Тандамалы


Вася, элгі балалардың не үшін жүргенін де сұрамаппыз Ғ0Й. Лагерь аман ба екен?- деді



бет8/44
Дата03.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#134197
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44
Байланысты:
жау тылындағы

_ Вася, элгі балалардың не үшін жүргенін де сұрамаппыз Ғ0Й. Лагерь аман ба екен?- деді.
_ Лагерь аман дейді. Шамасы бүгін-ертеңдер жазалау- шы отряд осы орманды сүзетін сияқты. Соны хабарла деп командирге жіберсе керек. Қазір командирдің өзі баска жаңалык болса айтады ғой,- деп жауап қатты Василий.
Сөйткенше болмай «тоқтаңдар» деген команда берілді де, батальон командирлері отряд командиріне кетті. Жарты сағат өтпей-ақ салт атты партизан тобы ілгері карай жүріп кетті.
Борис отрядпен бірге қалды. Серікті салт аттылар тобының командирі Гриша Вовко бір атқа мінгізіп ертіп алды.
Серік жастайынан үлкен әкесі Мерген шалдың колында, колхозда өскен. Ауылда жастайынан атқа мініп үйренген, атгын құлағында ойнайтын. Талай рет тойларда ат жарысына катысқан. Міне, Серіктің осы сырын білетін командир Вовко оны тастағысы келмеді.

  • Сережа, бері кел!- деп Серікті касына шақырып алды да:- Өскенде кім болғың келеді?- деп сұрады.

  • Мен бе?- деп, Серік сэл кідіріп қалды да «осы шын сұрап келе ме» дегендей, командирге карады.

  • Иэ сен, кім болғың келеді өскенде?- деп Вовко кайта сұрады.

  • Атты әскер командирі, не болмаса артиллерист болғым келеді,- деді де, Серік күрсініп қойды.

Серіктің неге күрсінгенін түсіне қойған командир сөзді басқа жаққа бұрмақшы болып:

  • Сережа, Борис екеулерің анадағы полицайды кайдан ұстап алдыңдар, соны айтшы,- деді.

  • Е, оны қойыңызшы, ол мас полицай ғой. Ұйықтап жатқан полицайдың мылтығын алдык та, екі колын артына кайырып байлап болған соң, оятып лагерьге алып келдік. Ондай есуас масты Борис екеуіміз түгіл, ана кішкентай Вова мен Миша да лагерьге алып келе алады,- деп, Серік мініп келе жатқан қара төбел атының төгіліп тұрған шымқай қара жалын оң қолының саусактарымен тарап қойды да, астындағы офицерлік ер- тоқымына қызыға карады.

  • Ол қарсыласпады ма?

  • Қайдан қарсылассын! Қолында мылтығы жоқ болса, тіпті екі қолы бірдей байлаулы болса, не істесін. Борис мылтығын




әзірлеп алды да, кезеніп соңынан жүріп отырды. Мен полицайдың мылтығын иығыма асып алып, өз мылтығымды эзір ұстап, Бориспен қатарласып жүріп отырдым.

  • Е, мылтық деп келе жатқанын мынау ма?- деп Вовко Серіктің мойнында автоматша көлденең асулы келе жатқан винтовка кесіндісін қамшысымен нүсқады. Сыннан өткен, мылтық атуды жаксы білетін жас партизандарға қару ретінде осындай винтовка кесінділері берілетін. Ол дүмі мен стволын қысқартып кесіп тастаған кэдімгі винтовка. Алып жүруге өте қолайлы, маузердің ұзындығындай болады. Әрине, онымен алыстан атып, жауға дэл тигізе алмайсың. Оның оғы винтовка оғы жететін жерге жете де алмайды. Ол жақын жерден атуға, үйдегі айқасқа қолдануға, астыртын жұмыста жүрген адамдарға ұстауға өте қолайлы қару. Атқанда даусы кэдімгі винтовкалардан қатты шығады. Бұл винтовка кесінділері азамат соғысы кездерінде де қолданылыпты. Міне, сол айбынды қарудың бірі кэзір Серіктің мойнында келеді. Серікмылтығына карап қойды да:

  • Жолдас командир, бұл мылтык болғанда кандай! Бұл зеңбірек! Ол полицай сол арада қарсыласса, көресісін көре- тін еді. Мұнымен атсам, оның мойнын түп орнымен жұлып әкетеді. Анада Тарас атай күзетіп отырған неміс солдаты кашканда, атай сасып калып, Борис «зеңбірегімен» басып калғанда, қалпақтай ұшқаны қайда фашистің?- деп мақтады Серік мылтығын.

-Сонда осы «зеңбірекпен» атып паеді Боря?-деп, командир сөзден жеңіле бастағандай болды.

  • Иә, осымен атқан. Онда Бористің «зеңбірегін» Гаман ағай барлауға алып кетпеп пе еді,- деді тағы Серік өткенді командирдің есіне салып.

Командир сағатына карады да, «жылдам жүріңдер» деген белгі берді. Сол жүргеннен суыт жүріп отырып, салт аттылар тобы лагерьдің кауіп төніп тұрған терістік жағына өтіп, орман шетіне келіп бекінді. Серік командир пакетімен лагерьге тартты.
Серік лагерьден қайта шығып келе жатты. Ол Анна Ивановнаның «Ақырын жүр, жыгылып каласың»- деп ескерткен сөзін екі еткісі келмейді. акырын жүріп келеді. Жол ортадан асқан кезде іші пысты ма, немене, бір жалғыз аяк жолға түсті де, ойға қарай желе жөнелді. Қара төбел ат еті қызып алған соң ауыздықпен алысып, жүрісін барған сайын




үдете түсті. Сол жүргеннен жүріп отырып, Серік орманның терістік-шығыс шетіне қалай шыққанын да сезбей қалды. Ағаш сиреп, алыстан бір село мүнарланып көзге түсті. Серік тізгінін тежеп тоқтай қалды. «Бұл қалай, адасып келе жатыр екемін ғой. Анау Григорьевка селосы, анау көрінген су - Днепр»,- деп күбірледі де, қаратөбелдің басын солға шұғыл бұрды. Енді адаспас үшін орманның шетінен алыстамай терістік- батыска қарай жүрді. Желе-жортып келе жатып ат ауыздығын сүзіп, басын ілгері изеп қалса, Серік тізгінінен айырылып қалатындай сезінеді. Тізгінін кішкентай қолына орап, қос қолдап тежеп ұстап келеді. Бір кезде Анна Ивановнаға еріп, осы көрінген Григорьевка селосына талай рет келгені есіне түсіп, Серік оң жағына қарап еді, оның көзі бір сұмдықты шалып қалды. Селоның бергі жағындағы шағын орманға қарай село жақтан келе жатқан бір топ кара киімділерді көрді. Барлауға жиі шығып, тәжірибелі партизандардың жанында көп жүріп калған Серік тоқтай қалды. Екі көзі сол село жақта. Қара киімділер соңынан көк киімділер шұбап келе жатыр. Олардың саны тым көп сияқты көрінді. Олар шағын орманға кіріп жатыр, кіріп жатыр, кіріп жатыр... Олардың қара киімділері полицайлар, көк киімділері неміс солдаттары екенін Серік бірден білді. Ол енді жаудың қалай бет алып келе жатканын анықтап білгісі келді де, атын тасаға байлап, өзі ағаш-ағаштың қалкасымен бұтағын жан-жағына еркін жайып тұрған жуан сары қарағайдың түбіне келді. Әлгі жакка көз жіберіп еді, ештеңе көре алмады. Сонсоң қарағайға өрмелеп шыға бастады. Жоғары шығып барып қарап еді, бүкіл село, оның маңайындағы сирек өскен ағаштар аяғының астында жатқандай болып көрінді. Көк киімділердің соңы орманға жақындағанда, қара киімділердің алды ол орманнан шығып, бораннан ыктап келе жатқан малдай Серіктің өзіне тура келе жатқандай болды. Серік абың-күбің агаштан түсті де, атына мінді. Ол енді жан-жағына қарамастан шаба жөнелді. Сол шапқан бойы тосқауыл жасап жатқан салт атты партизандар тобына келіп, алдынан шыккан Иван Ломакодан:

  • Командир қайда?- деп сұрады.

  • Оны қайтесің, аттан түс, әңгімелесейік. Лагерьдегілер аман ба екен?- деді Иван Серіктің тізгінінен ұстай алып.

  • Жау ана жақтан келе жатыр, өте жақын жерде. Командир кайда?- деп, Серік тебініп қалғанда каратөбел атып кетіп, Иван тізгінінен айырылып қалды. Иван: «Ана ағаштың түбінде




жатыр»,- деп командир жатқан жерді нұскап жіберді. Серік командирдін жанына келіп атынан түсе қалды да, оған көрген- білгенін түгел баяндады. Командир кішкентай барлаушының сөзін мұкият тыңдап алды да: «Ол жендеттер қырмен шыкпай, Днепр бойымен келген ғой»,- деп күбірлеп жүресінен отыра кетіп, планшетінен алған ақ қағазға бірдемелерді жаза бастады. Серік командирдің ендігі бүйрығын күткендей атының тігізіні үстап тұра берді. Қаратөбел ат пысқырып, жер тарпиды. Серік оның танауынан сипап, мойнынан қағып қояды.
Командир жазған қағазын төрт бүктеп, орнынан тұрды да:

  • Осы жерге өзіміз жүріп келген жолды білесің ғой. Сол жолмен шауып барып мына қағазды Иван Кузьмичтің өз қолына тапсыр. Олар біздің ізімізбен келе жатыр. Түсіндің бе, Сережа? Тез бар. Бүл жауапты тапсырма,- деді Вовко.

  • Түсінікті,- деп, Серік қағазды вельветкасының төс қалтасына салды да, атына қарғып мінді.

-Жолың болсын, Сережа!-деді командир байланысшысына сүйсіне қарап түрып. Серік атының басын кейін шүғыл бүра беріп:

  • Қайтып осы жерге келейін бе?- деп сүрады командирден.

  • Жоқ, біз бүл жерде болмаймыз. Отрядпен бірге боласың. Сенің қайда болатыныңды Иван Кузьмич біледі,- деді командир.

Серік «түсінікті» дегендей басын изеді де, қаратөбелге қамшы басты.
Иван Кузьмич километрлік картасына қызыл қарындашпен үш-төрт белгі салды да, картаға үңіліп, жанында түрған Константин Спижевойға қарап:

  • Міне, осы жерлерге «максимкаларды» орналастыр да, мына екі ортаны ашық қалдыр. Олардың алдыңғы шолушылар тобын өткізіп жібергеннен кейін, бұл жерге екі «дегтяревпен» бекіт. Өте сақ болыңдар. Жау шолушылары бұл қақпаға ешбір күдіксіз кіретін болсын. Жаудың қалың қолы 50-60 метр жақындамайынша оқ атпаңдар. Вовко мына жеке шоқ қарағай ішінде. Сендер жаудың бетін пулемет оғымен бората тойтарған кезде, олар да кылыштарын көтереді. Жауды мына арадағы еңісте біржола жойып жіберу керек,- деп картаның коңырлау бояумен қисык-кисық сызылған жерін командир қарындашпен айналдыра сызып көрсетті. Сонан кейін Спижевойдың бетіне қадала карап отырды да:- Саған көмекке Бутенко мен Алексеенколар да жетеді,- деп корытты ол сөзін.




  • Түсінікті, жолдас командир. Бұйрығыңызды орындауға рұксат етіңіз!- деп Спижевой тік тұра калды.

  • Рұксат. Байланысшыны байқап жұмсаңдар. Оны оққа ұціырып алмаңдар. Жолдарың болсын!-деді отряд командирі.

  • Жарайды. Біздің Сережаға ок тимейді. Ол ок тимес. Ол кайда? Амангелді (партизандар оны Амангелді деп атап кеткен еді), баста жолды,- деп, Спижевой анадайда Бористің қасында тұрған Серікке дауыстады. Серік партизандар тобының алдына тұсіп, Кузьмичпен қоштасқандай, ат үстінен қолын бұлғады. Командир Серікке «сақ бол» дегендей, сұқ саусағымен белгі берді. Сол арада отряд екіге бөлінді де, жартысы айкасқа аттанып, жартысы лагерьге қарай беттеді.

Командир Спижевой дүрбімен қарсы алдындағы биіктікті бақылап отыр. Ағаш арасынан село үйлері ағараңдап көрі- ніп тұр. Бұл өзі туып, жастық шағын сайрандап өткізген Григорьевка селосы. Бір кезде өзі асыр салып ойнаған селосы, міне, енді жау қолында. Сонда жетпіске келген кэрі анасы Софья Павловна мен өзінен үлкен апасы Надежда Ивановна тұрады. Олар қазір онда тұрып жатқан жоқ. Күндіз жасырынып, түнде ғана барып ағайын-туғандарының үйлерінен тамақ ішеді. Фашистер селоға келісімен, оның экесі Иванды асып өлтірген. Үйін өртеп жіберген. Софья Павловна мен Надежда Ивановна үйде жоқ болып аман қалған. Өзі болса Қызыл Армия қатарында еді. Болған оқиғаны қоршауда қалып, кейіннен туған селосына түнде жасырын келгенде бір-ақ білген. Бір жетіден кейін «Совет Армиясының офицері» деп өзін де қуғын-сүргінге салған басқыншылар. Сол күндерден бастап Емельян Демьянович Ломако, Сильвестер, Василий Горовенколармен бірге селода астыртын ұйым жұмысына басшылық етіп ашық жүруді қойған. Кейіннен Переяслав, Канев аудандарындағы астыртын ұйымдарды ұйымдастырған, партизан отрядының бір бөлімшесін басқарып, міне қазір кезде ол ірі отрядтың бір батальонын басқарып, тосқауылда отыр. Ол дүрбісін жайлап селодан солға қарай бұрды да, бір шоқ қарағайға экеліп тоқтатты. Бірлі-жарым көк киімділер көрінеді. Дүрбісін онан төмен - сайға карай жылжытып еді, топтанған қалың жау көрінді. Ол «мыналарды көріп тұрсың ба, жоқ па?» дегендей, дүрбісін сол жақтағы «Вовко мына шоқ қарағай ішінде» деп Иван Кузьмич айтқан шоқ қарағайға тіреді. Бірақ онан ешкімді көре алмаған соң, «әлде қателесіп басқа бір жерге қарап тұрмын ба» дегендей, дүрбісін көзінен




алып жай көзімен де қарап көрді. Жоқ, қателескен жоқ екен, сол шок қарағай, бірақ мықтап жасырынған болулары керек, ешкім көрінбейді. Спижевой енді дүрбісін қайта жау тобына бағыттады. Иә, көп-ақ. Дені көк киімділер, демек, көбі немістер - баскыншылар. Азы қара киімділер - сатылған үлтшылдар. отанын сатып басқыншыларға қолшоқпар болған - полицайлар. Олар жаудан да қауіпті. Өйткені олар жердің жағдайын жақсы біледі, тұрғын халықты эбден таниды. Олар ел үшін зор апат. Олардың айтуы бойынша басқыншылар совет адамдарын атып- асып жатыр. Жау сайға көп аялдамады. Олар бері қарай ағылып келе жатыр. Жауды Спижевойдың қасында жапырак арасында демдерін іштеріне тартып жасырынып түрған Серік пен Борис те көріп тұр. Екеуі «командир келе жатқан жауды көрмей тұр ма» дегендей, Спижевойға қарап кояды.
Міне, он шақты кара киімділер жакындап калды. Тіпті, орманның жиегіне де ілінді. Бірақ олар жұбын жазбай келе жаткан жоқ. Винтовкаларын кезеніп, бытырап, әркайсысы эр жерден келіп, орман шетіне кірді. «Қарашы азғындарды, баскыншылар айдап салғанға аңша аңдыздап келе жатқанын! Батыр болса, сендерге дос болса, басқыншылардың өздері неге алға жүрмейді? Өздері бірінші болып орманға неге кірмейді?»- деп тісін қайрап отыр Константин Иванович.
«Жау орманға кіріп кетті, неге атпадык» дегендей, Серік командирге таңдана карады. Константин Иванович «кіре берсін, оларды жігіттер ұстайды» дегендей, колын сермей салды Серікке. Серік командир ойын түсінгендей болып, қайтадан алғы жаққа көз жіберді. Жақындап қалды. Серік пен Бористің неге оқ атпайды деп тағаты кете бастады. Константин Иванович Спижевой жиырманың төртеу-бесеуіндегі кара торы, бұйра шаш, денелі, сымбатты жігіт еді. Оның көркемдігіне акылы сай, ұстамды, сабырлы командир. Партизан соғысы эдісін эбден меңгерген адам. Ол бұл айкастың жөн-жосығына қанык. Сондықтан ол уақыты жетпей козғалмас...
Жау көздеулі жерге келген кезде Константин Иванович ракетницасын ілгері қарай созды да, жауға карай қызыл ракета тастады. Сол-ақ екен, пулеметтер үн қосты. Бірнеше жерден станкалық пулеметтер оқ боратып жатыр. Атылған пулемет, автомат, винтовка даусына кол гранатасы көмекке келді. Осы бір төрт-бес минут ішінде орман жаңғырығып, аспан астын күңірентіп жіберді. Ок астында қалған жау кейін қарай ойысты. Сол сәтте сол жактан Вовко аттылары шыға келіп шегінген жауға




тап берді. Жаудың ойдан бері шығып үлгіре алмағандары сайды кұлдилап Днепрге карай бассауғалап барады. Осы жанапыс- жанберіс айкас үстінде командир Серікті пакетпен Вовкаға, ал Бористі оң қанаттағы Янцелеевичке жіберді. Командирдің өзі пулеметшілерді оң қанатқа жылжытып, қашып бара жатқан жауды өкшелей атуға бұйрык беріп, Спижевой команда пунктінде қалды. Жан-жақтан ұтылай соққан партизандардың тегеурінді шабуылына төтеп бере алмаған жау, кез келген жакка бассауғалап, көбі оққа ұшты да, жартысы қолға түсті. Днепрге қарай ойыскан жау тобын оң канаттағы Янцелеевич партизандары жойып жіберді. Аттылар айқасы ұзаққа созылып, олардан бір взводтай жау құтылып, сол жақтағы қалың орманға өтіп кетті. Вовко аттыларынан он шакты адам оққа ұшып, біразы жараланды. Осы соғыста Серік қолынан жараланып, қаратөбел ат оққа ұшты.
Күн бата бұл ұрыска катыскан партизан бөлімшелерінің бас-аяғы жиналып, көптеген кару-жарақ, оқ-дэрі, азық-түлікті қолға түсіріп, елу сегіз тұтқынды лагерьге айдап әкелді.
Келесі күн командирлердің ұсынуы бойынша байланыс жұмысында ерлік көрсетіп, ерекше көзге түскені үшін отряд командирі Серік Мергенбаев пен Борис Савченкоға партизандар сапы алдында алғыс жариялап, екеуіне сыйлыкқа автомат тапсырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет