Тандамалы



бет5/44
Дата03.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#134197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
жау тылындағы

Ивановнаның көзі қарсы алдындағы офицерге, одан тілмаш зйелге амалсыз келіп тірелді.
_ Комиссар Савченконың зайыбы емессіз бе?- деп тілмаш эйел сикырлана күлді.

  • Ия, бұрынғы күйеуім комиссар екені рас. Бірак онан айырылып кеткеніме он бір жыл болды. Кэзіргі күйеуім паровоз машинисі - ұлты қазақ. Одан бір балам бар. Мынау бала соңғы күйеуімнен,- деп, Анна Ивановна Серікті нұскады. Неміс офинері орнынан тұрып, өшіп калган шылымын қайта тұтатты да, «не дейді» дегендей, тілмаш әйелден немісше бірдемелерді сұрады. Тілмаш әйел Анна Ивановна мен екі баланы алма-кезек нұскап, немісше сөйлеп кетті. Тілмаш сөзін аяқтаған кезде, офицер кос ауыз мылтьщтың аузындай шүңірейіп кеткен көзіне көзілдірігін баса түсіп, Серікке қарады. Серік те оған тайсалмай кектене карай қалды. Комендант тілмаш әйелге қарап, басын шайкап бірдемелерді айтып, ашу шақырып айқайлай бастады. Оның даусы қатты шыққан сайын, оң жағында жатқан тік құлақ үлкен кара сұр ит иесіне елең етіп, әлдебір әмір күткендей, тілін шығарып тамсанып қояды. Иесі «айт» десе, Анна Ивановна мен екі баланы ала түсетіндей, кейде ырылдап, кейде козғалақтап оларға карап жатыр. Комендант даусы бәсеңдей берген кезде:

  • Сіз өтірік айтасыз. Комендант колындағы мәлімет бойынша сіз комиссар Савченконың әйелісіз. Өзіңіз коммунистсіз. Неге жасырасыз? Шыныңызды айтыңыз! Бэрібір шыныңызды айткызады! Айтыңыз шыныңызды!- деді тілмаш эйел комендантка қарап койып.

  • Шыным сол. Шынымды айттым!- деп қысқа жауап катты Анна Ивановна.

  • Онда өз обалыңыз өзіңізге болсын, пан комендантқа шыныңызды айтқаныңыз жөн болатын еді. Бэрібір айткызамыз!- деп, тілмаш әйел комендантқа бар денесімен бұрылып, немісше бірдемелерді мыңқылдап айта бастады. Бірақ комендант оның сөзінің аяғын тыңдамастан айқайлап орнынан атып тұрды. Жанындағы жәрдемші иті де «ыр» ете түсті. Сол кезде Борис пен Серік шошып кетті. Комендант Анна Ивановнаға жақындап барып, оң қолының сұк саусағын шошайтып «Большевик», «Комиссар!» деп тебінді. Анна Ивановна тіл катпады. Ит Анна Ивановнаға төніп келіп калған сэтте «ен алдымен өзім кабайын, итті ұстай тұр» дегендей, тілмашына белгі берді.

ілмаш әйел итті карғыбауынан екі қолымен ұстай алып, кейін тартты. Екі бала үрейі ұшып, не істерін білмей тұр. Ашуға




булығып екі көзі канталап кеткен жендет Анна Ивановнаны бар пэрменімен жақтан салып жіберді. Сол кезде «Мама!» деп, Серік бар даусымен айкайлап жіберді де, бетін алаканымен баса қойды. Борис те баж ете түсті. Залым комендант Серікке жетіп барып: «Мама, мама!»- деп қабырғаға сүйеніп тұрған Анна Ивановнаны нұскады. Серік енді өзін ұрады екен деп, тағы «мама!» деп баж ете түсті. Сонда ғана комендант шегініп, стол басына барып тілмаш әйелге бірдемелерді айтқандай болды. Ол әйел «білмеймін» дегендей, екі иығын қусырып, басын шайқады.
Серік өз мамасынан айырылып, Анна Ивановнаға ергелі көп уақыт өткен-ді. Ол Борис не десе сол деп, Анна Ивановнаны «мама» деп кеткен еді. Енді, міне, Анна Ивановнаға жендеттің қанды қолы тиген сэтте, бір кезде өз мамасының жан түршігерлік өлімін көріп, үрей болып қалған бала, енді Анна Ивановнаны да өлтіреді екен деп «мамалап» тыпыршыған себебі сол еді. Тілмаш әйел иттің қарғы бауын босатып қоя беріп Серікті өзіне шақырды. Серік көзінің жасын сүртіп, аяғын ақырын басып оған жақындады.

  • Мынау сенің мамаң ба?- деп сұрады.

  • Мамам. Менің мамам!- деп іркілмей жауап берді Серік. Серік жауабы соққы көріп тұрған ана жанына ерекше бір қозғау салғандай еді осы кез. Бала мінезі, бала өжеттігі Анна Ивановнаны да жігерлендіре түскендей болды.

Тілмаш әйел комендантқа, комендант оған қарап қалды. Сәлден соң комендант екі баланы нұсқап, бірдемелерді тілмашқа айтты да, «тұтқындарға осы айтқанымды түсіндір» дегендей иек қақты.

  • Жетісіне бір рет келіп, осындағы комендант көмек- шісіндегі тізім кітабына өзіңіздің осында екендігіңізге белгі жасатып отырсын дейді пан комендант. Қазір жүре беруіңізге болады,- деді тілмаш әйел.

Анна Ивановна екі баласын ертіп сыртқа шықса, комендатураға қарай Тамара келе жатыр екен.
Сатқынды атарға оғы, асарға шамасы болмаған Анна Ивановна, Тамараға оқты көзімен бір қарады да, тіс жармай өте шықты. Азғын Тамара: «Менің кім екенімді енді білген шығарсың. Мен өмірдің бағасын білем. Сендер сияқты азап шекпей-ақ, күнімді көре аламын. Кэзір сен кім, мен кім? Менің бағам неміс офицерлерінің арасында сенен мың есе артық. Сен менің алақанымдасың. Қызыл комиссардың эйелі болған сені


мен элі талай рет неміс офицерлеріне ұстатам да, талай рет сьібағанды тарткызам. Сенің маған бас игің келмейді екен ғой. Келмесе, не боларыңды білмей каларсың»,- деген зымияндык көз карасын тастап, сайкалдана жүріп бара жатты.


Арада үш күн өткен соң, Анна Ивановнаны екі баласымен комендант тағы шакырды.
Мүның тағы да Тамарадан келген бэле екенін сезе қойған Анна Ивановна барарын да, бармасын да білмей дал болып отырған шағында, бак жақтағы терезені біреу қақты. Жүйрік сезім күші жетегіне алған Анна Ивановна өз адамдарының бірі екенін бірден түсініп, терезеге келсе, ойлағандай-ақ Полина Петровна екен. Ол терезенің тесігіне аузын төседі де:

  • Аня, саған Борис Андреевич селодан тез кетсін деп сэлем айтты. Комендант сені бүгін тұткынға алмақшы. Уақыт өткізбе, тез кет!- деп коштаскандай қол бұлғады да, бакка қарай жүгіре жөнелді.

Анна Ивановна апыл-ғұпыл жиналып, Серік пен Бористі ертіп, бак ішімен селодан шығып кетті.
Аудандық астыртын ұйымның басшыларының бірі Борис Андреевич Олейниктің байланысшысы Алексей сол күні Анна Ивановналарды екінші селодағы күні бұрын әзірлеп қойған жасырын үйге экеліп кіргізіп кетті.
Үйдің иесі жоқ екен, оларды отыздарға жаңа келген жас әйел жылы шыраймен карсы алды. Бұл астыртын үйымның мүшесі Николай Михайлович Абраменконың зайыбы Мария Николаевна еді. Жүздері таныс болмаса да, жүректері таныс бір тілек, бір мақсаттағы абзал жандар бір-бірімен қыскаша амандасып болған соң, Мария Николаевна:

  • Үйдің кожасы ертең келеді. Әзірше дем алыңдар,- деп жаңа таныстарын ортадағы бөлмеге ертіп келді. Ол терезеге күдіктене карап қойды да:

  • Анна Ивановна, ғафу етерсіз. Үйде болу өте кауіпті. Полицайлар бұл үйге күнде келеді. Фашистердің жасырын агенттері бұл селода да аз емес. Сіздерді, карсы болмасаңыз, «жайлы қонысқа» қондырайын деп түрмын,- дегенді айтты.

  • Қарсылығым жоқ,- деп, Анна Ивановна келісімін берді.

  • Онда жүріңіздер,- деп, Мария кабырғадағы темір киім ілгішті жоғары қарай көтеріп калып еді, кісі көлденең сиярлықтай есік ары қарай ашылып кетті. Сонан кейін элгі енсіз есікті жапты да, қолындағы фонарьды жағып, тар екі Кабырғаның аралығымен екі-үш метрдей жүріп келіп: «Енді




байқап жүріңіздер»,- деп ескертті. Баспалдақпен төмен екі- үш метр түскен соң, Мария сол жақ қабырғаға фонарының жарығын түсіріп, бір қуыстан ондық керосин шам алып, Анна Ивановнаға ұстата берді. Сонсоң қалтасынан сіріңке алып, шамды жақты. Бұл орынды көргенде Анна Ивановна: «Шынында да мынау жайлы қоныс екен!»- деді ішінен. 25- 26 шаршы метрдей, астына құрғак сабан төселген жер үй. Ортасында үлкен үстел, оның айналасында төрт орындық тұр. Үйдің бір жағына тактайдан 6-7 кісілік нар салынған. Нардың үстінде ішіне сабан толтырылған жалпақ төрт матрас, төрт жастық жатыр. Екінші бір қабырғасында он шақты карабин сүйеулі тұр. Оның касында екі жэшік мылтық патроны мен бес- алты кездік жатыр. Үстел үстінде катқан нан кесектері мен төрт кружка, бір үлкен құмыра тұр. Осыған қарап Анна Ивановна: «Мұнда талай патриоттар келіп-кетіп жүреді екен ғой»,- деген ойға келді.

  • Шынында да жайлы коныс екен,- деді Анна Ивановна орындыққа отыра беріп.

  • Солай ма? Олай болса жайғасып дем ала беріңіздер. Балалардың қарындары ашқан шығар, тамақ әкелейін. Анна Ивановна, түсінесіз ғой, сақ болу керек. Егер, сондай бір қауіпті жағдай кездесе қалса, біз мына сым арқылы белгі береміз,- деп қабырғадағы сары жез сымды ұстап көрсетті,- онда сіздер анау есік аркылы, осы арадан 100 метр қашықтыктағы бак ішінен шығып кетулеріңізге болады,- деп бұрыштағы кішкене есікті нұсқады- Ол жолды кейін көрсетерміз,- дегенді айтты да, Мария кетіп қалды.

Екі күн бір қалыпты оңаша тыныштықта өтті. Үшінші күні үстіңгі жақтан сым аркылы «Өзіміз, қауіптенбеңіз» деген белгі берді де, жер үйге екі адам кіріп келді. Бірі орта бойлы, ашаң, жасы кырықтарда, ол өзін: «Абраменко»,- деп таныстырды. Екіншісі беті бұжыр, қараторы жас жігіт. Ол өзін: «Шевченко»,- деп таныстырды. Екеуі Анна Ивановнамен амандасып болған соң, дереу кенеп қаптағы радиоқабылдағыштың азығын алып, бұрыштағы орындықтың үстінде тұрған радиоқабылдағышты айналдыра бастады.
Серік пен Борис те нардан түсіп, олардың қасына барды.

  • Москвадан хабар естігілерің келе ме?- деді балаларға Шевченко қабылдағышты түзеп жатып. Екі бала «осы кісі шын айтып тұр ма» дегендей, аңырып тұрып калды да:

  • Әрине, естігіміз келеді!- десіп, қосарлана жауап берді.




  • Ендеше маған болысыңдар. Мына сымды осылай ұстап тұршы біреуің.

Серік сымды екі қолымен ұстай алды.

  • Маған көмекшілер табылды. Николай Михайлович, элгі Мария машинкасын дайындай берсін, қазір жарты сағаттан кейін хабарды тыңдау керек,- деп Шевченко қол сағатына қарап қойды.

Абраменко жер үйден асығыс шығып кетті. Шевченко қабылдағышты жөндеп болып, оны белгілі бір толқынға дэлдеп жатқанда, Николай Михайлович пен Мария да кірді. Бір кезде радиоқабылдағыш үні: «Москваны тындаңыздар»,- деп барып, кілт үзіліп кетті. Хабарды стенографиялағалы отырған Мария не болды дегендей, Шевченкоға сұраулы түрде қарай қалды. Шевченко радиоқабылдағышты тағы дэлдей бастады. Кенет қабылдағышта Левитанның зор, екпінді даусы теңіз толқынындай бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен ырғақпен саңқылдай ағытылып кетті.
«...Айбынды Қызыл Армия жаудың таңдаулы дивизия- ларын талқандады... Курск қаласы үшін кескілескен ұрыстан кейін, стратегиялық жағдаймен оны уақытша жау қолына калдырып кетуге тура келді...»- деген жерлерге келгенде, «Уақытша жау қолына қалдырып кетуге тура келді...»- деген Левитанның солғындау сөздерін Анна Ивановна қабылдағышқа қарап түрып, екі-үш рет қайталап айтты. Серік пен Борис те жабығып қалды.
Диктордың сөзі аяқталып, қабылдағышта ызың пайда болды. Мария дереу жазып алған түсініксіз сызықтарға толы дэптерін жазу машинкасының сол жақ жанына қойып, Шевченкоға қарады. Ол «Баса бер» дегендей, иек қақты.
Шырт ұйқыда жатқан Серік элденеден оянып кетіп, жан- жағына қараса, Анна Ивановна элі келген жоқ екен. Борис етпетінен түсіп үйықтап жатыр. Серік Бориске жақындап барып, оны түртіп оятты да:

  • Мамамыз элі келмеген бе?- деп сүрады. Борис жауап орнына басын шайқады.

  • Қашан келеді? Тез келе ме?- деп тағы сұрады Серік. Борис аз-кем үнсіз жатты да:

  • Келеді. Бүгін келеді,- деді оны жүбатып. Сөйткенше болмай, үстен сым арқылы «өзіміз» деген белгі берілді де, Анна Ивановна мен Мария жер үйге сөйлей кірді.

  • Сәті түсіп, листовкаларды түгел таратқаныңыз жақсы болған екен. Мен де жаңа ғана келдім. Аман болса Николай






мен Константин де бүгін-ертеңдер келіп қалар,- деп Мария өзі естітен жаман хабар есіне түсіп кетіп, ернін тістеп тұра калды. Серік пен Борис бұл кезде жуынып жатыр еді. Мамаларының келгенін көріп қатты куанысты. Анна Ивановна балаларын алма-кезек кұшақтап сүйіп тұрып, Мария бетіндегі ренішті байкамай калды.
«Айтсам ба екен? Қалай айтамын? Жоқ, әуелі Николайға айтайын, сонсоң айта ма, жок па, сол тапсын ақылын»,- деген қорытындыға келді де, Мария тамақ экелейін деп, жоғарыға шығып кетті.

  • Галя, сыртка шығып, село жакты байкай тұршы,- деді Мария кітап оқып отырған сіңлісіне.

Галя немістер келгелі өзінің күнделікті орындап жүрген міндетін атқаруға үндеместен есікке карай бет алды. Мария үстел басында отырған Николай мен Костяға жакындап келді де:

  • Николай, Анна Ивановнаның әкесі мен шешесін жэне төрт-бес адамды ұстап гестапошылар сол өз селоларында асып өлтіріпті. Селоға лаң салып тұрған, элгі староста шал мен оның қызы көрінеді,- деді.

  • Сен, немене, оны өзіне айтып қойдың ба?- деп, Николай қолымен еденді нұсқады.

  • Жоқ, жок. Айтқаным жоқ.

  • Бэсе, эзір айтпау керек. Ол ұйым туралы бүгін Иван Кузьмичпен акылдасамыз.

  • Ия, бұл туралы Анна Ивановнаға сездірмеу керек. Онсыз да оның қайғысы жеткілікті,- деп, Константин Шевченко да сөзге араласты.

Осы сэтте терезе алдынан өтіп бара жатқан Галя терезе шынысын екі рет шертіп калды. Бұл «полиция келе жатыр» деген белгі болатын. Костя дереу жер үйге түсіп кетті. Үй иелері өздерінің үй шаруашылықтарымен айналыскан болды. Үйге екі полицай кіріп келді. Олардың соңынан үйге Галя да кірді.

  • Пан Абраменко, халіңіз қалай?- деп алдыңғы бұжыр бет мосқал полицай үй иесінің амандығын сұрап, төрдегі үстел басына барып отырды. Абраменкоға «пан» деген сөз тікенше қадалғанмен, ол сөзді жаратпаған күй-сезімін білдірмеуге тырысып:

  • Халдің несін сұрайсыз. Үйде отын жоқ. Отын жоқ болған соң береке де кірмейді ғой үйге. Қазір отынға барғалы дайындалып жатыр едім,- деді Абраменко қолындағы қайрап


отырған балтасын көрсетіп. Абраменконың бұл кимылында «түбінде осы балтамен сендердің де тамырларың киылады» дегендей, бір үнсіз белгі де жалт ете калғандай еді.
Екінші, ұзын бойлы, шикіл сары полицай тіл қатпастан үстел жанындағы орындыққа келіп отырды. Екеуінің де ауыздарынан самогонның сасьщ исі аңқиды. Еріндері кебірсіп, көздерінің төңірегі ісіп кетіпті. Мария сыртқа шығып кеткен кезде, мосқал полицай арағың бар ма дегендей Абраменкоға қарап, добалдай саусағымен тамағын шертіп, ыржиып күлген болды.

  • Қайдан болсын. Жоқ,- деді де, Абраменко ішінен: «Иттің ғана балалары, қарашы өздерінің арақ сұрап сүйретілуін»- деп сыбап алды. Әлгі полицай «онда кеттік» дегендей, серігіне қарап есік жаққа қолын сермеді. Екеуі үйден шығып, бірімен- бірі күңкілдесе сөйлесіп, аяқтарын теңселе басып, селоның екінші жағына қарай кетті.

Ертеңінде ел орынға отырған кезде терезе кағылды да:

  • Николай Михайлович, есік аш. Мен ғой,- деген бір ер адамның даусы естілді сырттан. Абраменко елең етіп: «Бұл кім болды екен?» - деп, сэл кідіріп Марияға қарады да, есік ашты. Сып беріп үйге бір он жеті-он сегіздерге келген, орта бойлы, қою қара шашты, қара торы бала жігіт кіріп келді. Бүл осындағы астыртын комсомол ұйымының мүшесі Иван Гаман еді. Ол үйде бөтен ешкім жоқ па дегендей, төргі бөлмеге басын сұғып қарап, үйде өздері ғана екеніне көзі жеткен соң ғана Абраменконың жанына келді.

  • Не жаңалық бар?- деп сүрады үй иесі келген жігіттен.

  • Николай Михайлович, жаңалық көп. Біздің үйге кеше түнде Иван Кузьмич келді...

Иван Кузьмич Примак алып денелі, жасы отыздардың ішіндегі, жалынды, Отанның кажымас солдаты еді. Осы Киев, Полтаваоблыстарындапартизандарқозғалысынұйымдастыруға әдейі қалдырылған. Ол, міне, Мироновск, Переяслав, Канев аудандарында болып, осы Ржищев ауданына екінші рет келген беті. Бұл сапарында осы аудандағы астыртын ұйымдардың жұмысымен танысып, олардың алдағы іс-әрекеттеріне жөн сілтеп, ақыл бермек.

  • Шын ба? Ол қазір қайда?- деп Абраменко Иванның сөзін бөліп асығыс сүрау берді.

  • Біздің үйде. Мені сізге жіберді. Сізге жолыққысы келеді.

  • Ендеше, осында жеткізіп сал. Ол жалғыз жүр ме?

  • Жалғыз.




Гаман асығыс үйден шықты да, үй артындағы шие ағашына байлаулы тұрған кер атқа қарғып мініп, көзден ғайып болды. Абраменко Гаманды шығарып салып үйге кірді де, есіктің ілгегін іліп, қуанышы қойнына сыймай жер үйге түсіп кетті.
Үш-төрт ауданның астыртын ұйымдары бір-бірімен байланыс жасап алған кез болатын. Енді эрбір ұйымда отряд құрып, ашық күреске шығуға қызу дайындалып жатқан.
* * *
Май айының маужыраған қоңыр кештерінің бірі еді. Шөп көтеріліп, ағаштар жасыл жапыраққа оранып, орман-тоғай сәніне келіп қалған.
Бір топ астыртын ұйым мүшелерінің түнгі операция жасауға шыққан жорықтарының бірінде бір қоян жүрек қашып кетіп, жандармдардың қолына барып түсті. Соның көрсетуімен село-селодағы астыртын ұйымдармен байланысты ол білетін адамдар тұтқынға алына да бастады. Бір күні тұтқиылдан келді де, жандармдар Абраменконың отбасын тұтқынға алды. Абраменконың әйелі Мария, балдызы Галя қапылыста қолға түсті. Үй ішінде қолға түсе тұра Мария жендеттердің көзін ала беріп, жер үйдегі Анна Ивановналарға: «Біз қолға түстік, бақ ішін-дегі есіктен шығып кетіңдер», - деген хабарды арнаулы сым арқылы хабарлап та үлгірді. Абраменконың бес жасар Виктор деген баласы Гаман үйіне түнегендіктен қолға түспей аман қалды. Абраменконың өзі ерекше бір тапсырмамен екінші бір ауданға кеткен. Одан әзір хабар-ошар жоқ.
Анна Ивановна Серік пен Бористі жэне астыртын ұйымның екі мүшесін ертіп, күн бұрынғы келісім бойынша, жер асты арқылы шие бағы ішіндегі есік аузына келді. Дала әлі жарық екен. Далаға шықса, элі жаңа ғана бүрлеген шие ағаштары бұл бесеуін жасырар болмаған соң, сол жерде аялдай тұруға тура келді.
«Қалай ғана бұлар қолға түсті екен? Бұларды дэу де болса, біреу ұстап берді ғой. Сонда ол азғын кім болды екен?- деп ойлап отырды да:- Жоқ, күдіктенері жоқ. Бұларды не болғанда да анадағы операция кезінде қашып кеткен қорқақ ұстап берген шығар. Енді Гаман отбасын сақтап қалу керек»,- деген қорытындыға келді Анна Ивановна.
Гамандар ата-анадан төртеу еді. Әке-шешесі соғыстың алдында қайтыс болып, төрт бала жетім қалған. Оның үлкені Иван он жетіде, комсомол мүшесі, комсомолдардың астыртын жұмысының басшыларының бірі. Онан кейінгілері Мария,




Галя жэне Миша. Аралары екі жастан. Ең кішісі он бірдегі Миша болатын. Олар қазір сонда қонып жатқан Абраменконың Витясымен өрімдей бесеу. Осы бесеуін ойлағанда, Анна Ивановнаның денесі тітіркеніп кетті. «Енді не істеу керек? Қазір одарға тезден хабар бермесе, Гаман отбасы да тұткындалады. Хіпті Иванға немістер күдік туғызбағанмен, Витя үшін оларды тұткынға алары ақиқат. Абраменконы көрсеткен жауыз, оның отбасы кұрамын да тізіп айтып берді ғой. Сондан бұларды қазір тұтқындап жатыр. Николай Михайлович үйде жоқ. Оны басқа жақтан іздейді. Не жортуылда жүрген партизандар қатарында деп есептейді. Ал кішкентай Викторды жендеттер алыстан іздемейді. Осы төңіректегі селолардан іздейді. Қай селода, қай үйде болуы керек екенін, Виктор қай үйдің балаларымен үйір екенін жендеттерге жорамалдап айтатындар бүл селодан табылмайды деймісің, табылады. Олай болса, оны да табады. Жоқ, таппасын. Таптырмау парыз.
“Ол үшін сәбиді жасыру керек»,- деген алай-дүлей ой толқыны үстінде мейірімді ана жүрегі тоғыз тебіреніп, он ойнақшыды.
Анна Ивановна ақылды қой көзін қарсы алдында отырған Бориске қадады да:

  • Боря, анада түнде Серік екеуің Иван деген жігітке еріп селоларға листовка таратқанда, сол Иванның өз үйінде болдыңдар ма?- деп сұрады. Борис ойланып қалды да:

  • Гаман Иванның ба? Әлгі Миша деген кішкене інішегі бар Иванның ба? - деді шешесіне қадала қарап.

  • Ия, ия! Сен қазір сол үйді таба аласың ба? Таба алсаң, қазір қалай да солармен байланыс жасап, сақтандырып қою міндет боп тұр,- Борис: «Таба аламыз ба?»— дегендей Серікке қарады. Манадан бері Аннаның сөзін ұйып қана тыңдап отырған Серік:

  • Таба аламыз. Мен табамын. Ол мына жақтағы хуторда,- деп түстік-батыс жақгы кішкене қоп-қоңыр сұк саусағымен нұсқады. Анна Ивановна: «сен тапқаныңмен, сені күндіз жіберуге болмайды ғой» дегендей, Серікке қарап езу тартып күліп қойды. Бүл кезде аудан-ауданға, село-селоға он-он бірдегі қазақ баласы мен он екілердегі орыс баласын ерткен о гыздардағы толыкша келген ақ сары украинканы ұстауға әскери коменданттардан бүйрық келген болатын. Әрине, тыңшылар үшін бүларды көрген жерден тапжылтпай ұстап беретін белгі - біздің кішкентай Серіктің көзге түсер каралығы. Сондықтан оны түнде болмаса, күндіз жүмсауға болмайтын еді.




Борис пен Серікті Иван үйіне қалайда болмасын ретін тауып жіберуге бел байлады да, Анна Ивановна шығар жасырын тесіктің қақпағын сәл көтеріп, бақ ішін шолып қарады. Маңайда өздерінен баска тірі жан көрінбейді. Шие ағаштарының тасасынан үй де көрінбеді, онда қазір не болып жатқаны белгісіз. Анна Ивановна жасырын орнына қайта келді де:

  • Ал жолдастар, не істейміз, балаларды Гаманға жібереміз бе?- деп жанындағы астыртын үйымның екі мүшесіне алма- кезек қарады.

  • Қайдан білейін. Бұл жердің жағдайы бізге таныс емес. Сол балалар айтып отырған хуторды, Гаман үйін білсек, біздің біреуіміз-ақ барар едік. Таба алмай жүрт көзіне түсіп қаламыз ғой,- деді Анна Ивановнаға жақын отырған біреуі.

  • Жоқ, сіздердің біреулеріңіз барсын деп отырғаным жоқ. Балаларды жібереміз бе, жоқ, кешті күтіп бэріміз бірге барамыз ба?

  • Менімше, кешке қалдырсақ, олардан да айырыламыз. Сондықтан Боря ол үйді таба алса, жіберу керек,- дегенді айтты элгі адам.

  • Боря жалғыз таба алмайды ғой деймін. Ол табатынына онша сенімді емес көрінеді. Ал мына Серік өте жершіл, бұның қатесіз табатыны анық. Сол үшін бүл екеуін де жіберсек. Өйткені, хуторға жеткен соң, ол үйді Серік көрсетіп жіберсе, Борис барып оларға хабарлайды. Ал Сережа бір жерге жасырынып күте түрсын. Әйтпесе Серікті біреу-міреу көріп қойса, бірден күдіктенеді. Ал егер опасыз біреу-міреу кездессе, ұстап беретініне сөз жоқ,- деді Анна Ивановна. Қасындағы жолдастары да бұл пікірді талассыз қостады.

Анна Ивановна балаларының міндетін әбден түсіндіріп айтты да:

  • Әйтеуір байқаңдар. Жолмен жүрмеңдер. Ешкімге кезде- суші болмаңдар. Иван Гаманға мына хатты беріңдер. Бүгін түнде кездесер жерді ол біледі. Солармен бірге болыңдар. Біз сендер барған жерге түнде жетеміз. Мүнда қайта келуге болмайды,- деп екеуін бетінен сүйіп, тесіктен шығарып жіберді.

Екі бала селоның шығыс жақ шетіне екі жүз метрдей жақындап келді де, бір топ бүргеннің түбін паналап отыра кетті. Екеуі де ентіге-деміге дем алып село жаққа ұрлана қарайды. Село көшелерінде ойнап, жүгіріп жүрген некен-саяк




балалар көрінеді. Анда-санда шэуілдеп үрген ит даусы естіледі. Баскадай бейсауат ештеңе байкалмайды.
Соны көңілге демеу тұткандай болған Борис:

  • Хуторға немістер элі келген жоқ екендеді хутордан көз алмай карап жатып.

  • Онда жүр. Хатты апарып берейік. Иван Гаманның үйі анау түтін шығып жатқанның бергі жағындағы кішкентай ак үй, таныдың ба?

  • Оның есігі алдында үлкен тал бар еді ғой.

  • Тал болса, әне, талының да басы қылтиып көрініп тұр ғой. Есігі арғы жағында, сондықтан қадағалай карамаса, жөнді байкалмайды бұл жерден.

  • Онда сен осы арада мені күте тұр. Сәті келсе, мен апарып беріп тез орала қояйын.

  • Мен де барамын,- деді Серік орнынан көтеріле беріп.

  • Жоқ, мамам тек біреуің ғана бар. Серік селоға көрінбесін дегені қайда?- деп, Борис Серіктің баруына қарсы болды.

  • Біреуің бар десе, мен барайын,- деді Серік тағы.

  • Сережа, саған баруға болмайды. Сені көріп қояды. Сен белгілісің,- деді тағы да Борис.

Серік өзінің үстіндегі киімдеріне қарады да, жөнді ештеңе түсінбеген қалыпта:

  • Қалай белгілімін?- деп таңдана сұрады.

  • Жандармдар бізді, мамамды іздеп жүр. Сонда «жанында бір сары, бір қара баласы бар әйелді көрген жерде ұстау керек» депті. Мұнда мен сияқты сары балалар көп. Ал сен сияқты қара балалар жок кой. Сондықтан сені олар танып, комендантқа хабарлап кояды. Есінде бар ма, былтыр атамның үйінде тұрғанымызда комендантқа бізді ұстап бергенін. Қашып кетпегенде бізді асып өлтіретін еді,- деді Борис.

Бұрын өзінің мұндай ерекшелігін сезбей келген Серік ойланып қалды. Бұл жөнінде көңіліне келіп, бала өзіне-өзі күдіктеніп, жатсынады екен деп ойламасын деген байламмен жүретін Анна Ивановна Серікке еш нэрсе сездірмейтін. Оны Бориспен бірдей ұстауға тырысып бағатын. Сондықтан да Серік Борис не істесе соны істеп, не сөйлесе соны сөйлеп үйреніп кеткен. Анна Ивановнаны Борис сияқты Серіктің де «мама» дейтіні сондықтан еді.
Серік қарақаттай мөлдіреген, кішкентай ойлы көзін Бориске кадап, біраз отырды да:

  • Онда бар. Мен күте тұрайын. Тез кел,- деп сол жерде, бүрген түбінде қала берді.




Борис аяғын тездете басып, хуторға карай жүріп кетті. Серік Бористің соңынан карап жатыр. «Көз жазып калмайын» дегендей, кірпік какпай тесіле қарайды ол. Борис, эне, хуторға жетті. Шеткі үйдің арт жағынан оралып бақ ішіне кірді. Көрінбей кетті. Біраздан соң екі бала бак ішінен шыға келді де, жүгіргеннен жүгіріп селоның шығыс жағындағы сайға түсіп көрінбей кетті. Оның соңынан екеу келе жатыр. Мүның үлкені Иван, кішісі Борис екенін Серік таныды. Олар да элгі кеткен балалардың соңынан бет алды. Бірак аркалаған заттары бар, жүгірмей жай кетіп барады. Арт жақтарына карай береді. Жыраның дэл жанына барғанда, Борис Серік тығылып жатқан жакка карап, шакырғандай колын бұлғады да, жыраға түсіп, жоқ болып кетті. Серік орнынан тұрып, жыраға карай жүгіре жөнелді.
Дэл осы кезде Македон селосынан үш машина толы жандармдар шыға келді. Машиналар бірінің соңынан бірі екпіндей жүріп келіп, хуторға кіріп тоқтады. Көк, кара киімді жандармдар машинадан түсіп, үйлерге карай жүгіре басып кетіп барады.
Қырыктарды қусырған, орта бойлы, шүңірек көз біреу қолына келдек ұстаған неміс офицерінің жанында, иесіне еркелей ерген итше еңкеңдеп басып келе жатыр. Бұл азғын Андрей. Оның соңында жиырмадан жаңа ғана асқан толыкша келген шегір көз, сары әйел. Ол - коменданттың тілмашы. Кішілеу ак үйдің жанына келгенде, Андрей:
- Осы үй!- деді шегір көз әйел мен офицерге алма-кезек қарап.
Офицер үйдің жан-жағына қарап алды да, соңынан шұбап келе жатқан солдаттарға бірдемелерді бұйыра айтып, барк ете қалды. Андрей селк ете түсіп, кейін шегініп кетті. Солдаттар үйді тінтіп, астан-кестенін шығарды. Шатыр ішін, қора- қоймаларды түгел қарап, бірақ ешкімді таба алмады. Іздеп келгендерінің орнын сипалап калғанын сезген офицер ашу шакырып, үй алдында жер тебініп аласұрды. Сөйтіп тұрғанда хутор старостасы келді. Бұл елулерді еңсерген, бадырак кой көз, Середа деген кара сұр адам. Немістің шын берілген қол шоқпары. Өз колымен ұстап беріп, талай патриоттарды дарға аскызған, алдына салып айдап барып аткызған каныпезер сатқын. Оған офицер шұкшия қарап «Гомана?.. Абраменко...» деген сөздерге тағы бірнеше түсініксіз сөздер қосып, айқай салып, аузынан көбік шашты.


_ Гаман отбасы кайда деп сұрайды пан комендант,- деді тіЛмаш старостаға. Староста комендантка үрейлене қарап:


_ Бүгін таңертең үйінде жүр еді ғой. Олар қайда кетті дейсіндеп күмілжіп қалды.

  • Село адамдары тығып қойды оларды. Табыңдар. Пан солай деп түр. Таппасаңдар олар үшін кепілдемеге селодан кісі алады,- дегенді ескертті шегір көз әйел старостаға.

-Осы кішкентай хуторыңызда не болып жатқанын білмейсіз. Осындағылардың көбінің партизандармен байланысы бар. Көбі астыртын ұйым мүшелері. Гаман Иванның да астыртын үйыммен байланысы бар. Абраменконың баласы Виктор осы селода, соны тап,- деп тебінді орта бойлы, толықша келген аксары. Бұл Мироновка аудандык полиция бастығы Синявский еді. Қанша шарқ ұрып тіміскілегенмен хутордан іздеген адамдарын таба алмай, үш машина толы жендеттер келген жағына қайта бет түзеді.
Осы кезде ойында ештеме жоқ, сәби Михаил Г аман Македон селосынан шығып үйіне карай келе жатты. Ол кеше кешке Виктор екеуі Ольга Карповна Семещенко апайдың үйіне келіп, сонда қонып қалған.
Ольга апайының берген бір табак бидайын Миша аға- апаларына жеткізбек. Ол қара жолдың шетіне дем алайын деп отыра кетті. «Мені үйде іздеп отырған шығар»,- деген ой келіп, хутор жакка карады. Дереу орнынан атып тұрды. Кішкентай жүрегі алып-ұшып, корқып кетті. Жолдан алыстап қаша жөнелді. Бірақ Миша кеш калды. Алдыңғы машина кілт тоқтады. Бір солдат Мишаны ұстап алып келді.

  • Іздеп жүргендеріңіздің бірі осы Гаман Михаил,- деді Андрей. Мишаны жаққа салып жіберді. Миша шыр ете түсті. Әлгі үстап алып келген солдатқа «машинаға мінгіз» дегендей, офицер иек қақты. Солдат Мишаны көтеріп, машинаға отырғызды. Миша қайта ұмтылып:

  • Ваня, Ванюша!- деп Иван ағасын жаны мүрнының үшына келгенде атын атап, егіліп жылап, кандыкол жендеттердің тағы тырнагына ілініп кете барды.

Тұтқындаган адамдарды жандармдар село-селоларды аралатып жүріп жауап алды. Бірақ он бір жастағы кішкентай Миша өзі білетін астыртын ұйым мүшелерінің бірде- бірін жендеттерге айтқан жоқ. Ол адам жаны түршігерлік ауыр азапка түссе де, соның бэріне де кайраттылыкпен, адамгершілікпен төзіп бақты.




Міне, жасына жетпей бұлтиған сэби жүзіне айуандык қолдын ізі түскен Мишаны кезекті жауапқа Пи селосына алып келді. Староста үйінің алдындағы сарайға әкеп оның жалғыз өзін камады. Ол бірер сағаттай отырғаннан кейін сарайдың есігінен сығалап қараса, сыртта ешкім жок екен. Үй ішінен барылдаған еміс-еміс дауыс естіледі. Енді жандармдардың арак ішіп даурығып отырғанын Миша сезді. Бұл село да Мишаның талай келіп, балалармен асыр салып ойнаған селосы. Осы селода тұратын Игнат Исаковичтің үйіне Миша бірнеше рет келген. Игнат пен Иван ағасы жеке отырып, ұзак әңгімелесетін. Кей кезде екеуінің пистолет тазалап отырғанын да, листовкалар бөлісіп алып жатқанын да көрген болатын Миша. Сол ұзын бойлы, эр уакытта өзімен «Миша генерал» деп калжындасатын адамды казір көргісі келеді. Оған өзінің осы он күн ішінде көрген азабын айтқысы келеді. Түрмеде Мария, Галялармен бүгін таңертең жолыққанын, оларды ертең Македон селосына апарып жауап алатынын да айтсам жақсы болар еді деп ойға кетеді. «Иван, Мария, Галя - үшеуі үйде ме екен? Әлде оларды да ұстап экетіп, азаптап жатыр ма екен? Олар мені ұстағанын білмейді ғой. Білсе іздеп келер еді!»
Бір заматта сарайдың сырт жағынан біреу: «Миша, Ми- шенька!» дегендей болды. Ол елең етіп бұрылды да, дауыс шыккан жерге барды. Кішкентай бір саңылаудан айтқанындай, Игнат Исаковичтің алып денесін көрді. Миша саңылауға аузын төсеп:

  • Игнат аға, Игнат аға?- деп егіліп жылап коя берді.

  • Мишенька, жылама! Сені босатады, жылама!- деп жұбаткан болды Игнат Исакович.

  • Мені босатпайды! Мені өлтіреді!- деп, Миша көзінің жасын сүртті де, өлімге белін буып бекінгендей болды. Сосын сэл кідіріп барып:- Ивандарды да қамады ма? Оларды көрдіңіз бе?- деп сұрады өксіп тұрып.

  • Оларды қамаған жоқ. Олар кашып кетті. Аман! Көрдім. Бүгін тағы барам оларға,- деді Игнат Исакович асыға сөйлеп.

-Оларға айт...-деп Мишатағы кемсеңдеп жылап жіберді- Ертен кешке Мария апайды Македонға апарып жауап алады. Соны Николай ағайға хабарласын деп Мария апайдың өзі айтты...

  • Ертең бе? Ертең кешке ме?- деп, Игнат Исакович қада- ғалап сұрай бастады. Сосын ол жан-жағына мұкият карап


щьіғып, сарайдың іргесіндегі бір жіңішкелеу тақтайды жұлып


алды да: . .
_ Миша, мына жерден шығып қаш,- деп екінші оір
тактайды босата бастады. Миша есік жаққа қарап қойып, элгі жердегі Игнат Исакович сыртқа қарай табандап тартып жатқан тақтайды тізерлей отыра қалып екі қолымен итере бастады. Енді элгі тақтай аралығы едэуір кеңіп калды. Сол кезде Игнат
Исакович:
- Миша, байқа, жандарм келе жатыр. Бірақ, қашу керек,- деді. Сонан кейін не болғаны белгісіз. Миша Игнат Исаковичтің даусын ести алмады. Сарайдың қай жағына барып саңылау- саңылаудан сығалап қарамаса да, оның алып тұлғасын көре алмады. Ол енді сарайдың есігіне келіп қараса, есік алдында өзін алып келген жандармдардың екеуі темекі тартып, қарқылдап күлісіп тұр екен. Миша оларға кектене қарады да, сарайдың артқы жағындағы элгі жерге келіп, босаған тақтайды сыртқа қарай итеріп еді, өзі сиярлықтай болып қалған екен. Миша дереу етпетінен жата қалып басын тесікке тығып сыртты болжады. Ешкім көрінбеген соң: «Сарайдан шығып калай қарай кашамын?»- деп ойлап отырды. Енді өз селосына қарай беттегісі келмеді. Ол жактан машина, мотоциклдермен қаптап жүрген неміс солдаттарының сойқан бейнелері көз алдына елестей кетті де, өзін жуан неміс солдаты шап беріп ұстай алғандай болды. Миша осы сәтте селк ете түсті де, көзін жұмып, бетін екі қолымен баса қойды. Сәл кідіріп, көзін ашып, орнынан атып тұрды да, тесіктен жып-жылдам сыртқа шығып алып, жүгіре жөнелді. Ол қайтсе де осы селодан шығып кеткісі келіп, тура далаға қарай тартты. Жан ұшырып жүгіріп келеді, жүгіріп келеді...
Мұның қашып келе жатқан бағыты «Көк орман» еді. Жақын маңда орман болмаған соң, партизандар осы орманда шығар деп жорамалдайтын. Міне, қазір де «Ивандар немістерден қашып кеткен болса, осы «Көк ормандағы» партизандарға барып паналаған шығар»,- деп ойлап келеді. Оның екі көзі мұнартып көрінген «Көк орманда».
«Көк орман» Пи селосынан төрт-бес шақырым қашықтықтағы шағын ну тоғай еді. Ағашының дені қарағай болғандықтан, ол қысы-жазы жап-жасыл болып көрініп тұратын. Оның үстіне, сол орманды айнала қоныстанған селолардың үйлерінің мұржаларынан шыққан көк түтін де соған жиі оралып, алыстан көкмұнар көрсететін. Әлде осыдан




ба, әйтеуір, осы шағын орман атам заманнан бері «Көк орман» деп аталатын.
Миша жол ортаға жеткенде, селодан қуғыншы жандармдар да ідықты. Миша куғыншыларды көргенде, жанын қоярға жер таба алмады. Кіріп кетерге тесік жер болмаған соң, жан дәрмен қылып алға қарай жүгіре берді, жүгіре берді. Міне, орман да алыс емес. Бірақ жаяу қуғыншылардың соңынан екі мотоциклист шығып қуып келеді. Жан ұшырған Миша, орманның шетіне ілінді. Сол кезде куып жете алмайтынын біліп, орманға кірсе көз жазып қалармыз деген жендеттер екі автоматтан ок жаудырып жіберді. Миша орманның шетіндегі бір жіңішке қарағайды қүшақтай алды. Ол денесін ауырсынып, сэл кідірді де, бұрылып артқы жағына карап еді, жендеттер «өлген шығар» дегендей, мотоциклдерінің жанында сойдиып- сойдиып тұр екен. Миша есін жиғандай болып, ілгері жүрмекші болып еді, жүре алмады. Өз денесін кан жауып кеткенін көріп, ол шошып кетті.
- Ваня!- деп, бар даусымен айқайлап жіберді. Оның сэби кеудесінен кысылғанда шыккан жіңішке даусын орманның әр ағашы да «аянышты халінді ағаңа жеткізейік» дегендей, Мишамен бірге косарлана бірінен соң бірі қайталап, орман ішін шарлап кеткендей болды. Енді бір сәтте эбден элсіреген Миша жерге құлап түсті. Енді ол май айының көтеріліп қалған шөбінің тасасынан жендеттердің қарасын көре де алмады. Сәл сұлк жатты да, басын көтеріп ілгері қарай еңбектеді. Уыз денесінен аккан ыстық қан жасыл шөпті қызыл бояумен бояп келеді. Елу- алпыс метр-дей еңбектеп келді де, бір топ бүргеннің ішіне кіріп сұлқ жата кетті. Ары жылжуға еш дәрмені жок. Қимылсыз жата берді. Көз алдында мотоциклге мінген, автомат кезеніп тұрған неміс солдаттары елестесе, элсіз жан-жүрегі түршігіп кетеді. Кей кезде өз адамдарын елестетіп қалса, сөйлескісі келгендей ауызын жыбырлатады. Немесе Иван ағасы, туыстарын кұшақтағысы келіп, қимыл жасайды. Жоқ, сөйлеуге де, басқа қимыл-әрекет жасауға да дэрмені жоқ. Құр сезім жүйесі ғана соған көңілін жетектейді. Сол өмір мен өлім арасындағы бірқыдыру елес үстінде жатқан Мишаның ойы бірте-бірте тұманданып барып, үзіліп кетті. Бэрі де ғайып болды. Күнәсіз сәби бала сол етпетінен түскен күйі мәңгі көзін жұмды...
Соңынан анталай куған жендеттер канды-жоса ізбен келіп Мишаның жансыз денесінің үстінен түсті. Бүргенді ашыгі «көр!» деп бір жендет барқ етті. Бірақ Миша қайдан түрсын!..




  • Миша кайда екен?- деп сұрады Серік катарласа беріп, Галянып егіліп жылап келе жатқанын Серік байқаған жок еді. Галя бірден жауап бере қоймағанын түсінбеген бала:

  • Мишаның қайда екенін ешкім білмей ме?- деп тағы да сұрау беріп, оның бетіне үңіле қарады. Галяның көзіндегі жасты көріп, жалма-жан:- Неге жылайсың? Галя, жылама!- деді аяк астынан не дерін білмей калып.

  • Мишаны немістер өл-тіріп-ті! Оны өл-тіріп-ті!- деп Галя онан бетер егіліп жылады. Серік бұрылып село жаққа тағы бір карап койды да:

  • Витяны да өлтіріп пе?- деп сұрады. Галя басын шайқап:

  • Жоқ,- деді. Сонан соң екеуі де біріне-бірі тіл қатпастан жалғыз аяқ жолмен жүріп келіп сайға түсті. Бұлактан су ішіп, Галя бетін жуды.

  • Сережа, осы біз адасып кеткеніміз жоқ па?- деп, Галя жан-жағына қарады.

  • Жоқ, Галя, адаспаймыз. «Сережа адастырмайды» деп саған командир айтып еді ғой. Қорықпа. Бұл жерден Иван ағай екеуіміз талай рет жүргенбіз. Ал кане, айтшы, селоға сен бардың ғой, командирдің тапсырмасын орындадың ба?- деп, Серік Галяға қадала қарап жауап күткендей болды.

  • Орындадым. Бірақ отрядқа тез жетуіміз керек. Айтатын асығыс хабар бар,- деп, Галя жалғыз аяқ жолға түсіп жүгіре жөнелді. Соңынан Серік те жүгіріп бара жатты...

Галя мен Серік отряд штабына кірді. Штаб бастығы Федор Нагайцев үстел үстіндегі қолындағы километрлік қартасын планшетіне бүктеп салып жатыр екен. Ол балаларды көріп қуанып кетті:

  • Аман келдіңдер ме?- деп екі кішкентай барлаушысын алма-кезек қүшақтап, бастарынан сипады. Ол екеуін екі жағына отырғызды да:- Ал, не хабар әкелдіндер, айта беріңдер,- деп «сен сөз баста» дегендей, алдымен Галяға қарады. Галя жылап жіберді. Ол егіліп жылап отырып, Мишаны жандармдар «Көк орманда» өлтіргенін, ертең кешке Мария апайды жауап алуға Македон селосына әкелетінін хабарлады. Онымен қоса Галя бастыққа ол жақтан беріп жіберген кағазды тапсырды. Серік Галя сөзін құптағандай, екі көзі жасаурап, басын анда-санда изеп қойып үнсіз отыр. Штаб бастығы орнынан тұрды да:

  • Енді өздеріңнің топтарыңа барыңдар. Демалыңдар,- деді. Екі бала штабтан аяқтарын баяу басып шығып кетті.




Сол күні кешке Мария Николаевна Абраменконы азат етуге партизандар тобы жолға шықты.
Ел орынға отырған кез. Тас жолдың екі жағына бөлініп орналасқан халық кегін алушылар қаһарына мініп жатыр. Село жақ тып-тыныш. Ешбір үйдің терезесінен шам жарығы көрінбейді. Шәуілдеген ит те үрмейді. Николай Михайлович ауыр күрсінді. Ол осы селода туып өскен. Осы селода қуанышты жастык шағын өткізген. Осы селода үйленіп, осы селода бірінші рет бала сүйген. Осы селода селолык совет председателі болып кызмет істеген. Талай думанды кештерді өзі бастап, өзі тарқатқан. Енді, міне, сол село шетіне жасырынып келіп бас көтермей бұғып жатыр. Өз қолымен салған үйін фашистер өртеп жіберген. Сүйген жары жандармдар қолында, осы селода, осы селода Викторы - жалғыз үлы тағы бар. Бірақ оның қайда екенін де білмейді. Селоға жіберген барлаушылар элі қайтып оралған жоқ.

  • Николай, болар іс болды. Әрине, Марияның халі бәрімізге де аянышты, бэріміздің де қабырғамыз қайысады. Бірақ барлығы да отан үшін. Бэріміз де отан үшін бел шешпей жүрміз. Отан үшін құрбан болуға бэріміз де эзірміз. Сен байқа, Иван Кузьмичтің сөзін есіңде сақта. Асығыстық жасап орынсыз жерде мерт болып кетпе,- деп ескертті оның оң жағында жатқан топ командирі Василий Клопов. Николай Михайлович біраз үнсіз жатты да:

  • Вася, Витяны өзіміздің адамдар жасырған шығар. Оған кам жемеймін. Марияны ойласам жаным күйзеледі. Ол ауыр азап шекті ғой. Әрине, мен оған сенбейді емеспін, сенемін. Ол ешкімді ұстап бермейді. Өлсе адал өледі. Бірақ күндіз-түні ұрып-соғу, азаптауға оны қимаймын,- деді Абраменко даусы сәл дірілдеп.

Сөйтіп жатқанда барлауға кеткен Иван Еаман мен Серік те келді.

  • Мария апайды азғын Андрейдің үйіне түсіріпті. Екі сағаттай жауап алыпты. «Ешкімді білмеймін. Бұл селода ешкімнің партизандармен байланысы жоқ» дегеннен баска ештеңе айтпапты. ¥рып-соғыпты, онда да айтпапты. Сонсон зорлап арақ ішкізіпті, бірак сонда да ешбір бөтен сөз айтпаса керек. Казір селодан бері шығады. Ржищев түрмесінде жатқан тұтқындармен беттестіріп, жауап алмақ деседі. Алып келе жаткан неміс офицерінің жанында төрт неміс солдаты, он




полицай жэне Миронов аудандық полициясының бастығы Синявский бар көрінеді. Жиыны он алты. Ал Витядан элі хабар ясок. Ольга Карповна мен Григорий Романовичке жолықтым. Олар іздестіріп жатырмыз, оған қам жемеңдер дейді,- деп баяндады Гаман барлау нэтижесін.

  • Жарайды, Иван Кузмичке баяндаңдар да, орындарыңа барыңдар,- деді топ командирі барлаушыларга.

Серік пен Иван жолдың сол жағына шығып көрінбей кетті. Бұл сапарға Клопов тобымен бірге отряд командирі Иван Кузьмич Примактың өзі де келген еді. Ол жолдың сол жағына орналасқан пулеметшінің жанында болатын.
Енді бір жарты сағаттан соң машина моторының гүрілдеген даусы естіліп, селодан бері шыққан кезде, оның жарығы да көрінді. Машина Македон - Ржищев тас жолымен селодан өрге қарай көтерілетін. Машина үсті-үстіне газ беріп, ауыр жүріп келе жатыр. Демек, жүгі де ауыр. Тосқауылға, міне, жақындап та қалды. Клопов отряд командирінен оқ атуга рұқсат сұрап, қол фонарын сол қолына ұстап, оң қолындағы кепкесімен жау көріп қалмас үшін фонарьдың алдыңғы жағынан қалқалап, қызыл жарықпен белгі берді. Отряд командирі «тоқтай тұр» дегендей, көк жарықпен жауап берді. Ендігі бұйрықты Иван Кузьмичтен күткен Клопов сол жақтан көз айырмады. Машина елу-алпыс метрдей келгенде ғана отряд командирі қызыл жарықты жарқ еткізді де, оның жанындағы пулеметші «дегтяревтен» оқ боратып қоя берді. Жолдың оң жағынан да, сол жағынан да оқ атылып түн тыныштығы бұзылып кете барды. Машина табандап барып тоқтаса да, жарығы өшкен жоқ. Әрине, оқ мотор мен машина қорабының үстінде түрегеліп тұрған жендеттерді камти атылған. Сол сэтте:

  • Болатов, алға!- деп айқай салды Клопов. Жолдың жиегінде жатқан үш партизан алға ұмтылғанда, Абраменко да орнынан атып тұрды. Бірақ оны Клопов шап беріп ұстай алып жібермеді. Сөйткенше болмай машина маңынан оқ атыла бастады. Машинаға карай ұмтылған үшеуі де көзсіз ер жігіттер еді. Алдарында атылған оқтан тайсалмады. «Мен жаралымын» деп үшеудің бірі - Виктор құлап түсті. Оны екінші партизан сүйемелдеп жатқанда Вася Болатов айқай салып, машинаның жанына тебініп жетіп барды. Оның тайсалмастан жетіп барғанынан зәресі ұшып кеткен жендеттердің ешкайсысы оқ ата алмады. Болатовтың сол қолындағы гранатты көргенде, машина жанында жатқан үш полицай колдарындағы винтовкаларын тастап қолдарын көтерді. Ашу кернеген Болатов: «Неге оқ




атасыңдар? Сендер партизан отрядының ко рш ау ы н дас ы ңд ар!»- деп тебініп барып, оң қолындағы «ТТ» пистолетімен үшеуін үш басты. Ол жолдың оң жағындағы жырада жаткан екі жендеттің де жандарын жаннамға жіберді. Ең батыр достарының бірі оққа үтпкан соң, Болатов еш нэрсеге қарамады, жауды оңды-солды жайпай берді. Өзінің арпалыс кезіндегі эдеті бойынша күні бұрын дайындап алған пистолет обоймасын бірінен соң бірін босатып, босағанын қалтасына сала берді. Ол енді машинаға қайта оралды. «Мені атпаңыз? Мен тілмаш едім»,- деп мүсіркенді машина астынан бір әлсіз дауыс. «Шық бері!— деп тебінді оған Болатов. Ол қолындағы пистолетін тастай беріп, орнынан түрып, екі қолын көтерді. «Тілмаштықтан басқа жұмыс таппадың ба, тілмаш болсаң, о дүниеде де тілмаштық жаса»,- деп оны да атып салды. Басқа партизандар ұзап қашқандарын құртып жүрген болу керек. Әр тұстан мылтық атылады. Сол сәтте: «Примак, мен Синявскиймін. Мені атпаңдар. Мен сендерге бэрін айтамын»,- деп дауыстады машина үстінен біреу. Енді Болатов қарғып машина үстіне шықты. Қолын көтеріп тұрған адам «мені атпаңыз, мен сіздерге көмектесемін»,- деп безек қақты. «Сен азғыннан кім көмек сұрайды? Мен саған көмекті көрсетермін қазір!- деп Болатов пистолетін көтере бергенде:

  • Вася, Синявскийді атпа, тұра тұр. Атпауға бұйырамын!- деп дауыстады анадайдан отряд командирі. «Бұйырамын» демесе, Болатовтың тоқтамайтынын білетін Примак: «Бұйыра- мын, атпа!» - деп тағы айқай салды. Енді атуға болмайтынын сезген соң ашу кернеген Болатов элгі жауыздың беліндегі пистолетін белбеуінен сыпырып алды да, қолындағы пистолетінің қырымен оны бастан бір салып, машинадан жерге түсіріп жіберді. Осының барлығы көзді ашып-жұмғанша төрт- бес минут ішінде болған окиға. Машинаның алдыңғы жағында ыңырсып жаралы жатқан Марияны Болатов енді ғана көрді.

  • Мария, тірімісің?- деп, Болатов Марияны жатқан жерінен көтеріп алды.

  • Сендер ок ата бастаған кезде мені бір жендет атып жіберді. Николай бар ма?- деді Мария кинала сөйлеп.

  • Бар. Келеді қазір,- деді Болатов.

  • Мария, Мария!- деп Абраменко да келіп жетті сол кезде.

  • Мария жаралы. Міне,- деп, Болатов Марияны машина үстінен Николайға ұсынды. Николай Мариясын көтергеннен көтеріп апарып, жол жиегіне жатқызды.

  • Николай, Витя, Витям қайда?- деп сұрады Мария жалғыз ұлын.




_ Витя отрядта,- деп жауап кайтарды не дерін білмеген күйеуі. Сол кезде Марияның қасына Серік жетіп келіп:

  • Мария апай,- деп бассалды.

  • Сережамысың? Тірі жүрмісің? Мамаң, Бористер кайда? Менін Витямның досы ғой!- деп Серікті аймалап жатып Мария жан тапсырды. Болаттай берік патриоттың басында тұрып халык кегін алуға ант етті партизандар.

  • Машинаны пайдалануға болмайды, қирап калыпты,- деп баяндады машина тілін білетін топ командирі Клопов, Иван Кузьмич оған қатты қиналды. Марияның сүйегі мен ауыр жаралы Викторды қалай алып жүрмек? Қысқа таң атуға да айналды.

  • Вася, тез қамданыңдар. Марияның сүйегін Григорий картқа тапсырыңцар. Викторды да астыртын ұйымға жасырын тастап кетпесе болмайды. Манағы келісім бойынша жүре беріңдер. Біз Серік екеуіміз сендерді қуып жетеміз,- деп бұй- рық берді отряд командирі Примак. Клопов бастаған парти- зандар тобы тосқауыл жасаған жерден ұзап кетіп бара жатты.

Иван Кузьмич Серікті ертіп, партизандар байлап тастаған тұтқынның жанына келді. Серік оның қолын шешті, орта бойлы, дембелше, отыздарға келген тұтқын ақсай басып орнынан тұрды. Бұл Миронов аудандық полиция бастығы Синявский еді. Ол Примактың жерлесі, тіпті екеуі бір кезде бірге оқыған. Соңынан ол орман шаруашылығы ма, әйтеуір бір жоғары оқу орнын бітіріп, соңынан Қызыл Армия қатарында болған. Немістер жаулап алысымен Миронов аудан орталығына келіп, басқыншыларға беріле қызмет істеп, аудандық полиция бастығына дейін жоғарылаған. Примак оның полиция бастығы болғанын білмейтін еді. Бір күні астыртын жұмыста жүріп Примак жандармдардың қолына түседі. Неше күн бойы жауап алып, оны азаптайды, дүре соғады, етіне темір кыздырып басады. Ол ешбір жауап бермейді. Сонсоң неміс фашистері: «Әлде өз ұлтына жауап алдырсақ, жауап берер ме екен?»- деп, оны полиция бастыгының қарамағына береді. Примакты кезекті жауапқа алып келсе полиция бастығы болып отырған Синявскийді көреді.
«Бұл азғындық тақтың иесі сен екенсің ғой,- дейді Примак оған. Ол не дерін білмей қалады да: «Иә, менмін»,-дейді. «Онда сен болсаң алдыңа келдім»,-дейді Примак. «Не істейін саған?»- дейді Синявский. «Не істесең еркің. Билік сендердікі, өкімет сендердікі»,- дейді Примак. «Сен қай өкіметтікісің?»- дейді




Синявский. «Мен совет өкіметіне бағынамын. Коммуниспін. Сен фашист өкіметіне бағынасың, өз халқыңның мүддесін сатқан азғынсың. Осының барлығын біле отырып несін сұрайсың?»- дейді Примак. Екеуі эрі айтысып, бері айтысып, ақыры Примак: «Сен, тегінде бірге оқып едім, жерлесім еді деп аяма. Тек жау қолында қалған украиндық туғандар үшін мені бір рет босат. Екінші рет колға түссем өзің де аямассың»,- дейді.
Ол халық үшін емес, «бет көрсе жүз ұялады» дегендей, Примактың түрмеден кашып шығуына көмектеседі. Сонан, міне, бүгін өзі қолға түсті. Примак онан өзіне керекті көп мәліметтерді сұрап алды да:
- Сені босатайын. Сен Мироновка түрмесіндегі басты- басты саяси іүткындарды босатып жібер. Сонсоң элгі өзің уэде берген істі екі күн ішінде орында,- деп тапсырма берді. Ол отряд командирінің тапсырмаларын бұлжытпай орындауға уэде етті.
Екі жүзді азғын Синявский сөзінде тұрмапты. Мироновкаға барысымен барлық тұтқындардың бірін де қалдырмай атқызып тастағанын партизандар кейін естіді.
Бір жетіден кейін партизан отряды лагерінен Викторды іздеуге жэне Македон селосындағы кару-жарақ, оқ-дэрі қоймасындағы қалған керек-жарақты алып қайтуға Василий Клопов басқарған партизандар тобы жолға шықты. Бұл топ сапарға шығарда Николай Абраменко арнаулы тапсырмамен Канев жаққа кеткен, лагерьде жоқ еді. Клопов басқарған топтың қүрамында Македон селосы бойымен түнде талай жортқан Серік те бар. Топ күндіз орман іші, сай-саламен суыт жүріп отырды да, Македон селосының батыс жағындағы қалың шие бағына тоқтады. Сол арада кім қайда барып, қандай тапсырма орындайтынын Клопов анықтап берді де, Серікті байланысшы-хабаршы ретінде өз жанына қалдырды. Қас қарайып, ел орынға отырды-ау деген кезде, эркім өз тапсырмасын орындауға кетті. Ююпов пен Серік кеткен жігіттер тапсырмаларын орындады-ау деген кезде Викторды іздеуге шьщты. Екеуі бақ ішімен Ольга Карповна Семещенконың үйіне жақындап келіп, тың тыңцап, біраз тұрды. Село қайғылы қара жамылғандай жым-жырт. Бақылдап жататын көл бақалары да, шәуілдеп үретін иттер де қаралы сияқты, ешбір дыбыс бермейді. Село адамдары болсын-болмасын қаралы. Олар қатаң бақылауда. Кеш батысымен бірде-бір адам көшеге шыға




алмайды. Үйінен әлдеқалай шыға қалған адам көшеде жуан келдек ұстап жүрген жендеттердің қолына түседі. Қолға түссе «партизансың» деп ұрады-соғады, атады-асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет