Тандамалы



бет41/44
Дата03.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#134197
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
жау тылындағы
Gurenge - E Minor - MN0233612
Кімдер?

  • Тарихшымын дейді Нұрлыбаев деген қазақ, Әбішева дейтін біреу, Павлодардан Алтаев дейтін, Астанадан Мыңбаев дейтін қазақ. Мыңбаев “Егемен Қазақстанда” істейді-ау деймін. Сол газетте бүл соғысты Гитлер бастамаса, Сталин бастайтын еді деп те жазды. Осындай өтірікке баруға бола ма екен? Қазір Кеңестер Одағын қаншама жамандап жүрсендер де, ол ешқашан басқыншылық жасаған жоқ. Ал егер бұл соғысты біздің жақтан агрессияшыл болды десек, Бауыржан бастаған қазақтың хас батырлары, мына біздер арам ниетті, қандыбалақ, қолы қан жандар болып шығамыз ғой. Жоқ, біз ондай болған жоқпыз. Бұл көргенсіз жала!

    Ал енді мынаны тыңда, мен соғысқа дейін әскер қатарында




    болмаған адаммын. Соғысқа дейін үш жарым жыл Мәскеудегі арнайы барлаушылар мектебінде окыдым. Біздің Кеңес халқы. оны бастаған, өздерің күнде боктайтын Сталин соғыстың боларын білген. Кіммен боларын жэне ол калай аякталарына дейін соғыстың алдында-ақ айтып берген. Соған арнайы эзірлік те жасаған. Жеріміздің жаугершілікке үшырайтынын да білген. Басқыншылар қол астында калатын аймақтарда партизандар қозғалысын ұйымдастыру кажет болатынын да біліп, оған дайындык жасаған. Сол жерлерде жасырын қоймалар ұйымдастырып, қару-жарак, оқ-дэрі тастаған. Партизан козғалысын ұйымдастырушыларды да калдырған. Ал сол партизандарға басшылык жасау үшін, арнайы әскери мамандар даярлайтын мектепті бітірген соң, мен 1941 жыддың 19 қазанында-ақ диверсиялық топтың командирі болып тағайындалып, Украина жеріне парашютпен түстім. Қапыда қалдык, Сталин баскыншылык соғыс болатынын біле тұра дайындалмады деген далбасаны да бұл жокка шығаратын ақиқат. Дайындық болды!
    Қазір айтып жүр ғой, террорист, диверсант деп, біз солардың рөлін атқардык. Өз жеріміздегі жаумен соғыстык. Партизандар кұрамасы адам саны жағынан дивизиямен тең, не одан да үлкен, бөлімдері полкпен тең болатын. Мен сол отряд-полктың командирі болдым. Жау колында калган халыктың кару ұстауға жарамдылары келіп, отряд құрамына еніп жатты. Келмегендері былай көмектесті. Демек бізді террорист деуге болмайды. Ендеше анау Шешенстандағылар да террористер емес. Азаттык үшін күресушілер! Шешенстанда Ресей террористермен күресіп жатыр деу - қате. Бұл баскыншылық соғыс! Әйтпесе Шешенстан Ресейдің субъектісі болса мемлекеттік эскер өз азаматтарын оқтың, снарядтың, бомбаның астына ала ма?!
    Әңгімеге қайта оралайын, соғыска дейін қазақты ешкім танымайтын. Егер бұл майданға бір миллионға жуык казакстандык катынасса, оның дені казактар болатын. Олар казактың кім екенін дүние жүзіне танытты. Рас, эділ баға болмады. Француздарға Мәскеуді өртеп тастап кеткен Кутузовты ұлы қолбасшы дейді, ал оған жауды енгізбеген Бауыржанға Батыр атағын кимайды. Бұл - ұлы орыстык шовинизмнің салқыны. Ұлттық республикалар Ресей империясының құрамындағы отар елдер болды. Конституцияда республикалар егемендігін




    алуга кұкыкты делінген. Бұл сөз ғана еді. Ал кеше түгіл, бүгін бөлінемін деген Шешенстанға не істеп жатыр?! Орыстардың отаршылдық саясаты, ұлылык ауруы ешқашан да калмаған. Казір Сталинді жауыз етіп көрсетіп бітті. Ал сол істі бастап беріп кеткен Ленин емес пе еді? Троцкист Хрущев оған тиісе алмады, өйткені - орыс, ал Сталин - грузин, отар халықтың ұлы. Сондыктан оны қалай балағаттасаң да болады... Демек бағаның эділ болмауы - ұлы орыстык шовинизмнің салдары. Бұл үшін партияға, Сталинге өкпелеуге бола ма?! Сұрағыңа жауап осы. Конституцияда дұрыс жазылғанымен шын мәнінде Қазакстан орыс империясының отары, халкы орыстардың кұлы болды. Бірак мұны сендер жаза алмайсыңдар ғой...

    • Жазамыз!

    • Ендеше мынаны косып жаз, казак - орысшалап. Әлі

    • солай. Өздерің көріп жүрсіңдер ғой, күшті деген телеарнада біз орыспыз, біз күштіміз деп жатады. Қазақстанда “Русское радио” деп күнде айқайлайды. Бұл - орыстар элі басынып тұр деген сөз. Егемендік деген мұндайда жай сөз болып калады. Осыны неге ойламайсыңдар?

    • Жарайды, ол - басқа тақырып. Мәселе қазақтардың немесе басқа ұсақ ұлттардың ұл-қыздары Ресей империясы ұшін қанын, кейбірі тіпті жанын берсе де, ерлігі багаланбайды. Сонда бұл қалай? Не ұшін, кім ұшін согыстыңыздар сонда?

    • Сенің бұл сұрағың Алтаев, Әбішева, Мыңбаевтармен пиғылдас қой. Маган мұндай сұрақты неге коясың?! (Қаһарман аға айқайлап жіберді). Мен Отанымды қорғадым. Сол үшін не, бірдеңе сұрауым керек пе?! Жоқ! Борышымды орындадым. Бұл

    • бір! Екіншіден, Мәскеу түбіндегі соғыс кезінде Бауыржан өздері тұрған жерден кейінгі жердің картасын жыртып алып, отқа жактырған ғой. Онысы Мәскеуді жау алса - бэрі біткені, оған жіберуге болмайды деген тұжырымы еді. Енді ойлап кара: 1941-42 жылдардың өзінде-ак Батыс Қазақстан жеріне бомба түсіп жатқан. Ал Мәскеу алынса не болмак?! Қазақстанды жау аман қояды дейсіңдер ме?! Жок! Біз - өзіміздің елімізді де аман алып қалушымыз.

    • Ал енді мәселеге басқа қырынан келейін. Сол майданда ғой екі идеология соғысты. Бір жағында - фашистер, келесі жақта - коммунистер. Сіздер коммунистік идеологияны




    қоргадыцыздар. Қан төктіңіздер. Әйтеуір, жеңдініздер. Енді казір Сіздер корғаган Одак та жоқ, партия да жоқ. Капитализмге бара жатырмыз. Міне, осы гұргыдан өкініп. бізге: “Айналайындар-ау, біз не үшін кан төгіп, жан бердік?! Бүларың не?” дегініз келмей ме?
    -Неге, ренжитінтұстарым бар. Марксизм-дұрыс идеология. Адамзат тең болсын, біреуді біреу кұл етпесін деген ниет жаман ба?! Партия Хрущевтан кейін бұзылды. Ол өзі Украинада жүрген троцкист болатын. Оны орталыққа әкеліп, Сталинге таныстырған Каганович еді. Ақыры партияны заманына сай түзеудің орнына бүлдірді. Горбачев пен Ельцин оның түбіне жетті. Балық басынан шіріді. Ал қарапайым коммунистердің, коммунистік идеяның бұл арада кінәсі жоқ. Адал адамдар ғана коммунист бола алатын еді ғой. Солар еді ғой күшті Кеңестер мемлекетін жаудан аман алып калып, гүлдендірген. Кеңестер Одагы еді гой Америкаға карсы тұра алатын. Оны құртты. Енді Ресей де, басқа республикалар да Американың табанының астында қалды. Енді оларға: “Әй дейтін эже, қой дейтін қожа" жоқ. Мұндайга ренжисің бе, ренжімейсің бе? Өкінесің бе. өкінбейсің бе? Демократия дейсіндер ғой, ол - бос сөз. Шын мэніндегі демократия бар деуге бола ма? Демократияшыл. эділетті ел өзіне тиіспеген басқа елді бомбалай ма? Америка бомбалап жатыр. Американың бомбасы түспеген ел жок шығар. Осыны неге ойламайсыңдар?! Әрине, мен айтқанмен ештеңе өзгермейді. Жаңа коғам құрамыз, демократия орнатамыз деп жатырсындар ғой. Қоғамды қүрарсындар, мен оның қандай екенін білмеймін, өзім коммунистік идеяммен калатын адаммын. Ал ашығын айтайын, демократияны ауызға алудың өзі ұят. Біреуді-біреу бауыздап, өлтіріп жатқанда, қайдағы демократия! Ең әуелі елде дұрыс идеология жоқ. Быт-шыт бірдеңе. Мен мұндайға қарсымын. Өкіметтің көптеген каулы қарарларын мақүлдасам да кейбіріне қарсымын. Мысалы, репрессия қүрбандарын еске алу күні бар. Кімді-кім еске алады?! Ен бірінші - репрессияны жасаган Сталин деу қате. Қазақты аттырған - қазақ. Осыны ойлау керек! Әлгі репрессиянын алғашқы қүрбандары бар ғой - алыптар тобы деп аталатын, соларды еске алуға болады. Ал қалғандары бірін-бірі жала жапқандар. Осында сол репрессияға үшырағандарды еске алу қогамының белсендісі Бекболат Мұстафин дейтін шал жүр




    ғой. Сол Мұстафиннің өзі сол жылдары партияны баскарған. Партия мүшелерін қамауға алуға рүқсат берген адам. Енді сол каматкан адамдардың ағайын-туыстары қарап отыра ма, олар да онын үстінен арыз түсіреді. Сосын бұл да камалады. Мұндайды репрессияға ұшыраған деуге бола ма? Өзі жүртты айдатты, өзін жұрт айдатты. Мұны нақақтан кеткен жан деуге бола ма?! Мұндайға жіберіп қойған қаулыны дұрыс деуге бола ма?

    • Иә, аға, өтпелі кезеңде әр түрлі жетіспеушіліктер мен кателіктер бола береді той. Оны түзейтін қызметкер мен адамдар бар. Біздін мақсатымыз - Сіздің көзіңізбен өткенге қарап, бүгінді салмақтап, ол мақсатқа шама-шарқымызша жеттік-ау деймін. Басқа қосар пікірлеріңіз бар ма?

    • Мен Украинаға жиі барып, майдандас достарыммен кез- десіп тұрамын. Ондайда думандатамыз, горилка ішеміз, өткенді еске аламыз, бүгін жайлы әңгімелейміз. Украиндық, кезінде өзім қоркаксың деп, талай ұрған майдандас достарымның біразы Кеңестер Одағының ресми батыры. Кездесуге әлгілер Алтын Жұлдыздарын тақпай келеді. Мен: “ау, бұларың калай?” десем, “Сенен ұяламыз” дейді олар. Міне осыдан артық атақ дәреже бар ма? Жоқ! Сол үшін де шовинистердің шетқақпайларына өкпелемеймін. Өзімнің шын батыр екенімді өзім ғана емес, сол атақты алған майдандас достарымның білуі, ол жайлы айтканы, жазғандары мен үшін баға жетпес дүние. Айтқандай, мен сол соғыс кезінің өзінде екі-үш рет сол атаққа ұсынылыппын.

    Екіншіден, Нұрсұлтан ініме рахмет, Қаһарман атағын беріп, омырауыма Алтын Жұлдызын өзі қадады. Бауыржандай, Рақымжандай ағаларының аруағын риза етіп, олардың артында қалған ұрпағының мәртебесін көтеріп, тиісті атақтарын бергені үшін де ол азаматқа ак алғысымды айтқанмын. Біз ел үшін жасалған еңбекті сатпайтын буынның өкіліміз, енді жаңа қогам кұрамын деп жатырсыңдар ғой, негізгі эңгіме арнасына қоса айтып жіберген пікірлерімнің дұрыс дегені басшылардың назарына іліксе болғаны. Елімізге тыныштық, халқымызға береке, бірлік тілеймін.
  • 1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет