Тандамалы



бет16/44
Дата03.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#134197
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44
Байланысты:
жау тылындағы
Gurenge - E Minor - MN0233612
Ғаббас ҚАБЫШҮЛЫ.




Бүл еңбегімді тагдырымның тар жол, тайгақ кешуі мен үзақ өмірімде бірге гүмыр кешіп келе жатқан аяулы жарым, жан серігім, үрпагыма ана, апа, эже болган Асылхан Қабышқызына арнаймын.
Автор.


1812 жылгы Отан согысында ерлік көрсеткен Денис Давыдов есімі есіме түссе, Қасым Қайсенов есіме түседі. Қасым Қайсенов есіме түссе, баягы Денис Давыдов есіме оралады.
Дм. Снегин.
ккк
Қасым Қайсенов - ерліктің ерен түлгасы.
Ә. Кекілбаев.
ккк
Үлтымның дара батыры эрі рухани сүйеніші - Қасым ага.
Қасым ага, бас ага! Қүдай Сізді рух пен күш қоспасынан жасаган.
М. Шаханов.
ккк
БЕЙБІТШІЛІК КЕРЕК
Ядролық жұлдыз соғысына жанталаса дайындалып жатқан американ соғысқұмарлары, оның кейбір сыбайлас одактастары планетамызға, бүкіл адамзатқа қауіп төндіріп отырғаны мэлім. Осы адам баласының басына төніп тұрған апатқа карсы күрес бүгінгі күн тәртібіндегі бірінші мәселе. Партиямыз қаншама рет ядролық апатты болдырмауға, оған тосқауыл боларлық ұсыныстар айтса да, американ соғысқұмарлары эр түрлі сылтау тауып, жалтарып отыр. Біз тіпті бұдан былай жалтара берудің өзі қауіпті екенін де ескерттік, бірак Пентагон перілері оған да кұлақ асар емес. Жаңадан қару шығарып, оны үзбей жетілдіріп, сынақтан өткізіп отыр. Олар ядролык қарумен басқа елдерді тізе бүктірмек, сөйтіп әлемге үстемдік жасамақ. Екіншіден, соғыс империализмге эрқашан пайда келтіреді деп ойлайды. Ол - адаскандық. Ол - өткенді еске түсіріп, онан дүрыс қорытынды шығармағандық. Әлемге ие болып, үстемдік жасаймын деген қандыбалықтар жорығы немен аяқталғаны бүкіл адамзат есінде.




Ядро қаруымен өзгені қырып салып, өзім аман қалам деу де акылсыздық. басбұзарлық! Ядролық соғыста жеңетін- женілетін жақ болмайтынын ескергісі келмейді. Олар бүкіл адал да ақылды адамзат үніне құлак асқысы жоқ. Қазір барлық елде соғысқа қарсы күрес кең өріс алып отыр. Тіпті өз елдерінде халықтың басым көпшілігі ядролық соғысқа қарсы белсенді күрес жүргізіп жатқанын американдықтар көргісі де, елегісі де келмейді.
Біздің ел соғысқа қарсы. Бізге баянды бейбітшілік керек. Мен өз басым бір кезде соғыстың қайғы-қасіретін арқалаған жауынгер-партизан ретінде соғыстың болмауын тілеймін. Әрқашан да соғысқа қарсы күрескерлердің катарында боламын.


ҚАРУ МЕН ҚАЛАМ
Балалар, партизан-жазушы Қасым Қайсеновтің “Жас партизандар”, “Илько Витряк”, “Переяслав партизандары”, “Жау тылындағы бала” тағы басқа кітаптарын қызыға оқыған да боларсыңдар. Бүл кітаптар оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді. Орыс, украин тілдеріне аударылып, Одақ көлеміне белгілі болды.
Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагеріне арнайы жолығып, бірнеше сұрақ қойған едік.

  • Қасым аға, әңгімеңізді балалық шағыңыздан бастасаңыз?

  • Осыдан жетпіс жыл бұрын мен Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Асубұлақ деген ауылда дүниеге келіппін. Бұл - Октябрь революциясынан бір жыл кейінгі дүбірлі де дүрбелең жыл. Сол кездегі жағдай - ауыр тұрмыс, киын- қыстау өмірдің әсері ме немесе бойға туа біткен өр мінез бе, мені ауылдастарым қайсар бала деп атайтын. Қазір ойлаймын, ер етікпен су кешкен сол бір партизандық соқпақтарда мені қажытпай, талдырмай, ерлік жолдарға жетелеген достарымның сеніп айтқан осы сөзі де шығар?..

  • Партизандық соқпақтар бүкіл өміріңіздің елеулі кезеңі. Бүл ретте не айтар едіңіз?

-1942 жылы Украина майданында болдым. Киев облысында астыртын үйымға кірдім. Сол жылдың жазында Чапаев атындағы партизан қүрамасының үшінші отрядын басқардым. Жау тылында жүріп, Молдавия, Украинаның Закарпатье, Чехославакия мен Румыния жерлерінде жаумен шайқастық.


  • Қаруды қаламға айырбастап, қалай жазушы болдыңыз?

  • Соғыстан қайтып елге келгенде, бастан кешкендерімді достарыма баяндайтынмын. Ол кезде әңгімеміздің түйіні өткен соғыс жайында еді ғой. Біраз қаламгерлер майдан эңгімелерін қағазға түсіруіме кеңес берді. Ойымды бір белгілі жүйеге келтіріп алған соң ғана, істі бастадым. Менің жазғандарымның бэрі майдан даласында өз басымнан кешкендерім, карулас серіктерім туралы.

  • Сіздің балалар жайында арнайы калам тартуыңыздың себебі қандай?

  • Біздің партизандар отрядында балалар, пионерлер болды. Оның бір себебі: соғыстан бүрын бұл жерлерде балалар үйі орналаскан екен. Соғыс кезінде сол балалар үйінің кейбір тэрбиеленушілері партизандарға келіп косылды. Бізді пана тұтып қана қойған жоқ. Үлкендерге жақсы көмекші бола білді. Біз жас барлаушылар тобын құрдық. Кішкентай балалар ешкімнің көзіне түспей, тапсырмаларды ойдағыдай жүзеге асырып отырды. Менің кітаптарымның кейіпкерлері де - сол 11-12 жасар пионерлер. Жэне соғыстан кейінгі мерзімде менің Қазақ көркем әдебиет баспасының балалар әдебиеті редакциясында жұмыс істеуімнің де әсері бар.

  • Балғын кейіпкерлеріңіздің кейбіріне тоқтала кетсеңіз?

  • Партизан құрамасында Серік деген қазақ, Борис деген украин балалары болды. Олар өте кішкене болғандықтан, мылтықтың дүмін, ұңғысын кесіп, өздеріне лайық шолак мылтық жасап бергенбіз.

Бірде екеуі жауынгерлік тапсырманы орындап келе жатса, Днепрдің бойында неміс офицері суға шомылып жатыр екен. Балалар офицер екенін киімдерінен біледі де, оны табанда атып өлтіріп, қару-жарағын, кұжаттарын бізге алып келді. Тағы бірде олар Григорьевка деген селода екі полицейдің мас болып жатқанының үстіне түседі. Батыл балалар екеуін жатқан жерінде байлап-матап, партизандарға жеткізді. Иә, соғыс кезінде жеңістің жақындай түсуіне осындай батыр пионерлердің көмегі аз тиген жоқ. Отан үшін кауіп-қатерге, өлімге бас тіккен балалардың барлауға шыққан эр сапары ерлікке толы еді.

  • Жазушы Оралхан Бөкеев екеуіңіздің Алматыдағы балалар мен жасөспірімдер театрында койылған “Жау тылындағы бала” спектаклі де балалар жөнінде сыр шертпей ме?

  • Дэл солай. Олар жөнінде теледидардан да спектакльдер көрсетіле бастады.




  • Жоғарыда аты аталған Серік пен Бористің кейінгі тағдыры немесе өмірі туралы қандай деректер білесіз?

  • Кейін олар аман-есен Қызыл Армияға косылған. Бірінің экесі, бірінің шешесі бар еді. Табысыпты. Одан әрі білмеймін.

  • Бейбіт замандағы ерлік, балалар ерлігі жайында не айтар едініз?

  • Ерлік үлкен-кішіге, соғыс, тыныштыққа қарамайды, жалғаса береді. Тілсіз жау - суға кеткендерді алып шығып, өртке қарсы тұрған, қарлы боранмен алысып, қоғам малын алып қалған, эр түрлі бұзықтарды, шекараны бүзғандарды ұстауға көмектескен балалар туралы естіп, біліп, кино, теледидардан көріп, баспасөзден, кітаптардан оқып жүрген жоқпыз ба?! Бейбіт замандағы ерен істердің төзімділікке, ерлікке бастайтыны сөзсіз.

  • Сіз балалардың қандай болып өскенін қалар едіңіз?

  • Мен өзім - төрт бала, он бір немере тәрбиелеп отырған эке, атамын. Осы әкелік, аталык көңілден бар баланың аспанының мэңгі ашық, жігерлі де сергек, сезімтал, батыл да батыр болып өскенін тілеймін! Барлык бала бейбіт күннің құшағында еш алаңсыз, желкілдеген кұрақтай бакытты болып өсе берсін!

  • Әңгімеңізге рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет