертті. Кемел ол кісінің алдынан шыққан соң, маған:
Көлікпен қамтамасыз еткеніне рахмет, ал қаражат алғанымыз, Қаске, ұят болар, - деді. Кемел сөзі орынды, арлы адамның сөзі еді, мен келістім. Киев қаласындағы оншақты партизандар арасында кездесуде конақта болып, олармен бірге соғыскан майдангерлерше достасып, тез тіл табысып кетті. Екі-үш күннен кейін Борисполь, Переяслав-Хмельницкий аудандарындағы партизандарды аралап, ¥лы Отан соғысы тарихында қисапсыз қанды кырған болуымен ерекше есте қалған Букрин плацдармы басталған Григорьев селосы тұсындағы атақты өткелге келдік. Міне, Днепрдің шығыс сол жақ жағасында - Григорьевка селосының қарсысында тұрмыз. Өзеннің оң жағы таулы, сол жағы жадағай, жазық. Осы оң жақтағы таулы беткейге бекініп, бет қаратпай тұрған жау бекінісін бұзып өту міндеттелген. Биіктен жауған ок бас көтертпейді. Днепр бойын жүздеген ұшақтар тоқтаусыз бомбалап, су арнасынан асып-тасып жатты. Тажал аузында тұрғанымызға қарамастан, кыркүйектің 21-інен 22-сіне қараған түні өз отрядымнан 120 партизан іріктеп алып, қол қайыкпен арғы жағалауға өтіп шығып, жау техникасына толып тұрған Григорьевка оелосын фашистерден азат етіп, артта келе
жатқан Қызыл Армияға жол ашқанымды Украинаның куәгер партизандарының өз ауыздарынан естігенде Кемел:
Ойпырым-ау, неткен ғажап ерлік еді. Сол ерлігіңізге батыр атағын қайтсем де алып беремін, - деп жарлык та, билік те өз қолында тұрғандай, айбаттанып, қолымды қатты-қатты қысып еді. Адал жүректі, ак пейілді асыл азаматтың айтканы арада жарты ғасыр уакыт өткен соң болса да, айдай келді. Елбасымыз: “Ерлік ешқашан ескірмейді” деп, кеудеме батырлық белгісі
Алтын Жүлдызды ақыры қадады. Кемелдей тілекші қаламгер інімнің де көкейін өртеген ақ арманы түбі орындалды...
Сол сапарда біз соғысқан жерлерді, сондай-ак фашистер басып алған елді мекендердегі жергілікті халықтарды зорлық- зомбылықпен камаған, кейіннен біз келіп, тас-талқанын шығарған абақтыларды, соғыс түтқындары азап шеккен лагерлер орындарын Кемел көрді. Партизандармен түн үзақ көз ілмей әңгімелесіп, материал жинайтын. Тіпті менен естігендерін баскалардың айтқан эңгімелерімен салыстырып, ой елегіне салып, елеп-екшеп отыратын. Өліммен арпалысында бірге болған партизан жолдастарымды аман-есен көргеніме мэз болып мен жүрмін.
Елге қайтуға жинала бастадық. Кемел қайтар кезде:
Қаске, мен Украинаның орманды жазық даласында болған атыс-шабыс орындарынан ғана материал жинактап үлгірдім. Осынау Карпат тауындағы канды кырғын шайқас болған жерлерді көрсе ғой, шіркін! Бүл жолы оның сәті түспеді-ау,
деп өкінді. Көріп-білуге деген қүмарлык-ай десеңші.
Елге келген соң, көп үзамай партизандар өмірінен жазылған “Арнаулы тапсырма” атты кітабы казақша жарык көрді. Кітапта адам, жер, село-кала аттары еш өзгертілмеген. Тек менің есімімді Қали деп алыпты. Онысы мүмкін сол кездегі тірі кейіпкерлер аты-жөнін өзгертіп алу, олардың прототипін ғана жасау қагидасын бүзғысы келмегендігінен болар. Өзі ашылып айтпады, мен сұрамадым. Украинага келесі жолы барганымда қазакшаны түсінбесе де, аттары жазылған партизандар өз есімдерін оқып жүрсін деп, кітаптың оншақты данасын апарып таратып бергемін. Олар кітапты украин тіліне аудартпақшы болған екен, бірак олардың дыбыс куалаған тарихшылары бүл өңірде Қали дегеннің партизан болған жоқ деп, рұксат бермепті.
Кемел өмірінің соңғы жылдары Жазушылар одағында кеңесші болып істеп жүрген күндерінің бірінде: “Қазір кезінде куғын-сүргін көргендерді де актап жатыр ғой, Қаске. Мен сізді де ”актадым”. Өткендегі қазакша шықкан кітаптың “Особое задание” деп аталған орысша басылымында сіздің аты-жөніңізді өзгертпей алдым” деп, маған кітабын табыс етті. Мен рахмет айтып, ризашылығымды білдірдім.
Кейінгі жылдары Украинаға бара калсам, ондағы партизандар: “Кемел қайда, ол неге келмеді?” деп жамырай сұрайтын болды. Мен не дерімді білмей, ескі партизандар әдеті бойынша екі алаканыммен бетімді басамын, көзіме жас толып кетеді. Олар бір сұмдықтың болғанын, сұм ажал оны жалмап қойғанын түсініп, мені күйзелткілері келмей, эңгімені басқа жакка бұрып әкетеді.
Кемелдің үлкен жүректі азамат, шынайы талант иесі екенін украиналықтар да мойындаған болатын.
Сонау сұрапыл жылдардағы соғыс майданының жауынгері, одан кейінгі жылдардағы әдебиет майданының майталман өкілдерінің бірі - Кемел Токаев жазушылык кемел шағында дүниеден өтіп еді. Оның қалдырған мол мұралары әдебиеті- міздің телегей-теңіз шалқарына қосылған рухани байлык екені даусыз.
РЕСЕЙЛІК БАСШЫЛАРДАН ИМПЕРИЯ ПИҒЫЛЫ
ЖОЙЫЛАР ЕМЕС
Дүние жүзінде нэсілдік рух жойылмайынша, соғыс- қантөгіс болмай тұрмайтыны ақиқат. Ол рухтағылар бола- шақта соғыс үстемдігі арқылы өзге біреулерді бесінші колонна жасауды мақсат тұтады. Өз мүдцелерін жүзеге асыру үшін сол елдерге өз ұлттарын эр түрлі айла-тәсілдермен мол орналастырып немесе сол елдерде қарулы армия бөлімшелерін ұстауға бар күштерін жұмсайды. Мұндай түпкілікті саясат ұстанып отырған алып елдердің бірі — Американың армия бөлшектері көп елдерде бар. Ал Ресейде бұрынғы Кеңес дэуірі кезінде эр түрлі себептерді сылтау етіп, сол кездегі одақтас республикалар территорияларына мына өз ұлттарын да, артық бөлшектерін де орналастырып үлгірген. Әсіресе ¥лы Отан
соғысы жылдарында Кавказ, Қырым өңірінде тұратын ұсак ұлттарды тоз-тоз ғып аударуының арғы жағында Сталиннің жеке басқа табыну пиғылын ұстанудың түп негізінде зұлымдык саясат жатыр еді. Сөйтіп тоз-тоз болып, туған жерінен айрылған сорлы халықтың ыза-кегін бір кісі - Сталинге жауып шыға келді. Ал сол ұлт-ұлыстардың туған жері - Отанына орыстар орналастырылуы міне, бесінші колонна деген осы. Осы нәсілдік империялық соғыстың зұлымдық беті қазір ұлттар кақтығысы кезінде Кавказ бен Қырым түбегінде анық көрініс тауып отыр. Ол елді мекендер озбырлықпен орналасты- рылған орыстардың молдығынан Ресей империясы еншісін- дегі жер болып отыр. Шындығында ол өңір - баяғы заманнан Кавказ халықтарының жері. Кеңес одағы кезінің өзінде Кавказ федерациясы делінетін.
Кеңес Одағына карасты республикаларды Горбачев пен Ельцин капиталистік коғам кезінде билеп-төстеудің шыңына жетеміз деп ойлады. Кеңес Одағын құлатып, осы капиталистік нэсілдік рухты басқаша қайта кұрып, еркін билеп-төстеуді армандады. Армандары ақыры құрдымға кетті. Сөйтіп Кеңес Одағы шеңгелінен өзге республикалар кантөгіссіз тарады. Енді сол тәуелсіздік алған республикаларды кайта өз шокпарларына айналдырғысы келген империялык озбыр күш олардың қайсы біреулерін өз уыстарында ұстауды мақсат тұтып, соларға қарсы қантөгіс майдан ашып отыр. Көп жыл аңсап жүріп тәуелсіз- дікке қол жеткізген жеке елдер алған азаттығын баянды етуді мақсат етіп, эр түрлі даму жолына икемдеуде. Солардың үлгісімен Шешен-Ичкерия республикасы да тэуелсіздік туын желбіретуге бет бұрған еді. Бірақ Ресей империясы бұл жерасты байлығы мол Республикадан айрылғысы келмеді де, олар Ресейге бағынудан үзілді-кесілді бас тарткан сон. 1994 жылы соғыс ашты. Бірақ жауынгер Шамиль ұрпактары Отанын, туған топырағын корғап бакты. Адал ниетті халык- тар Ресей озбырлығын әшкереледі. Ақыры Ельцин өкіметі соғысты токтатуға мэжбүр болды. Басқа халықты бодандыкта ұстап эдеттенген Ресей өкіметі кулык-айлаға көшті. Шешен- дер тэуелсіздігін кейінге қалдырдык деп алдап келіп, соңынан бірер жылдан кейін: “Біз шешен халқына карсы емес, сол республика жеріндегі террористерді ғана кырып-жоямыз деп. оларды соғыс отына орады. Быдыраңкы болмаса, кулығы жок
шешендер алғашқыда тәуелсіздігімізді түбі алатын болдық деп алданады. Сөйтіп отырған аңқау халыққа ресейліктер өз жерлерінде болып жатқан жарылыстар мен кісі өлімдерін жүргізіп жатқан шешен қарақшылары деп жала жапты. Әр-әр жерлерде болып жатқан арандату әрекеттерін Ресейлік озбыр топтар өздері үйымдастырып оны да шешендерге жапты. Осылай шешен жерінде үшінші рет озбырлық қантөгіс соғысы басталды. Бұл соғысты жүргізу тактикасы (көп армия күші, үздіксіз бомбалау, зеңбірекпен күндіз-түні атқылау) шағын “карақшылар” тобына ғана емес, күллі халықты қырып- жоюдың геноцидтік айласы екенін қазір барлық ел біліп отыр. Шағын “қарақшыларды” жазалауға дейін армия жіберіп, ұшақтар арқылы көктен бомбалау, жерден атқылау арқылы шешен халқын түгел қырғынға ұшыратуда. Әйтпесе шағын “қарақшылармен” ішкі істер министрлігі мен қауіпсіздік комитеті-ақ күресе алар еді ғой. Бұлайша күш көрсетудің бүкіл республика жерін күшпен басып алуға шыққан басқыншылық соғыс емес деп ешкім де айта алмас.
Осындай сойқандықтың тағы бір көрінісі - шешендердің он жастан ересек ер азаматтарын қас жауымыз деп, Ресейлік армия басшылары жар салды. Әрі екі рет жаулау соғыстарында да өздері басып алған елді мекендер мен қалаларға онда бұрын болмағандай, Ресей туын тігіп отыруды дәстүрге айналдырды. Бұл соғыс кезінде фашистер басып алған жерлерге үшінші рейх туын тігіп отырған үлгісімен жүргізілді. Басып алған қалың ауылдарда комендаттық сағат уақытын енгізіп, тэртіп бұзғандар сол жерде атылады деп хабарланды. Жай тұрғындар өмірімен есептесепеді. Бомба-снарядтар түспеген жер, қала, ауыл, завод-өндіріс орындары қалды деп, қандыбалақ басқыншылардың өздері де айта алмас! Германия қалаларында датасталған жоқ шығар. Бұл империялық саясаттың шектен тыс зұлымдығы деген осындай-ақ болар. Бұл әрекет, біріншіден, шешен халқын жою (геноцид) болса, екіншіден, қайтсек те бодан етеміз деп көрсеткен қоқан-лоқысы екенінде дау жоқ. Сөйтіп отырып шешендерді - “бандформирование” дейді. Ол өз отанын үлкен-кішісі жұмыла жанкештілікпен қолдарына қару алып қорғап жатқан патриот - формирование екені баршаға аян.
Ал Ресей басшыларының жуырда Шереметьев эуежайына
— 401
ұшып, өздері келіп қолға түскендей болған ауғанстан террористеріне жұмған ауыздарын да ашпай, босатып жіберушілерде не сыр бар?! Әлде оларды ұлттары шешен болмаған соң, тұтқындауға жатырқады ма екен?! Оның есесіне Ресейдің ішкі территористері өз елдерінің әр жерлерінде, ірі қалаларында қан төгіп жатыр, оларды кім жоюы керек? Мұндайға келгенде, олар жұмған ауыздарын ашар емес. “Өз әскерім, өз елім” деп отырған халыққа қарсы соғыс ашқан әлемде Ресейден басқа бірде бір мемлекет жок шығар. Міне, нәсілдіктің элімжеттік дэуірінің бет-бейнесі осы шығар!
Ресей басшылары бірнеше ғасыр ішінде шешен халқының басына талай рет эңгіртаяқ ойнатты. Олардың барлығы да әділетсіз екенін бүкіл әлем халқын қойып, өздері іштей қирап, бүлініп отаршылдыққа ұшырап отырған ресейліктер де мойындап отыр. Өйткені жазықсыз елге Ресей жастарын айдап салып, қырып жоюы оларды да ашуландыруда.
Ендеше қаһарман шешен халқының көз жастары ресейлік империя басшыларына жүктелетініне күмэн жоқ. Түбі өздері опық жеулері мүмкін-ау...
ДАРҚАН ДАРЫН ИЕСІ ЕДІ
Бір күні Жүмекеңді (Жұмағали Саинды) іздеп Жазушылар одағына бардым. Жұмекең әдеттегіндей бір жас жігітпен сөйлесіп тұр екен. Сөздерін бөлмейін деп, жақындамадым. Бір кезде Жұмекең мені көріп:
Бері кел, - деп жандарына шақырды. Мен жақын барған соң:
Мына ағаң - партизан. Партизан болғанда Украинаны дүрліктірген партизан, украиндықтар оны Вася дейді, - деп асыра мақтады. Мен ыңғайсызданып қалдым.
Мынау - Қабдыкэрім Ыдырысов деген ақын інің, танысып қой, - деп жас жігітті таныстырды. Екеуміз қол алысып амандастық. Ол мені “Вася” дегендері несі деп күліп, мэз болып қалды. Осы сәттен бастап екеуміз бір-бірімізбен ағалы-інідей етене жақын болып кеттік. Бұл - орта бойлы, жайдары, әзілқой, ақсары жігіт. Біраз үйреніскен соң, өзін құрбыларымен әзілдескендей, мені эзілге буып, баурап алды. Енді ағалы-інідей араласа бастадық. Бэтіш келінім де инабатты,
эдепті жан екен, мені ағалап тұратын. Бұлардың өздеріне гарткаи сүйкімді екі-үш ер балаларын анда-санда көретін едім. Қабдыкэрімнің қала сыртындағы ауылдарда таныс жігіттері көп еді, соларға менің ескі машинаммен қонакка барып жүрдік. Оның өлеңдерін газет-журналдардан жиі окитынмын. Қөңілді кездерінде ол эн де салатын. Шынымды айтсам, Қабдыкэрім шын мэнінде табиғатында энші еді. Бірде көңілденіп, бабында отырғанда “Қорланға” басты. Тыңдап отырып менің жандүнием егіліп, көзіме жас толып кетті. Естай атаның бұл энін 1939 жылы пойыздың жүк таситын вагонында оның жиені Өмірбаев Хамзаның аузынан естіген едім. Хамза Естай атаның қарындасынан туған жалғыз ұл екен. Ол ақын, ойлы, парасатты жігіт болатын. Екеуміз 1939 жылдың басында қысты күні Керекуден фин соғысына армия қатарына алынып, майданға аттанып бара жатқан кезіміз еді. Бірақ Мәскеуге жете бергенде, сол бір аяулы жаннан мені тағдыр айырды. Мені Мәскеудегі әскери барлаушылар мектебіне бөліп алып қалды да, ол әскерге алынған жастармен бірге қызыл вагонда кете барды. Соңынан сол талантты жанмен Украинаның Каменск-Подольск қаласында түрған 198-артиллерия полкында 1941 жылы кездесіп, соғыс басталар күні “Амангелді” киносын бірге көріп едік. Біз онда практикаға уақытша барғанбыз. Бізді Мәскеуге алып кетті де, Хамза полкы соғысқа кірді. Кейін білдім ол көп үзамай окка ұшыпты. Ол аз уақыт болса да, үйіне біздің Асылға менімен бірге хат жазып тұрды. Асыл да оның анасымен хат алысып тұрған екен.
Дүние-ай, ол талантты жан тірі болғанда, қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі болатын еді-ау! Өзі Отан үшін көз жүмып, анасы аңырап, жалғызын көре алмай, асыл арманымен бірге ол да о дүниеге аттанған шығар!
Бұл естелікті жазғаныма телеканалдың бірінде бір қа- зақтың қызы Естай-Қорлан туралы Мүхтар Шахановтың жүрекжарды “Естай-Естай бола ма” деген өлеңін нақышына келтіріп оқып, мені күйзелтіп, екі-үш рет жылатқаны себеп болды. Сол дарқан дарынды Хамза досымның жерлесі - осы ақын Қабдыкэрім інімнің талантын қызықтап біраз шуақты өмір кештім. Әсіресе Арал өңірінде өткен Зейнолла Шүкіров- тің мерейтойы кезінде Қабдыкэрімнің көңілді күндері, шабытты шешіліп салған эндері еске түскенде қолымдағы
оның фотобейнесіне карап, сағыныш сезімі көпке дейін айықпайтын. Оның сырын біліп алған соң, кейде үйге сыйлы үлкен адамдар келгенде, оны үйге қонақтармен бірге болсын деп, арнайы шақыратын едім. Біраз отырып Қабдыкэрім терлеп, бабына келген кезде:
- Қабдыкэрім, мына ағаларыңа “Қорланды” айтып берсеңші, - деп қолқа салатынмын. Ол қолына домбыра алып Естай атаның “Қорланын” аңырататын еді. Тыңдаушы біздердің көзімізге жас үйірілмейтіні аз болушы еді. “Қорланды” Қабдыкәрімдей айтатын эншіні естіген емеспіз дейтін тындаған ағалары. Шынында да солай еді. Өзі жүрегі нэзік ақын адам “Қорланды” аяқтап ауыр күрсінетін. Оны мен сүйіп қүшақтайтын едім. Не керек, сол асқан энші жанның сол бір шабытты энін күй табакка кім түсірді дейсің!
Қабдыкэрім аскақ акын және энші еді. Ол баспаларга басшылық еткен. Жазушылар одағын басқарысқан қоғам қайраткері болатын. Ол маңайындағы жора-жолдастарына қамқорлық көрсетіп, көмегін аямайтын, көпшіл жан болатын. Ол елуге толар-толмаста, бергенінен берері көп жас кезінде өмірден өтті. Ол Ракымжан екеумізге өте жакын жүретін. Біздің кейбір мінез-кылықтарымызды қызықтап күлетін. Өмірінің ақыры сағатына дейін бірге болған ағасы ретінде Қабдыкэрім үрпағына бақыт тілеймін!
КЕЛЕҢСІЗ ШЕШІМДЕР ҚАЙТАЛАНА БЕРГЕНІНЕН
ХАЛЫҚ КҮЙЗЕЛДІ
Сонау жоңғар шапкыншылығынан Октябрь револю- циясына дейінгі қанды, кайғылы, қасіретті кезеңдерді айтпағанның өзінде, “бостандық алдық, бақытқа қол жетті” деген Совет өкіметі тұсында халқымыз талай-талай келеңсіз шешімдердің кайталануынан тартқан қайғылы да канды кезеңдері аз болған жоқ.
Қай заман, қай кезеңде болсын, бағзы заманнан қазақ халкы өзіне басшылық жасайтын қайраткерлерден құралақан болған емес. Бірақ соған қарамастан, отызыншы жылдардың басында Орталықтан республикамызға бірінші басшы болып Голощекин келді. Ал сол кезде білгір өз республикамызда ел басқаратын қайраткерлер баршылық еді. Орталықтың сол солақай сойкан
щешімінен, Голощекиннің біржақты эпербақандык қанқұйлы әрекетінен халқымыздың жартысына жуығынан айырылып қалдық. Голощекиннің орнына Байтұрсынов, Рысқұлов, Садуақасов, Жандосовтардың бірін қойса халқымыз соншама кырғынға ұшырайтын ба еді? Жоқ. Бірақ сол қатесін Орталық мойындады ма? Жоқ. Елімізге Орталық өкімет тарапынан қайғылы қателер аз болып жүрген жоқ, бірақ қатені мойындап шындыққа жүгіну деген элі күнге дейін әдеттерінде жоқ!
Өйткені олар өздерін еш уақытта қателеспейтін, жаза баспайтын, өмірде теңдестері жоқ адамдармыз деп есептейді. Олар өлмей, орындарынан кеткен емес. Оның үстіне жандарындағы жарамсақ жандайшаптары мадақтауды бастан асырады, “культ” деген жексұрын осыдан пайда болып жатыр. Ондаған жылдар бойы төңірегіндегі жағымпаздардың көмегімен қайта-кайта “сайланып”, бір орында отырған соң, халык та шынында бұлар тендесі жоқ адамдар екен деп сенді. Бірақ олар партияның, Лениннің аттарынан қылмыс-қиянат жасап кетті.
Оның үстіне келген басшылары “қазақ ұлтшыл” деп, қолына жалған жала жалауын ұстай келеді. Ол жалау халыққа қарсы екінші науқан болып, халқымыздың бетіндегі қаймағын сыпырып кетеді.
Сталинмен сыбайлас, ширек ғасыр қылмысты бірге жасаған, Москва мен Украинада жүздеген мың жазықсыз адамдардың қанына ортақ болған, қанды қол Хрущев елуінші жылдары өкімет басына келді, өзі Сталинмен қалай ауыз жаласқанын, оны сайлаушылардың алдында жарамсақтанып, мадақтап алып барғанын есінен шығарып, Сталин жылы қараған адамдарды орнынан ала бастады. Оны қазір Сталинді эшкерелеген батыр ретінде көрсетпекпіз. Олай көрсетуге болар еді, егер ол ондаған жылдар бойы Сталинмен бірге қылмыс жасамай, қолы білегіне дейін қан болмаса немесе өзінің Сталинмен бірге жасаған қылмысын мойындай отырып, “көсемін” әшкерелесе бір басқа еді. Хрущевті ешқашанда ешкім ақтай алмайды. Оның үстіне оның елімізге келтірген зиянын есептеудің өзі қиынға түсетін шығар. Мұның өзінің қайта құруда партиямызға, ауыл шаруашылығына келтірген адам айтқысыз, ақылға қонбайтын зиянды қылмыстарын Лениннің атымен істеді. Тіпті партияны екіге — өнеркэсіп, ауыл шарушылығы-на бөлгенін де “Ленин өзі де осылай істейтін еді” деп, көсемге жала жапты. Ал бүкіл
тұкымы, жүздеген нөкерлерімен шетел аралап шығарған шығынын, әйелі екеуі халық байлығын шетелге шашканының есебін шығару да оңай емес шығар.
1954 жылы республикамызға Шаяхметовтың орнына Пономаренко келді. Ол кезде республикамызда ел басқаратын қайраткерлеріміз бар еді. Сол Пономаренко мен Брежнев екеуі де ғылыми интелегенциямыздың арасынан “ұлтшылдарды” тауып, біраз сергелдеңге салды. Хрущевтің кезінде республикамыз тіпті Одак тарихында бұрынды-соңды болмаған түңғыш рет Теміртауда көтеріліс болды. Одан қанша зардап шеккеніміз, оны қалай басқаны құпия болып қалды.
Өскемен, Екібастұз, Шымкент, тіпті осы астанамыздың эр жерінде “патшаларың Шаяхметовы құлады” деп, орыс пен казак арасында жойкын жанжалдың зардабы да бүркеулі күйінде калды. Бірак орган аркылы оны Орталык білген болар.
Сол “бірінші Ленинец”, “бірінші тың тигеруші” Хрущев түрмеден кылмыскерлерді босатып, республикамызға тың игеруге жіберді. Түрмедегі қылмыскерлерсіз-ақ тың игеру сияқты халықтық іске кең байтак еліміздің адал еңбеккерлер де табылатын еді ғой. Ал сол кылмыскерлер жергілікті халыкка қандай зардап шектіргені де айтусыз қалды. Интернацио- налист-бауырмал конакжай халқымыз сол киянатқа да көнді. Олар адам өлтірді, ұрды-сокты, тамактарын тартып ішті. Ол сұмдықтардың куәсі болған адамдар элі де бар.
Осы “бірінші Ленинец” Хрущевтің тікелей нұсқауымен шаруалар аздаған жеке меншік малдарынан айрылып, бүкіл Одак бойынша отызыншы жылдардағы казақстан- дағы күйзеліске қайта ұшырағанымызды да ұмыта койған жокпыз.
1986 жылы Қонаевтың орнына Колбин келді. Бірак бұл күнде де Қонаевтың орнын басатын мемлекет кайраткерлері республикамызда баршылык еді. Тіпті баска кайраткерлерден бұрын республика Министрлер Советінің председателі, ендігі эдет бойынша занды жоғарылайтын баспалдағы - Орталык партия комитетінің бірінші хатшысы болатын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев арамызда есен-аман отыр еді ғой. Ал Назарбаевты сол кезде бірден Қонаевтың орнына қойса, декабрьдің кайғылы оқиғасы болатын ба еді? Жоқ! Болмайтын еді. Мен бұл арада Колбинді кінэлап отырғаным жок. Ол
- коммунист. Партия қайда жұмсаса, сонда баруы керек. Ал шынайы демократияға жүгінсек, әкімшілік-эміршілік эдіспен кадр мәселесін шешуді нұскауға алсак, Колбинді жіберу- дін өзі заңды ма еді? Оның келген орны тағайындалатын орын емес, сайланатын орын еді ғой. Республикада бір коммунист Колбинді білді ме? Жоқ. Сонда оны жіберудің мәнісі қалай? Колбинді жіберудің кате екенін өмір көрсетті, оны Колбиннің өзі: “менен бұрын да республиканы бас- каратынадамдаронда барекен”деуі аныкшыншыл коммунистің сөзі. Солай екені рас, солай болды да. Сонда декабрь оқиғасын ұлтшылдыққа сыйдырудың кандай орны бар?
Патриоттық сезім - намысты ұлтшылдыкқа таңу орынды болмас. Мен ұлтшыл емеспін, бірақ қазактан интернационалист ұлт бар деп айта алмаймын. Бір республика шаңырағы астында жүзге тарта ұлттардың коян-қолтық тату тұруы соның айғағы емес пе?
Жас студенттер ереуілі - патриоттық намыс сезімінің дүмпуі. Он алты миллион халқы бар елде республика басқара алатын бір адам жок дегенге кім сенеді? Бір-екі миллилон халкы бар республикаларда болып, бізде болмауы олардың ар-намысына тиген. Бірак осы дүмпуді күш қолданбай-ак тоқтатуға болатын еді. Олардың қолдарында қару-жарақ жоқ еді, бірер күннен кейін өздері де тарайтын еді, бірақ оларды милицияларға, солдаттарға сабатып, су күшімен ұрып, асқындырып жіберді. Сонда каншама “жариялылық” деп, айкай көтеріп жатсак та сонда қанша жастар өлді, қаншасы қамалды, қаншасы сотталды, қаншасы оқудан қуылды, айтылмай жабық калды. Осы жуырда ғана 355 адам жараланып, 2400 адам қамалып, оның 99 адамы сотка тартылды делінген. Бір адам - Е. М. Спатаев ауыр соккыдан ауруханада өліпті. Сол хабарда тэртіпке шақырушыларды кінэлауға негіз жок делінген. Сол Спатаевты өлім халіне дейін ұрмай ұстаудың мүмкіндігі болмағанына да сену қиын болса, оны сонша езгілеп ұра берген тэртіп сақтаушыларды кінэлауға негіз жоқ дегенге сене қою оңай емес-ақ! Осы оқиғаға орай бүкіл халыкты ұлтшыл деп айтуға ауыздары қалай барды екен деген ойға каласың. Тіпті олар ұлтшыл делік. Ұлтшыл- Дық пен ұлы орысшылык бірінсіз-бірі болмайтыны мэлім емес пе?
Бұл оқиға сыңаржақ бағалаудан орыстың кейбір бұзақылары қазақ зиратының күл-талқанын шығарды емес пе? Оны да “мас жас балалар істеді-міс” деп жасырды. Бірақ ол қираған ескерткіштер балаларды былай қойғанда, күшті техникасыз үлкендердің қолдарынан келмейтіні жұртқа аян. Соның салдарынан қазақ жастарын “ереуілге қатысты” деген желеумен, қатыспаса да басқа мекемелерде істеп жүрген орындарынан қуылды. Соның салдарынан “перекос” деген бір ұлтты екінші ұлтқа қарсы қоятын ұран шықты. Оқу орындарынан, мекеме- өндіріс орындарынан қазақ жастары куғынға түсті. Бұрынғы үлкен қызметтерде болған адамдардың балалары, туған- туысқандарын да әуре-сарсаңға салды.
Қазақ республикасының оқу орындарында, мекемелер, өндіріс орындарында көп қазақ “перекос” айқайына ұшырау- лары орынды деп қалай айта аламыз. Ол Россия Федара- циясына барып “сендерде оқу орындарында, мекемелерде неге орыстар көп?” дегенмен бірдей емес пе?
Қазақ халқы ұлы орыс халқын құрмет тұтып тэрбиеленген. Болған әділетсіздікті айтуға кешірімді, бауырмал пейілмен айта алмай келді. Ал кейбіреулерде қорқақтық та бар, жарамсақтык та жок емес. Осы соңғы аурулардан жазылып, әркашанда шындықты тура бетке айтып, әділеттілікке, шындыкка жүгінген дұрыс болар. Басқа жерлерден өнерден маман кадрлар келмесін деген пікірден аулақпын.
Ал мынадай шындыққа қынжылмасқа тағы болмайды. Соғыстан кейін Қазақстанға Яковлев, Шмельков, Пелевин сияқты оншақты адам келді. Біріншісі - Қазақстан Орталык комитетінің хатшысы, екіншісі - Алматы қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, үшіншісі осылар арқылы Қазақ ССР Жеңіл өнеркэсіп министрі болған Р. Берния- зовтың орнын тартып алып министр болды. Бірақ орында- рынан түсіп, үлкен кабинет, машина, жүргузіші, көмекшісі көп еңбек ақыдан айрылған күні республикамыздан тайып отырды. Тіпті осы жуырда болған газеттер жариялаған окиғаны еске алсақ:
Мирошкин - Орталық партия комитетінің екінші хатшысы;
Ерпилов - Павлодар облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы;
Протазанов - Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы;
Морозов - Целиноград облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы;
Демиденко - Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, тағы басқалар орындарынан босаған сағатта-ақ республикамыздан тайып отырғаны баршаңызға мәлім. Осы адамдар республикаға мұктаж мамандар емес еді, мансап қуып жүргендер екенін енді анғару қиын емес шығар. Аса көрнекті мамандар болмаса, осындағы барымызбен базарлағанымыз жөн шығар демекпін.
Міне, келеңсіз шешімдердің эр кезде кайталануынан халық күйзелісі осындай болды.
ОСЫ ЖОВТИСТЕР КІМДЕР?
¥лы Отан соғысы басталғанда қолына қару алып, туған жерін қорғауға жарайтын (1929 ж. туған) жаста болса да Украинаның өзі туған Виница қаласынан есебін тауып, түлкі бұлаң жолмен Қазақстанға келген Жовтис Александр Киров атындағы Қазақ университетіне түсті. Енді онан армияға алынып, соғысқа кететін болған соң, қоянбұлтаққа басып, броны бар институтқа ауысты. Соғыс аяқталған соң, болашақ мамандығы қауіпсіз бұрынғы институттың филология факультетін 1946 жылы бітіріп шықты.
Сонан Қазақстан ұстаз-ғалымдарының көмегімен ғылым докторы, профессор дәрежесіне дейін көтерілді. Осынша жақсылық көріп дэм-тұзын татқан Александр өзінің тасбауырлығын Колбин тұсында көрсетті. Ол өзін бір кезде жақсылығын аямаған ғалымдардың сондарына шам алып түсті. Жоғары оқу орындары басшыларын, ғалым ұстаз-дарын қуғынға салуды көздеді. Әсіресе ҚазГУ-дің ректоры Өмірбек Жолдасбеков сияқты ірі ғылым ордасын салып, ғылым жаңалығын қаһармандык көрсетіп, дүние жүзіне әйгілі болған ғұламаны жазықсыз қуғынға салғанына жағаңды ұстайсың!
Бірақ бұл үлкен Жовтистен көрген қиянаттарын ешкім ашық
бүгінге айта алмай келеді. Өйткені кызыл империя кезінде орыс пен еврей үлттары үстем үлт саналатын. Орысқа ауыз ашсаң - ұлтшылсың, еврейге карсы сөз айтсаң - антисемит болып куғындалатын. Сонымен Жовтистің қиянатынан көптеген ғалым ұстаздықтан шеттетілсе, казак студенттері өз еліндегі жоғары оқу орындарынан куылып, басқа елдердегі жоғар- ғы оқу орындарының есіктерін сығалауға мэжбүр болды. Міне, жақсылық көрген еліне Жовтистің көрсеткен “рахметі" осындай.
Халық: “қарғадан - қарға, шэуменнен Шэмен туады” дейді. Осы А. Жовтистің ұлы Евгений Жовтистің кіндік қаны қазақ топырағына тамса да, әкесі сияқты осы Елде окып жетілсе де, тауға карағанын койған емес. Халыкаралык адам кұқығын корғау мекемесін бетперде етіп, мемлекет ұстанған саясатқа карсы күрес жүргізіп келеді. Ол адам құқығы Қазақстанда аякка басылып отыр деп, бас көтеріп жүрген топқа ақыл-кеңес берген болып, оларға дем беріп жүр. Тіпті кейбір бұзақыларға кай елге барып баспана сұрау керек екенін де “кеңес” беріп жүр. Демек бұл Жовтистердің көздегендері қазақша айтқанда - “бата оқыр”. Евгений Жовтис бізге Америка демократиясын үлгі етпек. Бірак дүние жүзінде ғасырлар бойы Америка киянат жасап келе жаткан елдерді де осы Жовтис біледі. Американың кол сұғып, сол елдің халқының құқығын аюанша таптап жуан жұдырык көрсетіп келе жатқанын да ол көріп біліп отыр. Бұл Жовтистерге халық достығы, біздің Елдің тәуелсіздігі ұнамайтын болу керек.
Мұндай қараниеттілік - мемлекетіміздің тәуелсіздігіне өте қауіпті!
АРҚАН АСЫНҒАН АДАМДАР
Бұл - жарты ғасырдан астам уақыт өткеннен кейін еске түсіп отырған оқиға, дэлірек айтсам, 1943 жылдың мамыр айының іші еді. Ол кезде Днепр өзенінің оң жағындағы Понцтов орманында едік. Елді мекендердегі астыртын ұйым мүшелері орман ішінде “арқан асынған адамдар” жүргенін хабарлап жатты. Кейбіреулер олар жол торып, фашист
жендеттеріне, полицайлар мен старосталарға қырғидай тиіп, қырып жүргендерін де аңыз қылып айтатын болды.
Осы хабарды естіп, жаныма он шақты партизан ертіп, жолға шықтым. Орманды екі күндей кезіп, көзге түсіре алмаған соң, орманның оңтүстігіне Канев каласы маңына шықтық. “Оларды орманнан табу қиын. ”Олар машина, мотоцикл дауысы шықса ғана, жасырынған жерлерінен шығады” дегендерін ескеріп, Канев қаласынан орман ішімен шығатын жолды торыдық. Үшінші күні түс ауа жакындап келе жатқан мотоциклдің зырылдаған даусын естідік. Жолдың екі жағына бөлініп, жол жиегін бақылауға алдық. Үш доңғалақты мотоцикл бізге жақындай берді. Бізге жүз метрдей қалғанда мотоцикл жүргізіп келе жатқан неміс орнынан ұшып түсті де, қатты келе жатқан мотоцикл жол жиегіндегі жуан-карағайға соғылды да төңкеріліп кетті, мотоциклдегі екінші адам оның астында қалды. Біз енді не боларының артын бақтық. Жазық жолда келе жатып, мотоцикл жүргізушінің ұшып түсуі тегін емес екенін, біз іздеп жүргендердің ісі екені түсінікті болды. Мотоцикл жүргізуші сол күйі көзден ғайып болды да, мойнында асынған арканы бар біреуі опат болған мотоциклге жүгіріп барды. Ол дереу мотоцикл астындағы адамды сүйреп шығарды да, оған қанжар салды-ау деймін, алды-артына қарап түрып, бір істі тындырғандай жерден шөп жүлып алып қолындағы кездігінің жүзін сүртіп, бірдемеден сезіктенгендей болып, келген жағына қарай жүгірді. Енді жолдың сол жағындағы оларды бакылап жатқан партизандардың қолдарына түсетіндерін білдік те, кирап жаткан мотоциклдің жанына барсак қанға батып фашистің офицері жатыр. Белдігіндегі кабуры бос, тегі тапаншасын алып, белдігін шешіп алуға асыккан болуы керек. Біз де жол үсті болған соң аялдамай, тездетіп екінші топка қарай беттедік. Берілген дыбыс жакка жүгіріп келсек, жігіттер екі адамды қоршап түр. Шынында да екеуінің мойнына асылған арқандары бар. Жігіттерге күдіктене карайды. Күдіктенетін де жөндері бар, біреуі полицай киімінде жүрген, екінші неміс солдатының “френг” деген киімінде, ал басқалары жэй азамат киімінде болатын.
- Жолдас командир, мына батырлармен танысып қойыңыз, - деді партизандардың бірі. Қарасам екеуі де казак сияқты. Ішім жылып кетті. Олар да енді мені көріп,
кудігі сейілгендей маған жалтарта қарайды. Олар енді біздердің партизандар екенімізге көздері жетті. Іздеген паналарын тапқандай көңілдері орнықты. Сөйтіп жөн сұраса бастадық. Жасы үлкені маған жакындай бергенде, мен асығыстык жасап:
Қазақсыңдар ма?-дедім. Ол менің қазақша айтқан сөзімді түсінбей қалып:
Не дейсіз? - деп орысша сұрады. Енді олар қазақ емес, бізге ұқсас ұлттардың бірінен екенін түсіндім. Орысша қай
ұлтсындар дегенімде: “якут”, “сақа” деді. Ол кезде халық тарихы жөнінде түсінігім аз еді. Мен өзім “қазақпын” дегенімде, әлгі жасы үлкен ересегі қолымды қайта-қайта қысып “біз туыспыз”, “қандаспыз” деді. Мен оның неге олай айтып тұрғанына да түсінбедім, мэн де бермедім. Алдында “біз солтүстікте тұрамыз” дегенде, сонау қиыр солтүстікте тұрып қалай туыс, қалай қандас боламыз, жай өңдеріміз ұқсас болған соң айтып тұрған шығар деп ойладым. Бірақ бұл екеуі де маған жақын жүріп, жылы ұшырай қарап жүрді. Олардың аты-жөндері де орысша болатын. Онысын “жау тылында өзімді Вася” деп жүрген сияқты, бүркеншек аты-жөндері шығарға жорыдым. Әлгі ересегі бастарынан кешкенін айтты.
Біз Қызыл Армия қатарына алынып, соғысқа кірдік. Осы жылдың басында қоршауда қалып, дивизиямыз ыдырағаннан кейін, оншақты адам орман ішімен шығысқа бет алдық. Қызыл Армия бөлімдеріне қосыламыз ба деп үміттендік. Бірақ қоршаудан шыға алмадық. Сөйтіп орман кезіп жүргенімізде, жаумен бір кактығыста басқа жолдастарымыздан айрылып қалдық. Енді екеуден-екеу бір айдай орманды паналап жүрдік. Жергілікті адамдардан ана орманда, мына орманда партизан топтары, партизан отрядтары басқыншыларға соққы беріп жүр дегенді естиміз, бірақ олармен де кездесудің сэті түспеді. Әр жерде жалғыз-жарым фашистер кездесіп, кейде поли- цайларға тап болып, бассауғалап қашып, құтылып жүрдік. Енді құр қол жүруге болмайтын болған соң, қаруымызды қайта қолға алып әрекет жасай бастадық. Бар оғымызды бос жібер- медік. Өзіміздің мергендігіміз де бар еді, елімізде аң аулауға жиі шығатынбыз да, олжалы оралатынбыз. Бірак оқ бітті. Сонан ата кәсібімізде пайдаланатын арқан табуға кірістік. Тапқандарымыз бізге жарамайтын болды да, ол арқаннан
мынадай арқан есіп алдық, - деп кеудесіндегі арқанын мой- нынан алып, қасына қойып, маған қарады. “Оны не қыласыңдар” деп сұрайды ғой деді ме, манағы арқан тастап жауды ұстағандарын айтты.
Шынында бұлары дұрыс эдіс екен, - десті тыңдап отырғандар.
Иә, солай. Бэрінен бұрын мылтық даусын шығарып, төніректі дүрліктірмейсің, - деді.
Ал элгі қиратқан мотоциклдердің күшті мотоцикл ғой, өздеріңді сүйреп кетсе қайтесіздер, ол сендердің бұғыларың сияқты элсіз емес.
Жоқ, - деп күліп басын шайқады да, - біз арқанды бір ағашты саялай тұрып тастап, өзіміз ұстап тұрған жағын ағашқа орай ұстап қаламыз. Онсыз да қатты келе жатқан мотоцикл аз кедергі болса, төңкеріліп кетеді. Ал төңкеріліп, аунап кеткен машинаның үстінде келе жатқандар сау қала қоймайды да, олар есін жиғанша, мынамен біз де жетеміз ғой, - деп қолындағы қанжарын көрсетті. Қанжары армияда жаяу әскерлерге беретін қосымша қару ғой, соны бұлар өткір қылып қайрап алыпты.
-Біз көбінде жалғыз жүрген, не ат, мотоциклмен жүргендерді ғана торимыз. Олардан түскен тапаншасы болмаса, басқа қаруларын пайдалана алмаймыз.
Ол қарулары қайда?
Бізде де қоймалар бар ғой, - деп кішісі қулана күлді.
Онда қоймаларыңды көрелік, - десті жігіттер. Соңынан олар қолға түсірген екі-үш қол пулеметтері мен ондаған винтовкаларын, неміс солдат-офицерлерінің бірнеше киім- кешектерін орман ішіне жасырған “қоймаларынан” алып, партизан отрядының керегіне жараттық. Ал полицайлар формаларымен бір партизан тобын (отделение) киіндіруге жетті.
Осылай осы екі батыр сақалармен бірге жүріп, олардың ерліктерінің, мергендіктерінің, дэлдеп арқан тастағыштығының куэсі болдым. 1943 жылы қыркүйек жұлдызының 21-22-іне қараған түні Днепрде Қызыл Армиямен қосылғанда олар аман-есен менің отрядымның лагерінде қалып еді, онан кейін ол батыр жандармен кездесуге мүмкіндік болмады. Сол күні кешке маған отрядымнан 120 адам алып Қызыл Армияның
—ЕЕЕЕЕИ 413
алдыңғы бөлімшесімен Днепр өзенінен өтіп, батыс жағалау- дағы Григорьевка селосын басып алып, атақты Букрин плацдармын Армиямыздың негізгі күші өзеннен өтіп шық- қанша ұстап тұруға бұйрық алдым да, сол бұйрықты орын- дауға аттанып кетіп едім. Осылай екі сақа батырдан мэңгі көз жазып қалдым.
Егер сол кезде сақа тұқымы жөнінде осы кездегідей тү- сінігім болса, олардың аты-жөндерін біліп, еліне хабарлар едім. Не сақа еліне бауыр басып кеткен жазушы Қалаубек інім, не Тұрсынай сияқты ақын қарындасым арқылы іздеу салып, өздерін болмаса да, ол батырлардың туған-туыстарын табар едім. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ойдан шықпас өкінішімнің бірі осы еді.
ЕРЛІГІН ҚАДІРЛЕГЕНДЕР ҚАШАН ДА
ЕЛДІГІН САҚТАЙДЫ
Азаттық аңсаған халқымыздың тарихындағы талай- талай ірілі-ұсақты оқиғалар болды. Ең соңғы тас қамалдың қақпасын ұрпақтарымыздың 1986 жылғы тегеурінді жойқын күрес тасқыны ашты. Жағалауға асыққан асау толқындай бұла күшті бұғалықтап, оны тежеуге тырысқан билеп-төстеушілер қатты жанталасты. Кеңестік империяның шаңырағын шайқалтып, керегесін қиратқан әр республикадағы кейінгі уақыттардағы азаттык жолындағы арпалыстар Алматыдағы желтоқсан оқиғасынан бастау алды. Горбачев пен онын төңірегіндегілер тэуелсіздікке ұмтылыстардың кандайын болса да арсыз аярлықпен, қан төккен қатыгездікпен басып-жаныштау арқылы тұншыктыруға тырысты. Мұнда олар күллі насихат кұралдарын пайдаланып, Кеңестер Одағы халқына, әлем жұртшылығына көпе-кернеу өсек-жала таратты. Тіпті бүкіл адал ниетті халқымызға “ұлтшыл” қарғы бауын тағып, кейін оны масқаралыкпен қайтып алды. Намысқой халкымның перзенті, ақын азаматы Мұхтар Шаханов Одақтың биік мінбесінен, жанын шүберекке түйіп, бар даусымен жаһанға үн қатты. Ол өз ұлтын қастерлеген сан миллиондаған қазақтың, елімізді мекендеген, кең пейіл халкымызды қадір тұтқан эр алуан ұлт өкілдерінің айбарлы сөзін жеткізді. Батыл да өктем жеткізді. Кейін М. Шаханов
бастаған парламент комиссиясы ақты-ақ, қараны-қара деп, әділет үкімін шығарды.
Қаһарлы қарсылық танытқан жастарды қайғылы қазаға ұшыратып, салтанатты астанамыздың алаң-көшелерінде ұлт- жанды, бейкүнэ үрпақтарымыздың қанын шашқан жендет- тердін аты-жөндерін де атап көрсетті. Олардың қатыгездіктері әлі ел есінде. Мұздай қаруланып, бастарына темір калпақ киіп, қолдарына темір таяқ, әскери шолақ күрек ұстап, кісі жейтін иттерді арсылдатып, айтактаған жендет-жаналғыштар ару қыздарымызды шаштарынан сүйреп, ұлдарымызды ұрып- жығып тепкіледі. Жан түршіктірерлік бұл сұмдык көріністер күндіз ойымнан, түнде түсімнен кетпейді. Мыңцаған жастар жарақаттанды. Оларға дәрігерлік көмек көрсетілмесін деген жоғарыдан нұсқау да түсіпті. Бірақ дәрігерлер соғыс кезінде де жаралы жауды да емдегенбіз деп, ондай жосықсыз бұйрықты орындаудан бас тартқан. Осы жайттар бүгінде аңыздай айтылады. Қаза тапқандардың кейбіреулері із-түссіз жоғалып кеттіге саналды. Бұған менің үлкен күмэнім бар. Жазалаушы орындардан жасқанған ата-аналар арасында балаларының қаралы жағдайын элі күнге ашып айта алмай, жасырып жүргендері де бар секілді. Олардың енді бірі жүрегін жаралап, қанша сыздатса да, оны өтті-кеттіге, қайта қозғағаннан не өнбек дейтінге санайтын шығар.
Тергеушілер, қаралаушылар, соттар жоғары орындардың нұсқауларын бұлжытпай орындап бақты, әділеттілікке мойын бұрмады. Жұрттың қарғысына қалған сондай жандар комиссия құжаттарында ашық жазылды, газеттерде қиянатшылдардың аты-жөнін, іс-әрекетін жариялады. Бірақ солардың біразы болмаса, көбі эділет жазасына құтылып кетті. Тіпті кейбірінің қызмет, лауазымы өсті. Шетелге шығып Отан үшін маңызы зор істерді аткаратындай кең дүниені жалпағынан басып жүргендер тым болмаса ар жазасын арқаласын дейік. Сол қанды оқиғаның бел ортасында белсенділік көрсеткендер кеуделеріне медаль тағып масаттанды. Бұлардың өздерін батыр ғып көрсеткендей, паңданатын парықсыздықтарына ызаң келеді.
Халқымыздың бостандығы, азаттығы үшін жанын қиғандар маған атаусыз кеткендей көрінеді. ¥зақ мерзімге сотталғандардың азапты жылдардан кейін кейбірі ақталды,
енді біреулеурі элі толық ақталған жоқ. Соттан аман қалса да, оқу орындарынан қуылып, білімін, мамандық алудан шет қалған, тағдыр тәлкегі желтоқсан оқиғасынан кейін басқа жолға салған жастарымыз қаншама? Олардың арасында денсаулығынан айырылып, мүгедек болып қалғандары да аз емес. Студенттердің жазықсыз жазаланған, қудаланған ұстаздарының бэрі бірдей бұрынғы қызметіне қайтып оралмады. Олардың соңына шам алып түсіп, қуғын-сүргінге салған шовинистік пиғылдағылар жэне сондайлардың әумесер әрекеттеріне ілесіп, шен-шекпенге ұмтылғандар есімін қалың жұртшылық элі жете білмейді.
Биыл тәуелсіз мемлекетіміздің бес жылдығына, ұлы Желтоқсан оқиғасының он жылдығына орай желтоқсан қаһармандарының ерлігін ерекше атаған, марапаттаған жөн. Егер рас болса, ол оқиға үшін бір ғана адам марапатталыпты. Ол Сафуан Шаймерденов екен. Мұны жазушының “Қазақ эдебиеті” газетіндегі сұхбатынан (№1, 6 қаңтар, 1995 ж.) оқып-білгендей болдық. Ол тілші мемлекетіміздің ең үлкен орденін не үшін бергенін сұрағанда: “Ал енді үкімет наградасын берсе, кешегі бұлдыр бақытымызды жырламағаным үшін бермеген шығар. 1986 жылғы сойқан оқиғаларда орынды үн қатып, жан дауысымды жеткізе білгендігім үшін бергендері бек мүмкін деп ойлаймын” дейді. Жаңылмасақ, жарлықта дэл солай жазылмаған секілді еді. Рас, ол жиналысқа қатысқанбыз, Сафуан сөйлеген. Ол жиналыста терең де, мэнді сөзін ашына айтып: “бұл қанды оқиғаны көріп, халқыма ұлтшыл деген жабылған жаланы естігенімше өліп кеткенімнің өзі жақсы” деген бір туар ұлы, ақын Жұбан Молдағалиев халқының мэңгі есінде қалды. Әрине, бұдан үлкен марапат болмақ емес.
¥лы оқиғада мерт болғандар, айдауда, қамауда болғандар, түрме азабын тартқандар, тіпті өлім жазасына кесіліп, ажал аузынан оралғандар атаусыз қалмауы, айрықша марапатталуы тиіс. Маған осындай ой келеді.
Орталықтың өктемдігіне, озбыр-оспадар саясатына қасқайып қарсы тұрғандарға, ең алдымен соларға құрмет көрсетейік. Нағыз ерлік иесі - жастарымыз, оқиғаға қатысқан ұл-қыздарымыз. Ал олардың алаулаған албырт сезімді алғыр әрекетін қолдаған, қуғын-сүргіннен қорғаған азаматтарымыздың да мәртебесі биіктей берсін! Ерлігін қадірлегендер елдігін сақтайды. Осыны ұмытпайық!
ПРЕЗИДЕНТ НЕ ДЕЙДІ, ӘЛИ МЫРЗА НЕ ДЕЙДІ?
Кейінгі кезде Елбасымыздың тәуелсіз ел екенімізді білдіретін жарлықтарын жариялап жүргені мэлім. Бірақ осы жарлықтардың ізін суытпай, оған қарсы әрекет жасап жүрген “мен білем” өркөкіректер де баршылық.
Мысалы, ¥лы Жеңістің 50 жылдығы алдында бүрынғы Совет мемлекеттерінің құрамында болған, қазір тәуелсіздік алып, жеке мемлекет болған Ел басылары осы өзіміздің астанамыз Алматыда бас қосып, “¥лы Жеңістің 50 жылдығын жоғары дәрежеде атап өтейік” деп шешім қабылдағаны барша жұртқа мэлім. Сол шешімге орай, біздің Елбасы вице-президентіміз Е. Асанбаев бастаған мереке комиссия құрып, тойламақ болып жатқанда, С. Әбішева мен Б. Нұрлыбаев деген тарихшылар “бұл ¥лы Отан соғысы емес, екінші дүниежүзілік соғыс, Гитлер мен Сталин бар әлемге үстемдік жасағысы келіп, халықты қырғынға ұшыратқан қылмысты соғыс, қаралы күн” деп бүйректен сирақ шығармақшы болды. Бірақ ¥лы Жеңіс барлық жерде жоғары дэрежеде салтанатты түрде тойланды. Соғыс ардагерлерін айтпағанда, бүкіл халқымыздың көңілі көтеріліп қалды. Тіпті Алманияның өзі де тойлап өтті.
Енді жеке ел болған соң, өткенімізді салмақтап, саралап, Елбасымыз әр мереке күндерін белгілеп, жарлық шығарды. Бұл жолы да ақылгөй кертартпалар шабуылға шықты. “Ана тілі” газетінде (Желтоқсанның 7-күні) “Айтылмаса сөз өледі” деген айдарда “Ел біздікі болғанда, той кімдікі?” деген тақырыпта мақала жариялаған түріктанушы Фадли Әли деген мырза: “Президенттің жаңа Жарлығында белгіленген мереке күндерінің басым көпшілігі қазақ халқының төл тарихымен, ұлттық мұрат-мүдделерімен қабыспайды” деп баға береді. “9 мамыр жеңіс күні емес, аза күні болуға тиіс” деп, ол күнді қаралы күн ретінде қайғырмақшы болады. Бұл жерде соғыс аты - соғыс, қазасыз болмайды, қазаға қай халық болмасын қайғырады. Ал елден ерекше Әли мырзаның қайғыруы фашизмнің жеңіл-геніне қайғыратын болар. Әйтпесе қалай болған күнде ол кезде қазіргі 15 мемлекет болып отырған республикалар бір шаңырақ, бір тудың астында біртұтас ел болатынбыз. “Бөлінгенді бөрі жейді” демекші, біртұтас ел құрамында болғанымыз сол кездегі империалистердің ауыздарына бір-
бірден түсіп кетпегенімізді де ескерген жөн шығар. Сол кездегі аса күшті ¥лы Совет мемлекетінің құрамында болғанымыздың үсақ халыктар үшін жаман жағынан жаксы жағы көп болғанын да мойындау керек.
Фашизм Еуропаның барлық мемлекеттерін жаулап алып, күшейген жау бүкіл адамзат баласына кауіп төндірді. Ол ¥лы Совет мемлекетін тізе бүктірсе, адам баласы мекендеген Әлем аяғының астында болатынын білді де, бізге тұтқиыддан шабуыл жасап, соғыс ашты. Совет халқы біртұтас Ел ретінде Отанын қорғады. Ол кезде бірде-бір Совет адамы амалсыздан соғысып жүрмін деп ойлаған жоқ. “Амалсыздан соғысты” деп, халқымыздың батыр жауынгерлеріне жала жаппа, Әли мырза! Майданда “Отан үшін!” деп гранатасын ұстап, жау танкілерінің кес-кестеп алдынан шығып, жан тапсырған бауырларымыз қаншама! Батыр Матросов ерлігін қайталап, жау пулеметтерін кеудесімен жапқан ерлеріміз қаншама!
Мәскеуді қорғау шебін басқарғандардың бірегейі Бауыржан ағамыз қолындағы Мәскеу түбінің картасының астанаға 10 шақырым қалдырып, артқы бөлігін көмекшісіне отқа жағуға бұйырады. Көмекшісі алғашында түсінбей, неге деп сұрағанда: “онан ары жауды өткізіп алсақ ол картаның маған да, саған да керегі жоқ болады - демек астана үшін құрбан боламыз” деген. Сонда не үшін соғысып жүргенін ол кемеңгер қолбасшы Әли құрлы ойлмағаны ма? Осы майданда ерлікпен кұрбан болған батыр аталарымыз, ағаларымыз, қазір мүгедек болып, қартайған, арамызда жүрген жауынгер ардагерлер Ресей шеті біздің кең байтақ қазақ жерінің қақпасы екенін Әли мырзадан артық білген. Фашизм Совет елін басып алса, қазақ жерінде фашизм темір табанымен таптайтын еді. Ал фашизм тепкісіне түскен қазақ халқы не болатын еді? Совет Одағы ыдыраганнан кейін кейбір тоғышарлар “фашизмді жеңбегенде, элдеқашан капитализм орнап, ұшпаққа шығатын едік” дегендер шыққан. Әли мырза, сен солардың энін салып жүрсің! Әли мырза, мен фашист басып алған жерлерде болдым. Фашистерге жер жэне оның байлығы ғана керек. Құл ретінде жұмыс қолынан басқаларын атты, асты, қан сасытты. Ондаған мың адамдардың бір ұрпағын көмді, нәрестелерді найзаға шаншып лақтырды. Фашистер біздің жерді жауласа біз де осы қиындыққа ұшырайтын едік. Фашист айуандығын
Еуропа халықтары біледі. Сондықтан бұл соғысқа өздері үшін Америка, Англия сияқты күшті мемлекеттерде қорқып, бізді өздерінің бірден-бір қорғаны санап, соғыс техникасынан бастап майдан үшін не керек, соның барлығын тегін берді. Совет мемлекеті жеңілсе, өздері де аман қалмайтынын, фашизм тепкісіне түсетінін білді. Совет мемлекеті қүрылғаннан бері ешбір ымыраға келмейтін Черчиль де біздің елді пана тұтқаны тарихтан белгілі. Франция мемлекетінің патриот ұшқыштары, Полынаның, Чехославакияның әскери бөлімдері бізбен тізе қосып, фашизмге қарсы аянбай соғысты. Олар да біз арқылы жері, элі азат етілетініне сенді. Сонда шетелдер фашизмге қарсы осылай соғысқанда, “Біз қылмысты соғысқа қатыстық” деп, опасыз ой “толғағанына” арадан кеткен аруақтар бір аунап түсетін шығар!
“Соғыс қазақгың жерінде болған жоқ” дейсің, біздің батыс облыстарымызға мұздай қаруланған фашист қандыбалақтары лег-легімен парашютпен түсіп жатқанда, Әли мырза, саған амандасып қайтуға келмеген шығар. Соғыс өртін бізге кіргізудің барлауы, бастамасы болар. Бірақ оған “өзің соғысқың келмесе де, еріксіз соғыстың” деп, каралап отырған батыр жауынгерлер жол бермеді. Қазақ жері осылай басқыншылыққа ұшырамады, аман қалды.
Өткеніміз жаман болсын - ол біздің тарихымыз. Тарихты өшіріп, жоққа шығаруға болмайды.
Біз - көп ұлтты мемлекетпіз. Мемлекетіміздің халқының жартысын ғана құрап отырып таза мұсылман мемлекетінің заңына жүгініп өмір сүреміз деу - отандас басқа ұлттарға қиянат болады.
Әли мырза, кеше көз алдымыздан өткен тарихымызды дұрыс түсіне алмай отырып, түп-тамыры теренде жатқан, ғасырлар ғарышында тұрған түркі танушымын дегеніңе жұрт сене қояр ма екен! Түркітанушы - мұсылмандықты да танушы ғой. Шариғатта батыр аруақтарға тіл тигізуге болады деп айтылмаган шығар, Әли мырза! Президент жарлығы бұрынғы кеңес сипатында деп қарайсың. Орыстардың қас-қабағына қарап жалтақтайды деп кінәлайсың Елбасын. Бұл - тарихтан, ел өмірінен бейхабар адамның сөзі. Он екі мемлекеттің Елбасыларынан ақылдымыз деп ұран салған С. Әбішева мен Б. Нұрлыбаевтар сияқты Әли мырза да біраз жерге барған.
“Айтылмаса сөз өледі” деп айдар койылыпты. Әли мырзаның осы сөзі айтылмай-ак, мүрдем кеткені жөн еді!
Президент жарлығы - заң. Ол заң жан-жакты ойланбай, сарапка салынбай шығарылмайтыны белгілі. Ал занды мойындамау - мемлекет заңын бұзу деген сөз. Заң бұзған адам - кылмыскер. Осы заңға карсы шығып, заңды мойындамайтындарды тэртіпке шакыратын заң қорғау орындары бар ма?!
АДАМДЫҚ Т¥ЛҒАМЫЗДЫ АЛАСАРТПАЙЫҚ
Ғасырлар бойы империялык бодандык бұғауында болып, тарих шындығынан адасып калдық. Алдындағы ақ, соңындағы қызыл империя тұсында билеп-төстеу “ұлы” деп аталатын ұлтының колында болды. Империялық мемлекет болған соң ұлт ұсақ ұлттарға үстемдік жасайтыны анык, демек мұндай мем-лекет репрессиясыз, куғын-сүргінсіз мемлекет болмайтыны да белгілі. Әділетсіздік көретін, әрине, ұсак ұлттар. Сол әділетсіздікке ұшыраған ұсақ ұлттарды қорғай- мыз деп, үстем ұлттың кейбір өкілдері де қуғынға ұшы- райды. Ак империя тұсында да солай болды, Қызыл империя кезінде қуғын-сүргін кең етек жайып, зор апатка айналғанын көзімізбен көріп, басымыздан кешірдік. Сонда осы теңдесі жок зор аумақты апатка кім кінэлі еді? Міне, тарих шындығының бетін ашу үшін, осы сұракка жауап іздеуі керек.
Қазір біз барлық күнәні бір Сталинге жауып жүрміз. Осы шындыкка жата ма? Ондаған миллион адамды опат қырғын жалғыз адамның колынан келе ме? Бір адам осынша қылмыс жасауы мүмкін бе?
Ал Сталин заманының алдындағы ақ империя кезінде де қуғын-сүргіннен орасан көп адамдар кұрбан болған. Осындай апатты жалғыз адам істей алатын болса, ол кім еді?
Сталиннен кейін Хрущев, Брежнев, Горбачев кезінде де қуғын-сүргін болып, тіпті эр республикаларда жазықсыздар қанға боялғанын білеміз. Ал оның жазықты, ауыр кылмысты мойнына арткан адамдары неге аталмай калды?
Горбачевтің кезінде Өзбекстаннан, Қазақстаннан жазыксыз адамдарды топ-тобымен Мәскеуге айдап алып кетті? Қылмысты
бола, олар өз республикаларында неге тексеріліп, айыпталмады? Өз республикаларында да сот, түрме бар еді ғой. Аскаровты да Мәскеуге алып кетіп, соттауға келгенде, қырғыздарға неге соттатты? Оның арғы жағында кандай зұлымдык саясат жатқанына аңғару қиын емес. Мұнда екі туысқан ұлтты қырғикабак араздастыру, сайқалдык, ұлы шовинистік зұ- лымдык саясат жатыр еді. Тіпті кеше ғана Ресей импе- риясында шешен халкының төрттен бірі кырылып кетті. Бұл - Ельциннің қырғыны деп неге аталмайды. Сталин заманын- дағы топалаңда оның оң колдарының бірі болған Хрущев та, Мәскеудегі Украина-дағы зорлык-зомбылыкка өзі тікелей басшыльщ еткен еді ғой, ол неге ашык айтылмай келеді?
Мына Ельцин елінде оның өкіметі шешендерді кырып жатқанда Ресейдің хальщ қамын жейтін жүздеген сенаторлары, депутаттары неге жұмған ауыздарын ашпады. Ал кешегі өзіміздегі 1986 жылғы Желтоксанда жазықсыз жазаға ұшырап, қыршын кеткен боздактарымызды неге “Колбин құрбандары” деп атамады?
Демек кінэ тек қана жеке адамда емес - тұтастай империя- лык нәсілдік қанды пиғылда! Империялык жауыздьщта!
Бұл адамзат алдындағы жауыздықты Хрущев, Горбачевтар білмейді емес, біледі. Сондьщтан олар империяльщ-шовинизм қылмысын жасырып калу үшін, бүкіл халыктык қарғыс тасқынының ызалы ағысын өлген Сталин арнасына бұрып жіберді. Енді Сталин аруағын жерден алып, жерге салып жатырмыз. Хрущев пен Горбачев айкайына әсіре еліктегіш, ұлы орысшылдьщтың сойылын соғып үйренген біздің бас көтерерлеріміз жазса да, сөйлесе де, Сталиннің шаңын қағады да жатады. Бұл тарихтың шындығын ашуға кері әсерін тигізуі сөзсіз. Бұл арада Сталинге ара түсіп отырған мен жоқ. Ол сөз жоқ сол империяның сойылын соғушы басшыларының бірі болды.
Ал сол тұстағы сұмдық репрессияны Ресей аумағында кең көлемде жүргізуді бастап берген Ленин, Троцкий, Тухачевскийлер екені тарихтан белгілі. Сталиннің негізгі кінэсі - Ленин бастамасынан айнымағаны. Бұл күнде империяның бас колшокпаршылары ретінде Ленин, Сталиндер аталатын болды.
Империяльщ заман куғын-сүргінді бастап, ұран тастады, —=ЕЕіИ 421
ал оны қостап, отын үрлегендер - сол куғын-сүргінге үшырағандардың өздері екенін де айтуымыз керек. Әрине айдалған адам өзін кім ұстап бергенін біледі, ал өмірден кеткендері өзін кім айдатқанын айта алмас, аман жүргендері, олардың тұстастары айта алар еді, онда да айтуға батылы барса. Сатқындық жасау себептері ең алдымен бақталастық, тақталастық, бірін-бірі көре алмаушылық, іштарлық, кек алушылық, тұтқындалғандардың кейбірінің өзі өшіккен басқаларға жала жауып, нақақтан күйдіргендері де рас. Аман жүргендерінің өздері бірінің үстінен бірі арыз жазып, газет беттерінде жалалы мақалалар жариялап, жиналыста біреуді жөнсіз, негізсіз каралап, өзі сөйлеп, біреулерге күдіктене карап, оған тыңшылық жасау әрекеттері жаппай апатка соктырды. Сол жаппай айыптау жиындарында айыпталушының кінәсіз екендіктерін дэлелдеп, қолындағы партбилеттерін жоғары көтеріп: “Ол жау болса, мен де жаумын!” деп, әділет, шындык үшін шырылдаған Қ. Жұмэлиев, Ж. Саин сияктылар аз болды. Осыдан барып нақақ қылғандардың бэрін бір Сталиннің кұрбандары еді дейміз. Әділеттілік, шындық қайда? Мысалы жазушылар арасынан да мұндайлар кездескені кейіннен белгілі болып, кімді-кім айдатқаны да ашық айтылып жатты. Кейбіреулерді көрсеткендер соңынан өздері де тұткындалып, атылып айдалып, кетіп жатты. Зобалаңцы империяның сая- сатын жүргізуші арамызда жүрген жымысқылар халыкты өзіне- өзін айдап салу, кұрту айласын пайдалана білді.
Кейін қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау басталған жылдары өздері аман-есен жүргендер жазықсыз кұрбан болған сол аяулы жандарды, ардақтыларымызды ақтауға қарсы болып, кедергі жасауға тырысып бақты. Оған Мағжан Жұмабаевты 1965 жылғы ақтау мәселесі дэлел бола алады. Онда алты адамнан (жазушылар) кұрылған комиссия оның акталуына карсы болды. Осы алтының бірі арамызда ғой, айтсын!
Осы арада бір ойға ораласың! Қазір ру-жүздерге бөлініп, қырқысу ауруына шалдықтык. Осы ауру бұрын атақты арыстар кезінде неге болмады? Оларда ру-жүз деген ұғым- ның орнына Жерім, Елім, ¥лтым деген ұғым болған сияқты. Демек олардың адамдык тұлғалары аскак болды да, бастарына кара күн туғанда, баска бауырларын ландамай, халқының
болашағы жолында теріс пиғылды ешбір ымыраға көнбей, өздері ауыр азаппен жандарын құрбандыкка шалды. Енді олардан кейінгілер ру-жүз ауруына ұшырап (жаман ауру жұққыш келеді), сол дерт қазір асқынып тұр. Демек кейін- гілерде ұлт қамынан ру қамы жоғары тұрғандай. Бұлар куғын-сүргін кезінде адамдық мақсаттары таяз, ұсақ болғандықтан, адами тұлғалары жетілмегендіктен, бірін-бірі ашықтан ашық құрбандыққа шалып отырғандарының куэсі болдық та, бірақ барлық кұрбандар бір адамның құрбаны деп қақсап жүрміз. Жаппай сатқындық болмаса, құрбандықтар да аз болатын еді.
Әрине, қазір кімдер сатқындық жасағандарын анықтау науканын жүргізу - ол кек алу, өш алу болып, қуғын-сүргінді кайта жүргізумен бірдей болар еді. Оның артында зор апат тұр. Әр жылдың 31 мамыры қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп жар салып, жарты ғасырдан соң әділетті тануға көкірек-көзіміз енді жеткендей, ұлардай шулай беру, онсыз да зейнетақы, еңбекақы алмай титықтаған қарттармен қосыла күңірене беру жөн бола қояр ма екен. Бұл еркін қоғамды азалы қоғамға айналдыру болып кетпей ме? Басқа республикаларда да зардап шеккендер болған, бірақ олардан ұлардай шулау естілмейді.
Ендігі жерде - тарихтың шындығын ұрпақ алдында жария ету мүмкіндігі туып тұрған кезде осы уақытқа дейінгідей саясат алдында жасқаншақтық жасамай, тарихымыздың шындығын жазуымыз керек кой. Ол үшін қазіргі жаңа қоғамның қондырғы, бағыт-бағдарламасын - идеологиясын белгілеу, соған орай халықты тэрбиелеу міндеті тұр. Сол идеологияны жасауға зиялы деген қауым самарқау секілді. Қазіргі басты мақсат - демократиялық мемлекет болу. Ол үшін ең алдымен осы “демократия” деген сөздің мағынасын түсініп алу керек. Демократияның түрі де, түсі де көп. Қазіргі “демократия” деп жүргендері үстемдік құрып отырған топтың қоғам, халық алдындағы бетпердесі ғана. Мысалы, 1993 жылы Мәскеу оқиғасында “демократия женді” деп даурықты. Ол демократия халық сайлаған халық калаулыларын зеңбірекпен атқылап қанға бояды. Демек, ұнамаса бір Ельциннің жарлығымен Парламентті тарата салады, тарамаса кырады. Осы да “демократия” болып па?!
Шын мэнінде адал адамзат баласының аңсап, армандаған демократиясы бүкіл адам баласы қүрған сан алуан қоғам дардың бірде-бірінде болган емес, ол демократия меніңше болмайды да! Оған бірен-саран қоғамның озык ойлылары дайын болғанымен, сол халықтың өзі түгелдей дайындалып жетілген жоқ. Осы уақытқа дейін адам баласы өмірінде болған феодализм, капитализм, имперализм қоғамдарына демократия ұғымы жат. Кешегі социалистік-демократия дегеніміз де шын мәніндегі демократиядан аулақ болатын. Демократия, адам қүқығы деп даурыққан Америка, Англия басқа елді қанға бояп. басып алады. Қазір Югославияның төбесінен жай ойнатып, бөлшектеп жатқаны да демократия ма, адам қүқын қорғағаны ма? Шын мэніндегі демократия бүлдыр-бұлдыр болашақта болады деп аңсау арман ағысындағы әділеттілік (абсолюттік) болса керек. Қазір “Қазақстанда адам құқығы аяққа басылуда" деп айқай-сүрфң салушылар шықты. Әсіресе Америкаға барып, эр уакытта бұл аурумен ауырып өзі туып, дэм-тұзын татып- өскен, жүрген Евгений Жовтис “Халықаралық адам құқығын қорғау” деген жалған пиғылды мекемесінде мүшелігін бетке ұстап, осы елдегі эр түрлі пікірдегілерге дем беріп жүр. Ең алдымен адам құқығы деген не? Осыны түсіну керек болар. Адам құқының түсініктемесі сан салалы. Адам қүқын бұзбайтын бірде-бір қоғам, бірде-бір мемлекетті өз басым білмеймін. Е. Жовтис үлгі етіп, оның тапсырмасын орындамак болып, жанталасып жүрген мемлекеті Америка болса, ол Америкада адам күқығын ғана емес, сол адамның өзін, бүкіл бір ұлтты жойып келе жатқанын сол Жовтис білмейді емес, біледі. Америка атом бомбасымен қырған Хиросима, Нагасаки қалаларының халқының өмір сүру қүқын жойғанын жасыра алар ма екен?! Осы күні бүгінге дейін дүние жүзіндегі көптеген жазықсыз елдердің халықтарының қанын кешіп, судай ағызған Американы адам қүқығын қорғауға үлгі бола алады деп дәлелдей алар ма екен? Ал Жовтис эрекетін туған-өскен жеріне деген адал ниеттен емес, қара пиғылдан туындаған эрекет деп түсінген жөн.
Қоғамдағы мемлекет іргесін бекіту үшін, халықты ойлаған рухта тәрбиелеу үшін, қандайда бір идеология керек. Идеологиясыз мемлекет болмайды. Сол бір идеологияны уағыздап, халықты бір бағытқа баулып, тәрбиелеу міндеті
тұруы қажет. Бізде эзір бұл міндет жайына калып, халыкты тәрбиелейтін ақпарат кұралдары біріне-бірі кайшы жұмыс істеп жатыр. Бұл, эрине, жақсылыктың белгісі емес. Ұлы Совет Одағы тарағаннан кейін бұрын жасқанып келген империялык елдер белсене жұмыс істеп, барлық салада, әсіресе идеологиялык салада халықты теріс құлықта тэрбиелеуде. Рухани диверсия жүргізіп, жанталасып жатыр. Барлық телеарналарда адамның жаны түршігерлік катігездік уағыздалып, адамға адамның жау болуына бағыт беріп жатыр. Адам өлтірудің, адам кинаудың, адам ұрлаудың, адамды кепілдікке алудың сан алуан жауыздык айла-тәсілдері көрсетіледі... Үлкеннің де, кішінің де, тіпті жас қыздың да қолдарында - мылтық, тапанша, канжар...
Қазір үкіметіміз “адам өзін-өзі қорғауы керек” деген желеумен азаматтардың жеке пайдалануына кару-жарақ - мылтык, тапанша сатып алуға рұксат берді. Әскери адамдар: “оқтаулы мылтык жылына бір рет өзінен-өзі атылады” дейді. Ал бұл қару-жаракты негізінен арам ойлы, қанды қолдылар алатыны тағы белгілі. Сонда мұның арты не бол ары түсінікті емес пе! Сонда бұл коғам қандай коғам болмақ? Темір тэртіп болмаған жерде адамдар сол темірден қаза болатыны, телеарналарда көретін атыс енді өмірде жалғасын тауып кетері сөзсіз. Онсыз да бір Алматының өзінде күніне бірнеше адам каза табады, каншама адам жоғалады. Үй тонау, көлік ұрлау әрекеттері барған сайын асқына түсуде.
Телеканалдың қайсысынан болса да, жезөкшелік жасап жаткан жалаңаш эйелдерді көресің. Байлыктан, жұмыссыздық- тан азғындық, көргенсіздік, бейбастақтық жасайтын капи- талистік елдердің сұмдық сипатын біздің ел тұрмысына енгізу халыкты рухани аздыру диверсиясын пәрменді жүргізуге жол ашып жатыр.
Ал біз болсақ, оған жайбаракат карап отырғандаймыз. Ешбіріміз қарсы шығып, ауыз ашпаймыз. Не әйелдер қауымдастығы, не мұсылман әйелдері коғамы күлметтерін ашып жатқанға намыстанып, не ұялып, газет беттерінде, радио, телеканалдар арқылы наразылық білдіруді де білмейді. Ал дін басылары бұл бейбастақтың мұсылман болмысымызға зияны тиеді-ау деген ойларына да келмейді. Темекі тарту, жаппай арак ішу олар үшін дұрыс сиякты. Олардың шала молдасымактары эр жерде бір аятты шала оқып, ақша табумен жүр. Бас муфти
әсемкой әйелдерше эдемі киініп алып, жиын-тойда лауазымды адамдардың касында жүруді ғана біледі. Ал мүсылмандар, оның ішінде казактар баска дінге кұлшылык етіп жатыр. Оның басты себебі - біздің дін басыларымыз мешітті - дінге кұлшылық ету рәсімін ақша табудың кебіне айналдырып алған. Мысалы, Көкшетау мешітінде құдайға құлшылык етуге келгендер 2-3 теңгеден төлейтіні көрнекті жерге жазылып қойылған, демек жай театр сиякты. Ал өлім-жітім, тағы баска дэстүрлі жерде оқылған құрандарына үй иесінің ырым ретіндегі берген ақшасына таласып, жұрт көзінше екі-үш молдасымактар ұрсысып жаткандарын көріп, бетінді басасың. Ал христиандарда шіркеуге құлшылық етуге келгендер сол шірекеу маңында қайыр-садака сұрағандарға гана тиын-тебен береді. Осы мұсылман дінінің басы Рәтбек пен христиан дінінің басы Алексийдің арасы жер мен көктей. Алексий діни адам тұрғысында биік, аскак тұр. Ал Рэтбектің аузынан діни уағыз шықпай, колхоз бастығынша сөйлейтінін естіп, жағаңды ұстайсың. Рэтбектің еліміздің мұсылмандык сипатына коскан үлесі бар деп ешкім де айта алмас.
Біздегі телеарналарды басқару тізгінінен айрылып калғандаймыз. Халықты, жас ұрпақты тәрбиелеудің ең негізгі кұралы әркімдердің, тіпті бұрын біз көрмеген басқа жерден келген калталы эмиссарлардың колдарында. Мысалы, Малоземов деген күніне бірнеше сагат бойы өзі кожа, өзі би, ойына келгенін көрсетеді. Мағынасыз, мәнсіз сұхбат алып, эркімдерге кадалып тұрғанын көресің, өзінің эйелімен төсекте жатканын, жалаңаш шомылып жатқанын көрсетеді. Әлібек Тастайбеков дегеннің де өз телеарнасы бар болар. Ол да бейбастаксөйлеп,хабарынерадамныңжалаңаштәнінкерсетуден бастайды. Ал аты-жөнін білмеймін, ала-құла киінген еврейдің жас жігіті кейде балаларға ойын-жұмбак шештірген болып, сыйлық беріп, кейде казак кыздарына тамак дайындаудың неше түрлерін үйретіп жатады. Еврейдің ас-тагамы қазакқа қашан үлгі болып еді? Оған еліктеп, өзіміздің талантты әншілеріміз телевизор көрермендерінің кара нанга камалып, аш отырган- дарға Испан, Португалия тағамдарын көрсетпек болады. Бұл не сұмдык? Көрген көпшілік қара нанды әзер тауып жеп отырғанда, соларды әдейі көрсетіп, тамсандырып, жүйкелерін жұкартқысы келе ме екен? Кейде әжептэуір шет елдік (өз
еліміздің киносын көруден күдер үзгенбіз) киноны үзіп-үзіп, арасында жарнама береді. Ол да көрермен жүйкесін жейді. Онда да жарнамасы халықка маңызды болса бір сәрі. Көрсететіндері: сағызды шайнауды үйрету, шомылу, тіс тазалау, кір жуу, гигиеналык “анау” т.б. сияқты ұсақ-түйектер. Бұлардың бар- лыгы да - Ресей телеарналарының үлгісі. Олар ойына келгенді істесе, біз де соны істейміз. Ресей эмиссарлары акша табудың жолымен осында эртүрлі клубтар, ойын аландарын ашып жатыр. Ол да баяғы эмиссарлардың алдау ойындары. Жуырда бір каналда жастардың түнгі клубында есірткі, ішімдік те сатылады деп хабарлады. Сонда нашақорлармен күрескеніміз кайда қалды? Осындай телеарналарға ерік беріп, беттерімен коя береміз бе? Ел болған соң, мемлекет болған соң, тэртіп болу керек емес пе! Әсіресе радио, телеарналар біздің мемлекетіміздің камын жемейтіндер қолына тисе, еліміздің қауіпсіздігін, тэуелсіздігін қалай корғамақпыз? Қазір елдің ішін жайлап кеткен, ірі өндіріс орындарына иелік жасайтын шетелдіктер. Оларға сену қасқырға койды күзеттіргенмен бірдей. Сол үшін бұл қалталы шеттен келген эмиссарлардың қолдарындағы телеарналарды өз мемлекетіміздің мүддесіне пайдаланып, халыкты тэрбиелеуге, өкіметіміздің мақсаттарын насихаттауға болмас па екен?
Қазір еңбекақы, зейнетақы төлеу қиын. Әсіресе зейнет- ақыларын ала алмай жүрген қарттардың жағдайлары өте ауыр. Төлеуге мемлекетте акша жок. Ақша қалталы азаматтардың колында, ал жай халықтағы ақшаны тағы да шеттен арнайы шақырылған, не өз беттерімен келген Пугачева, Киркоров, Жванецкийлер, тігіті кейбір ресей халтурщиктері келіп, тонап алып кетеді. Жэне оларға орталык сауық сарайларын беріп, билеттері бірнеше мың теңгелерге сатылып, келген-кеткен жол қаражаттарын төлеп, миллион теңгені долларға ауыстырып, қалталарына салып береді. Осы сахна арқылы тонатушыларды тэртіпке шақыруға болмай ма? Олар сол өздері шақырған қонақтар олжаларынан өздерінің делдалдық ақыларын алып, қалталарын қампитатындары да белгілі. Сол Пугачева, Жванецкийлерден асқан талант иелері, құдайға шүкір, өзімізде де бар. Мысалы, Бибігүл, Роза, Мақпалдар Пугачевадан кем бе? Ал сыкақшыларымыз Жванецкийдей мыңқылдап, қағазға карап окымай, ауызекі соққанда, күлкіңді тия алмайсың. Жэне
олардың билет құндары да бірнеше есе төмен емес пе? Міне, осыларға қаржылай көмек көрсетілер болса, өз елімізде халык қалтасынан айналымға түсетін акша да көбейіп, уакытында зейнеткерлер де акша алып тұрар еді ғой.
Еврей ұлты табиғатында капитал құлқынды, акша үшін өлімге баратын халык дейді біреулер. Әрине бұған толык илануға болмас. Алайда ұлт ішіндегі сондайлардың кесірінен олардың білгірлігі мен тарих алдындағы еңбегін жоқка шығарып кететіні де анық. Осы жайында еврейлердің өз өкілдері де жазып, ескерту жасап та келеді. Жуырда “Парасат” (№4, 1999 ж.) журналы Эдуард Тополь дегеннің “Борис Абрамович, Ресейді сүйіңіз!” деген макаласына орай Березовский, Гусинский, Смоленский, Ходорковский жэне баска да еврей алпауыттарына ашық хат жазған. Ол “Аргу- менты и факты” газетінен аударылып алыныпты. Онда аса ірі Ресей елін еврейлер баскарып, елдің бүкіл қаржысы өз қолына ұстап отыр. Ал Ресей халқы аш-жалаңаш калды, онын аяғы бір кезде Германияда болған Холокост оқиғасына (Хрустальный кырғынға) соктырған еді, міне Ресейде де солай болады-ау деп сактандырғандай. Тіпті біздің Қазақстанға да кұлаккағыс кылып отырғандай... Мемлекетімізде ана тіліміздің бағын ашпай жүрген өзіміз - казактар. Соңғы үш ұрпактың алдыңғы екеуі болмаса, соңғы ұрпак орысша сөйлейтіндер. Олар тіптен орысша сөйлеп туғандар. Сол балаларына еліктеп онын алдындағы екінші ұрпақ та орысша сөйлейді. Ал үйде, отбасында ана тілінде сөйлемеген соң, бала бакшаларда, мектептерде оларды ана тілінің арнасына салып, ана тілінде сөйлету киын. Сондықтан екінші ұрпақтың жартысы, үшінші ұрпактың басым көпшілігі орысша сауатын ашып, орысша сөйлеген соң, оларды ана тілінде сөйлетем деу - эзірше әурешілік.
Оның үстіне біздің халықтың өзі - негізінен орысшыл. Араларында бір орыс болса, барлығы орысша сөйлеп әдеттенген.
Бірінші, екінші ұрпақ орыс тілін де, өз ана тілін білсе де, орысша сөйлеуге кұмар. Министрліктегілер, парла- ментгегілердің басым көпшілігі қазақтар болса да, орысша сөйлейді. Шенеуніктер шетелге барса, барған елде орысша сөйлейді. Ал ол ел казак тілін де, орыс тілін де білмейді. Тілмаш
аркылы сөйлескен соң, неге казақша тілмаш ертіп, казақша сөйлемейді. Шетелден келгендерге де солай. Неге қазақша сөйлеп, казақ тілмашы арқылы келіссөз жүргізбейді?
Егер барлык жерде казақша сөйлеу эдетке айналса, орыс тілділер қазақ тілін тез үйреніп кетер еді. Әрі орыс тілінде де, қазак тілінде де сайрап тұрған қазак аудармашылары тұрған соң, олар қазақ тілін үйреніп эуре болып кайтеді!
Ол орыс тілділер өздері дэм-тұзын татып отырған ұлтты сыйлап, құрметтесе, жергілікті тілді үйреніп кетулері оңай.
Өз басым 1942 жылы Украинаның жау жайлаған жеріне парашютпен түсіп, украин тілін жарты жылда үйреніп, тіпті өлеңдерін де айтып, араласып кеттім.
Ал осы Қазақстанда туған, қазір 70-80 жаска келген орыстар бір ауыз каза тілін білмейтіні адамды ренжітеді.
ЖАРТЫЛАЙ ЖАРИЯЛЫЛЫҚ КІМГЕ КЕРЕК?
Газет-журналдардан менің замандастарымның балаң кездерінде түсіне алмағандарын: отызыншы жылдардың басында ауылымызды жыланша жайлаған ашаршылык, одан кейінгі қудалау, жазалау сырларын окып отырып, кабырғаң қайыса қайғыға батасың. Қаншама халык аштықтан қырылды?! Жазықсыз каншама жандар беталды караланып, туған жерінен, ел-жұртынан айырылып, жер аударылып кете барды?! Халқымыздың таңдаулы, талантты қаншама ұл-қыздары айуандықпен, “халық жауы” деген жантүршіктірген айыппен қыршынынан киылды?! Зарлап калған, сорлап калған өлмелі кемпір-шал, шиеттей бөбек-сэби каншама?!.
Бүгінгі жариялылык кезінде сол небір сұмдыктардың беті ашылып жатыр. Дұрыс, өте дұрыс - ашылуы, айтылуы керек!
Совет халкын соншама кайғыға душар еткен Сталин, сталинизм екені рас. Мұны куэлар да, зерттеушілер де айтып, жазып жатыр. Бірақ бір ғана Сталинді айыптаумен тарих шындығының шегіне жете алмаймыз. Миллиондаған адамдарымызды ол жалғыз өзі өлтірді ме? Сталин, Берия, Ежов, Ягода т.б. кімдерді құрту керектігін көрсетіп, жеке-жеке тізім жасады ма? Жоқ. Халықты тізіммен де, тізімсіз де қырғандар бұлар ғана емес, өйткені қаныпезерлер өте көп болды.
“Қазак эдебиеті” газетінің биылгы 9-санында, Шәкәрім
Құдайбердиев туралы мақалада, сол зобалаң жылдарда әрекет еткен саткын-жендеттер саны 5-6 миллион екен, олардың қазір арамызда тірі жүргендері екі миллиондай делінген. Сонда олар кімдер? Санын біліп, ал өздерінің кім екенін білмейтіндей, неге аты-жөндерін көрсетіп жазбаймыз? Әлде олар сол қарабеттердің зұлымдыгынан казаға ұшыраған аяулы азаматтарымздан артык па? Олардың аты-жөндерін айтар болсақ, тарихқа киянат жасалмақ па? Оларды бүгінгі, ертеңгі ұрпақ білуге тиіс. Оларды дэл өздерінше ұрып- соғып қинамағанмен (тірі жүргендерін), өлтірмегенмен, аты- жөндерін, не істегендерін халыққа жария етіп, қазірде халық несібесіне ортақтасып, алып жүрген пенсия мөлшерін, гіайдаланып жүрген жеңілдік жәрдемдерін қайта қарату керек. Сөйтіп оларды ар сотына, карғыс сотына тартқан жөн болады.
Мен 1941-1944 жылдары жау жайлаған украин жерінде астыртын жұмыс жүргізгендер сапында болдым, партизан отрядтарын ұйымдастырдым. Басқыншылар бізге қарсы күреске пайдалану үшін, жергілікті халық арасынан сатқындарды іздеп-ақ бақты. Совет адамдарын бірін-бірі сатуға мэжбүр егпек арам ниетпен небір айуандық айла- шарғы жасады: топырлатып түтқындап, ұрып-соқты, аспаққа асты, электр тогына салды, итке талатты, аштан қатырды, тірідей тілгіледі. Бірақ не қылса да, фашистерге сатылғандар аз болды, көбі тіс жармай, патриот жерлестерін ұстап бермей, ерлікпен қаза тапты. Ал сталиндік репрессия жылдарында тұтқындалғандардың көбі қинауға төтеп бере алмаған, өзінің таза екенін біле тұра, жауыздық жалаға көнген, “халық жауы’- екенін мойындаған, таныс-бейтаныстарыньщ бэрін “сыбай- ласым” деп қаралай берген, сатқан. Қайсы біреулер тіпті элгі тергеушілер ұрып-соқпай жатып-ақ басқаларды ұстап бере берген. Ол қалай? “Халық жауларын” әшкерелеуді кэсіпке айналдырып, газетке макала жазып, ұялмай-кызармай қаламакы алып, тамағынан тартынбай өткізгендер де аз болмаған көрінеді. Ол қалай? Фашистердің қорлығына, алдап-арбауына көнбегендер совет адамы да, репрессияны қоздырған “белсенділер” совет адамы емес пе? Әлде адамнын ар-ұяты бір жағдайда былай, екінші жағдайда олай болатын кұбылмалы қасиет пе? Міне, біз осыған мэн бермей, элгі сатқын, пэле жапқыш болған “белсенділердің” атын атамай,
жөнін жөндемей келеміз. Олардан немесе олардың ұрпағынан сескенетін тэріздіміз. Әлі де болса сол жылдардағы “пәледен машайық қашыптының” керінен арыла алмай жүрміз.
“Қазақ әдебиеті” газетінде жазушы Жайық Бектұров ағамыздың мақаласы - өз буыны, өз ұстаздары тартқан қиямет туралы естелігі жарияланды. Жэбір жасаған жендеттің кім екенін айтуға келгенде, ол кісі “X. Р.” деумен шектелді. Жүсіп Арыстанов ағамыз да өздеріне жала жапқан пэлеқорды “М. Ж. еді” деді де қойды. Немесе талайды айдатқан, байлатқан, сабаған, атқан жексұрындардың Иванов, Ахметов, Сәкенов, Фролов, Белов, Кэкежанов... деп тек фамилияларын атап, олардың атын, кім болғанын, не істегенін, қазір бар-жогын көмескілей салатын тэсіл бар.
Темірбек Қожакеев жолдас архив материалдары негізінде мақала жазып, мысалы, бір ғана ағат пікірі үшін Сәкен Сейфул- лин, Жұмағали Саин сынды азаматтарымызға кінэ тағады да, талай жанға жазықсыздан жазықсыз қасірет арқалатқан, қазірде тірі жүрген “мықтыларды” эшкерелеуге батылы бармай қалады. Сонда жариялылық өлілерге ғана қатысты болғаным ма?!
Қорқады екенсің - сөз көтерме, жазба. Жартылай жариялылық - күткеніміз, қажет еткеніміз емес. “Әлде қалай болады?” деп, көлеңкемізден қорыққандық - күні кеше жаппай сатқындыққа айдап салған зұлматтың бірі. Нені айтсақ та, нені жазсақ та, тек шындыққа жүгінейік!
ҒАСЫР АПАТЫ
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында бір кезде дүние жүзі бойынша аса ірі, өте бай мемлекетіміз адам айтқысыз апатқа ұшырады. Халқымыздың бақытсыздығына байланысты мемлекетіміздің кезекті бірінші басшысы өзгеруіне орай өкімет басына кара ниетті, өкімет басшыларының арасында жасырынып жүрген Горбачев келді. Бүл ертеден шетелдермен, эсіресе Америкамен, онан Германия, Ватикандардың алыстан ойлаған саясаттарының арбауларына шырмалған адам болатын. Ол сол айтқан елдердің жөндері, берген нүсқауларын орындау жолында аса шеберлікпен екіжүзділік саясат жүргізді. Ауызекі, елді қайта қүрамын, “демократиялық, кұкыктық,
қайырымдылык социализм кұрамын” деп даурықты. Ал іс жүзінде ең алдымен елді әлсірету саясатын қолға алды. Ел үшіц біртүтас алып мемлекетті бөлшектеп, ыдырату керек болды. Ол үшін бұрын өздері сырт жауларынан жасканып, Еліміздің өздері сұранып кұрамына кірген республикаларды желіктіруді көздеді. Ол ойын сатқындықпен Совет басшыларына жала жапты. Өзі сияқты сатқын А. Яковлев бастаған комиссия құрып. екінші дүниежүзілік соғыс алдындағы Совет басшылары саясатына ревизия жасатты. Ол комиссия: “Бұл соғыстыц басталуына басты себепкер - Совет елінің саясаты. Гитлер мен ауыз жаласып, Еуропаны, қала берсе дүние жүзін кайта бөліске салмак болды” деген корытынды шығарды да, Полыпаны бөлісу жөнінде кұпия келісім шартын Германиямен жасасты деген айып тақты. Шындығында ондай шарт жоқ еді. Бұл Горбачевқа Совет елін Полыпамен араздастырып, көршілес елдердің ара жігін айыру үшін керек болды. Сол комиссия Балтық елдерін “өз еріктерімен қосылмай, күшпен қосып, басып алды” деген қорытынды шығарды. Ол елдерге де керегі сол еді, олар Совет елінен бөліне бастады. Бірак бұл қылмысын жасырып қалу үшін, ол елдерге күш көрсетті, Балтық халқын қанға бояды. Осындай арандату еліміздің түстік жағында да жүргізілді. Мысалы, Молдавия-Бес- сарабия басқыншылыққа ұшырады деп дэлелдеп бақты, кейін олардың бөлініп шығуы оңайға түсті. Бұл сатқындық істердің шетелдегі қожалары жоғары бағалап, Горбачевтан сый-сыйпаттарын аяған жоқ. Осы сыйлықтарын ақтау үшін, өзі алдында барып, сый-құрметін көріп, құшақ жайысқан Румыния, Шығыс Германия елдеріне де опасыздық жасап оларды да канға бояп тынды. Енді “қайта кұруды” желеу етіп, елдің экономикасына қол салды. Оған шетелдегі қожалары берген тапсырысы елді экономика жағынан тұралату еді. Экономиканы қайта құруды қолға алды. Экономиканы партия жеткізе тұралатты.
¥лы Отан соғысындағы Совет халқының бүкіл адамзатқа қауіпті фашизмді тапқандаған жеңісін жоққа шығару үшін, 1990 жылдың басында Горбачев пен Шеварднадзе Америкаға барған бір сапарында ресми түрде еліміздің жеңіскер даңқынан бас тартты. Бұл бүкіл Совет халқына тарихи қиянат жасап, миллиондаған өлгені бар, тірісі бар майдангерлердің төккен
тер, ағызған қандарын аяққа басып, аруақтарын қорлағандары еді-
Өз халқына көрінеу жала жабуды да ұмыт қалдырған жоқ. 1939-40 жылдары фашистер атқан поляк офицерлерін советтер атты деп, фашистерді ақтап, өз елін дәлелсіз даттап бақты. Совет басшылары Г итлермен ауыз жаласып, поляк жерін бөлісіп алмақ болды деп бір жала жапса, соғыстан кейін поляк жері шекарасына да совет каянат жасады деп, совет басшыларынан Полыпа елін ел етіп, шекарасын кеңейтіп, кауіпсіздігін сақтауға қосқан елеулі еңбегін жокка шығарды.
Осы еліне опасыздық жасаудың эртүрлі айласын Горбачев үзбей шетелдегі кожаларынан алып отырды. Осы сатқын- дықты жай азаматтар көріп, біліп отырса да, Горбачевтың маңындағы көкірегі сокыр тобырлар көрмегендей болды.
Горбачев армиямыздың шыркын бұзып, олардың корғау кабілетін элсірету максатынан да аянған жоқ. Олардың интернационалистік істерін кұбыжық көрсетіп, басқыншы банда тобына айналдырғысы келді. Қару-жаракты қыскар- тамыз деген желеумен армиямызды қарусыздандыру әрекетін жүргізді. Армияда тэртіпсіздік өріс алды. Әскери адамдардың өзін-өзі өлтіруі, армия катарынан қашу жиіледі. Қатардағы солдаттар арасында бірін-бірі ұрып соғу (дедовщина) етек алды.
Осылай ұлы мемлекетіміздің тас-талқанын шығарды. Осы қылмыстан кұтылудың жолын іздеді. Өзінің төңірегіндегілерге ерік беріп, өзі демалысқа кетті. Өзінің ең жакын деген Янаев бастаған топты елде “ерекше жағдай” хабарлау жоспарын жасап берген де өзі. Бірак елде төңкеріс жасамақшы болды деп айыптаған топтың ешқандай кара ниеті жоқ еді. Олар шамасы келсін-келмесін, елді ары карай апатқа ұшыратпай сақтап қалуды ойлаған адамдар болатын. Міне, осы аласапыран уақытты залым Ельцин пайдалана білді. Ол дереу демократия дегенді желеу етіп, “кызыл фашистерден” корғамақ болып шыға келді. Енді Ельцин Горбачевті де азат етуші, елде демократияны қорғаушы, Ак үйдің батыры атанып, алға шықты. Шындығында 1991 жылдың казанында жеңілген демократия еді де, жеңген реакцияның Ельцин бастаған қара күші болатын. Елін қорғамақ болған дүмше “төңкерісшілдер” түрмеге түсті де, саткын Горбачев бұрынғы сүйенген адамда-
рын да сатып, аман-сау қалып қойды. Енді Ельцин не істесе де, ерікті, тізгінге ие болды. Ол ұлтшыл Кравчук пен қара ниетті Шушкевичтермен дереу жасырын келісім жүргізіп, Беловеж тоғайында Ресей, Украина, Белоруссия одағын құрып СССР-ды мемлекет ретінде жойып, оның халық сайлаған депутаттарын - парламентін таратып жіберді. Енді мансапқор, сатқын Горбачев далада қалды. Бірақ залым адам эрқашан залымдық ойлайды ғой. Ол заңсыз “Президент салығын” ойлап шығарғаны да тегін емес екен. Бүкіл халықтың сатып алған заттары үстіне 5% салық қыруар ақша ғой, оған қоса партиялық қаржыдан қымқырса, оның үстіне шетелдік қожалары оның сатқындық жарнасын қосса, Горбачев тобырлары есебіне сансыз қаражат түскен ғой, міне, сол қордың, демек “Горбачев қорының” президенті болып шыға келді. Қарға қарғаның көзін шоқымайды ғой, Ельцин оны үй-жай, қаншама көлік, өзіне бұрынғы мініп жүрген оқ өтпес машинасы, күзет-күтушілерімен бөлек шығарып жылы орынға отырғызды. Осы арада “Аргументы и факты” газетіндегі бір мақала еске түседі. Онда кейінірек Ельцин өзінің айтканынан тайып кететін эдетіне басты ма, элде өзінің төңірегіндегі мансапқор тобырларының біреуіне керек болды ма, оқ өтпес өкімет машинасын онан алып қойыпты. Горбачев оған наразылық білдіріп: “Жай “Волга” машинасына отырғызып қойды” деп шағым жасапты. Оган біреу: “Горбачев жай ”Волгаға” отырғызды деп шағымданған екен, оны “Волгаға” емес, бар ауыр сатқындьщ қылмысы үшін, ескі түрік заңымен қазыққа отырғызу керек еді” деп жазыпты. Горбачевқа осы соңғы жаза ылайық болатын еді.
Сонымен 1991 жылдың тамыз төңкерісін Янаевтар тобы емес, Ельцин тобы күшпен жасап, іске асырды. Ал Янаевтар түрмеге отырды. Қазақтың “айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылды” дегені осы болар.
Осы 1991 жылғы Ельцин, Кравчук, Шушкеевич төңкерісі кезінде де адам шығыны болды, халық күйзелді. Оған жауап берген ешкім болмады.
Енді Ельцин еркінсіді. Демократия рухы бойында болмаса да, соны бетперде қылып, ез билігін жүргізуді көздеді. Онын қара жолына парламент бөгет болды. Қай қоғамда болсын,
адамзат тарихында шын мәніндегі демократия болған емес. Тіпті ең демократияшыл социализм коғамы деп қанша даурыкканымызбен, онда шын мәніндегі демократия жок болатын.
1993 жылы Ельцин Ресейді жеке өзі билеп-төстеуге кірісті. Оган “халық қалаулысы” деп сайлаған депутаттар, демек Ресей парламенті қарсы тұрды. Ельциннің эртүрлі айласы іске аспады. Ак үйдегі парламент демократиялық жұмысын жалғастыра берді. Олар Ельциннің теріс бағыты жүзеге Ресейді тұралатуынан аман сақтап қалуды көздеді. Бірақ Ельцин америкалық қожаларыныц Ресейді бүлдіру реформасын ары қарай жүргізу үшін демократияға оқ атты. Бұл арада Ельцин халық депутаттарына ғана оқ атып қалған жоқ, депутаттардың конституциялық депутаттық тэуелсіздігіне оқ атты, демек оларды бірауыздан сайлаған сайлаушы - халыкқа - адамзат аңсаған демократияға оқ атып, қанша халықты қанға бояды. Бұл жолы да “демократия жеңді” деп даурығып, халықты алдамақ болды. Бұл жолы демократия жеңіліп, диктатура жеңген еді. Диктатураның жеңетіні оның желкесінде Американың жуан шоқпары тұрса, өз қолында Грачев, Еремин сияқты шаш ал десе бас алатын қанды қолдары болды. Бұл қанды қазан күндеріне тікелей жауап беретіндер: Ельцин, Шахрай, Гайдар, Щумейко, Грачев, Ереминдер. Жүзден аса адам өлімінен басқа демократия туын жоғары ұстаған Хасбулатов пен Руцкой бастаған аза- маттар түрмеге түсті. Ельцин, Грачев ракетамен атқылаған Ақ үйге миллиардтаған соманың шығыны келтіріліп, халық қалтасына ауыртпалық түсті. Дос қайғырды, қас куанып өз халкын қырып, өз үйін бүлдіріп, қиратып жатқан орыстарға күлді. Бұл Ресей тарихына қаралы күн, қара таңбалы дақ салды.
Бұл жолы да баяғы дәніккен революционер Ельцин төңкеріс, жасап “жеңіске” жетті.
Бір өкініштісі: Ақ үйді атқылар алдында барлық егеменді елдер Президенттері ресми түрде Ельцинді қолдап, оны қанды қылмысқа айдап салды. Сөйтіп Ельцин қылмысына өздерінің де қатысты екенін білдіргендей болды. Осы мемлекеттердің парламенттері де үнсіз қалып, Ельциннің қанды сапарына тілектес болғандай болды. Сол кезде президенттер, парламент- тер ресми түрде Ельцинді тежегенде, бұл қайғылы қанды
оқиға болмайтын еді. Оның арты кей жоғары кеңестерге соккы болып тиді де, демократияның шаңырағына ие болып отырған парламент Президенттің бір ауыз жарлығымен таратылды да кетті.
Ельцин парламент керек кылмаса да, хальщты, алдап тағы да сайлау өткізуге жарлык берді. Ол парламентте өз еркіне көнбесе, бұрынғы эдісіне басып, парламентті үшінші рет талқандау ниетін де көздеп отыр.
Бұл сайлау жэне конституция реферандумына тағы хальщ сорлының миллиард сом ақшасы кетті, онда Ельциннің ша- руасы жоқ қой.
Жалпы Президенттің басқаруы - диктатураның бірінші баспалдағы, ал Горбачев, Ельцин сияқты мансапкорлар үшін президенттік диктатураның алғашкы сатысы емес, сол диктатураның өзі екенін уакыт дәлелдеп отыр. Демократия шаңырағы, өзі есеп беретін парламентті Ельциннің прези- денттігі атты.
Оның үстіне бұл сайлауда өз партиясы, өз жақтастары жеңетініне дәмеленді, астыртын халық арасында алдау- арбау жұмыстарын да жүргізіп бакты. Бірақ оның ойы акталмады. Оның үстіне демократтар арасы жік-жікке бөлініп, айлалы күштерін әлсіретіп алып, оңбай жеңіліске ұшырады. Ельциннің сайқал саясатына карсы партиялар жеңіске жетті. Бірак демок-ратияны белінен басып үйренген Ельцин оған да абыржымады. Бұл арада түлкі айласына көшті. Алғашқы бір палатаның ашылу жайына өзі, екінші палатаға өзінің қолшоқпары Черно-мырдинді жіберді. Сонымен екі палатаға да өз пайдаларына тиімді әсер етпек болды. Бірақ бұл әрекеттерінен не шығатынын уақыт көрсетер, бірак Ельцин тұрғанда татулық, тыныштық, сөз табысу болады деп айту - киынның қиыны!
Өркениетті деп жүрген елдердің тәжірибесіне сүйенсек, жаңа сайланған депутаттар бірінші мәжілісін өздері ашып, өздері палата басшыларын сайлап алып, жұмыстарын жүргізулері керек қой. Бірақ оған Ельциннің диктаторлығы жол бермейді ғой. Міне, осы арада тағы өркениетті елдер рэсімі еске түседі. Президент сайлауда кай партия жеңіске жетсе, сол партияның басшысына (лидеріне) өкімет кұру тапсырылатын. Демек осы сайлауда либерал демократия
партиясы басым дауыспен жеңіске жетті демек осы партияның басшысы В. Жириновский өкімет кұруы керек. Қаншама Жириновский бұзық болса да, ресми халықаралық тіртіп солай.
Ал шындығына келгеңде, орыс халкына ұлты еврей болса да, тіпті фашист дегеннің өзінде ол Ельциннен элдеқайда пайдалы. Ол Ельцин сиякты орыс халқының мүддесін шетелге сатпайды. Байлығын талан-таражға түсірмейді. Елін бүлдіріп, экономикасын элсіретпейді. Отан қорғау қабілетін элсіртпейді. Ол Ельциндей Америкаға аузын ашып қайыр тілемейді, шет елдердің айтқандарына жүріп, айдағандарына көнбейді. Шет елдерден карыз үстіне қарыз алып, Ресей халқын қарызға батырып бүкіл ұрпақгы қарыз ету үшін, шетелдіктердің болашақ күлдарына айналдырмайды.
Америка бастаған шетелдерде Ресейге, халқына жаны ашығандықтан көмек берген болып жатқан жоқ. Ельциннің Ресей елін бүлдіріп апатқа ұшыратудағы сатқын әрекетін қолдап, өздерінің түлкі мақсаттарын орындау үшін істеп отырған айлалары екенін қара халық та түсінеді.
Қазіргі парламент құрамында Ельцинді қолдайтындар ат төбеліндей азшылықка тірелді. Ельциннің қойша айдағысы келетініне көнетіндер аз. Ельцин де қолынан билеп-төстемек болған өкімдігін бере қоятын адам емес. Ресей енді бір қан- төгіске сокпай қоймайды. Ресейде тыныштық орнап, жөнге келу үшін, ел болам десе, мансапқор диктатор Ельциннен қүтылу керек, оның төңірегіндегі өзеуреген баққұмарларды аластаған жөн.
Ресей халқына Шумейко, Шахрай, Чубайс, Яковлев, Волко- гановтармен бірге президент аппаратындағы тобырлардан ешқашан да жақсылық күтуге болмайды.
Бүрынғы алып елдің қарашаңырағында қалған Ресейдің қарулы күшін элсірету - барып түрған сатқындық. Бірақ басында Горбачев елін сатып, Америкаға құлдыққа берген- нен Ресей басшылары мен Американың әмірін орында- масқа амалы да жок еді. Енді бұрынғы СССР ядролык қаруы қалған төрт мемлекетті “ядролық күштеріңді жойыңдар” деп сарыаяқтан су ішкізіп жатқаны - мынау. Ал өздеріндегі ядролық қарулар туралы сөз көтермейді. Ал біздер жағынан сөз көтеруге шамамыз да жок болу керек. Оның үстіне бүл
мемлекеттерде ядролық қаруды жою каражатын тіпті Аме- рика өз мойнына алып, “жаксылық” жасамак. Ал Америка- ның ядролық ракеталарының көбі бұрынғы совет жеріне тура көзделіп, тетігін басуға дайын тұрған. Америка жаса- мак бұл “жаксылықтың” арты не болар екен? Ол - ол ма, Украина, Белоруссия, Қазакстан жеріндегі ядролык қаруларды Ре- сейге жинағаннан кейін кейбір ядролык; сұйыктарын Аме- рикаға, бір бөлек ракеталарды басқа елдерге Ресей сатып пайда таппак.
Ирак, Солтүстік Кореяларды да “ядролық қаруларың бар” деп кыспакка алып отыр. Сонда бұрынғы агрессиялардың жантүршігерлікхалыкаралыккылмыстарынжасаған Америкада ғана ядролық кару калу керек екен.
Тегінде басқа елден бұрын ядролык кару шығарып, оны тұңғыш рет Жапонияның халқы тығыз тұратын Хиросима, Нагасаки калаларына тастап, жүз мыңдаған бейбіт халықты кырып, барлык елдерді ядро каруымен қорқытып, “кырғиқабак соғысты” ұйымдастырған да осы Америка екені әлемге аян. Америка канды шеңгелін салмаған мемлекеттер де кемде- кем шығар. Ол басқа елдерді былай койғанда, Гренада, Гаити, Панама сиякты халкы аз кішігірім елдерді басып алып, халқын кырғынға ұшыратканын да дүние жүзі біледі. Американың қандыбалак солдаттары да элі күнге көп елдерді темір табанымен таптап жүр. Егер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Совет Одағы Американың ядро каруына жауап ретінде сутегі қаруын шығарып, Америка кұрған агресияларын НАТО одағына карсы Варшава “кұдалығын” кұрып, корғаныс эрекетін жасамағанда, талай-талай тәуелсіз мемлекеттер Америка басқыншылығына ұшырап, кансырап жататын еді. Совет Одағының айбынды күші адамзат баласын фашизмнен бір сақтап калса, онан кейін дүние жүзі халықтарын Америка агрессиясынан қорғап қалғанын кім жасыра алар екен!
Горбачевтің саткындығына ұшыраған елді өзіне бағын дырып алған соң, Америка басшылары “кырғиқабак соғысты” жойдық деп даурығады. “Қырғикабак соғыстың” орнына “ыстык соғысты” экелгенін айткысы келмейді. Қазір плане- тамыздың елу шақты мемлекетінде кан төгіс болып адам каны өзен болып ағып жатыр.
“Қырғиқабақ соғысты” тоқтаттық деп, Рейган, Буш, Горбачев дүниеге жақсылық экелгендей әлемге жар салады. Ол Горбачевтің сатқындық саясатын бүркемелеудің бір айласы болатын. “Қырғиқабақ соғыс” кезінде мемлекеттер бір-біріне сезіктеніп, қауіппен қарағанмен, қан төгіс “ыстық соғыс” жок еді. Сонда адамзатқа “қырғиқабақ соғыс” өлім-жітім, қайғы қасірет көп экеледі ме, немесе Буш-Горбачев экелген “ыстық соғыс” көп әкеледі ме өмір-уақыт көрсетіп отыр. Сол “Қырғиқабак соғыс” токтады ма? Жок. Ол адамзат баласын, оның ішінде Совет халкын алдау еді. Горбачевтің өз елін саткындықпен қарусыздандыруға тура ашылған жолы болатын. Планетада сандаған мемлекет барында, сан алуан қоғам өмір сүрген жағдайда “қырғиқабақ соғыстың” болмауы мүмкін емес. “Қырғикабак соғыс” - адам баласының әр түрлі мемлекетте, сан килы қоғамда өмір сүруінен калмайтын қоғам ауруы.
Қазір “қырғиқабақ соғыс” жок десек, онда басқа апыс елдерді койғанда Ресейдің кауіпсіздік комитетінде жүздеген шетелдің “жансыздары” неге тұтқында отыр. Тіпті ешбір елге көз алайтпайды деген тып-тыныш біздің республикамызда ол “жансыздың” талайы тергеуде отыр. Осы жуырда Қостанай облысынан екі “жансыз колға түсіп, фотопленкалар алынғанын” радио хабардар етті. Екі күннің бірінде ауада, теңізде, темір жол, ірі электр станциялары, заводтар мен фабрикаларда болып жатқан апаттар осы “кырғикабак соғыс” тоқтағаннан кейін келген “жақсылык”, “жетістіктер” деп кім айта алады? “Қырғикабак соғысты токтатайык” деу - сол сол соғысты өрістетіп, оған жол ашкан бірден-бір тиімді айла.
Сондықтан “қырғикабақ соғыс” құралы десек? Заң кодексіндегі ел мүддесін сатканы үшін деген бапты, “қырғикабак соғысты” кұрттык десек неге жоймаймыз. Горбачев, Елциннің саткындықтары сол “кұрттык” деген “Қырғиқабақ соғыстың” бар екені, элі жойылмағандығын дәлелдейді. “Қырғикабақ соғыс” жок болса, Америка неге ядро қаруын жоймайды. Қаруы бар мемлекеттер бар заманда “кырғикабак соғыс” жок деген - халыкты алдау.
“Қырғикабак соғыс” енді жок десек? Америка бастаған батыс елдер “Варшава шарты” жойылғаннан кейін алып карулы күштері топталған НАТО-ны кызғыштай корып, сақтап отыр? Ядролык каруларды баска, әсіресе Шығыс аймақтардағы
елдерге жойдырып Америка шығыс елдерге көздеулі тұрған ядролык ракетасын неге жоймайды?
Міне Горбачев пен Ельциннің сатқындық саясаты Шығыс елдерінің мүдцесін сатып, оларды Америка бастаған агрессиялық елдер алдында қарусыздандырып, дэрменсіздікке душар етті.
Дүниежүзілік сионистік, нэсілдік билеп-төстеуді енді бастайды. Енді Америка білгенін істейді. Оның бастамасы ретінде өздері үйымдастырып отырган Югославия мемлекеттерінің соғысын дипломатиялык жолмен шешудіц орнына, оларға Иракка жасағандай ауадан соккы береміз деп отыр. Ауа соккысында жай бейбіт халық, оның ішінде балалар, қарттар, әйелдер, аурулар қазаға ұшырайтынын олар біледі, бірақ қырылса, ұсақ халық қырылады, онда мұхиттың арғы жағында отырған американдықтардың ауа соққысын қолдайтыны сөзсіз, өйткені шовинистік саясат 1985 жылдан дүниежүзілік сионистік саясаттың ықпалына түпкілікті көшкен.
Соғысып жатқан елдер соғысын тоқтату үшін, ауадан соққы беріп, Америка жиырма жылдай азып-тозып кеткен, өз атамекенінен қуылған Палестина халқына соғыс ашып қансыратып жатқан Израильға ауадан соққы берудің орнына оны қолдап отырғаны, оған Ресей басшылығының да жұмған аузын ашпай, көріп отырса да, көрмегендей болып отырғанын сионистер мен шовинистердің қол ұстасқандықтарының айғақтары деп түсінбеске шараң жоқ. Енді бүкіл әлемді ат төбеліндей билеп-төстеуші елдер іріктеліп дараланды, оның ішінде Ресей шовинистері де бар. Бұларға кұлшылық етпеске ешбір елдің шаралары жоқ.
Осы дүниені дүр сілкіндірген ғасыр апаты неден болды? Тарихымызда өкімет басына келген адам өркениетті елдердей сайлау корытындысына қарап, ауысып отырған емес. Ол адамның аузынан “демократия” деген сөз түспесе де, өзі өлмей орнын біреуге қиған да берген де емес. Ленин де, Сталин де, Брежнев те, Андропов та, Черненко да орындарынан өздерінің “демократияшылдыктарынан” өліп барып айрылды. Ал Хрущев пен Горбачев қаншама қаны шыққан мансапқорлар болса да, ел басқару кабілеттері жоқ бейбастағтықтарынан, тірі кездерінде орындарынан қалай айрылып қалғандарынан өздері де білмей,
алжасып калысты. Бір кезде халық арасында "орыстар өздерін- өздері басқара алмайды” деген аңыз сөзді Горбачев, Ельциндер дэлелдеп берді.
Осы мемлекет басшыларының бірі де көздері тірі кезінде “айыпты” десе, айыпқа тартылып жазасын алмады. Өлгеннен кейін жазалауды тұңғыш рет Хрущев қана колға алды. Ол бір кезде өзі кұлшылық еткен, өзі онымен бірге халықты қанға бояса да, Сталинді “жазалады”, - оны көрінен суырып тастап, оның еңбегін жойды. Осылай адамзат тарихында тұңғыш рет аруакпен алысып, оның екінші рет көрін казып ұрпакка өлікті сыйламаудың жолын көрсетті. Өзі сол Сталин өлгенде, өкімет басында көзі тірі еді. Сонда тіпті кайда жерлетсе де, еркі болатын. Бірақ оған өзінің екіжүзділігі ұстады да, артынан бейбастықтыгы - қарабеттігі басып, көпті таптады.
Оның артынан Брежнев кайтыс болғанда, Горбачев та оның бұрын алған лауазымын, наградаларын алып, бүкіл отбасының ар-намысына тиетін “әшкерелеу” жүргізді. Ол да сол Брежневтің сойылын соққан, оның оң колы болатын. Ал Горбачевтің өзі ешбір мемлекет басшылары жасамаған қылмысты жасап, Отанын, халқын сатып, өзінің серіктерін түрмеге салып, дүние жүзіндегі қырық-елу мемлекетте соғыс ашып, канға бояп, өз елімен бірге ондаған мемлекеттерді экономикалык ауыр дағдарысқа ұшыратып кетсе де, ешбір жазаға ілікпей-ак аман- сау кетті. Мүмкін жазалап үйренгендер оны да өлгеннен кейін жазалауы мүмкін-ау.
Горбачев болса, “ұлылыктың” алапес ауруына үшырап, өзінің не істеп кеткенін өзі де білмейді.
Ельцин осы уақытка дейін тірі “көсемді” қаралап, жазаламайтынын білген соң, қылмыстың небір ауыр түрлерін еркін жасап, демократия, заң дегендерді белінен басып келе жатыр. Ельцин өзінің жауларын халыкка жек көрсетіп, өз қылмысын ақтап, оларға “большевиктік диктатураны көздейді”, не “фашист” деп айдар тағады. Мысалы, Янаев, Язов, Лукьяновтар болыпевик те, фашист та емес, Ельциннің өзі сиякты сатқындар.
Хасбулатов, Руцкойлар да коммунист те, фашист те емес, олар Ельцин диктатурасына қарсы шығып, демократия ордасы - парламентті батырлықпен корғағандар.
Ал осы тарихымызда бұрын-соңды болмаған экономика-
лык дагдарыс неден болды? Кім кінәлі? Бұрынғы басшылар- ды қанша жамандасақ та, ол кезде барлығы бар, молшылық еді ғой, сол молшылык кайда кетті? Соғыс болып, кираған, бүлін- ген де жокпыз, сол халык байлығы, берекесі қайда кетті? Өткендегі коғам жүйесінің салдарынан болды деп, жаңа басшылар алдағысы келеді халықты. Ал халык болса, ол қоғам жүйесі бірінші дүниежүзілік, өзімізде болған азаматтык соғыстан ойсырай қираған шаруашылығын аз уақыттың ішін- де жөндеп, елді аяғынан тік түрғызғанын көрген. Кей аймак- тарда асыра сілтеушілік, бұрыс басшылыктан халык күйзелісін түзегеніне де куэ болған. Сөйтіп елді жұрт катарына коскан.
Онан ¥лы Отан соғысы кезінде он бес мемлекетті басып алып, солардың күшімен елімізге тұтқиылдан шабуыл жасаған фашистік Германиямен төрт жылға созылған соғыс жеңіспен аяқталды. Осы тарихта бұрынды-соңды болмаған соғыс апатын айтпағанда, еліміздің шаруашылығы мен экономи- касы орасан зор еді. Теңдесі жоқ бұл бүліншілікті де екі- үш жылда-ак калпына келтіріп кана коймай, елімізді дүние жүзіндегі ең күшті, ең бай екі мемлекеттің бірі еткенін де тарих жасыра алмайды. Сонда өткен коғам жүйесі неге керексіз, жарамсыз болды? Қай қоғам болсын, оның халыкка жақсы жағы да, жаман жағы да болатыны белгілі. Жаңа келген қай коғам болсын, сол өткен коғамның жаксы жағын сактап, жаман жагын өртеуі керек кой.
Бірак Горбачев, Ельцин сияқты менмен, мансапқор, баккұмарлар көкіректікке сыкырлыкка салды. Өткен коғамда оның басшылары да “мен данышпандыкка” салды. Олар бір мемлекет ретінде өндіріс-шаруашылык, бүкіл экономикалык интеграциясын бүзып, дағдарысқа үшырайтындары иісі мұрындарына да келмеген өркөкіректер еді. Тіпті капитализмді кайта орнатпак болғанының өзінде, республикааралык интеграцияның тамырына балта шаппай-ақ, яғни елдер экономикасын барынша бүлдірмей-ак, біртіндеп эр республика басшылармен бірлесе отырып жүзеге асыруға болатын еді ғой. Бірак Горбачев те, Ельцин де арғы кара ниеттерін республикалар басшыларына ашпай, “демократия, социализм” деген перделерін беттеріне ұстап, оларды алдап, өздерінше империя жасамақ болды. Сол жасамак империялары туралы өздерінің де түсінігі жок еді. Әлі Горбачев деген көкезу
орнынан түсіп, далада қаңғып қалса да: “Әлі де демокра- тиялық, құқықтық, мейірімділік социализм құрамын” деп сандырақтап жүр дейді. Осыған қарағанда, өкімет басына мемлекет, қоғам жөнінде түсінігі жоқ кездейсок адамдар келетінін көреміз. Бұл екі бейбастақ үшін мемлекет пен президент деген лауазым ғана керек, халык пен оның болашагы үшін кам жемейді.
Ельцин баскарған үш жыл ішінде не істелді, халықка жасалған жаксылық кандай? Оны бүкіл дүние жүзі көріп отыр. Осы үш жылда Ельцин баскарған топ, президент пен өкімет аппараттары мыңдаған адамдар, миллиардтаған халык кар- жысы есебінен ешбір халык үшін жұмыс істемесе де, өмір сүріп отыр. Оның үстінде мыңнан астам парламент мүше- леріне жұмыс істетпей, ұрыс-керіс, так таласымен сандалып жүргендерін халык көріп отыр.
Бұлардың бар істеп отырғандары кешегі совет халкының маңдай терін төгіп жасаған байлықтарын, үй-жайларды, көпшілік тұтыну орындарын, фабрик-зауыттарын сату, талан- таражға түсірумен шұғылданып келеді. Колхоз-совхоздардың механикаланып, аса ірі шаруашылыкка айналған кездерінде берекесін алып, талан-таражға түсіріп жатыр. Бұлардың “жанаша Горбачевша ойлап”, “кайта кұрып”, “экономикалык реформа” жасап жатқан эрекеттері осындай.
Енді барлык республикалар алды-алдына кетіп, эконо- микалык интеграцияның түп тамырын үзіп алғаннан кейін, сандарын соққандай болып отыр. Болар іс болған болып, бояуы сіңгеннен кейін үзіліп, тамтығы калған интеграция жібін кайта жалғамақ, бірак интеграция жалғайтын өндіріс орындары Ельцин үстемдігінің үш жылында кетеуі кетіп қайта, интергация байланысына жарамайтындай әлсіреп калғанын да ескеріп, ой жүгіртіп жатқан ешкім жок. Демек шетел нұсқауымен колдан жасалған дағдарыстан шығудың ауылы тым алыс. Дағдарыстан шығуға жұмсалатын каражатты еш нэрсе өндірмейтін мың-мындаған президент, аппараттар мол жалакымен жалмап жатыр, енді парламент депутаттары жэне оның аппараты косылды.
Соңғы ресми хабарға сүйенсек әр депутатқа бір айға 15 миллион сом, ал парламентке 7 миллиард сом халык калтасынан жүмсалады екен. Айлап еңбек акыларын ала алмай, ауыр да
кауіпті жер астындағы шахталардағы еңбек адамдарын, төмен жалакы алып, зейнетакылары жетпей жүрген мугедектерде олардың шаруалары да жоқ.
Шетелдердің караниеттілеріне сүйеніп, Горбачев пен Ельцин жүргізген солақай қаскүнемдік саясаттың құрбандары - боскындардың саны 47 миллионға жетті планетамызда. Қазір Балтықелдерінде, Грузин, Армения, Әзірбайжан сияқты елдерде каза тапқандарды еске алып жатыр. Бірак осылар неден қазага үшырады, бүлар кімдердің құрбаны екенін жасканып калған халық: “бұл кандыбалақ Горбачев, Ельциндердің кұрбаны” деп айта алмай отыр.
Біздегі 1986 жылдың желтоқсанындағы қайғыны да әкелген Горбачев еді және қыршындарынан қиылғандар Горбачевтің құрбандары болатын. Бұл Горбачев ¥лы мем- лекетті күйретіп, оның халқынын, мүддесін сатып, планетада көп мемлекеттердің тоз-тозын шығарып, ұлт пен ұлт арасында, мемлекет пен мемлекет арасында кырғын қантөгіс ашып, Европа, Азия, Кавказ елдерін қанға бояса да, оған жауап берер емес. Ол заңға бағынбайтын заңнан тыс, заңнан жоғары тұрған адам сияқты. Елдегі ең жоғарғы сот — Конституциялық соттың шақыруына бармады. Демек құқыктык мемлекет құрам дегені жалған екенін өзінің эділ заң орын мойындамағанынан аңғартады.
Өздері “диктатура” деп айдар таккан Сталин заманында да өкімет тарапынан жіберген қателіктерін мойындап, түзеп, кателері қылмысты жағдайға соқса, кінәлілерді жауапқа тартқандарын тарихтан білеміз. Ал қазір Горбачев, Ельциндер қатеден көз ашпай келе жатса да, бір рет болса да кінәларын халық алдында мойындаған емес. Қатесін мойындап, оны түзеуді ойламаған басшының көздегені өркөкіректік, менмендік акырғы арманы - диктатура екені де белгілі.
Елді түзеу үшін оны басқарып отырған адамдардан бастау керек. Ресейді түзеп, жөнге келтіру үшін оның өкімет басында отырған кертартпа Ельцинді өкімет басынан кетіріп, оның маңайындағы Шумейко, Шахрай, Гайдар, Чубайс, Филатов сиякты жандайшап тобырларын тазарту керек. Олар өкімет басынан кетпейінше, елді қалпына келтіру, халықка жаксылык жасау мүмкін емес.
Ресейде казір бір ғасырға жуык мерзімнің тарихы тапталып,
шындык бұрмаланып отыр. Бұл тарихты ізін суытпай, шындығын қалпына келтіру үшін Яковлев, Волкогонов, Наумов сияқты халық мүддесін сатып, тарихқа, оны жасаған қаһарман халыкка кара күйе жақкан арам ниетті тарихшысымактардан тазарту шарт.
Горбачевтің кайта кұру саясатының халыққа деген зар- дабы бұрынғы-сонды адамзат тарихында болмаған апат болды.
Халык рухани азды. Адамгершілік, парасаттылык, ка- йырымдылық, бар халықтың халықтык касиеті жойылды. Оның орнына катыгездіктің, адам өмірін жоюдың неше түрлі кайырымсыз эдіс-айлалары насихатталып, мадақтау үлгі түріне жүргізіліп жатыр. Осының салдарынан барып адам өлімі көбейді. ¥рып-соғу сияқты қиянаттың не түрі өмірге келді. Әйел зорлау, ұрлык-карлык, кісі тонау. парақорлык өріс алды.
Адамзат гарихында бұрын-соңды болмаган аруак қорлау, көрден өлікті лактыру, аруак басына орнатылған ескерткіш қүлпытастарды талқандау етек алды. Тірі адамды былай койғанда, өлген аруақтың орны ертең не болары белгісіз.
¥лт пен ұлт арасына өшпендік отын жақты. ¥лтаралық канды соғыс ұйымдастырылды. Нәсілдік саясаты үстем болды. Мемлекетіміздің тұтастығын ыдырату үшін, өткен тарихымызга теріс талдау жасау арқылы елді бөлшектеді. Бұл республикалар арасындағы интеграция тамырын киюға әкеліп соғып елді экономика жағынан тұралатты. Ел осылай өмірдің барлық жағынан дағдарыска ұшырады. Демократия, жариялылык, халык еркіндігі деген Горбачевтің алдамшы ұраны тэртіпсіздікке экеліп соғып, халык занды мойындаудан қалды. Кісі өлтіру, ұйым-мемлекет байлығын ұрлау, адам тонау өріс алды. Ел кылмыскерлер еліне айналды.
Халықтың тұрмыс халі нашарлады. Күн көріс ауырлап, кайыршылар көбейді. Өлім-жітім артты. Дәрі-дәрмек жоқтығы, азықтану корегі кеміген соң, адам өмірі күрт кыскарды. Болашағынан күдер үзгендер өзін-өзі өдтірді. Оның үстіне экология апаттары да күшейіп, халык кайғысына айналды. Бала өлімі үлғайып, туған нәрестелер кемтар күйінде дүниеге келетін болды. Елдің халкын осындай апатқа үшыратқан Горбачевті халыктың хас жауы демеске ешкімнің де аузы бармас!
ЖЕҢДЕТТЕРГЕ ЖЕМ БЕРГЕН СӘБИТ МҰҚАНОВ
ПА, ӘЛДЕ МҮБӘРӘК САДЫҚОВ, ӨЗІҢ БЕ?
Бір кезде қаламгерлер қамын ойлап, Арыс ағалар ашқан “Жұлдыз” жорналының биылғы 10-санында Садықов Мүбәрәк мырзаның “Жендеттерге жем берген кімдер” деген мақаласы жарияланыпты. Онда Садықов мырза өзінің Кеңес дэуірінде коммунист болғанын мақтаныш етеді. Өйткені коммунистер - адал, ар-ұятты, білімді, қабілетті, саналы да беделді. Мен сияқгылар дегенге сайдырады. Осы пікірінің ізін суытпай, келесі сөйлемінде осы коммунистер тұсында неше түрлі зорлық- зомбылық, қуғын-сүргін, зобалаң болды деп соғады. Сонда бұл мырзаның қай сөзіне сенуге болады?
70-жылдары Сталин, Ежов, Берия, Ворошилов сияқты қандыбалақтарға Мағжан Жұмабаевты Сәбит Мұқанов жем ретінде бергелі тұрғанын Әбдірашит Шалабаевқа телефон арқылы айтқанын өз құлағыммен естідім дейді. Ал өзінің емес, Шалабаевтың құлағына басып, тыңдап отырған телефон трубкасындағы сөзді естігені шын болса, Мағжан Жұмабаевқа неге сол жерде ара түспеген Садықов мырза?..
Садықов айтып отырған 70-жылдары ол төрт қандыбалақ жарық дүниеде жоқ еді ғой, сонда қай жендеттерге жем берген? Жендеттікті кім бастап берген, сол жендеттіктің шыққан тегін осы Садықов мырза біле ме екен?
Сэбит Мұқановтың “батырақтығын мақтан етуі менің көңіліме жақпайтын еді” дейді керек болса, Садықов сабазың. Марқұм Сәбең осы сөзді өзі Садықов аузынан естіген болса: дұрыс “Өзіме де сол керек?!” деп күлер еді-ау қарлығып шығатын дауысымен. Садықов “жығылсаң, нардан жығыл” дегендей, өзінен сонау Алатаудай биіктегі Сэбеңнің жағасына жармасқан.
Сөйте тұра өзі тым сақ, колына Құран ұстап, айтып отырған Садықов мырза өзі жендеттерге жем дайындайтын, мемлекеттік құпияны сақтау цензура қорасында басшылық етіп отырып, қаншама қаламгерлерге қиянат жасап, қаншасын айдауға, каншасын қамауға, қаншасын атуға бұйыруға құжаттар дайындап бергенін тісінен шығармайды. Қазір, қолына Құран тиген мына заманда Мүбәрак өз қиянаттарын ағынан жарылып неге мойындамайды?
Өзі басынан кешірген қателіктерін мойындамай отырып, Сәбеңе кінэ тағу “жығылып жатып, сүрінгенге күлудің” кері екенін Садықов неге түсінбейді. Сонда жендеттерге жем берген Сэбит Мүқанов па, элде Садықов, өзіңсің бе? Осы жендеттерге жем беруде сенің Сэбеңмен “бас жаққа барыспағаның” жөн еді.
Мүбәрәк-ау, Сэбеңе тиісуің сэттілік емес екенін кеш те болса түсінерсің. Аруақтан қорықпасаң да, Қүдайдан қорықсаңшы!
“Адал” қолына Құран ұстап сөйлейтін Садықовтың қазіргі эрекеті тағы да мынандай: Қазақстан Жазушылар одағына, жазушылыққа ешбір қатысы болмаса да, ондаған, тіпті жүздеген ақын, жазушылар зейнетақы алуға жастары жетпей, аз болса да, еңбекақы алуға жұмыс таба алмай, отбасын ашықтырып отырғанда, Одақ қасынан ашылған қарт жазушылар қорына директор болып кіріп, балдай батып, судай сіңіп алған. Бұл қордан өзінің алатын зейнетақысының үстіне тағы бір зейнетақы көлемінде “еңбекақы” алып келген. Енді қор жұмысындағы кемшілігі үшін орнынан босатылған бұл пысықай өзінің “адалдығына” тағы басып, кордың мөрін бермей, “қолына Құран ұстап”, элі күнге дейін қашып жүр!..
“Жұлдыз” жорналының биылғы жылғы сандарында Едіге деген мырзаның “9-мамыр Жеңіс емес - аза күні” (12 мемлекеттің Президенттері 9 май - Жеңіс күні дегендеріне қарсы бұл Едіге мырзаның жарлығы болар) деген мақаласы (“Жұлдыз”, 3-саны, 189-190-беттер) басылып, Ұлы Отан соғысын - екінші дүниежүзілік басқыншылық соғыс, Сталин мен Гитлер дос, екеуі жер шарын бөліп алмақ болған пиғыл- мен жасалған соғыс еді, оған қатысқандар да қанды колдар дегенге сайдырып, Отан үшін, халық үшін, болашақ ұрпақ үшін фашизм апатына қарсы айқаста қүрбан болған ер ата- ағаларымыздың аруақтарына қарғыс айтқандай болады. Олардың элі есен-сау таяққа сүйеніп, әзер жүрген қаһарман қаруластары - біздерді де суық дауылдай соғып өтіп, жүре- гімізге өшпестей жара салып еді. Сол үлы майданның қаһармандары Қасым, Абдолла, Мәлік, Бауыржандарды да теріс пікір құрбандығына шалып жібере ме, бұл сүйікті жорналымыз?
Жорнал ұжымы осы макалаларды окымады, түсінбеді деп кім айта алар екен?!
Сәбең бастаған осы ұлы қаламгерлер мен соғыс қаһармандарын құдыққа құлатқандай, құлақтарына құрбақа ойнатып қойғандарына қалай наразылық жасап, өкпе айтпассың?! Осыған жорнал ұжымындағы көрнекті де талантты деп жүрген қаламгерлер не айтар екен?
ТӨР - СІЗДЕРДІКІ, УКРАИНДЫҚ БАУЫРЛАР
Осыдан жарты ғасырға жуық бұрын бүкіл ел басына күн туып, туысқан Украина елі фашист қандыбалықтарының басқыншылығына ұшыраған кезде қаһарман Украин пар- тизандарының қатарында болдым. Олар мені өз ұлдарымен бірге өз аттарымен “Вася” деп атап, бауырына басты, ерлікке тәрбиеледі. Аттары аңызға айналған С.А.Ковпак пен А.Ф.Федоровтың, И.К.Примак пен А.В.Тканколардың аялы ағалық алақандарын сезіндім. Қасиетті украин жерінің бір шетінен екінші шетіне қару арқалап, қарулас қандыкөйлек достарыммен бірге өттім. Украинаның қасиетті топырағына қаным тамған жерлер көп. Украина - менің екінші Отаным. Украиндар - мэңгі ұмытылмас бауырларым. Осылай ұлы украин халқын шексіз сүйіп бауыр басып кеткен адаммын. Сол сағынып жүрген елге былтыр жолым түсіп, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің күндерінде барып, сиреп қалған достарыммен қауышып қайтқам. Олар естен кетпес, талай- талай басқыншылармен кескілескен ұрыс жүргізген жерлерге апарып, өткенді еске түсірген. 1944 жылы Карпаттың арғы жағындағы украиндық бауырларды азат ету кезінде Карпат тауының ұшар басы - Поланика руноға тұңғыш совет азат етушілері ретінде прашютпен түскен едік. 60 қаруласымыздан 53 досымыз фашистгердің жазалаушы жендеттерінің қанды қолдарынан ерлікпен қаза тапқан еді. Қалған жетеуіміз жүріп ұйымдастырған партизан құрамасы Закарпат Украинасын азат етуге катысып еді. Сол біз тұңғыш түскен таудың ұшар басына ақ мэрмәр тастан біздерге ескерткіш орнатқан екен. Ескерткіш басына барып, құрбан болған батырларды еске түсіріп, үнсіз тұрып, олардың қаһарман бейнелерін көз алдымызға елестеттік. Сол жерде тұратын, эрқашанда
Карпаттың заңғар басына карап, достарын қабырғалары кайысып күнде еске алатын жанымдағы Алексеенко, Бобидор- вич, Мариненколарды аяп кеттім. Біздерді естен шығармай, зэулім ескерткіш орнаткан украин еліне аса ризашылык білдіріп, рахмет айттық!
Енді, міне, сол украин халқының әдебиет, мәдениет қайраткерлері келе жатыр дегенді естіп куаныштымын. Соғыстан оралған соң естеліктер жазып казак, украин, орыс тілдерінде миллионнан аса тиражбен жиырма шақты кітап шығарыппын. Барлығы да - украин жеріндегі қанкұйлы, қатал жаумен партизандар соғысы жайлы. Фотосуреттерде Украинаның батыр партизандары, жер аттары, су аттары, қалалар мен селолар аттары да өзгертілмей алынған. Әлі де шығатын, жазбақ кітаптарым да сол Украина жеріндегі жойқын айқасқа арналған. Сол үшін де өзімді украин жазушыларының бірімін деп есептеймін. Украин жазушыларының осындағы елшісіндей сезінемін. Соғыстан кейінгі жылдары Украина жазушыларының барлык съезде- ріне қатыстым. Тарас Григорьвич Шевченконың 1964 жылы өткен 150 жылдык, Котлеровскийдің 1968 жылы өткен екі жүз жылдьщ тойына қатысқан мерекелерді кім ұмытар!
Украинаның ұлы перзенті Т. Г. Шевченко заманынан бері қарай бұл екі халықтың рухани байланысы үзілген емес.
Біздің ¥лы Абай бастаған классиктеріміздің, бүгінгі арамызда аман-есен жүрген Ә.Тәжібаев, Ә.Сэрсенбаев, Х.Ер- ғалиев, С.Мэуленов сияқты алып акындарымыздың өлең- дастандарын украиндықтар өз тілінде оқыса, Украинаның Т.Г.Шевченко бастаған классиктері мен бүгінгі А.Гончар бастаған аса ірі жазушы-ақындарының еңбектерін казак халкы өз тілінде окиды. Әдеби-мәдени байланысымыз да кең өріс алғанына осы өткен жылы ғана Қазакстан эдебиеті мен мэдениеті күндері Украинада тамаша табыспен өткені айғак бола алады.
Сол күндері Украина өкіметі өздерінің астанасы - Киев қаласының бір эсем көшесін ұлы Абай есімімен атағаны да - осы мызғымас достықтың белгісі.
Аса қадірмен украиндык эдебиет пен мәдениет кай- раткерлері, хош келдіңіздер! Есік ашық, құшак жаюлы, төр сіздердікі!
ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ
1986 жылы желтоқсанның 17-18 күндері Семей облысы- ның Үржар ауданында ақын Еслам Зікібаев екеуміз аудан оқырмандарымен кездесу өткізіп жүр едік. Қанды оқиғаның екінші күні ең алдымен радиодан, онан кейін қонып отырған үйде теледидардан алаңдағы қанды оқиғаны көріп, жағамызды ұстадық. Бірге отырған жігіттер эр түрлі жорамал жасағаны- мен ереуілге шыққан жастар жэне көпшілігі қазақтың жас үлдары мен қыздарын көріп, ереуілдің маңызын түсіну қиын емес еді. Өйткені Дінмұхамед ағаның орнына орыс - Ульянов облысынан Колбин келгенінен хабардар едім. Мен оған іштей наразы болдым. Өйткені бір кезде Хрущев Шаяхметовтың орнына Скворцовты жібергенде, әсіресе қазақ пен орыс арасындағы достықтың шаңырагын шайқалтып жіберген болатын. Алматы мен Шымкентте, Өскемен мен Керекуде, Екібастұз да тағы басқа жерлерде ұлтаралық қақтығыстар болды. Бірде көшеде кездескен бір орыс азаматы маған:
Әй, “ел қожасы”, сендердің күндерің батты, - деп маған тап берген. Бұл жолы да солай болар ма екен деп те қауіптендім. Оның үстіне халық намысы деген зор күш бар ғой, бұл жастар ереуілі сол зор күштің ұшқыны болар. Оның орынды екені де рас қой! Он алты миллион халқы бар біздің алып респубиканы айтпағанда, екі-үш миллион халкы бар шағын-шағын республикаларды өз ұлтының өкілдері басқарып отыр ғой, оны ол білімді жастар біледі ғой.
Оның үстіне республикамызды мекендейтін он алты миллион адамнан республиканы басқаратын бір адам жок екеніне кім сенеді. Бүкіл халқымыздың қай ауыр қиын-қыстау кезеңі болсын, ел басқаратын қайраткерлерден, жерін-халқын қорғайтын батырлардан қазақ халқы кенде, кемістік көрген емес еді ғой. Сонда бұл қалай? Бұл - орыс орталығының шовинистік озбырлығы. Жастардың ар-намысына тиген, оларды ашындырып, озбырлык бөгетті тас-талқан етпек болған сол жастар шығар. Ереуіл тасқыны күшті екен, тек жастар аман болғай деген оймен үйге келдім. Үйге кірсем, Асыл апаларың жүдеп отыр екен.
Ауырып қалдың ба? Балалар аман ба? - деуім мұң екен, маған мұңын шаққандай егіліп жылап жіберді.
Не болды? Балалар аман ба? - дедім тағы.
Бэрібір, олар да - біздің балаларымыз ғой, студент - окушы балаларды милициялар, солдаттар қан жоса қылып сабады, соққыға жықты! - деп егіліп сөйлей алмады. Сөйтсем біздің үй Абай даңғылы мен Фурманов көшесінің қиылысында еді. Үшінші қабаттағы пәтеріміздің балконы Абай даңғылына қарайтын. Далада азан-қазан дауыс шыққан соң, балконға шықса, Абай даңғылы бойы толған жастар. Оларды кару- жарақты солдаттар аямай ұрып-соғып жүр екен. Жастар таяққа жығылып, жүре алмай қалғандарын орнында тастап кетпей, оны қорғап, жанкештілік жасап жүр еді. Бір кезде екі қыз солдаттар соққысына шыдамай, біздің аулаға қарай жүгіргенде үш милиция ұстап, ұрып жығады. Сол кезде:
Үрмандар, аяңдар, олар сендерге не кылды, - деп айкайлап едім, қыздардың шаштарынан сүйреп, тепкілей бастады. Бұл қатыгездікке ара түсіп, арашалап ала алмайтынымды білген соң, жаным түршігіп шыдай алмай бөлмеге кіріп жылай бердім. Мұндай қатыгездік айуандықты фашист жендеттері істеді ме екен, істемеді ме екен, - деп, көпке дейін өксігін тыя алмады. Сол күні екеуміз де катыгез солдаттар мен милицияларға, оларды эділеттілік іздеген жазықсыз, жастарға айдап салған қара ниетті Горбачев, Соломенцов, Колбин бастаған шовинистерге, өз ұлтымыздың олар дың қолшоқпары болған безбүйректеріне қарғыс айтып шықгық. Сөйтіп күйзеліп жүргенде, екі-үш күннен кейін үйдегі телефон безек қакты. Трубканы көтердім.
Қайсенов жолдас па?
Ия.
Бұл Орталық партия комитетінен. Сіз Орталық Комитетке келіңіз, - деп сәл кідірді де арғы жағында біреумен сөйлесті де - Сағат он бірде, - деді. Фамилиясын айтып еді, ой үстінде тыңдап отырып, есімде қалмапты. Әйтеуір орыс қызметкерлерінің бірі болатын.
Неге шақырып отырғыныңызды білуге болар ма екен?
Келген соң айтармыз, - деп өктемірек дауыспен сөйледі. Соған орай менің де қырсығым ұстап:
Неге шақырып жатканыңцы білмей, көз жұмып бара алмаймын, - деп салдым.
Сіз коммунист емессіз бе? - деп дік ете түсті ол.
Ия, коммуниспін.
Онда, студент жастардың, әсіресе казактардың алаңдағы бұзақылыктарын көріп біліп отырсыз ғой. Сіз жалғыз емессіз. әрбір жоғарғы оқу орындарына Сіз сияқты студенттер алдыңда беделді адамдарды жинап, Орталык партия комитетінің ұсынысын, соңғы пленумның шешімін түсіндіру үшін жібергелі отырмыз.
Бара алмаймын.
Неге?
Оны өздеріңіз түсіндіріп едіңіздер ғой жастарға.
Қашан?
Сол қан сасыған күндері.
Не дейсіз, не дейсіз?
Сол күндері адам орнына ит жүмсап, түсінікті сөз орнына сойыл, күрек, жұдырык жүмсап түсіндіріп едіңіздер ғой. Сіздер сойылға жығып, шаштарынан сүйреп тепкілегенде де олар түсінбеді ме, олар түсініксіз жандар болса, қалай жоғары білім ордаларында жүр!
Сіз бұзакылар жағында екенсіз ғой.
Жок. Бұзакылар жағында сіздер.
Тіпті не деп түрғаныңызды өзіңіз білесіз бе?!
Білемін!
Сіз коммунист емессіз бе? Не деп тұрсыз!
Ия, коммуниспін, бірақ итаршы сатқын емеспін.
Ол трубканы тастап жіберді. Оның аты-жөні есімде қалмағанына казір өкінемін. Телефонын білгенімде, тауып алуға болар еді, оны да білмеймін. Әйтеуір үгіт-насихат бөлімінен болар деп жорамалдаймын. Міне, Колбин командасының өз қылмыстарының қанды ізін майкандап, өз дегендеріне итаршы, колшокпарларды айдап салып, жасырмак болған әлсіз әрекеттері осындай еді. Ол залымдықтарына алданып, не өз еріктерімен жоғары оқу орындарына студенттер алдына барған белсенділер болды ма, жоқ па, оны білмеймін. Сонда телефонмен мені жұмсай коймакшы болған эпербаканның сөзіне карағанда, жүмсауға шақырылып отырған адам жалғыз мен емес, баршылық сияқты еді. Ол ол ма, кейіннен білдік кой, өздері жасаған қылмысқа халқымыздың ардақты, алып перзенті Дінмүхамед ағаны да жүмсамак болып, шакырып алыпты. Кейін әдебиет, мэдениеттің халыкка кадірлі
кайраткерлерін сырттан оларды билеп-төстеп, өздерінің сокыр саясаттарын колдатып, жұртшылык кауымға газеттерге үндеу жариялағандарын да білдік. Бірақ халык Қалижан мен Ғафу, Ермек пен Асанэлі сияқты дүлдүлдерінің Колбин тобы аттарын жамылып отырганын сезініп, о ниеттеріне сенбеді. Мен де окығанмын ол үндеуді, мен де сенбедім. Бірак алыста жаткан кауымның бүл аяулы перзенттерге бір сәтте болса өкпелеген де, ренжіп кабак шытқан да болар, обалдарың адам баласының залымдары Горбачев пен Колбинге болсын! Екі дәрігер әңгімесінен:
Біздің ауруханага жаралы жастар көп түсті. Аяғымыздан тік тұрып, көмек көрсетіп жүр едік, “студент жастарға көмек көрсетілмесін” деген жоғарыдан нұсқау бар дегенге сенерімізді де, сенбесімізді де білмей қалдык. Сол сәтте бізбен бірге Анна апай дейтін дәрігер келіп:
Ондай катал нұскау беріпті. Бірак мен бас дәрігерге: біздің міндетіміз адам өмірін сактау. Олай болса, ондай катыгездік, адамгершілікке жатпайтын нұскауды орындай алмаймыз. Кешегі соғыс кезінде мұндай кыршын жастарды былай қойғанда, өзіміздің ата-әкелерімізге ок атып, талайын өлтірген фашист армиясының қолға түскен жаралы солдат-офицерлеріне де көмек көрсетіп емдегеміз, - деп ұрысып келдім деді. - Біз ол нұсқауды орындамайық, - деді.
Бізде де сондай нұскау болды деген, бірак біздің бір дәрігер оған кұлак асқан жок, - деді екінші дәрігер.
Мұны естудің езі ауыр тиді маған.
Бұл қанды оқиғаның қара ниеттілігін, бүкіл халқымызға жабылған жаланы әшкерелеуде Қазақстан Жоғарғы Советі кұрған, М. Шаханов бастаған комиссиясының атқарған рөлі зор. Ол комиссия осы ауыр қылмысқа кінэлі адамдардың аты-жөндерін жеке-жеке атап көрсетіп беріп еді, амал не ол қылмыскерлер тиісті жазаларын алмақ түгіл, кейбіреулерінің мансап-лауазымдары өсіп, кейбіреулері халкымызға “зор еңбегі сіңіп”, жаксылық істегендей, мол зейнетакымен шалжиып үйлерінде масайрап жатыр. Ал халқымыздың батыр ұлы Қайраттың өлімінетікелей жазыкты кылмыскер Т. Аймағамбетов деген республикамыздың Жоғары сотын баскарып, шетелдерді аралап, “адам кұкығын корғаймын” деген желеумен кыруар каражат шашып жүргеніне бүкіл кауым жұрт наразы екенін ол
елер емес, аяғын алшаң-алшаң басады! Оның мұртын әлі балта шабар емес.
Сол кезде бүкіл касиетті ұлтымызға қара күйе жағып, дүние жүзіне “қазақ халқы - қаны шыққан үлтшыл” деп пленум қаулыларына өз қолдарымен үлтын, жерлестерінің дәм-тұзын таптап өз қолдарымен жазған жазықты 3. Камалидинов пен А. Устиновтар да мол зейнетақымен жүргендеріне де адал ниетті қауым наразы екенін білсе де, білмегендей жүргендерін жасыру қиын-ак!
АТЫРАУДА ДА АДАСТЫМ
“Атырауда да адастым” деп отырғаным - мұның алдында Өскеменнен Алматыға қайтам деп адасып, сонау Ресейдің Кемеров қаласына адасып барғаным бар еді. Қасекең адасқыш адам екен деп ойлап қалмаңыздар. Жұртқа сенгіштігімнен жанымдағы жігіттер адасуыма себепкер болады да, мен пақыр адасып кете барамын.
Осы жолы Атырауда өтетін мүнайдың 100 жылдық мерекесіне шақырылдым. Тойға атақты академиктер Салық Зиманов, Манаш Қозыбаев, Кенжеғали Сағадиевтер, халык жазушылары Әбдіжәміл Нүрпейісов, Зейнолла Қабдолов, Қадыр Мырзәлиевтармен сапарлас едім. Бізді мықты қонак үйге түсірді. Бұл шағын ғана ғимаратқа аз адамды эр бөлмеге екі адамнан орналастырды. Менің бөлмелесім бүрынғы Қазақстан Ғылым академиясының президенті, бұл күнде Ауыл шаруашылығы университетінің ректоры Кенжеғали
Сағадиев болатын. Өте кішіпейіл жан екен. Мені аға тұтып. кұрмет көрсетіп жүрген соң, бөлмедегі жүріс-тұрыс билігі - осы кісінікі. Соған орай, жатқан ғимаратымыз, тұрған бөлмеміздің нөмірінен хабарсызбын.
Той дүрілдеп өтіп жатқан күндердің бірінде даладан калаға қайттық. Қонактарды алып жүрген машиналар тізбегінің
соңында едік. Мен отырған машинада сол жердегі универси- теттің ректоры Қисмет Табылдиев екеуміз едік. Қалаға кіріп. біраз квартал өткен соң, асыкпай машиналар тізбегінен
калып койған бізді жол полициялары токтатты. Қасымдағы той иелерінің бірі - ректорымның сөзін ешкім тыңдамады-ау деймін: “Өкімет басшылары қала аралап жүр екен, барлык
көше жабық” дегенді айтты. Енді жоспарлы қонақтар баратын жиынға да жете алмайтын болдық. Мен қалжырап шаршағанымды ректорға (ол уақытта оның аты-жөнін де ұмытып қалғаным) айтып едім:
Аға, анау биік үй менің университетімнің жатақханасы, көше ашылғанша, осында бір люкс бөлме бар, дем ала тұрыңыз. Көше ашылысымен, келіп алып кетемін, - деді. Мен шаршаған соң, көндім. Орналастырған бөлмесінде аю сияқты тойса, ұйықтап кететін басым, қатты ұйықтап қаппын. Оянсам, маңайымда ешкім жоқ. Тұрып сыртқа шықтым. Көше-көшеде тізіліп, жүрмей тұрған машиналар. Бірер квартал жүріп, үш- төрт жол полицияларына кезіктім. Әлгілерге: “қонақ едім, қала ортасына баруым керек” дедім, апарып салар ма деген оймен. Олар маған одырая қарап: “көшелер жабық” деп, дүңк ете түсті. Енді мені ашу қыса бастады.
Қайсыларың бастықсындар? - деп, зор даусыма бастым. “Мен, не қыласың” дегендей, бір толық аға лейтенант маған жақындады. Бұларда алдымда қарт адам тұр-ау деп, “Сіз” деген сөз жоқ екен. Ал кеудеңе таққан белгілерден де хабарсыз ба деп қалдым.
Қайдан жүрсің, бұл жерге сені кім әкелді, - деді элгі жуан офицер.
Академик әкелді, - дедім.
Аты-жөні академиктің?
Айтып еді, ұмытып қалдым.
Қай қонақ үйінде жатырсың?
Білмеймін.
Енді кім біледі, - деп әкіреңдеді.
Кенжекең біледі, ол менімен бір бөлмеде.
Кенжекең кім?
Академик.
Ол енді: “Мақтанып өтірік айтып тұр” дегендей:
Сені осында академик әкеледі, сенімен бірге академик жатады. Сонша өзің кімсің, бұрын не істедің, не істеген адамсың?
Бұрын кісі өлтірген адаммын, - деп, ет басқан бетіне тіке қарадым. Ол сәл тіксініп қалды да:
Сотталдың ба? - деді.
-Жоқ.
Неге?
Оны соттардан сұра, - деп кырсыктым.
Түрмеге талай отырған шығарсың, - дей бергенінде, касымызға бір подполковник казак жігіті машинамен келе қалды. Әлгі менен жауап алып, тергеп түрған аға лейтенант колын шекесіне койып, оның алдына барып тұра қалғанда, подполковниктің көзі маған түсті де:
Аға, бұл жерде неғып түрсыз? - деп, танитын адамдай колын кеудесіне койып, сәлем берді.
Мені танитын ба едіңіз?
Жоқ, аға, Сізді бұрын көрмегенмен, кітап, газет окимыз, радио тыңдаймыз, телевизор көреміз. Сіз - Қасым Қайсенов ағасыз, Сізді украиндыктар Вася дейтінін де білеміз, - деп шұбыртып ала жөнелді. Аға лейтенант маған бір, бастығына бір карады да, өз жайына кете барды.
Подполковник “баратын жеріңізге апарайын” деп, мені машинасының алдына отырғызды. Енді адаспай жататын орныма жететініме сендім. Жатар жерге жеттік.
-Менің жасымды берсін, тезірек генерал бол! Қоластыңдағы полицияларың да өзің сияқты кітап, газет оқысын, радио тындап, телевизор да көріп жүрсін, соны оларға сәлемім ретінде айтарсың, рахмет саған, - дедім.
Айтам, аға, айтам, - деді. Айтқан сәлемімді ол түсінген болар, түсінетін азамат еді!
¥ЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 50 ЖЫЛДЫҒЫ
ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ОЙ
Осы каһарман халкымыздың адамзат тарихында теңдесі жок ¥лы Жеңісіміздің аса зор маңызына көлеңке түсіру Хрущев заманынан басталды. Тарихты бұрмалаушы Волкогонов сиякты жандайшаптардың ауыздарына әділетсіздік ззэзіл сөз болып кетті. Сол кездегі еліміздің социалистік мемлекет ретінде капитал елдерінің алакөздік саясаты коршауында отырғанын, ел экономикасы жан-жакты Отан корғау мүмкіндігіне толық колы жетпей отырғанын да ескер- меді- Соғыс кезінде амалсыздан колданылған кейбір шара- лар да теріске шығарылды. Соның барлығына жетектеген
шовинистік, бақталастық көзқарас еді. Осы теріс әрекеттер қазір ұлтаралық қырғиқабақты, күшейтіп, ақыры ел ішінде азамат соғысына экеліп соқты. Мысалы, соғыс кезінде Қырым татарларының басым көпшілігі фашизмге болысып, әскери бөлімдер жасақтап, армиямызбен соғысып, көп қырғынға ұшыратқаны - шындық. Сол сияқты басқа халықтардың да жауға іш тартып, болысқандары көп болды. Оларды былай қойғанда, украин, балтық жағалауы елдерінде де фашизм жағына шығып, бізге көп зиян келтіргендерін де ұмытуға болмайды. Ал киын- қыстау ел басына күн туған кезде адамзаттың, оның ішінде өз еліміздің тағдыры қыл үстінде тұрғанда, оларды қоныс аудару амалсыздан жасалған өкіметіміздің шарасы екенін дәлелдеп, түсіндіріп, шындыққа жүгіндіргенде, бүл жағдайға ұшырамайтын да едік.
Барлығын айтпағанда, “Балтық елдері Совет елінің басқыншылығына үшырады-мыс” деп, Яковлев бастаған комиссияның арандатушылық эрекеті неге әкеліп соққанын білеміз. Ал шындығында солай ма еді? Жоқ. 1939 жылы фашизм шапқыншылығын болжаған сол кездегі осы елдің басшылары қауіптеніп, Совет еліне өз еріктерімен қосылған. Осы елдер косылмаса, ол ел де көп шығынға ұшырап, ал біздің ел алда аз да болса тосқауылы болмай, тіпті қиындыққа тап болатын еді. Бірақ сатқын Горбачев тобыры артын ойламай, Совет басшыларын жамандық ниетімен арандатушылық жасап, олардың “1939 жылы Совет басқыншылығына ұшырағанбыз, енді бөлінеміз” деп шыққан кезде элгі Горбачев оларды армия, ОМОН күшімен қанға бояды.
Ол - ол ма, 1991 жылы бір сапарында Горбачев пен Шеварднадзе Америка басшыларының алдында “¥лы Отан соғысы жеңіскері рөлінен бас тартамыз” деп, бүкіл Совет халқының ¥лы Жеңісін жоққа шығарып, соғыс батырларының, өлгендерінің аруағын аттап, тірілерін тірідей сырттарынан опасыздықпен сатты.
1939 жылы Белоруссия жері мен Польша аралығында Хатынь деген жерде фашистердің өлтірген поляк офицер- солдаттарын Совет өкіметі өлтірді-міс деп, тағы да өз еліне жала жауып, өткенді мұқатам деп намыстан безді, сөйтіп онсыз да оң қарамайтын поляктарды теріс қаратып алды.
Соғыс кезіндегі қолбасшыларды мұқатпақ болып, Хрущев:
“Сталин соғысты кабинетіндегі глобус аркылы басқарды” деп соқты. Әрине Хрущевтың Сталинге деген өкпесі қара қазандай еді. Өйткені Сталин “өзің басқарып отырған Украина республикасында үш бірдей әскери округ бола тұра, Украинаны жауға бердің” деп кіналаған болатын. Бұл соғыс жылдарында Хрущев саяси бюроның мүшесі, өкіметіміздің жоғарғы басшыларының бірі болса да, оны бір майданның әскери Совет мүшелігінен артық сенім көрсетпеген болатын. Міне осы баккұмарлыктан, мансапқорлықтан шыккан кек бүкіл соғыс тарихының шындығына кері әсер етті. Солар - жабар жаласының бастысы. “Сталин соғыс болатынына, болады деген хабарламаларға сенбеді” дейді. Шындығы солай ма еді? Жоқ. Сталин соғыстың болатынын, кіммен болатынын, тіпті қалай аяқталатынына дейін күні бұрын айтып бергенін халык қүлағы естіген. Бірақ сол соғысқа дайындалуға уақытты ұзартуға тырысып бақты. Оған фашизм опасыздыгы жібермеді. Соғыс басталып кетті де, біздің мүмкіншілігіміз алғашқы жау жауыздығына төтеп бермеді. Уақытша шегіндік, көп шығынға үшырадық. Әрине соңғы жылдарда соғыс жағдайында талай елдерді жаулап, күшейіп алған фашист армиясы тәжірибелі еді. Бізде де эскери басшылардың ұйымдастыру, сақтану жағынан кемшіліктер болды.
Соңғы кезде “соғыс шығыны көп болды” дегенді айтушылар көбейді. Соғыс болған соң, шығын болмай қоймайтынын неге ескермеске? Тіпті шағын ғана шешен еліне опасыздық, өркөкіректік соғыс ашқан Ельцин бір ай ішінде өз елінің 16 мың солдат, офицерлерін қүрбандыққа шалды емес пе? Оны неге ауызға алмайды. Енді сол соғысқа солақай талдау жасап, майдан қолбасшылары, әсіресе Сталин басшылыгына теріс баға берушілер көбейді. Тіпті ол соғысқа қатыспаған, тіпті сол соғыс кезінде дүниеге келмегендер, тіпті жай әйелдерге дейін соғыс барысы оның стратегиясын, тактикасын “талдаушылар” табылды.
Украинада Қызыл Армияға қарсы соғысқан фашистердің сойылын бірге соғысқан УПА (Украинская повстанческая армия) сатқындары фашизмді жеңді-міс деп, тарихқа қаянат жасап жатыр.
Еліміздің сол кездегі бейбітшілік саясатын бүрмалап, агрессор, басқыншылар қатарына қосып койды. Армиямыздын
ұлы да дана қолбасшыларына соғысты дұрыс басқара алмады деп жала жапты. Оларды соғыстан кейін өздерінің мансапқор- лық саясаттарының сан алуан ойларына басып, Жуков сияқты аса көрнекті колбасшыны қуғынға салып, далада қалдырды.
Көп қолбасшылардың еңбектерін олар өлшегеннен кейін сыңар жақ сынға салып, сырттарынан өзгертіп жатты.
Тіпті Брежнев сияқты мансапқор, шенкұмар соғыстан кейін төрт рет Советтер Одағының Батыры атағын алды. “Жеңіс” орденін кімдер алуын біле тұрса да, оны да арсыздықпен иемденді. Ең соңында сол кездегі басшылардың қыруар жанкиярлық еңбектерімен орнатқан ұлы да айбынды мемле- кетін Горбачев саткындығы түбіне жетті де, бейбастак Ельцин оны ыдыратып тынды. Енді мына ¥лы Жеңістің, миллион- даған отандастарымыздың канымен, арымен келген Жеңіс- тің 50 жылдығын тойлар алдында тағы бір өрескел әрекет / алдымыздан шықты.
Ол ¥лы Отан соғысы емес, Екінші дүние жүзі соғысы дейміз деп, тарихшылар, тіпті “Қазак тарихы” журналының бастығы бүйректен сирак шығарып жатыр. Сонда өткен 75 жылдық тарихымыздың шындығын қайда коямыз? Бір кезде ¥лы да алып Совет Одағы болғанын, оның құрамында басқа да көп республикалармен бірге біз Қазақстан Республикасы да жаман болсын, жаксы болсын, сол ¥лы Одақтың құрамында болғанымыз өтірік пе? Оның кұрамында жүргенде какпай да, қағажу да көрсек те, қара ниет Хрущев пен Горбачев канша жанталасса да, жеріміздің шекарасы сақталып, ұлтымыздың атында республикамыздың аталғанын да естен шығарамыз ба? Сол Одактың кұрамында ол Одақты “жалпы Отанымыз” дегеніміз қайда? Сол кездегі Совет Одағы кұрамында болған барлык республикалар тарихында, тіпті дүние жүзі елдері тарихында “Совет Одағының ¥лы Отан соғысы” деп - алтын эріппен жазылып калмап па еді! Оны да естен шығардык па?
Осы тұста сол Одақтың басты жауы фашистік Германия алдында он бес мемлекетті жаулап алып, солардың күшін жиып, сол Отанымызға қауіп төндіріп, Отан тағдыры, оны мекендейтін халықтар тағдыры қыл үстінде тұрды, оны калай ұмытамыз?
Оны Отан соғысы дегісі келмейтіндер, ол соғыста казак халқы, оның республикасының мүддесі қорғалмаған соғыс еді дегілері келе ме? Фашизм жеңсе, біздің халықты ұшпакка ұшырады
дегілері келе ме екен? Әлде ол Отан соғысы - жай дүниежүзілік соғыс деп, мына ¥лы Жеңістің 50 жылдығын біз ғана емес. бүкіл адал ниетті планета халықтары тойлағалы отырғанда. соған қарсы ниеттері ме екен? Түсіну киын! Өткенге қара күйе жағып, тарихты таптауға әдеттенген бейбастақ топтар болса. мұны көтеріп отырғанға да үндемей калуға болар еді. Ең киыны - тарихшылар, тіпті тарих дегенге жауапты карар деген “Қазак тарихы” журналының бас редакторының ұсынысы болды.
¥лы Отан соғысын - екінші дүниежүзілік соғыс деп, бірінші дүниежүзілік соғыстың катарына койып, бірдей санау да әділеттілік болар ма екен? Бұл екі соғыстың айырмасы жер мен көктей еді ғой. Бірінші дүниежүзілік соғыс империалистік елдердің ара иеліктерін қайта бөлу болатын. Ал мына екінші дүниежүзілік соғыс фашистік Германияның Еуропа елдерін басып алып, енді қалған Совет Одағын жаулап алуға басқыншылықпен бір жақты соғыс ашты ғой. Оның түпкі мақсаты бүкіл әлемге фашистік нэсілдік үстемдік жасау болатын. Сонда Совет Одағы өз Отанын корғап калу үшін карсы тұрған жоқ па еді. Сонда сол кездегі біздер үшін Отан соғысы болмағанда, кандай соғыс болушы еді. Сол соғыстың барысында басқыншылыкка ұшыраған өз жерімізбен бірге, сол кезде фашизм басып алып, қансырап жатқан Еуропа елдерін де азат етіп, соғыс маңыз-максатына карай ¥лы Соғыс - ¥лы Отан соғысы делініп, бүкіл дүние жүзі мойын- даған болатын. Жеңген соғыс корытындысында жер бөлісі де болған жоқ, тек баскыншы фашистік Германия бұрын зор-лыкпен иеленген Польша сиякты елдердің азды-көпті жерлері қайтарылды. Жеңілген Германия бөлшектелініп, одақтастар экімшілік жүргізсе, ол уақытша басқыншы елге қолданылған соғыс дәстүрі ретіндегі жаза ғана болатын. Ал Совет Одағына косылған жерлер, тарихи Одаққа кірген республика жерлері - халкы да туыскан халықтар болатын. Кей жағдайда бір жерлер бөлшектері сол кездегі басқыншы елдерінен сақтану ретінде ескерілген, онда да одактастар келісімімен бізге караған.
Соңғы кезде Горбачев пен Ельциннің саткындык саясаты өткен тарихты мұқату, үшін Совет Одағы да басқыншылык ниетпен Гитлер мен Сталин ауыз жаласты-мыс деп жүр, элде тарих журналы маңындағылар осыны алға тартқылары келе
ме екен? Егер ¥лы Отан соғысының маңызын бірінші дүние- жүзілік соғысқа теңестірсек, онда оның жеңісінің елу жыл- дығын тойлап не керек!
Осы тарихты бүрмалау да - шовинистік ниеттен шығып отырған зобалаң. Бұл тарихта болмаған ¥лы Жеңісті бас қолбасшының үлты орыс еместігінен болып отыр. Елдегі жетістік болса, көп істеді дейміз де, ал елде жамандык болса, бір адамға - аты шулы Сталинге жабамыз. Сол кездегі ел басына төнген зор кауіптен туған амалсыз қатаң қадамдарды айыптау әділеттілік емес. Бұл жөнінде баска тарихшылар, сол ¥лы Отан соғысына қатысқандар пікірі калай екенін білмеймін, өз басым бұл ұсыныс тарихымыздың бірегейіне теріс көзқарас деп білемін. Ол жоғарыда айтқан Горбачев пен Шеварднадзенің Америка қожаларының алдында ¥лы Отан соғысы жеңіскері рөлінен бас тартқан саткындыктарын біздің республикамыздағы қолдаушылары ма элде деген ой келеді. у Бұл туралы пікір алысып, ойланып шешкен жөн болар.
Әсіресе барлығымыз сүйіп окитын, казақ тілі мен дін тағдырына жанқиярлық күрес жүргізіп келе жаткан “Ана тілі” газетіндегі С. Әбішева мен Ғ.Нұрлыбаевтың пікірлері жан түршіктіреді.
Бір кезде жаксы болсын, жаман болсын, бүкіл Совет халыктары Отаным деп, бір туыскандай өмір сүрген елді дүние жүзін билеп-төстемекші болған қаны шыққан қандыбалак фашист Гитлермен өзі баскарып отырған Отанын корғауға жан аямай басшылық етіп жеңіп шыккан Сталинді теңеу эділет емес, тарих алдында теңдесі жок киянат болар еді.
Шовинист-сионистердің жетегімен Сталинді жек көрем деп, ол басқарған соғысты дүние жүзіне үстемдік жасау мақсатымен, баскыншылық (агрессиялық), қылмысты соғыс жүргізді деу барып тұрған бейбастақтык. Олай болса, осы соғыста каза тапқан жарты миллиондай кандасымыздың аруағына “жауыз- дық соғысқа қатыстыңцар, жауызсыңдар” деп, карғыс айту ғой. Бұл элі тірі жүргенімізді “Сендер баскыншылык соғыска қатыстындар, колдарың қан” деп, бұларға қандай жазаға кесім- өкім шығарар екен осы дүмбілез тарихшылар?!
“Халык кеңесі” газетінде “Социализмді сағынып жүрмін” деген мақаласында Жұмаш Сомжүрек негізгі ой-толғамы дұрыс болса да, Горбачев елге бейбітшілік әкеліп, тыныш ұйықтатты,
оған ескерткіш орнату керек дегенді айтады. Ау, Жұмаш, қазір өзіңнен баска кім тыныш ұйыктагі жүр? Дүние жүзінде кырык шакты елде, оның ішінде Горбачевтің өз Ресейінде қан төгіліп, қырғын соғыс болып жатқанын қалай білмейсің? Ол үкімет басына келген 1986 жылдан бері кырылған жазықсыз жандар - Горбачевтің, оның серігі Ельциннің құрбандары. Ол “қырғиқабақ соғысты тоқтаттым” деп, халықты алдап шетелдердің сый-сыяпатын алып, Отанына, халқына опасыздық жасап, адамзат тарихында болмаған сатқындық жасады. Ол Отанын империализм табанына салып, Америка алпауыттарының алдына “білгендеріңді істеңдер” деп, салып берді. Шетел алпауыттары да білген, ойлағандарын істеп те жатыр.
Егер Горбачев басқарған Совет Одағы сол қалпында болса, дүние жүзінде көп елдердегі жүріп жаткан канды соғыс болмайтын да еді. Тіпті Америка Гренада, Гаити, Панама сиякты елдерге, Англия Фольклен аралына зорлықпен басып кірмейтін де еді. Біздің сол кездегі алып елімізден жасқанатын еді. Мұны Совет Одағын аңсағандықтан айтып отырған жоқпын. Егемен елім барда Одақты аңсамаймын! Қазақ ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке кан төкпей, күтпеген жерден ие болғанына ризамын, мен де арманыма жеткендеймін. Жоғарғы пікірді айтып отырған тарихи, саяси шындық болған соң, ауызға алып отырмын. Әрқашан қандай өкінішті, ащы болса да, шындықка жүгіну керек.
Тағы бірде, Жүмаш, Сталинді жек көргендігіңнен елді кім басқармады, етікші де басқарды дейсің. Сталиннің өзі емес, әкесі етікші болатын. Ал өзіне онан кейінгі ел басшылығына келгендердің бірде - біреуі тең келмес еді. Оны мойындау керек. Ал оның Ленин, Троцкийлер салып берген репрессиялык қатал да қайырымсыздық жолында орасан зор қаталдықтарға ұрынғанын, сионист -шовинистердің пиғылдарынан арыла алмағаны үшін әрине оны қалай кіналаса да болады. Ал өз жеке басы халық мүддесіне, елін ел кылуға адал болғаны жэне халык байлығына қол сүқпағаны да белгілі. Ал Хрущев, Брежнев, Горбачев пен Ельциндер болса, халық байлығын оңды-солды шашып, шет - елдерге үй-іші, туған-туысқаңдарымен аралап, ел қаражатын судай шашқанын, элі де шашып жатқандарын көзіміз көріп отыр.
“Горбачев елге тыныштык экелді” деу - қате пікір. Ол қырғиқабақ соғысты тоқтатам деп, өз елінің тәуелсіздігінен жартылай айрылып, қанды-қатерлі нүктелер ашып келді. Ал қырғиқабақ соғысты тоқтатуға өз елінде жасырын террор, диверсия соғысын ашып жер-жерде қирату, бүлдіру, өртеу, ұшақ, кеме апаттары сияқгы алапаттар жасау үшін ел жауларына кедергісіз жол беріп, еліне жасырын әрекет жасайтын жауларын қаптатып жіберді де, соның зардабын тартып отыр. Енді бүл елді жайлап кеткен диверсиялық аурудан арылу оңай болмас. Ғасырға созылар.
Армия туралы бірер сөз. Армия елдің, демек, мемлекеттің сыртқы жаудан корғайтын сақшысы. Халқын қорғауға ант беріп, адал қызмет ететін қарулы күш. Оны Отан қорғау мақсатына ғана жасақтайды. Ал соңғы Хрущев заманынан бері сайқал саясаттың сақшысына айналдырып, жандарм- жаналғыш ретінде пайдаланып жүр. 1956 жылы Хрущев Грузия жастарын қанға бояуға түңғыш рет пайдаланып, сонан бері бұл шовинистік, ұлтшылдық ниетті қорғау мақсатымен жалғасып келеді. Балтық жағалауы елдерінде, Грузия, Абхазия, Армения, Әзірбайжан, Кавказ елдерінде олардың қарулы күштерін қарапайым халықтарға қарсы қатыгездікпен пайдаланып келеді. Демек солдаттар мен офицерлерді өз ата- аналарына оқ аттырып отыр.
1956 жылы Чехословакияға, 1968 жылы Венгрияға солдаттарымызға оқ аттыру да заңсыз еді. Армияны ешбір қатысы жоқ ауған мансапқорлары қантөгісіне жүмсап, мың- даған солдат, офицерлерді құрбандыққа шалғанымыз ауыр қылмыс. Оны бүкіл адал ниетті адам баласы айыптағанын айтпағанда, кейін келген Ресей басшылары да айыптаған болатын. Бірақ солардың ізін суытпай ұмытып, тек өз отанын қорғауға ғана ант алған солдаттар мен офицерлерімізді тэжік қырғынына айдап салып отыр. Тэжік мансапқорлары мен бақталастары үшін жастарды өлімге жіберу де заңсыз. Өзін- өзі қорғай алмайтын ел қауіп төнсе әділетсіздік жасалса, халыкаралық заң бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымынан көмек сүрауы керек. Ал бұл арада Ресей империализмінің тэжікті де жұмған жүдырығында ұстау үшін, онда өз армиясын ұстап, өз мүддесі үшін онда соғысқа қатысып отыр. Ал Қазақстан, Қырғызстан болса, бұрынғы қожалары болған Ресейдің
сойылын соғып, жастарын құрбандыкка шалып жатыр Әйтпесе бұл екі елдің де жай көрші отырғаны болмаса, онда ешбір мүдделері жоқ. Міне, бүгін тэжік шекарасында төрі бірдей азаматымыз қаза тапқанын хабарлады. Олар не үшін. кім үшін, қай Отаны үшін кұрбан болды дейміз? Кімді қорғап, жас өмірден кетті дейміз? Қорғаныс министрі көңіл айтыпты. Ол көңіл айту кұрбан болғандардың ата-аналары, оның ішінде біреуі офицер екен, оның бала-шағасын уата ала ма, оларды көңіл айту асырай алмайды ғой. Оларды кантөгіс болып жатқан шекараға жібергенде, оларға оқ өтпейді, өлмейді деп ойлады ма жіберген адамдар? Бұл кұрбандарға кім кінэлі, кім жауап береді? Ешкім жауап бермесе, онда кұрмак болып отырған кұкықтық мемлекетіміздің заңына сыя ма?
Енді шешен жеріндегі кантөгіске келсек, бұл Ресей тарапынан - басқыншылык соғыс. Шешенстанға көпе-көрнеу басып кіріп, халкын қырып жатқанын бүкіл әлем көріп отыр. Бірак империялық сыбайластарының басшылары “Ресейдін тұтастығын қолдаймыз” десе, бұрынғы Ресей тепкісінен босаған республика басшылары да шетел пікірлерін қостап. ығынып отыр. Ол Ресей империясына “элің жетеді, не істесең де еркің” дегенмен бірдей болды. Ал шешендіктер - бар ұлттар сияқты азаттьщты аңсаған халык, елінің азаттығы мен тәуелсіздігі үшін басқыншылардан қорғанып қантөгіп жатыр. “Ресей мемлекетінің тұтастығы” дегені - ол бетперде ретінде айтылып отырған ақталу сөз. Егер Ресейге жер керек болса, шешен халкы өзінің атамекен жерін бір жакка алып кетпейді ғой. Ал Ресейге шешен халқы да Ресей халқы десе, онда өз халкын өзі аяусыз неге қырады? Шешенстандағы өндіріс орындары, кұрылыс пен байлықтар Ресейдікі десе, онда ол байлықтарын жойып жермен-жексен етер ме еді?
Ресей конституциясына сүйенеді. Ол Конституцияда Ресей қарамағындағы барлык ұлт республикаларынын бөлінем дегендерін “қанға бояп зорлықпен ұстау керек” деп жазылмаған болар. Бұл адамның орыстардың жантүршігерлік каталдығының ар жағында шовинистік зымияндық саясат жатыр. Дүние жүзінде ұлт-азаттық қозғалысы басталып. өзінің бұрын тепкісінде болған кейбір ұлт республикалары ғайыптан сәті түсіп бөлініп кеткен соң, енді элі де уысында
г
ұстап, билеп-төстеп отырған ондаған ұлт республикаларына “сендер де бөлінем десеңдер, Шешенстанға көрсеткенімді сендер де көресіңдер” деген қоқан-локысы екенін жас бала да түсінеді.
Ресей прокуроры Дудаевты елін сатқан сатқын ретінде соттамақ. Егер сатқынды соттау керек болса, өз халқының азаттық мүддесін сатқан, өздерің қойып, жел беріп отыр- ған У. Автурханов, С. Хаджиевтерді сотта, жазықсыз халқын қырып, оның үстіне өз солдаттары мен офицерлерін өлімге айдап салып, мыңцаған жастарды құрбандыққа шалып отырған Ельцинді, Грачевті сотта. Бірақ Ресейде қандай да бір заң бар, Горбачев, Ельцин, Грачев сияқты қылмыстьшар жазасын алады деу өте қиын! Шегінен шыққан билеп-төстеу осы Ресей елінде екенін әлем көріп отыр.
Енді батыр шешен халқы бұл орыстардан көрген қайғы- қасіретін мэңгі ұмытпайды, “қанға - қан, жанға - жан” дейді олар. Орыстар озбырлығы өзіне келіспес жау тапты, басқа ұсақ ұлттар да енді шовинистерге теріс қарай бастайтыны сөзсіз. Кешегі Совет Одағын таратқаннан кейін қалған ядролық қаруды Украинадан, Белоруссия мен Қазақстаннан алып, Ресей өзінде сақтап отыр. Ядролық қаруды жою керек екен, Ресей оны неге өзі жоймайды. Сонда ядролық қару ұстауға бұл республикалар сенімсіз болып, Ресей сенімді болып па? Егер бұл халықгы жаппай қыратын қаруды жоятын болса, онда ең алдымен тарихта басқыншы басбұзарлығы- мен әлем алдында эйгілі болған Америка, Ресейден бастау керек қой. Қолдарында кездейсоқ ядролық қару қалған Украина, Белоруссия, Қазакстандарды Америка, Ресей тізе қосып отырып, сараяқтан су ішкізіп, ол қаруды өздері алды, не жойдырды да. Ол қару-ларды өздерінде қалдырып отыр. Неге? Сонда осы екі ел сенімді болып па? Тарихта ешбір елге көздерін алартпаған Украина, Белоруссия, Қазақстан сенімсіз болғандықтан алған жоқ шығар. Бұл арада дүние жүзін билеп-төстеп, өз өктемдіктерін жүргізу үшін, кез келген елге білгендерін істеу мақсатын көздеп отыр, бұл - нәсілшіл, шовинист алпауыт елдер. Америка мен Ресейдің тарихтағы зорлық-зомбылығын, басбұзарлықпен басқа елдерді аяусыз қырғынға ұшыратқандарын, элі де қырғынға ұшыратып отырғанын адамзат баласы ұмытпайды. Бұл екі сойқан ел
тұрғанда, әлемде эділеттік болады деу - кате пікір. Әділетсіздік, зорлык-зомбылық осы екі елден шығады.
Соғыс кезінде ұсак ұлт өкілдері ерлікті бағалау жөнінде де, лауазым беруде де қақпай көрді. Мысалы Бауыржан Момышұлы бригаданы, тіпті дивизияны басқарса да (ол генерал басқаратын бөлімдер), оған генерал атағын бермеді. Баукең сияқты полковник, подполковник атақтарынан асырмай, отставкаға шығарып жіберген эскери талантты білімді қазақ офицерлері көп. Осы Алматыда полковник Сағитов Ғазиз дивизия командирі болған, подполковник Имашев Қадес деген өте білімді ұшқыш офицерлер тұрады. Соларды ары қарай өсірмеді де, отставкаға шығарып жіберді. Тіпті Қорғаныс министрі болған осы Сағадат Нұрмағамбетов әскери округ, не шетелдегі Совет Армиясы тобы қолбасшы- сының орынбасары болса да, генерал-майордан эрі өсірмеді. Ол эскери ретінде осындағы әскери округке колбасшы да бола алатын еді, бірақ оны қолбасшылыққа көтермеді. Ол қолбасшылық орынға басқа жақтан орыстарды қойып, оған тиісті болмаса да, келесі шен қосып, басқа жаққа алып кетіп отырды. Осы Алматыда екі-үш әскери училищеге де орыс офицерлерін бастық етіп қойып, генерал шенін берген соң, басқа жаққа алып кетті. Біздегі әскери округ пен әскери училищелерді орыс офицерін өсіріп алу үшін секіртпе (трамплин) жасап алды. Ал бұл әскери орындарға басшылық ететін қазақ офицерлері бар еді.
Өз басым 1941 жылы әскери барлаушылар училищесін аға лейтенант болып бітіріп, диверсия ротасының командирі, ал 1942 жылы бірден жоғарылатылып (арнайы білімді маман ретінде), партизан отрядының командирі болғанымда жау тылында рация арқылы “майор” атағы беріліп еді, онан сонау соғыс аяқтағанша, партизан отрядының командирі болдым (партизан отряды армиядағы полкпен тең), сол күйі ескерусіз қалдым да, соғыстан ешбір шенсіз бір партизан медалімен қайттым. Қазіргі наградаларым - кейін эр жерде газет беттері арқылы табылған наградалар. Совет Одағының Батыры атағын екі рет алған Талғат Бигелдинов подполковник шенінде ғана елге келді, ал екі рет Батыр атағын алған орыстардың генерал шенін алмағандары жоқ.
ЕЛБАСЫ ҮНДЕУІНЕН КЕЙІН ТУҒАН ОЙ...
Елбасымыз биылғы 1998 жылды “Халык бірлігі жэне ұлттык тарих жылы” деп белгіледі. Тарих - эке десек, сол экені дұрыс танып алайық деген ұрпаққа үндеу тастады Елбасы. Осы үндеуге қалай үн косамыз? Өткенде тәуелді болған өктем де озбыр заман тарихымызды таптап, әкемізді тануымыздан адастырып жіберді. Енді бүгін тәуелсіз ел болып, ес жинай бастаған кезде тарихымызды біліп, үстем болған сұркия саясатты эдейі бұрмалаған, тұмшалаған, көмескіленген каскүнемдік тұстарын ашып, халқымыздың шындық тарихын жасау міндеті тұр. Ал осы ұлы парызды өтеу үшін, осы уақытқа дейін бұғауында, кақпайында келген теріс ағымнан айығуымыз керек.
Ең алдымен халқымыз басынан кешірген қайғылы да қасіретті зобалаңға кім кінэлі еді, соны жалтақтамай, жасқанбай ашып алу міндеті тұр. Біз Сталинге дейін, Сталиннен кейін ешкімнен киянат көрмегендей, оның шаңын кағамыз да жатамыз. Бұл арада мен Сталинді ақтап алайын деген ниеттен аулақпын. Бүкілхалықтык зобалаңды бір адам ғана жасады деу қисынға келе ме? Сталин ол зобалаңды жалғыз жасаған жоқ. Бірақ ол өмір сүрген уақытта халқымыз өте ауыр, қайғылы өмір кешті делік, соның өзінде оны жеке, жалғыз кіналау дұрыс па? Сталин зобалаңынан Хрущев кұтқарды дегенді айтып қалып жүрміз. Шынына келсек, Хрущев сол зобалаң жылдары Сталиннің оң қолы бола жүріп, “Сталин жасасын” деп ұран салып, халық қанын Сталинмен бірге “сорып” еді ғой. Хрущевтің сол кездегі жасалған бар қылмысты, катал тэртіпті Сталинге ғана жаба салып, өзі судан кұрғақ шықпақ болғаны рас. Заманында Сталинді көкке көтере сөйлеп, оған табынуды бастап берген де осы залым Хрущевтің өзі емес пе еді. Хрущевтің кезінде де, тіпті екі күннің бірінде “Алтын Жұлдыз” алып масайрап жүрген Брежневтің кезінде де куғын- сүргін болды.
Таққа қонжиып, қолына билік тиген Горбачев та алты қарыс аузын ақсита ұмтылмап па еді. Әсіресе ұлт республикалары кадрларына қандауыз қасқырдай шабуыл жасап, Мәскеуге қойдай тізіп, жүздеп айдатып жатпады ма?
Кеше ғана Ельцин шешен халкын қанға бояп, аз халықты
кырып жатқанда, Ресейде, тіпті “демократия ордасы” деген парламенттегі депутаттар да: “Қой, бұл аз халыкты жаппай қыруға болмайды” деп ауыздарын ашты ма? Жок. Неге? Қанды балак Сталиннің өз колымен жасаған кұрбандары болганда, тура сондай канды балак Хрущев, Брежнев, Горбачевтар сүттен ақ, судан таза бола калды дегенге кім сенеді? Демек зор зобалаң, жалгыз адам колынан келмейді жэне жеке адамның кылмысынан элдеқайда аумақты.
Ендеше ол апаттың аргы тегі империялык-шовинистік сұркиялықта жатқаны анык. Осы сұркиялықты жасыру үшін залым Хрущев пен Горбачевтің халык ашу-ызасының алып арнасын жалгыз Сталинге бұрып жібергені - көп ұлтты халықтар басынан кешкен киындыкты, халықтар басынап кешкен қанкұйлы зобаланды жанталаса бүркемелеуге ұмтылу әрекеті екенін көзі ашык, көкірегі ояу жандардың бэрі де түсінуге тиіс.
Ал біз болсак, соны біле тұра, шовинистік озбырлыкка тізе бүгіп калган калпымыздан арылып, бас көтеріп, шындықтың бетін ашкымыз келмейді. Шовинистік өктемдікке тік карап. шындықтың бастау көзін ашпайынша, барлығын бір адамды кінэлауга бағыттасақ, тарихымызға киянат жасаймыз. Әрі сол шовинистік саясаттың шылауында кетеміз. Сондықтан жасқаншақ “бет жыртыспастық” ауруынан айығатын уакыт жетті.
Қазак халкында емдеуі қиын тагы бір ауру бар. Ол - рушылдык пен жүзшілдік. Тарихи шыгармалар жазатын жазушылардың кітабын окып отырып, осы аурудың ізін байкап қаламыз. Кейбіреулерінің пікірінше оның руынан баска рудын ақын-жазушылары Сталинді көп мактап, күнэға баткан сияқты да, өз руынан шыккан қаламгерлер ак-адал қалпында, ауьп ашпаган. Ал кейбір тарихшылар өз руынан баска рулардан батыр шықпагандай ой түйеді. Бұл ауру да шындыктың бетін ашуға теріс бағыт беретіні анық. Бүгінгі ұрпак рулык-тайпалык санадан арыла алмай келеді. Себебі осы аталган екі дерт аякка тұсау болуда.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бергі аласапыран уақытта Елбасымыз ұлтымыздың қамын ойлап, түн ұйкысын төрт бөлгенімен, “зиялы” деп атап, “серіктесім” деп сеніп жүрген қауым ұйкысынан оянар түрі жок-ау!... Олардың түр-
түсі ұлтына ұқсаганымен, ішкі дүниесі, іс-әрекеті ұлтына ұқсай ма? Әй, кайдам?
Бізде ру, тайпа бар да, ұлт жок сиякты. Ұлт ұмытылып, көмескіленіп, әрі-сэрі болып өмір кешіп отырғанда, ұлтымыздың тарихи шындыгы жазылуы да оңай емес. Ұлттықтың негізгі белгісі - тіл болса, ұлттык тіліміз де, дініміз де шаткаяктап тұрғаны жұртка аян. Басқаларды айтпаганда, мемлекетіміздің қайраткерлері деп жүрген азаматтар шет елдерге барғанда немесе шетелдіктер өзімізге келгенде, олармен сөйлескенде, өзіміздің ана тілімізде сөйлеспей, орыс тіліне жармасатындары түсініксіз. Ол шетелдіктер казақ тілін калай түсінбесе, орыс тілін де солай түсінбейді емес пе? Ақыры аудармашы арқылы түсінісетін болған соң, біздің адамдар неге өз ана тілінде сөйлеспейді? Неге бас сап орыс тілінің жалына жармасамыз? Әлде өз ана тілін менсінбегендік пе? Әлде орыс бодандағынан ажырағысы келмегендік пе? Жоқ! Осыдан кейін бай да мазмұнды тіліміздің мерейін қалай үстем кыламыз? Ал тіліміз үстем болмаса, ұлт мерейі калай үстем болады.
Президентіміз ана тіліміз туралы Заң кабылдап, Премьер- министріміз арнайы каулы кабылдап жатқанда, бұл не кереғарлық?! Қыскасы, казак өз тілін кұрметтейтін дэрежеге қашан жетеді? Осы қазақ жерінде туып, қазір 70-80-ге келген орыстар неге қазак тілін білмейді? Неге? Ашығын айтсақ, оның аргы жағында олардың баягыдан кандарына сіңген - ұсак ұлтқа менсінбей караушылық жатыр. Дегенмен өз қазақ азаматтарымыздың жоғарыда айтқан сорақылықтарын күнде естіп жүріп, орыс азаматтарына мін тағу да орынсыз сиякты.
Қалыптаскан бір коғамдык кұрылымнан екінші бір коғам кұру - оңай процесс емес. Ол үшін ең алдымен ұлттык идеологиямыз - компасымыз болуы керек. Сол бағытпен халқымызды, болашақ ұрпағымызды тэрбиелейміз. Ол бағытта БАҚ-тың атқаратын қызметінің маңызы зор. Бұл салада ішкі радио торабымыз айтарлыктай жұмыс істеп жатса, сыртқы “Азаттық” радио-торабы еліміздің біртұтастығына нұқсан келтіретін хабар тарату эрекетіне үйір. Мысалы, соның бір дәлелі - “Қарасай батыр” турдпы хабар. Мұндайға ауыздык салар уақыт та жетті емес пе. Ал казіргі коммерциялык телеарналарда көрсетіліп жүрген бейнежазулар халыкты
аздырып-тоздыруға, адамдарды дұшпандыққа, қатыгездікке тэрбиелеуге ыкпал етуде. Мұны кыскаша рухымызға у шашып жатыр деп атауға болады. Кейбір телеарналарды қалталы бай-бастықтар қолдарына алып, оны мол ақша табудың көзіне айналдыруда. Ақша тұрған жерде мемлекет мүддесі өз- өзінен кейінге ығысатыны белгілі. Мысалы, солардың біреуі “31 каналдағы” Станислав Малоземов. Бұл мырза Батыстың былапыт киноларына еліктеп, ойына келгенді көрсетіп жүр. Өзінің үйіндегі әйелімен (элде басқа әйелдері ме, кім білсін) жалаңаш төсекке жату, суға түсу сияқты тұрпайы іс-қимылдарын “үлгі” тұтып, халықты жэне жас үрпақты аздыруға әрекет жасауда. Бұл өте зиянды әрекет. Бүған заң жүзінде тыйым салу керек. Ал кейбір арналарда еркінсіген Татенко, Нұрғалиев сияқтылар маңызсыз мэселелерді бетке ұстап, өздерін-өздері насихаттау арқылы бейне жазба тарихында қалуды арман етіп жүр.
Әрине, олар “бүл - біздің жеке ісіміз, өз ақшамызға не істесек те еріктіміз” дейтін шығар. Бірақ мемлекет мүддесіне қайшы әрекеттерге жол берілмеуі тиіс, мемлекет тэртібі - тиісті заңды мойындатуы қажет. Телеарналарда халыққа пайдалы, үрпаққа өнегелі бейне-жазба үсынудағы қажетті де қымбатты уақытты осындай маңызсыз хабарлармен бос өткізіп жүргеніміз өкінішті-ақ.
Мемлекетіміз бен үлтымыз қазак атында болған соң, оның кейбір мүсылмандық сипаты болуы керек қой. Ол үшін еліміздегі бүкіл мұсылман қауымы үлгі етер, дінімізді дүрыс уағыздап, сара бағыт берер беделді мүфти қажет. Бұл жөнінде аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Бүл өзі үлкен бастықтардың жақын-жекжаттарын қайта-кайта қажы- лыққа апарып, соның арқасында өзіне сөз жуытпайтын дэрежеге жеткен, оны ешкім орнынан қозғай алмайды деген де тегін болмаса керек. Соның арқасында ол дін атаулыны ірітіп бітті.
Еліміздің байлығын кейбір алаяқ шенеуніктер аз тонагі жатқандай, мәденеиет төңірегінде жүрген кейбір пысықайлар өздерінің қалталарының қамы үшін Ресейден Пугачева жэне шын өнерден аулақ халтурщиктерді жиі-жиі шакырып, халық, ел байлығын тонап, солардың қалтасына салып бергенсіп жүріп, өздері де оңай олжа табу жолына түскендер қаншама?
Дэл сол қонақсымақтардан артық өнер иелері өзімізде де баршылық, бірақ қолда бардың - қадыры жоқ!
Мәскеудің тағы бір жалған өнер иелері біздің қайсыбір қуаяқтарға лайық зиянды ойын ашып, оны “өзінді-өзің ат” деп үйретіп, “жітікке саяқ” қосылған кей азаматтарымызға ойын үстінде арақ іштіріп, наша шектіруге баулып жүрген жебірей эмиссарлары қаншама? Оларға ойынжай беріп, оны жабдықтап жүрген кімдер? Бірак ол эмиссарлар қалталы ғой, ақша не істетпейді?
СӘБЕНДІ СЫЙЛАУ - ӨЗІНДІ СЫЙЛАУ
Халық жазушысы десек, сол атқа лайык анық халық жазушысы Сэбит Мүқанов еді. Қазір өзін “Халық жазушы- сымын” деп жүргендер көп, бірақ солардың осы ардақты атқа шын лайық екендеріне менің күмэнім бар. Халықтан шыққан, халықтың қара сөзімен бір ғасырлық шежіресін жасап, қағазға түсіріп кеткен Сэбеңнін өз сөзімен айтқанда: кәдімгі Сәбит Мұқанов еді. Ол өзінің 73 жыл емірінің қалам ұстаған жарты ғасырында 50 томдық еңбек калдырған екен. Әлі де жинақгауды, жариялауды күтіп жаткан мұралары қаншама. Сэбең еңбектің, шығармашылықта ерліктің үлгісін көрсетіп кетті. Міне осындай шын мәніндегі алып суреткердің 100 жылдығын халықаралык ЮНЕСКО деңгейінде атап ету - жазушыға ғана емес, қазақ халкына көрсетілген тағы бір зор құрмет деп түсінемін.
Алматыда басталған Сәбең тойы Солтүстік Қазақстанда жалғасын тапты. Жазушының туған жеріндегі мерекесі есте каларлықтай тамаша болып өтті. Облыстық қазақ драма театрына Сәбеңнің аты беріліп, күрделі жөндеуден өткеннен кейінгі салтанатты ашылуына Елбасы Нүрсұлтан Назарбаев пен Мемлекеттік хатшы Әбіш Кекілбаев қатысты. Туған ауданы, көк майсалы Шүбарда той қүрметіне жүздеген ақ үйлер тігіліп, жиналған қауымға ас берілді. Аламан бэйге болды. Ақындар мүшәйрасы өтті. Аудан орталығында мұражай ашылған екен соны көрдік. Барлығына да Президентіміз бен Мемлекеттік хатшы қатысып, сөз сөйледі. Алыс-жақын шетелдер мен эр облыстан 40-50-дей қонақтар тойға арнайы келіпті.
Жасы 91-ге келген жазушының жары, ардақты ана Мәриям апай балалары, немере-шөберелерін ертіп барды. Мен де денсаулығымның нашарлығына қарамастан осынша алысқа жол жүруімнің бір себебі, кезінде Сәбеңнің ағалық, адамгер- шілік қамқорлығын көрген інісі ретінде аруағын сыйласам, екіншіден, осы Алматыдан Мэриям апайға ілесіп баратын ешбір үлкен жазушылар шықпаған соң, намысқа тыртысып бардым. Сәбеңнің дүркіреп өткен тойынан кейінгі ой да осы төңіректе.
ЮНЕСКО ескеріп, мэн берген суреткер, кезінде халқының шын ықыласына бөленген жазушысы, көзі тірі үлкен жазушылардың көбіне шапағаты тиген Сәбеңнің туған жерінде өтер тойға неге осындағы өздерін “Халық жазушысымын” деп жүргендердің бірде біреуі бармай қалды? Мэриям апа кезінде Сәбендей ұлы жанның адал жары болса, бүгінде жасы 90-нан асқан қарт, ақылгөй ана. Ол кісі ертедегі Домалақ ана, Ақжүніс тәріздес десек, артық айтқандық емес. Міне осындай ананың қасында “Халық жазушыларының” ең болмағанда үшеу-төртеуі бірге жүре алмағандығы үяі болды. Ел-жұрт: Сәбеңнің ізін басқан інілері, бүгінгі үлкен жазушылар қайда деп сұрамай ма? Неге олар Мәриям апаның қасында жүріп, ұлы суреткердің туған жері мен еліне тағзым етіп кайтуға шамалары келмеді? Маған осы жері түсініксіз. Әлде олар өздерін ірі классиктердің санатына қосып, дүниеден өткен Сэбит Мұқановқа менсінбей қарай ма екен? Сэбеңнің көзі тірісінде де, қайтыс болғаннан соң да, ол туралы талай еңбектер жазған ғалымдарды, академиктерді көре алмадым. Неге? Ал Сәбеңді кезінде сынап, жерден алып, жерге салғандар бүгінде сол қылығына ұялып, бара алмаса бір жөн. Осындайда көңілге бір күдік ұялайды. Осынау халык болып тойлаған жиынға элгі атақты ғалымдар мен жасы бар. жасамысы бар, атақты жазушылардың бармай қалуында жершілдік, рушылдык секілді жаман ауру жасырынып жаткан жоқ па деп қауіптенемін. Ен үлкен қауіп - осы. Егер солай болса, бұл - қазақ халқының қасіреті. Мен қазір соны ойлап жаным ауырады.
Ал Сәбеңнің аруағы алдында үлкен еңбек сіңірген ғалым - Тұрсынбек Кэкішев. Бұл азаматтың Сәкеннен кейін Сэбитке
—ЕЕЕ^Ц 472
арнаған зертгеу еңбектерінің алатын орны ерекше. Мен өз басым эділдік пен ақиқатты ту етіп көтерген осы ғалым- жазушы ұлттык қауіпсіздігін жан-жақты нығайту мақсатында қыруар нақты жұмыстар атқарды деймін. Елбасымыз - Қарулы Күштеріміздің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен еліміздің жаңа Әскери доктри- насы қабылданып, замана талаптарына сай жабдықталған, бейім-делген жаңа әскери округтер, құрылымдар, бөлімдер дүниеге келуде. Республикамыздың білімді де білікті офи- церлерін сапалы даярлайтын жоғары әскери оқу орындарымыз бар.
Келе жатқан Жаңа жылдан, ғасырдан және мыңжыл- дықтан қандай үмітіміз бар? XX ғасырда өмір сүру өр мінезді жомарт халқымыз үшін оңайға түскен жоқ. Әйтсе де бұл тарих қойнауына еніп бара жатқан жүзжылдық жүрегімізде өшпес ізін қалдырды. Ол кезең жақсы болсын, мейлі, жаман болсын, бізге өте қымбат. Несімен дейсің ғой. Себебі біздер осы ғасырда тарихымызда түңғыш рет ата-бабала- рымыз аңсап өткен тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында дүние жүзі жүртшы- лығы жер бетінде, өзіндік қалыптасқан Ата Заңы, ана тілі, діні, өнер-білімі, озык әдет-ғұрпы бар батыр халықтың жэне оның ата-бабаларының жауынгерлік бағытына, ниетіне дэн ризамын. Сондай-ақ осы мерекені өткізуге атсалысқан Мэдениет, ақпарат жэне қоғамдық келісім министрлігіне, Жазушылар одағы басшыларына, Қажымұрат Нағманов басқарған облыс экімшілігіне Сәбеңнің аруағы риза шығар деп ойлаймын. Мен де шексіз алғысымды білдіремін.
Сэбенді сыйлау, Сәбеңді құрметтеу - өзіңді сыйлау, хал- қынды құрметтеу деген сөз. Өз азаматыңды ардақтамасаң, өз халқыңды көтермесең, өз тіліңді қадірлемесең, бөтен жүрттың алдында беделің ешқашан өспейді. Өзіңді-өзің тани білу, өз жақсыңды көрсете білу - елдігіңе сын екендігін үмытпаға- нымыз жөн.
473
ХАЛЫҚ ҚАЛАҒАН ТАРИХИ Т¥ЛҒА
Ата-бабамыз аманат етіп тапсырған ел амандығы мен ел тәуелсіздігінің шын мэнінде ақ таңы атып, егемендігімізге қол жеткеніне де жеті жылдың жүзі болды. Сол бір тарихи сәттің алғашқы күнінен-ақ туған еліміз бен сүйікті мемлеке- тімізді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басқарып келе жатқаны баршаға белгілі. Ол біздің елімізді әлемге танытты. Сол арқылы өзінің дэл қазір дүние жүзіндегі айтулы саясат- кер қатарына шығарды. Елім дейтін ер осындай-ақ болар. Ал ерім дейтін халық өзінің дана тұлғасын құрметтеп, эрдайым соңынан ілесіп келеді.
Мен Елбасының жас мемлекетіміздің келешегі мен бо-лашағы үшін таяу және ұзақ жылдарға арналған саяси бағдарламасын сара жол деп бағалаймын. Жалғыз мен емес. Барша қазақстандық өздері жақтаған, өздері қалаған тарихи тұлғаның абырой беделіне үлкен сеніммен қарайды, алдағы ғасырға өзінің тағдырын осынау ірі саяси жетекшінің көш бастауымен ғана үміт артады. Жақында Қазақстан Парламен- тінің Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге шешім қабылдаса, ал оған республика жұртшылығы қазіргі Елба- сымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасының бірден- бір лайық екенін де жария етіп отыр. Әрине президенттіктен басқа да үміткерлер табылар. Бірақ ел басқару - мекеме- ұйым басқару емес. Ел басқару эркімнің қолынан кел- мейтінін мойындау керек. Жас мемлекетіміздің буыны беки қоймаған, даңғыл жолға жаңа түсіп келе жатқан аласа- пыран уақытта орынсыз билік тізгініне жармасудан аулақ болайық.
Жаңа ғасырға өзіміз таныған, өзіміз сенім артқан қазіргі Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге аяқ басайық!
ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ
XII ҚУРЫЛТАЙЫНДА СӨЙЛЕНГЕН СӨЗ
Құрметті қаламгер бауырлар! Сіздердің мына тәуелсіздік алғаннан бергі өтіп отырған кұрылтайларыңызбен кұттық- таймын.
Тәуелсіздік алғанымызға он жыл болыпты. Тәуелсіздік бізге оңайға түскен жок. Мемлекетіміздің басында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты ірі саяси тұлғаның отыруы бүкіл қазақстандықтар үшін зор бақыт болды ғой деп ойлаймын. Егер мұнан басқа адам болса, не боларын кім білсін...
Тыңнан жол салған, соны басқарған, бастап келе жатқан осы біздің Нұрсұлтан Назарбаев. Ең алдымен Елбасы- мыздың сүйенгені - халық. Біз алғысты халыққа айтуымыз керек. Қазақ халқына айтуымыз керек. Халқымыздың жақсы қаситетерін бағалай білуіміз керек. Сол өз халқынын жақсы қасиеттерін сыртқы саясатта ұтымды пайдалана білген Нұрсұлтан Әбішұлына да рахмет айтуымыз керек.
Қазір кейбір керауыздар мемлекетімізді басқа жақтан біреу келіп түзеп беретіндей айғайға басып жүр. Мен оларға қосылмаймын. Бұл дұрыс емес. Өзімізді-өзіміз түзетпесек бізді ешкім де шеттен келіп түзетпейді. Н.Назар- баевтың серіктерінің ішінде жақсысы да, жаманы да болды. Бүйректен сирақ шығарғандары да болды. Бұнысы, әрине, өкінішті.
Ал қазір Назарбаев командасының ішіндегі маған ұнай- тыны Иманғали Тасмағамбетов болып тұр. Ол қайда болмасын, тура сөйлейді, батыл сөйлейді, тіпті Парламентте сөйлеген сөзін тыңдап керемет сүйсіндім. Міне, осысы үшін Иман- ғалиға рахмет айтамын. Ендігі, қасымда отырған соң мақта- ғалы отырған жоқпын, мына Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзаға да рахмет айту керек. Бұл дер кезінде министр болып келді. Келе сала халқымызды оң жолға бастайтын теледидар мәселесін қолға алып жатыр. Өйткені біздің қоғамымызда теледидар мен радионың маңызы үлкен. Шын мәнінде, осы бағыттағы мәселелер ақсап жатқан еді. Солардың біразын оң жолға қойып келеді. Әлі де игілікті іс-шаралар атқарылады деп сенеміз.
Тағы бір мәселе: тірліктері шатқаяқтап, төрт аяғынан тік тұра алмай жатқан газет-журналдарымыз көп. Мұхтар осы- ларды да қолға алып, бір жолға қояды ғой деп ойлаймын. Ал Жазушылар одағы - киелі шаңырак. Осы қасиетті орынды кезінде үлкен ағаларың көтеріп, кейінгі ұрпаққа тапсырып кеткен болатын. Осы бір өлара кезеңде мұның да шаңырағы шайқалғандай күй кешті. Жазушылардың ішінде бүйректен сирақ шығарғандары болмай койған жоқ. Бір нәрсе естерінде болсын, қазір заман қиын. “Бөліну” деген кесапатқа сақ болу керек. Бұның ақыры жақсылыққа апармайды. Қазақ: “бөлінгенді бөрі жейді” дейді. Осындай кейбір келеңсіздіктерді байқап қалып, қамығасың, жабығасың, ренжисің.
Жаңа сөзімнің басында айтып кеттім, тәуелсіздік алғаннан бері екінші рет жиналып отырсыздар. Соңғы сайланған Жазушылар одағының басшылары жаман жұмыс істеген жоқ. Оларға да рахмет айтуымыз керек. Мен бұларға жақсы атанайын деп отырған жоқпын, жағымпазданатын адам емеспін. Ал бұлар не істеді дегенде келетін болсақ, біздің бір кездегі Жазушылар одағының шаңырағы шайқалардай болған кезде, соны сақтап қалды. Одақтың шашылғанын жинап, жоғалғанын тауып, барлығын орнына келтіріп жатыр, оны басқарып отырған мына Нұрлан ініміз. Бұлардың шаруалары шаш етектен. Ғабиден деген жас хатшы бар. Оның көрмегені жок. Қаншама рет соттың алдына барғанын есептеп жатудың өзі ауыр. Мені де сүйрелеп алып барған кездері болды. Өмірімде көрмеген Республикамыздың Бас прокурорының алдына да, Жоғарғы соттың алдына да бардық. Сөйтіп жүріп жоғалғанын тапты, шашылғанын жинады. Кұдайға шүкір, қазір жақсымыз. Әйтеуір өз басым Жазушылар ода- ғының қазіргі басшылығының жұмысына көңілім толады, оларға рахмет айтқым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |