Тандамалы



бет19/44
Дата03.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#134197
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44
Байланысты:
жау тылындағы

Өтініш басқармага Сасқарагай,
Үстелде қалмаса екен тез қаралмай.
Жылаймын мұңым шагып мен сіздерге,
Дейтұгын ага бар ма “қарагым-ай!
Осы жыл август айдың сегізінде,
Анадан қалдым жетім мен арманда.
Аналап мен соңынан ере алмадым,
Жас болып қолдан сусын бере алмадым.
Бір сиыр мүмкін болса беріңіздер,
Сөзіме жылап айтқан еріңіздер.
Болады енді менің халім нешік,
Көз жасын мен жетімнің көріңіздер!
Ақын баласын үйде калдырып, осы өтінішін колхоз кеңсесіне жеткізіп, сол кеңсе табалдырығында кайтыс болды. Баланың өлі денесін келесі күні үй артынан тауып алыпты. Ашаршылык аяғы үзаққа созылды. Тірі калған жандар сүйек майлары сұйылып көпке дейін естерін жия алмады. Сол кезде өзімнен екі жас үлкен Ракымбек деген ағайым екеуміз аудан орталығына жакын жерде оқуда едік. Ол сегіз жылдық мектеп- интернат ШКМ деп аталатын. Жүздеген бала - ашпыз. Күніне екі жүз грамм кара нан береді. Ол да шала піскен, сырты болмаса, іші жеуге келмейді. Үйдің кабырғасына лактырсаң, батпакша жабысып қалады. Нан таратушы - пістиген мысык мұртты, орта бойлы, дембелшең, сары кісі. Осы қырықтың мол ішіндегі адамның аты - Сапар. Окушыларды әйелше қарғайды.
Нан кезегіндегі оқушылар:

  • Сапар, краюшка, - деп, нанның жеуге жарайтын сыртын сұрап шуласады.

  • Адыра қал! Құдайдан қайт! - деп беретін бір жапырак шикі қара нанын, боқтап, карғап береді. Біз онысына да ризамыз. Сол қара нанды қара сумен жеп, жүрегімізді жалғап, үш-төрт сағат оқимыз. Енді күні бойы тамақтану үшін бес-алты шақырым жердегі Сібе өзенінің бойын жағалап кетеміз. Рақымбек ағаның өзі қатарлы Сати деген жолдасы үшеуміз су жағасында күн көру қамына кірісеміз. Екеуі балық аулайды. Мен қу шөпшек жинап, от жағуға эзірлік жасаймын. Оның үстіне жерден, атын казір ұмытып қалдым, “түйе емшек






пе”, “түйе табан” деуші ме еді, әйтеуір тарам-тарам ұсак сэбіз сиякты, бірақ сары емес, ак тамыр өсімдік қазып алып, жуып, дайындап қою да маған жүктеледі. Өзен байлығының көбі ұсақ шабақ. Жарты шелек шабақты қайнатып, үстіне элгі “түйе табанды” да салып пісіреміз. Әбден піскен соң, шабақты жаңағы өсімдікпен араластырып, ботқа қылып жейміз. Қалғанын жатақханаға алып келіп кешке, таңертең талғажау етеміз. Күндегі тіршілігіміз осы.
Бұның асыра сілтеушілердің бас эпербақаны Голощекин- нің Қазақстандағы “кіші Октябрь” деп аталған теріс әрекетінен екенін енді білдік. Қазақ халқының табиғатын, өмір тіршілігін білмегендік еді бұл. Қазақ халқы қай заманда да ел басқаратын дана азаматтарға кенде болмағанын тарихтан білеміз. Қазіргі ақталып, есімдерін қайғыра отырып есімізге түсіріп жатқан халықтың сырын, мұңын білетін, қазақтың көрнекті мемлекет қайраткерлерінің көзі тірі еді ғой. Солар тұрғанда Голощекин сияқты бір жақты дүлейге республиканы билету халқымыздың сорына, бақытсыздығына қарай қате шешімдердің бірі болды. Бұл күнде интернационалист ұлттардың алдыңғы ту ұстаушылары қатарында тұрған қазақ халқына “ұлтшыл” деп айдар тағу да халқымыздың табиғатын тап басып білгендік емес. Ол кезде тұншыққан ел наразылық білдіріп, ашық пікір айта алмады. Айтқан азаматтар ауыр жазаға ұшырады. Енді, міне, жариялылықта халқымыздың жан даусын жаңғыртып, ұрпаққа шағым айткандай болып отырмыз.
М¥ҚАН МЕН СӘУІРБЕК
Бауыржан ағаның туған ауданы Жуалыда, аудандық атқару комитетінде мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары болып жүргеніме екі жылға айналған. Бір күні аудандық партия комитетінің екінші хатшысы Кемелбеков шакырды. Барсам, Кенжекеңнің кабинетінде ашаң жүзді, орта бойлы, аксары жас жігіт отыр екен. Екеуімен қол алысып амандасып, бейтаныс жігітке қарама-қарсы жайғастым. Ол маған сынай қарап отыр. Жасы жиырманың ішінде. Сөйлегенде кірпігін жиі қағып, айтарын ойланып айтады. Бұл да мен сияқты майданнан оралып келіп, жұмыс істеп жүргенін үстіндегі киімдері дэлелдеп тұрғандай.
- Астанадан, газеттен - корреспондент. Біздің ауданға келіпті. Мал шаруашылығы, шопандар өмірімен таныспак-


шы, - деп, Кенжекең бейтаныс жігіттің келген шаруасының жайын айтты да:

  • Мына кісі аудандық атқару комитетін ің мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары - Қайсенов деген жолдас, - деді. Бейтаныс жігіт “келген шаруам сізге байланысты екен гой” дегендей жымиып койды.

  • Ауданның мал мамандарымен жолықтырарсың. Мал жайылымын - Қаратау жағын да көрсет, - деді Кенжекең. Сонымен тілші екеуміз Кенжекеңнің кабинетінен шықтык. Әп-сэтте-ақ тіл табысып, шүйіркелесіп кеттік. Бүл бейтаныс тілшінің аты-жөні Бакбергенов Сэуірбек екен. Соғыска бастан-аяқ катысыпты. Байланысшы офицер болыпты. Әрине байланысшы офицердің соғыс уақытындағы, әсіресе телефон, рация жоқ кездері қауіп-қатерлі жұмыстарын білетінмін. Талай байланыс офицерлері тапсырмадан қайтып оралмайтын, тіпті жау қолына қапылыста түсіп қалатындарын да естігенмін. Сэуірбек әңгіме барысында өзі туралы аз айтып, өзгенің сөзін көп тындайтын адам болып шықты. Тіпті байланыс офицері болдым дегеннен басқа “соғыста болдым” деген аузынан сөз де шықпайды. Аудан орталығындағы жұмыстарымызды бітіргеннен кейін, екеуміз екі ат мініп, Қаратаудағы мал жайылымына аттандық. Жол үстінде әңгімелерінің көбі ақын- жазушылар жайлы. Әсіресе газет-журналдарда істейтіндері туралы әңгіме қозғайды. Ол кезде Жұмағали Саин таныстырған төрт-бес жазушы, ақындардан баска ешқайсысын білмейтін маған оның әңгімесі өте қызық. Сэуірбек көбінде Мұқан Иманжанов жайлы эңгіме шертеді. Оның кіршіксіз таза адам екенін, үлкен ой, аса ірі талант иесі деп бағалайтынын айтады. Онымен өзі бірге қызмет істейтінін, дос екенін мақтан етеді. Қаратау қойнауы - кең. Жол - ұзақ. Оның астында жүрісті Қаракөк ат. Ауылда ат құлағында ойнап өскен жас, оның үстіне соғыс кезінде байланыс офицері болып жүргенде де көбінде атпен жүрген болуы керек, атқа құмар-ақ. Астындағы атын кызықтап, алды-артына қарап, аттың мойнынан сипап, саусақтарымен Қаракөктің жалын тарап келеді. Мен қарап отырмай, бірдеме деймін. Ол күледі. Күлгенде аузын ашып бар дауысымен күледі. Кейде бар дауысымен өлең айтады. Халық өлендері, халық әндері. Сөзін бұлжытпай дұрыс айтады. Оны да бар болмысымен еліге, елеурей айтады. Әбден көңілденіп алған соң:

  • Қасым, жарысамысың? - дейді. Екеуміз айдалада






далактап шабамыз, ол озып, ұзап кетеді. Соңынан жайлап мен шауып келе жатамын. Бір кезде барып токтайды. Тоқтай- тыны онан ары кай жакка қарай жүретінімізді білмейді, әйтпесе шаба берер еді. Мен жеткен кезде қатарласып “оздым ғой, озам деп айтып едім ғой” деп мэз болып, мені иығымнан нүқып-нүқып қалады. Сөйлесіп отырған адамын анда- санда нұқып калып отырып сөйлейтін әдеті оның. Кейде ол өзінің балалық шағы жайлы эңгіме айтқанда “Жартытөбе”, “Шолаккорған” деген сөздерді жиі айтады. Тегі туған жеріндегі жер аттары болар деп жорамалдаймын. Малшылармен әңгімелескенде колынан қағаз-карындашы түспейді. Сұрак қойып, олардың эңгімесін өзіне керекті жағына карай өрістетіп, жетегіне алып отырады. Тегі жас кезінде үлкендер аузынан ертегілер естіп өсті ме екен, эйтеуір әңгіме тыңдауға жаны кұмар. Менің эңгімемді де ұйып отырып тыңцайды.
Сол жолы маған Мұкан аға жайлы көп эңгіме айтып, Сәуірбек Алматыға аттанып кетті. Алматыға бара қалсам, Мұқанды тауып алып, сәлем беруді армандап жүрдім. Қаратау сілемінде жүріп, Сәуірбек аңыз кылып айткан талантты да парасатты адамды көз алдыма елестетпекші болам, бірак елестеткен адамым келісті болғанымен, әскери-соғыс адамына айналып кетеді.
Сөйтіп жүріп елуінші жылдардың басында Алматыға қайтып оралдым. Сәуірбекті тауып, сол арқылы Мұқан ағаға сәлем бермекпін. Сталин проспектісімен (қазіргі Коммунистік проспектісі) төмен түсіп келе жатсам, бір бойшаң адаммен бірге Сэуірбек келе жатыр. Сәуірбек те мені таныды.

  • Міне, партизан Қайсенов, - деп Сәуірбек жанындағы жүдеу, бойшаң адамға мені таныстырды.

  • Е, анада айтып едін ғой, - деді ол кісі жаймен.

  • Ал мына кісі - Мұкан Иманжанов, жазушы, - деді Сәуір- бек. Сонда барып өзім көріп, сәлем бермек болып тұрған адамның алдында тұрғанымды біліп, колын алып, қатты қыстым. Осыдан бастап Мұқанға да үйір бола бастадым. Ол кісі көбіне жалғыз жүрмейді. Хамит Ерғалиев, Сәуірбек Бақбергенов, Мұзафар Әлімбаевтармен жұбын жазбайды. Ал жалғыз өзі кездесе калса, “партизан бауырым” деп амандык соңында мені сөзге айналдырады.

Өзінің денсаулығы жарамай соғыска бара алмағандығына


өз басына мін көретіндей, өкінетіндей күйде отырып, менен эңгіме сұрайды. Өзім бауыр басқан адамдарға эңгіме айтып үйреніп кеткенмін. Кез-келген оқиғаны шетінен ұстап алып, ол кісіге айта беремін. Басқа ағалардан гөрі Мұқан ағаның жаны нэзік сияқты. Ол әңгімені бар жан дүниесімен беріле тыңдайды. Әсіресе эңгіменің қайғылы жеріне келгенде, сол қайғылы жағдайға өзі ұшырағандай сезінеді. Сэл өңі өзгеріп, аумақты көзі жасаурап, басын шайқайды, салалы саусақтарымен қасқа да кең мандайын сипап, өзгере бастайды. “Табиғатында ақын жанды ақын адам, қалайша қара сөз қуып кетті екен” деген түсініксіз ой келеді маған. Ол - өте жүдеу. Оны қатты ауыратын шығар деп аяймын. Енді ауыр қантөгіс әңгіме айтып, оны жүдете бергім келмейді. Бірақ ол менен тағы эңгіме күтіп, орнынан қозғалмай отыра береді. Соғыста кей кезде ойламаған жерден тап болатын кісі күлерлік әңгіме айтамын. Ол жадырап, мэз болып,балаша күліп қалады. Маған оның “бауырым” деп сөйлеген сөзі ұнайды. Үлкенді - аға, кішіні - іні, барша жанды бауыр тұтатыны сезіліп түрғандай. Ол өзінің басқа жолдастарымен эзіл- десетінін, қатты қалжыңдасатынын талай естігенмін. Оның, әсіресе, Хамит ағамен қалжыңы қатты болатын. Оған Хамаң қалжыңын өлеңмен де жеткізетін. Мұқан да есесін жібермейтін. Қандай теріс-қағыс сөйлеп отырсам да, ол кісі маған қалжың сөз айтпайтын. Маған алдында асау тұрғандай, байыппен қарап, байыппен сөйлеп қана қоятын. Тағы бір кездескенімізде:
- Бауырым, сенің материалыңды эрқашан да ойлап жүремін. Басынан ондай оқиғаларды кешпеген адамның жазуы қиын ғой. Біздің Сәуірбек жазар еді. Ол соғысты көрді. Ол соңғы кезде соғыс жайлы да жазып жүр, - деді. Мен үндемедім. “Соғыста өзінің бастан кешкен оқиғаларын жазатын болар Сэуірбек, біреу туралы жазып қайтеді” деп ойладым. Ол кезде басымнан кешкен оқиғалар жазылатын болар деп те ойламайтын едім.
Мұқан аға аз өмірінде өзі уағыздаған парасат иесі, аса дарынды, кіршіксіз таза адам еді. Өзіміз “үлы” деп жүрген адамдар өмірінің бір жағы болмаса, екінші жағы аксап “әттеген- ай” дегізетін. Мұқаңның ондай “әттеген-ай” деп қоятын кемшілігі жоқ болатын. Өмірден ерте кетпегенде, адамға тағылатын асқак айдар иесі осы аға болатын еді-ау деп ойлаймын.




ОЛАРДЫҢ АТЫМЕН АТАЛДЫ...”




Туыскан Белоруссияда “Олардың атымен аталды...” деген көлемді энциклопедиялык-анықтамалык шыкты. Мұнда Белоруссияға аса зор еңбегі сіңген революционерлер, эдебиет пен мәдениет қайраткерлері, Октябрь революциясы, Азамат жэне ¥лы Отан согыс батырлары есімі қойылган калалар мен селолар, көшелер мен алаңдар, заводтар мен фабрикалар, совхоздар мен колхоздар көрсетілген. Кітапты шыгарудың негізгі мақсаты - болашак ұрпакка қысқаша аныктама ретінде белорус халқының жүрегінде аса кұрметпен сақталып келе жатқан аса көрнекті адамдардың бейнелері мен аңызға айналған ерлік істері жастарға үлгі-өнеге болмақ. Кітапқа адам аттары алфавит ретімен, шағын фотосуреттері, кысқаша өмірбаяндары, есімі қойылған жерлері көрсетілген.
Осы шағын мақалада сол туысқан белорус халқының жүрегінен орын алып, оларды мэңгі есте сақтау үшін көше аттары қойылған жерлестеріміздің есімдерін еске түсірейін.
Айтықов Ізғүтты Құрманбайұлы (20.01.1922 — 25.07. 1944 ж.). Неміс-фашист басқыншыларынан Белоруссияны азат етуге қатысты. Совет Одағының Батыры (22.7.1944.). Шығыс Қазақстан обылысындағы ¥лан ауданының Солдатское селосында туған. 1944 жылдан КПСС мүшесі. 1942 жылдың мамыр айынан бастап майданда болды. Витебск облысының Шумилин ауданын азат етуде ерекше ерлік көрсетті. Атқыштар батальонының комсоргі, старшина І.Қ.Айтықовтың басқаруымен 1944 жылдың 22 маусым күні Плиговка деревнясы түбінде жау қорғанысын бүзып, алты шақырым жау тылында кескілескен ұрыс жүргізді. Осы айқаста Айтықов жаудың зеңбірегін тіркеуімен жэне үш дзот-бекінісін жойып жіберді. 1944 жылы шілде айының 3 күні батальон Полоцк қаласына басып кіріп, Батыс Двина өзенінен алғашқы өтушілердің бірі болып, жаудың қарсы шабуылына соккы беріп, қаланы азат етті. Осы майданда ол ерлікпен қаза тапты. Сүйегі Литва ССР-інің Зарасай қаласында жерленді. Полоцк қаласында Айтықовтың бюсті орнатылып, бір көше оның есімімен аталады.
Жабаев Жамбыл (28.2.1846 - 22.6.1945 ж.). Қазақтың халык акыны, Жетісуда көшпенділер отбасында туған. Революциядан бұрынғы шығармаларында езілген халықтың бостандык үшін күресін, қанаушы тапты әшкерелейтін “Кедей тағдыры”, халық батырларын уағыздайтын “Сұраншы батыр”, “Өтеген батыр”


деген дастандарын жырға қосқан. Октябрь революциясынан кейін азат етілген қазақ халқын, Совет өкіметін, Коммунистік партия мен ұлы көсем Ленинді жырлап өткен. Батыс Белоруссияның Белоруссия ССР-іне қосылуын туысқандық сезіммен жырлаған. Ұлы Отан соғысы кезіндегі “Ленинградтық өрендерім”, “Мәскеу” т.б. патриоттык толғаулары СССР халык- тарының көптеген тілдеріне аударылды. Я.
Купаламен кездесті. Оған Я. Купала мен Я. Колос өздерінің өлеңдерін арнады. Могилев қаласында бір көше Жамбылдың есімімен аталады.
Есқалиев Сүндетқали (1924 - 24.6.1944). Ұлы Отан соғысы жылдарында Белоруссияны неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге катысты. Совет Одағының Батыры (24.3.1945). Орал облысының, Шыңғырлау ауданына карасты Константиновка селосында туған. ВЛКСМ мүшесі. Ұлы Отан соғысы кезінде 1942 жылдың шілде айынан майданда болды. Автоматшы атқыштар ротасының қатардағы жуынгері С. Есқалиев Быхов ауданын азат етуде ерекше көзге түсті. 1944 жылдың маусым айының 24-іне караған түні Лудчицы деревнясының оңтүстік- шығысында болған ұрыста жау бекінісіне алғашкылардың бірі болып басып кірді. Қысылтаяң кезде жау ротасының оқ жаудырып жатқан дзотын өз денесімен жапты. Быхов ауданында Комаричи деревниясына 4 шақырым жердегі Бауырластар зиратына жерленді. Быхов жэне Минск қалаларында бір-бір көше атына оның есімі беріліп, Быхов ауданындағы Неряжск сегізжылдық мектебіндегі пионер дружинасына батырдың аты беріліп, Лудчицк биіктегіндегі Даңқ мемориалына оның бейнесі салынып, аты-жөні оның қабырғасына жазылды.
Сухамбаев Ағаділ (1923 - 31.7.1944). Ұлы Отан соғысы жылдарында Белоруссияны неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге қатысты. Совет Одағының Батыры (1945). Жамбыл облысының Свердлов ауданындағы Қарасу ауылында туды. Тракторшылар курсын бітіріп, колхозда жұмыс істеді. 1941 жылдың қазан айынан Қызыл Армия қатарында болды. Москваны азат етуге қатысты. Ол басқарған бөлім Гродно каласы көшесіндегі үрыстарда ерекше көзге түсті. Литва ССР-і жеріндегі Стрельцовизна деревнясы маңындағы қантөгіс айқастың шешуші кезеңінде екі қолынан жараланғанына қарамастан, жау пулеметін кеудесімен жапты. Өз өмірін қүрбан етіп жауынгерлік тапсырманы орындады. Сүйегі Литва ССР-іне қарасты Друскининкай қаласында жерленді. Оның




есімімен Гродно қаласының бір көшесі аталады. СПТУ-74 үйінің қабырғасында оған арнап ескерткіш тақта орнатылған.
Кітапта осы сияқты Совет Одағының Батыры атағын екі рет алған жерлесіміз Леонид Игнатьевич Беда мен Совет Одағының Батыры, аты аңызға айналған генерал И.В.Пан- филов есімдерімен Белоруссияның көптеген қалаларындағы көшелер аталатыны көрсетілген. Туысқан Белоруссия хал- қының өз жерінде ерліктің, туысқандықтың асқан үлгісін танытқан жерлестерімізге құрмет көрсетіп, олардың есімдерін болашақ ұрпақтар мэңгі есте сақтау үшін игілікті істер істегені көрініп тұр.
“Жақсыдан шарапат” деген ғой. Мұндай игілікті бастаманы біздің республикамызда да колға алар мезгіл жеткен сияқты. Алуан сырға толы эр көшенің тарихын, кімнің, қай ұлт перзентінің есімімен аталғанын кейінгі ұрпақ білуі үшін де мұндай игі шараны кешеуілдетуге болмас деп білеміз. Ол халықтар достығы, интернационалдық тәрбие мэселелерін жақсартуга да өзіндік үлес болып қосылар еді. Бұл іске Қазақ совет энциклопедиясының коллективі мұрындық болса дер едім.


СОҒЫСТАН СОҢ
Майданнан оралғаннан кейін аз уақыт Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының аппаратында кызмет істедім. Онда басшылар мені партия қатарына алды да, білімімді толықтыруға оқуға жіберді. Қазіргі Қазақстан Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебі ол кезде бір жарым жылдык Лениндік курс деп аталатын. Осы курстың совет бөліміне бардым. Ол 1945 жылдың екінші жартысы еді. Курсты бітірген соң, Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің қарамағына жолдама берді. Шымкент қаласына аттану қажет болды. Пэтер деген менде жоқ. Әке-шешем, Лэззат деген бір жасар кызым мен әйелім Асыл, оның үстіне майданнан оралған Қамбар деген капитан інім бэріміз жекеменшік үйін жалдаушылардың бір бөлмесіне, не дэлізге паналап күн кешеміз. Сөйтіп жүріп Қазақ ССР Министрлер Советі маған берген жол қаражатын да ұстап қойдық. Бірақ амал жоқ, жіберген жерге бару керек.
Поезға билет алу - қиынның қиыны. Жолаушылар көп. Соғыстан кейін әрлі-берлі сабылып жатқан жұрт. Ол уақытта автобус, самолет дегендер болмайды. Халыкты тасып үлгіре




алмаған соң, қосымша “Пятьсот веселый” деген ұзыннан-ұзак жүк таситын вагондар тіркеген поезд жүреді. Әр бағана түбіне токтап өтеді десе болар. Біз Қамбар екеуіміз ешбір поезға билет ала алмадық. Сонан соң темір жол вокзалына келіп, жүргелі тұрған тіркеменің біріне жармастык. Поезд жүріп кетті. Онда жолаушыларды қатаң тексеретін кез. Тексерушілерден басқа милиция тағы да ұшырасатын. Біз сияқты әртүрлі себептермен билет ала алмағандармен бірге суық қолдылар да аз болмайтын. Біз екі-үш вагоннан пана таппаған соң, әйтеуір амалдап жүріп Шымкент қаласына жетеміз бе деген үмітпен вагонның үстіне шығып кеттік. Біраздан соң екеуміз де шаршадық, ұйқымыз келді. Вагон ішінде жолаушыларды тексеру элі бітпеген болуы керек, төмен түскіміз келмеді. Енді отырған жерімізде қалайда ұйықтаудың амалын ойластырдық. Екеуміз де сыртқы жеңіл пальтоның ішіне наградаларымыз тағылған әскери киім киіп алғанбыз. Тіпті Қамбардың капитан погоны да бар. Вагон үстіндегі трубаның екеуміз екі жағына қатарласып жаттық та екі жаққа сырғып күлап кетпес үшін белдіктерімізді бірімен-бірін шатыстырып, буынып алдық. Ұйыктап кетіппіз. Мені біреу қатты теуіп қалғаннан оянып кеттім. Әлгі тепкен милиционер жерден жеті қоян тапқандай:

  • Әй, мына сүмдар, мүнда жатыр, - деп вагон үстіне өрмелеп шығып келе жатқан серігіне айқай салды. Ол да дереу бізге жүгіріп келіп тепсініп төніп тұр. Біз не дерімізді білмей белдіктерімізді ағытып орнымыздан тұрдык.

  • Сұмдар, жүріңдер, - деп, бірі алдымызға түсіп, екіншісі соңымыздан бізді айдап келеді. Қолындагы наганын бізге кезеп-кезеп кояды. Екі вагонның ішімен алдағы бір вагонға алып келді. Бір купені алдағы милиционер ашты да:

  • Аға лейтенант жолдас, үрылар табылды, міне, - деп бізді нұсқады. Аға лейтенант орнынан тұрмастан:

  • Кіріңдер, - деді өктем дауыспен. Кірдік.

  • Сендерде қандай да бір құжат, бірдеме бар ма, - деді.

  • Бар. Тіпті, қару-жарағымыз да бар, - дегенімде, “неге тінтпегенсіңдер” дегендей милиционерлерге ала көзімен қарап, орнынан атып тұрды. - Бүл майданда аты-жөнімді жазып сыйга берілген “браунинг” еді, қорықпаңыз, - дедім. Ол енді абыржығанын басып, жөнге көшті. Екеуміз де сырткы пальтомыздың түймелерін ағытып, ішкі гимнастерка қалтасындағы документтерімізді ала бастағанда, аға лейтенант кеуделеріміздегі наградаларымызды көріп қалды да, бетімізге






таңыркай қарады. Қазак ССР Министрлер Советінің мені Жуалы аудандық атқару комитеті председателінің орынбасары қызметіне жіберген кағазын оқыды. Біз оған бар жағдайы- мызды айтып, түсіндірдік. Не көп, осы күні үрлық көп. “Біреудің шамаданы, енді біреудің акшасы қолды болады, соны іздеу үстінде сіздерге тап болды ғой олар” деп, аға лейтенант бір жағынан өз қызметкерлерін қорғап, екінші жағынан бізге енді “сендер” емес, “сіздер” деп сөйлеп, сыпайылық көрсете бастады. Біраздан кейін бізге тамақ беріп, өз купелеріне дем алдырып, Шымкентке дейін апаратындарын айтты. Жайғасып, көңіліміз орныққаннан кейін, екеуміз купеден шықтық. Сол кезде поезд бір жерге тоқтады.

  • Ой, мынау, біз баратын аудан болар. Станцияның аты “Бурное” ғой. Әне, оқы. Мыналар ауданның орталығы - Бурное деп еді ғой, - деді Қамбар.

Ол сайқымазақтау жігіт еді:

  • Бұл аудандағылар өздерінің болашақ бастықтарын милициялардың “ұры” деп, жұмсақ жерінен тепкенін де білмейді ғой, - деп көзінен жас аққанша күлді. Мен де күлдім.

Сөйтіп Шымкенттен түсіп, жаяулап жүріп, облыстық атқару комитетіне бардық. Бірер сағаттан кейін облыстык атқару комитетінің председателі Дэуленов жолдас қабылдады. Ол жерде де орынбасар болып тағайындалғаным жөнінде қолыма қағаз беріп:

  • Жас екенсің, байқап жүр. Ол жерде “көкпар” деген, “боза” деген пәлелер бар, оған жолама, - деп, Сәлкен аға сәт сапар тілеп, шығарып салды.

“Көкпар” дегенді өз туған жерім - Шығыс Қазақстан облысының ¥лан ауданында да еститінмін, бірақ оның мэнін білмеуші едім. Ал “боза” дегенді тұңғыш рет Сэлкен аға аузынан естідім. Ондай, Сэлкен аға айтқан “боза деген пэле” біздің елде болмайтын еді. Сонымен тағы Шымкенттің темір жол вокзалына келдік. Поезд түнде болады дегенді естіген соң, жүк таситын вагондарға ілініп, қайтып кешегі көрген Бурное станциясына жеттік-ау. Кеш батып кетті. Бір үйдің есігін қағып, жөнімізді айттық, үйіне кіргізді. Сонда қонып шықтық. Ертеңінде аудан басшыларына кіріп, жіберген орнына орналастым. “Аудандык атқару комитеті председателінің бірінші орынбасарысың” деп көтермелеп қабылдаған. Бірак аудандық мал шаруашылығы жөнінен орынбасары екенімді айтқанда:


_ Мен мал маманы емес едім, - дедім председателіне, шынында да төрт түлік малдың атынан басқа мал жайында еш нәрсе білмейтінмін. Ол Ефремов деген орта жасқа келген, байсалды адам еді. Қазақ тілін мэтелдеп таза сөйлейтін.

  • Қорықпаңыз. Қазір кімде қандай мамандық бар дейсің. Менде де ешбір мамандық жоқ. Әзірше шамамыз келгенше істейік. “Жас өседі, жарлы байыйды” дегендей, элі жастар окып, мамандық алып, біздің орнымызды басар. Мүмкін, элі жас екенсіз, оқуға да жіберіп алармыз. Дегенмен осында екі адам бар. Олар да осы жерде туып-өскен, тәжірибелі кісілер. Солардың біреуі осында жауапты хатшы болып істейді. Сауранбеков Еркінбек. Қазір таныстырамын, - деп хатшысы арқылы шақыртты. Есіктен ұзын бойлы, ашаң жүзді, елудің ар жақ-бер жағындағы адам кіріп келді. Ол мен бөтен адам болған соң, қадала қарап, ең алдымен Ефремовке қол берді. Мен орнымнан тұрып, қолын қатты қысып амандастым.

  • Міне, танысып қойыңыз, жаңа орынбасар, - деп менің аты-жөнімді атады. Ерекең маған жылы шырай білдіріп, іш тарта қарап отыр. Оның қапсағай тұлғасы, ажарлы жүзі, ойлы көзі, сөз мәнері іскер адам екенінен хабар бергендей.

  • Ереке, ел - сіздікі, тәжірибеңіз де мол. Мына жігітке аудан жайын, қызмет жайын, осындағы қызметкерлер жайын айтып таныстырарсыз. Онан кейін Кенжекеңе алып барыңыз, негізгі жүмысы сол Кенжекеңмен байланысты ғой, - деп өзі бір жаққа асығыс жинала бастады. Біз ол кісінің алдынан шығып, жүмысқа кірістік. Екеуміз келесі күні Ефремов “Кенжекең” деп отырған аудандық партия комитетінің екінші хатшысы Кемелбеков Кенжебек жолдасқа кірдік.

Ол кезде аудандық партия комитетінде мал шаруашы- лығымен екінші хатшы шүғылданады екен. Шағын кабинетте жасы Ерекең шамалас, орта бойлы, мығым денелі, жүмсақ шашын жатқыза тараған, сабырлы, сары адам қарсы алып амандасты.

  • Келгеніңіз жақсы болды. Бірлесіп жұмыс істеп көреміз. Бұл аудан басқа осы облыстың аудандарына қарағанда, малға бір жағы қолайлы, бір жағы өте қолайсыз. Қолайлы болатыны - жазы жайылымы мол, шөбі шүйгін, қолайсыз болатыны қысы Қары қалың боранды. Демек жазда жоғары орындардан мақтау алып, қыста сөз естіп, тіпті жазаға үшырап, күн кешуге тура келеді. Дегенмен ата-бабамыз осы жерде ғасырлар бойы мал ұстаған, баққан, өсірген, - деп бір түйді ойын. Мен тағы да




мал шаруашылығымен бұрын істес болмағанымды айттым. Ол жымиып күлді. Өзі аумакты көзімен кісіге қарап отырып, күліп сөйлейтін адам екен.

  • Онан корыкпа, осында білімдері жоғары болмағанымен, аздаған мал мамандары бар. Ауданымызға жоғары білімді мамандар келгенше, қолда барды шүкіршілік етіп, соларға дұрыс басшылык етсек, - деп маған сынай карады.

Сонымен осы ауданда жүмыс істеп жүрмін. Кенжебек, Еркінбек ағалар бауырына басып, ақылдарын айтып, көмек- терін аяған жок. Анда-санда үйлеріне шақыратын. Екеуінде де бала басы баршылық еді. Әсіресе Кенжебек ағаның үйіндегі келбетті де парасатты сары жеңгеміздің өзіне тартқан сарықұлақ балалары көп еді. “Еруліге қарулы” деп, олардың үйлерінен дэм татқан сайын Асыл екеуміз де оларға үй көрсеткіміз келеді. Бірақ “кысқа жіп күрмеуге келмейді” дегендей, оларды шақыруға жағдайымыз, көрсете қояр үйіміз жоқ. Шағын-шағын екі бөлмелі үй берген. Ішінде іліп алар мүлкі жок. Төргі бөлме - бос. Алдыңғы кірген кісі көрер бөлмеге шешем байғұс тастамай, қайда барса да алып жүрген бір сырмақ, бір алаша төселген. Екі-үш ескі көрпе, екі-үш жастық, міне, бар мүлкіміз осы. Ет асып жеуге қазан, не басқа ыдыс іздемейміз, өйткені аса қояр бізде ет те жоқ. Бар айналдыратынымыз тағы шешемнің айрылмай алып жүрген үлкен сары самаурыны. Самаурын қайнап алдымызға келгенде дастарқанға қоярымыз дүкеннен Қамбар барып әкелетін шақпақ қант, қоңыр нан. Әкем - Қайса, шешем - Бижамал. Асыл, бір жасар қызым Лэззат, қарындасым - Күлзапыран, інілерім - Қабдылқайыр, Қадылбек деген немере інім тағы бар. Міне, үйдегі тоғыз жанның күн көрісі осындай. Қарнымыздың ашатыны сондай. Қамбар:

  • Мына, оң жактағы көрші бауырсак пісіріп жатқан болуы керек, - деп, түмсығын шүйіріп рақаттанып кіреді. Кішкентай Лэззатты көршілерден сүт алып асыраған боламыз, бірақ қарны ашатын болу керек, тамақ сұрап жылайды.

Бір күні үйге келсем, әкем мен Қамбар бір қой сойып, мэре- сэре болып жатыр.

  • Мүны кайдан алдындар?

  • Бір ақсақал экеліп берді.

  • Құнын төледіңдер ме?

  • Жок. Бұл ерулігіміз дейді. Атынан асығыс түсіп, ағамен қол алысып амандасты да, кетіп қалды.


  • Өзі кім екен?

  • Білмейміз.

Әрине, бұл Кенжебек пен Еркінбек ағаның өздерінің осындағы туыстары аркылы істеп жүрген камкорлығы екенін түсіндім... Кейіннен Асыл аудандық партия комитетінде партия кабинетінің меңгерушісі болып, Қамбар кызметке орналасып, жағдайымыз қалыпқа келді.
Ол кезде аудан басшыларында машина деген болмайды. Бірінші хатшыда ескі жеңіл машина бар да, атқару комитетінің председателі бір жарым тонналық жүк машинасымен жүреді. Кенжекең мен Ерекеңдер және менде бір-бір жақсы атымыз бар. Бүкіл ауданды, алыстағы мал жайылымын атпен аралап жүреміз.
Демалыс күндердің бірінде:

  • Қасым, бүгін қолымыз бос қой. Батыр ағаң Бауыржан осы жерде туған. Алыс емес, Көлбастау деген ауылға барып кайтсақ кайтеді. Ағаның туған ауылын көр, - деп Ерекең жолға шакырды.

Екеуміз атқа мініп жүріп кеттік. Ерекеңнің астындағы кері ат желісті, әсем жүреді. Өзі де жастайынан ер үстінде өскен адам сияқты, үзеңгісіне шіреніп, атын сипай қамшьшайды. Менің астымда мөлдір қара жорға. Менің орнымда бұрын қызмет істеп кеткен адам ер қанаты ат қадырын білетін адам болу керек, маған ел аузында аңыз болып кеткен ат қалдырып кетіпті. Ауыздықпен алысқан, төгіліп тұрган жорға, онан басқа жүрісі жоқ.
Ауылға жақындағанда көп аттылы адамдарды көрдік. Біресе былай, біресе олай жапырылып шабады.

  • Ереке, бұл не? - дедім. Ол бетіме карап: “түсінбей тұрған шығарсың” дегендей кекесінді күлді. Өзі кезі келсе араласып та кететін болуы керек, қуанып кетті де:

  • Көкпар, - деді. Сонда барып Шымкентте облыстык атқару комитетінің председателі Дәуленов Сэлкен ағаның “көкпар деген пэле бар” деген сөзі есіме түсті.

Көкпар дегенді естігенмен, көрген жоқ едім. “Олар не тартып жүр” дедім. Ерекең енді көкпардан хабарсыз екенімді түсініп:

  • Серке, не ту ешкі тартады бұл жақта, - деп жауап берді.

  • Ойбау-ау, обал емес пе. Соншама жұрт жан-жаққа тартқан серкеден не қалды? Бұл келіспеген ойын екен. Қатыгездік, - дедім абыржып. Ерекең бар дауысымен күлді.




  • Ол тірі емес қой, - деп атының жалын құша күліп, мэз болды да қалды.

Ауылға келген соң бір үйге ат басын бұрдык. Қара жорға көкпарға менен гөрі түсінігі бардай елеңдеп, көкпар тартқан жакка сыңар езулеп бұрыла берді. Ерекең бұрын хабарлап қойған ба, түскен үйіміз жайлы екен, бірден алдымызға ас әкелді. Соғыстан кейін тамақтың тапшы кезі. Жұрт дүкендегі арақ-шарапты былай койғанда, иіс суға дейін ішіп бітірген. Ең алдымен үй иесі “қасиетті дэмнен бастайық” деп, бір-бір ағаш аякка кұйылған ак ұсынды. Қымыз ба десең, кою. Біздің жақта сүт қатып, тарыдан жасаған сұйык көже болушы еді, берген сусыны екен ғой деп, шөлдеп отыр едім, басыма бір- ақ көтердім. Дэмі көжеден бөлектеу екен. Ерекеңе “бұл не?" дегендей қарадым. Ол кісі:

  • Ауылымыздың ең жақсы көретін сыйлы дэмі осы, боза, - деді.

Сонда барып Сәлкен ағаның ескерткен сөзі тағы есіме түсті. Соңынан білдім, бұл да адамды масайтады екен. Сөйтіп отырғанда екі-үш адам шауып, келіп көкпарларын үй иесіне тартты. Оған орай, көкпар әкелген адамға үй иесінің де жол- жоралғысы болады екен.
Аудан жері жазда малға жайлы, самалды дегенмен, қысқы боранда мал шығыны көп болды. Кенжекең екеумізді облысқа жиі-жиі шақырып үрсады. Әсіресе ұрыс таяғы менен гөрі Кенжекеңе көп тиеді.
Бір-екі жылдан кейін мені Свердлов ауданына ауыстырды. Ол кезде Жуалы Оңтүстік Қазақстан, ал Свердлов ауданы Жамбыл облысына қарайтын. Баратын жаңа аудан істейтін қызметім қолыма берген қағазда көрсетілген. Ол бойынша аудандық атқару комитеті председателінің өндіріс-сауда жөніндегі орынбасарымын. Өмірімде өндіріс көрмеген, анда- санда дүкенге кіріп, кейде базар дегенге баратыным болмаса, сауда жүйесінің аткаратын қызметінен өзімнің хабарсыз еке- німді білемін. Бірақ оны менен ешкім де сүраған жоқ, сырт- тай кесіп-пішіп жүмсап жүрген басшылар.
Мен барған жерде аудандык аткару комитетінің председателі Төлеген Ақтанбердиев деген кісі. Орта жастан асып кеткен, өте қатал адам. Алып денесіне қара сүр айбынды, ашулы өңі сай. Жүзіне кезінде шешектің дағы түскен. Қалың қара қабағы бір ашылмайды. Ашуланған кезінде тебінгідей құлактарына дейін қимыддап кетеді. Ол біреуге ұрысса, асты-үстін жездей




қактайды. Тіпті “көзіңді ойып алайын ба?” дегенге дейін барады.
Оның ашу үстінде ұрысқанын тыңдап отыру жұдырық, камшы астында таяқ жегенмен бірдей. Онан аудан қыз- меткерлері қорқады. Шаруашылық басшылары, ауылдық советінің председательдері қорқып, мені жағалап, мен арқылы кірмек болады. Онан мен де қорқамын. Ол кезде соғыс жаңа ғана аяқталған кез. Жағдай ауыр. Шаруашылықта көлік күші жетіспейді. Құрал-сайман жағы да нашар. Ең бар деген колхозда бір не екі жүк машинасы болады. Соғыс алапатынан колхоз, совхоз шаруашылығы төмендеп кеткен. Астык жағы тапшы. Техниканың, егінжай жерлерді өндеуге керекті заттардың жетіспегенінен егін түсімі де төмен. Осындай жағдайда председательдің ашулы жүруі де орынды тэрізді. Оның үстіне маман жағы жетіспейді. Шаруашылық басшылығына майданнан келгендерді қоя салады. Ол кезде ішу деген дағдыға айналған. Әр үйде жәшік-жәшігі- мен арақ тұрады. Арақсыз қонақ қабылдау деген әдеттен қалған. Әйел-еркегі бар жаппай ішу.. Оған мен де атса- лысамын. Оны Төлеген аға біледі. Басқа орынбасарларынан гөрі мені жақсы көреді. Мені бетіме айтып ұрыспағанмен, ішкіштерден айырып алудың амалын жасайды. Аудандык партия комитетінің бірінші хатшысы - Самуил Наумович Иткин деген кісі. Аласа бойлы, төртпақ, жүзінен нұр жауып түрған ақылды, іскер, өте сауатты адам. Ол да мені “соғысқан партизан адам” дей ме, маған жылы шырай білдіріп ұрыспайды.
Бірде аудандық атқару комитетінің мәжілісі өтетін болды. Ол кезде кешкі, тіпті түн ортасына дейін жұмыс істейтінбіз. Жиналысқа шақырылған адамдардың екеуі кешікті. Екеуі де жуырда майданнан оралып, бірі - ауыл совет председателі, екіншісі колхоз бастығы болатын. Сөйтсек екеуі бірге соғыс- қан, соңынан жаралы болып, бірінен-бірі көз жазып жүреді екен. Екеуі де сол күні мәжіліске шақырылып, ертерек келген соң, тамақтануға асханаға барған жерлерінде жолығып, жы- ласып көріседі де, аман-есен тірі кездескендерін атап өтпекші болып ішеді. Көптен кейін барып мэжіліс естеріне түседі.
Біраз мәселелер қарап аяқтап калғанбыз. Төлеген аға: “ана екеуі қайда?” дегендей маған ала көзімен қарады. Олар мені жағалап жүретіндерін біледі. Сол кезде есік ашылды да, бірін-




бірі сүйреп, екі қу кіріп келе жатты. Отырғандардың барлығы соларға қарады. Біреуі екіншісіне сүйеніп, тілі күрмеліп:

  • Тө-ке! - деді.

  • Әй, күры, жоғалт көздеріңді, - деді де. - Қасым, мына куларыңды әкет, ертең сағат тоғызда екеуін де маған алып кел!

Екеуін кабинеттен шығарып, бір бөлім бастығының үйіне жібердім. Ертеңіне олар ерте біздің үйге келді. Кеше естерін білмейтін болса керек, бірақ бөлім бастығы не істегендерін айтқан болар. Екеуінің де түрі кетіп калыпты.

  • Кеше біз ұят жасап алдық, - деді біреуі.

  • Мәжіліске келетіндеріңді білмедіңдер ме? Ал ішкеннен кейін мас болып, ес-түстеріңді білмей, мэжіліске кіре ме екен кісі, - деп, өзімше үрысқан болып отырмын.

  • Қаске, енді не ақыл бересіз, не істейміз? - деді бірі таусылып.

  • Не істеуші едік. Қазір Төкеңнің алдына барамыз. Ол не айтса, сол болады, - деп басымды шайқадым.

  • Мен неде болса енді бармайық деп едім, мынау ғой, - деп біреуі жолдасына қарады.

  • Қайдан білейін. Төкең біздің талай жылдан бері көріспегенімізді білетін шығар, не кей кезде мәжілісті сіз басқарушы едіңіз, - деп күмілжіді екіншісі.

  • Тіпті мен басқарғанда да, онда басқа да мэжіліс мүшелері бар емес пе? Ал Иткин болса, мәжіліске катыспай қалмайтынын білесіндер, - дедім. Енді олардың мойнына су кетті. Үндемей соңыма ерді.

Төкеңе кірсек, отыр екен. Бізді көріп, түнеріп кетті. Сәлем бердік. Сәлем алу орнына “отырыңдар” деді. Мен отырдым, ана екеуі тікесінен тік тұрған қалпында қалды. Мұғалім алдында қылмыс жасаған шәкірттердей төмен қарап, тізіліп түр. Төкең болса, әдеттегі ұрысына басты. Олардың құлактарын да жұлып алмақ болды. Тіпті көздерін де ойып алмак. Ең соңында: “көк тотыяйын жегендер” деді. Ол “арақ ішесіндер, маскүнемдер” дегені. Оларға эрбір катты сөз айткан сайын маған да карап қояды. Ол: “келінім саған айтам, қызым сен тыңда” дегеннің кері. Ана екі қуда үн жок. “Үндемеген үйдей пәледен құтылатынын” майдандағы катал командирлер алдынан ұккандар. Бір кезде Төкең сабасына түсті. Сэл өңін жылытып:

  • Отырыңдар, - деді.

Екеуі отырды.




  • Жарайды. Бұдан былай дұрыс жүрмесеңдер, арақ ішуді коймасаңдар, маған өкпелемеңдер! Самуил Наумович “партиялық жөнінен қатаң шара қолдану керек. Орындарынан алу керек” деп, кеше ашуланып кетіп еді. Оған “өзім шара қолданамын” дермін. Жұмыстарыңа барыңдар, - деді. Төкеңнен қайта-қайта кешірім сұрап, қайта-қайта алғыстарын айтып, екеуі кабинеттен шықты.

Ол кезде эр үйден астык жинап мемлекетке өткізетін. Сол жиналған астықты қабылдайтын жерге жеткізудің өзі қиын еді. Машина жоқ. Арбамен тасимыз. Ол астықты әр үйдің отбасының тамағынан жырып жинаудың өзі күш болатын.
“Заем” дегенді ана шаруашылыкка пәлен мың, мына шаруашылыққа пәлен мың деп, салық ретінде жүргізетін. Оны әр отбасынан жинау да оңай емес болатын. Әр шаруашылықта бір-бір ауданның басшысы отыратын. Тапсырманы орындай алмаған өкілдерге тиісті шара да қолданып жататын.
Мені бір күні бірінші хатшы шақырды. Барсам, өзімнің бастығым сонда отыр. Жүздерінен екеуі де бір нэрсеге көңілдері толмай отырғанға ұқсайды.

  • Қайсенов жолдас. Сізге өте жауапты тапсырма бар. “Буденновка” колхозында Карпиченконың өкіл екенін білесіз ғой. Сол аупарткомның бюро мүшесі, аудандық милицияның бастығы бола тұра, заемды орындамады. Біз оған қатаң шара колданайық деп отырмыз. Ол казір сонда. Бүгін - бірінші май, үшінші майға дейін орындап келуді сізге тапсырғалы отырмыз. Сіз аудандық аткару комитеті председателінің орынбасарысыз, - деп бүйыра сөйледі.

Өзім бір шаруашылыкка барып заемды орындап кел- генмін. Амал жоқ, қайта кеттім. Жаныма банкінің ақша кабылдағыш адамын алып, Буденновкаға жеттім. Үлкен колхоз еді. Екі жаңа жүк машинасы бар болатын. Көшеге кірге- німізде сол машина лық толы адамдар өлең айтып көшені басына көтеріп келе жатыр. Анандай жерде майор Карпиченко сорайып түр. Алдыңғы машинаның кабинасында отырған колхоздың бастығы Василенконы таныдым, есін білмейтін мас. Машинаны токтаттым. Василенко есін білмейді. Мені танымайды. Оны өз машинама Карпиченко екеуіміз көтеріп отырғызып, кеңсесіне алып келдік. Суық сумен бет-аузын жуып диванға жатқыздық. Енді оның есін жинауын күттік. Ол маскүнем болса да бүкіл сол колхоз оның аузына карайды. Ол шаруашылықтың колхозшылары басқа жерлерге қарағанда




ақшалы. Еңбек ақыларына тонналап қант алады да, оны ақшаға айналдырады.
Не заманда Василенко оянды. Орнынан тұрып, бізге ұйқылы көзімен қарады. Не болғанын есіне түсіре алмады. Оған не ой келгенін сол сәтте кім білсін, қорқып кетті. Біз үндемей, бетіне қарап отырмыз. Біз үндемеген сайын, оның күдігі күшейіп, не істерін білмеді.

  • Мұнда мен қалай келдім? - деді ақыры.

  • Оны біз қайдан білейік, - деді майор.

  • Қайдан, қалай келгеніңді кейін біле жатарсың. Ең алдымен заем мәселесін шешіп алайық. Бүл науқанды орындамай отырған сен ғана, басқа шаруашылықтарда уақытында орындалды, - дедім бетіне тура қарап.

  • Маған, мүмкін болса, бір сағат уақыт беріңіздер, орындаймын, - деді орнынан түрып. Бір сағаттан кейін аудан орталығындағы банкке ақша алып жүріп кеттік.

Ол кезде аудан орталығы - Михайловка селосында. Электр жүйесі нашар, жоқтың қасы еді. Аудан орталығына іргелес колхоз есебіне электр станциясын салмақ болып, оның жобасын алып, іске кірістік. Аудандық атқару комитетіндегі жұмысым үстіне осы қүрылысты басқаруды маған тапсырды. Техникалық жабдығын ғана колхоз көтереді де, басқа станция орнын, каналын қазу, тағы да басқа қара жүмыстарын көпшілік күшімен жүргіздік. Бүкіл село тұрғындары электр жарығын алуға атсалысып, жекеменшік есек арбаларын өз еріктерімен жұмысқа қосты. Айналасы бір жыл ішіңде қыруар жұмыс атқарылып, аудан орталығы, көрші шаруашылықтар электр жарығына ие болды. Мойынды - Шу темір жол құрылысына да қатыстым. Ауданнан жүздеген адам жинап, оларды қүрал- сайман, азық-түлікпен де қамтамасыз ету оңай болған жоқ. Олар шөл далада кажырлы еңбек етіп тер төкті.
Осылай аудан тіршілігіне байланысты эр түрлі жұмыстарға бастығып та қалдым.
Бір күні екі үлкен бастық шақырды. Барсам, тағы екеуі тізе қосып отыр екен. Кіріп сэлем бердім. Тағы да сөзді Иткин бастады:

  • Фрунзе атындағы колхоз астық жоспарын орындамады. Соған бармасаңыз болмай тұр, - деп кесіп айтты. Өзімде арнайы білім жэне жүмыс тәжірибем болмаған соң, осы кісілердің әйтеуір айтқандарын бұлжытпай орындап, үйреніп қалғанмын.

  • Барайын, - дедім. “Өзін де қайта-қайта жүмсап, дамыл




бермейміз. Партизан адам қарсылық білдіріп қала ма” деп ойлаған да болулары керек. “Барайын” дегенімде екеуі де көнілденіп кетті. Сол күні колхозға келіп, кеңсеге кірсем, колхоз бастығы жоқ екен.

  • Бастық қайда?

  • Әлгінде ауданмен телефон арқылы сөйлесіп отыр еді, қайда кеткенін білмей қалдық, - деседі кеңседегілер. Сыртқа шыксам бастық көшеде әрлі-берлі шауып жүр екен. Оны өзіме шакырып, қол бұлғадым.

  • Қаске, қазір! Осы бір жарты сағатта. Келемін, - деп дауыстап кете барды. Мен оның келіп амандаспай да кеткеніне “тегі бір қиын жағдай болып қалған екен” деп ойлап қалдым да, кеңсеге кіріп, оның келуін күтіп отырдым. Бір сағаттай отырдым-ау деймін, терезеден қарасам, көшеде астык тиелген арбалар тізіліп қалыпты. Шыдай алмай, сыртқа шықтым. Анадайда бастық далақтап шауып келеді екен. Ол жаныма келіп, аттан қарғып түсті де:

  • Қаске, амансың ба? Міне, астықты түгел орындап жөнелттім. Орындадым. Ұрыспаңыз, - деді мен оған үрсайын деп түрғандай.

  • Дұрыс болды, осы жүмыс жайлы келіп едім.

  • Төкеңмен сөйлескенмін. Сіз кетті деп айтқан, - деді бастық асығып-аптығып.

Сол жылы мені тағы оқуға жіберді. Бұл жолы бұрын өзім бітірген орталық партия комитеті жанындағы бір жарым жылдық Лениндік курс екі жылдық жоғары партия мектебі болып қайта құрылған болатын. Осы жолы келгенде, оның аудармашылар дайындайтын бөліміне тап болдым. Оны бітіріп шыққан соң, астанамыз Алматыда баспаларда редакторлық қызметтерін атқарып жұріп, естелік жаза бастадым.
Кейіннен жолым түсіп, Жамбыл облысының Мерке ауданына барып, Ақтанбердиев ақсақал сонда тұрады деген соң, сәлем берейін деп үйіне бардым. Қарт қуанып қарсы алды. Қона жатып, екеуміз өткенді еске түсіріп отырмыз.
Сөздің бір кезегінде Төкең маған қарап күлді.

  • Неге күлесіз?

  • Сен туралы Иткин екеуіміздің бір ісіміз есіме түсіп отыр. Тағы басын шайкап күлді.

  • Ол не, айтыңыз.

Иткин екеуміз сені сыртыңнан сататынбыз.

  • Қалай, неге? - дедім түсінбей таңырқап.






  • Әрине, біз оны саған жаманшылық ойлап істегеніміз жок. Ол кезде жағдай өте ауыр еді ғой. Аудан жоспарын орындау үшін, амалсыздан сондай колайсыз жағдайға дейін баратын едік, - деп ашып айткысы келмей ақсақал мүдіріп калды.

.— Айтыңыз, оған көп уақыт өтіп кетті ғой, - деп тақымдап болмадым.

  • Қазір ол ісіме өзім ұяламын. Болмадың ғой айт деп, айтайын. Ол кезде, сен кішкентай пистолетпен жүретінсің. Аты-жөнің жазылып, майданда өзіңе сыйға берген пистолетіңді айтамын. Тіпті қонаққа барғанда да, біздің үйге келгенде де талай рет көргенмін. Сенің партизан екеніңді бүкіл аудан адамдары білетін. Есіңде ме, Иткин екеуміз шакырып алып, сені жоспарын орындай алмаған шаруашылыкка сонда арнайы жүрген өкілдің үстіне үстемелеп жіберетінбіз. Сен солай қарай жүріп кеткенде, біз дереу ол колхоздың бастығына телефон соғып: “Сен жоспарды орындамадың. Ауданды кейін тартып отырсың. Саған Қайсенов кетті. Оның кім екенін білесің бе? Ол - партизан. Оның үш кісіге дейін атып тастауға правосы бар. Соның бірі сен болып кетіп жүрме” дейміз. Сен қолма- қол орындатып келетінсің, - деп не дер екен дегендей бетіме қарады. Бұған не айтарсыз. Соғыстан кейінгі ауыр кезеңде мен атқарған жұмыс жайы осындай болыпты.

ТУЫСЫМДАЙ КӨРЕМІН ӨЗДЕРІҢЦІ
Осыдан жарты ғасырға жуық бұрын бүкіл ел басына күн туып, туыскан Украина елі фашист кандыбалақтарының баскыншылығына ұшыраған кезде қаһарман украин парти- зандарының қатарында болдым. Олар мені өз ұлдарымен бірге өз аттарымен “Вася” деп атап, бауырына басты, ерлікке тәрбиеледі. Аттары аңызға айналған С.А.Ковпак пен А.Ф.Федоровтың, И.К.Примак пен А.В.Тканколардың аялы ағалық алақандарын сезіндім. Қасиетті Украина жерінің бір шетінен екінші шетіне қару арқалап, қарулас қандыкөйлек достарыммен бірге өттім. Украинаның қасиетті топырағына қаным тамған жерлер көп.
Украина - менің екінші Отаным. Украиндықтар - мәңгі ұмытылмас бауырларым. Осылай ұлы украин халқын шексіз сүйіп, бауыр басып кеткен адаммын. Сол сағынып жүрген елге былтыр жолым түсіп, казақ мәдениеті мен әдебиетінің күндеріне барып, сиреп калған карулас достарыммен қауышып қайтқам.


Олар естен кетпес талай-талай басқыншылармен кескілескен ұрыс жүргізген жерлерге апарып, өткенді еске түсірген.
1944 жылы Карпаттың арғы жағындағы украиндык бауырларды азат ету кезіңде Карпат тауының ұшар басы

  • Поланина руноға тұңғыш совет азат етушілері ретінде парашютпен түскен едік. 60 каруласымыздан 53 досымыз фашистердің жазалаушы жендеттерінің қанды колдарынан ерлікпенказатапқанеді.Қалғанжетеуімізжүріп,ұйымдастырған партизан құрамасы Закарпат Украинасын азат етуге катысып еді. Сол біз тұңғыш түскен таудың шынар басына ақ мәрмәр тастан біздерге ескерткіш орнатқан екен. Ескерткіш басына барып, құрбан болған батырларды еске түсіріп, үнсіз тұрып, олардың қаһарман бейнелерін көз алдымызға елестеттік. Сол жерде тұратын, эрқашанда Карпаттың заңғар басына карап достарын қабырғалары қайысып күнде еске алатын жанымдагы Алексеенко, Бобидорвич, Мариненколарды аяп кеттім. Біздерді естен шығармай, зэулім ескерткіш орнатқан Украина еліне аса ризашылық білдіріп, рахмет айттық!

Енді, міне, сол ұлы украин халқының әдебиет, мэдениет қайраткерлері келе жатыр дегенді естіп, қуаныштымын. Соғыстан оралған соң, естеліктер жазып, қазақ, украин, орыс тілдерінде миллионнан аса тиражбен жиырма шақты кітап шығарыппын. Барлығы да - Украина жеріндегі қанкұйлы, қатал жаумен партизандар соғысы жайлы. Фотосуреттер

  • Украинаның батыр партизандары, жер аттары, су аттары, қалалар мен селолар аттары да өзгертілмей алынған. Әлі де шығатын, жазбақ кітаптарым да сол Украина жеріндегі жойқын айқасқа арналған. Сол үшін де өзімді украин жазушыларының бірімін деп есептеймін. Украин жазушыларының осындағы елшісіндей сезінемін. Соғыстан кейінгі жылдары Украина жазушыларының барлык съездеріне қатыстым. Тарас Григорьевич Шевченконың 1964 жылы өткен 150 жылдық, 1968 жылы өткен Котляровскийдің екі жүз жылдык тойына қатысқан мерекелерді кім ұмытар. Украинаның ұлы перзенті Т. Г. Шевченко заманынан бері қарай бұл екі халықгың рухани байланысы үзілген емес.

Біздің ұлы Абай бастаған классиктеріміздің, бүгінгі арамызда аман-есен жүрген Ә.Тәжібев, Ә.Сэрсенбаев, Х.Ерға- лиев, С.Мәуленов сияқты алып ақындарымыздың өлең- дастандарын украиндықтар өз тілінде оқыса, Украинаның Т.Г.Шевченко бастаған классиктері мен бүгінгі О.Гончар




бастаған аса ірі жазушы-акындарының еңбектерін қазак халқы өз тілінде оқиды. Әдеби-мәдени байланысымыз да кең өріс алғанына осы өткен жылы ғана Қазақстан әдебиеті мен мэдениеті күндерінің Украинада тамаша табыспен өткені айғақ бола алады. Сол күндері Украина үкіметі өздерінің астанасы

  • Киев қаласының бір әсем көшесін ұлы Абай есімімен атағаны да - осы мызғымас достықтың белгісі.

Аса қадірмен Украинаның әдебиет пен мэдениет қайраткерлері, хош келдіңіздер, есік ашык, кұшак жаюлы, төр

  • сіздердікі!


МӘЛІК АҒА
Бүл 1946 жылдың басы еді.
Мэлік Ғабдуллин армия қатарынан босапты, елге келгені жақсы болды, - деп, Жұмағали Саин анандайдан менен сүйінші сұрағандай, шын қуанышын білдіргендей, мені көшеде құшақтай алды. Ол кісімен таныс болмасам да, сырт- тай батырлығын естіген мен де Жұмағали куанышына ортақтасып:

  • Жақсы болған екен, майданнан аман-есен келген соң, арамызда жүргені дұрыс кой,- деп, аға құшағынан босап, оған ердім. Ол кісі қайда бара жатқанын айтпастан, екеуміздің Украинадан келе жатып Мәскеуге сокканымызды, бізді Қазан темір жол вокзалында осы Мэлік аға бастаған бір топ казақстандықтар шығарып салғанын менің есіме түсіріп келеді. Бірақ ол кісіге кеш қараңғылығында, асығыста анықтап түс тоқтатып қарай алмаған едім. Бір кезде Жұмағали:

  • Оның менен жасы кіші болса да қазақтың әдеті бойынша, алыстан келгенге барып амандасқан жөн. Екіншіден, екеуміз

' бір елдің адамы едік. Жүр, кіріп амандасайық. Сені таныстырайын, деді.

  • Ол кісі қайда?- дедім.

  • Мына үйде,- деп өзіміз тұрған Карл Маркс көшесі ме, қазіргі Комсомол көшесі ме, әйтеуір бір көшенің қиылысына жакын тұрған бір кабат үйді нұскады.

  • Осында тұра ма?

  • Жоқ. Бұл оның жолдасының үйі. Ол да мьщты, Қазақстан орталық комсомол комитетінің хатшысы, өзі ақын Қайнекей Жармағамбетов дегеннің үйі. Қазір сол үйде деп естідім.




  • Жұмеке, өзіңіз барыңыз. Үлкен адамды үлкен адамның үйіне іздеп бару сізге дұрыс болғанмен, маған қолайсыз шығар,- деп сәл шегіндім. Оның үстіне көп жылдар бойы елден қол үзіп, кызметтің әр түрлі лауазымдарынан хабарсыз маған Жұмағали айтқан Жармағамбетовтың қызметі мені үркіткендей болды.

  • Қой, олар - кішіпейіл, жаксы адамдар. Сені - партизанды көру...- деп Жұмағали “сөзді қой” дегендей, үйге қарай беттеді. Амалсыздан соңынан ердім. Оның артында келе жатып:

  • Жұмеке, сіз барған жерде мені мақтайтыныңызға катты ыңғайсызданып қалам,- дедім. Ол оған артына өзінің жарадан қисайып кеткен денесін онан да қисайта бұрылып, басын шайқап күлді. Есік ашық екен. Жұмекең оны какпай-ак кірді, соңынан мен де кірдім. Алдымыздан бұйра кара шашты, тойған козыдай төртпак, аласа бойлы, көз әйнек киген адам карсы шығып:

  • Жұмеке, төрлетіңіз,- деп көңілді күлкісімен асты- үстімізге түсті де қалды. Бұл үй иесі Қайнекей екенін бірден аңғардым. Өйткені мұндағы қонақ - Мэлік ағаны Мәскеуде көргенде бойшаң екенін аңғарғамын. Орталық бөлмелердің біріне кіргенімізде, үстел басында отырған бойшаң қараторы, келбетті адам орнынан тұрып:

  • Е, Жұмеке,- деп Жұмағалиға екі қолын бірдей ұсынды.

  • Мэлік, ат-көлік аман келдің бе? - деп екеуі шұрқырасып табысқандай болды. Мәкеңнің колы Жұмакеңнен босай бергенде, мен де қол беріп амандастым. Үшеуі үстел басына жайғасып отырған кезде бөлектеу тұрған орындықка отырдым. Сонау майданнан қайтқанда “бір көрсем” деп арман еткен екі адамның бірінің алдында отырғаным бойымды қуаныш сезімі биледі.

Ол кісіге ұрлана қарап отырмын. Әскери киімі тұла бойына құйып қойғандай, кеудесіндегі Алтын Жұлдыз да туғаннан бері тағып жүргендей эсер қалдырды. “Батыр келбетін қиялшыл суретші де мұндай етіп сала алмас” деген ой келді маған. “Атағына келбеті сай мұндай адамды кездестіру де қиын шығар” деп ойлаймын тағы бірде. Менің ол туралы эр түрлі іштей ойымды оның Жұмекеңмен сөз арасында маған сынай қараған көз қарасы үзіп жібереді. Адамдардың сырт пішіндері бір-бірлеріне ұқсамайтындары сияқты, бұл үшеуі де бір-бірлеріне ұқсамайды. Ал ішкі дүниелерін кім білсін. Батыр бар тұлғасымен батырға ұқсайды. Жұмакең болса, нәзіктігімен ақынға ұқсайтын шығар. Ал Қайнекейді Жұмакең “акын” деген.




“Табиғатта талант түрлерін сырт бейнесіне карамай үлестіре беретін болды ғой” деген ой оралды маған. Жүмакең кенет маған бұрылып карады да, күлді, тегі сыртта айткан менің сөзім есіне түскен болу керек:

  • Мынау, танысып қойыңдар, Қасым - партизан. Украинада үлкен партизан отрядының командирі болған,- деп өз сөзіне өзі мэн бергендей, екеуіне алма-кезек карады. Мэкеңнен бұрын Қайнекей:

  • Партизан! Партизан екен ғой,- деп менің белдігімдегі пистолетіме, жай адамдар кимейтін киімдеріме карап, орнынан тұрып анадайда ілулі тұрған кызыл ленталы папахамды алып, айнала карап басына киіп алды. Оған екеуі карык болып күлді де қалды. Өзі де мэз болып күлді де:

  • Осы партизан мен қатарлы шығар,- деді. Шынында Қайнекей екеуміз жасты болып шықтық.

Енді әңгіме желісі өткен күндер оқиғасына ойысты. Мэлік ағадан бастан кешкен әңгімесін тыңдауға эзір отырған екі досы тағы бөгелді. Ол кісі біраз үнсіз отырып барып:

  • Біраз шырғалаңдарға душар болдық қой. Сол өзде- ріңнен кеткеннен кейін Ташкентте училищеде оқып жүр- генде бірнеше курсант тұтқынға алынды. Соларды тергеу барысында кейбіреуінің жауабында осында' “халық жауы” деп ұсталғандармен менің де байланысым бар депті. Сөйтіп мені де жауапқа шақыра бастады. “Кімдермен байланысың бар, мойында” деп, Шевченко деген тергеуші сараяқтан су ішкізді. “Ешбір халық жауын білмеймін, байланысым да жоқ” деймін. Сенбейді. Күндіз жауап алады. Түн ортасында шақырады. Қорқытып-үркітпек болады. “Ойлан, осында қамауда отырғандар сенің байланысың бар екенін дэлелдеп отыр, сен енді бұлтара алмайсың” деп дікілдейді. Мен сол “білмеймін, байланысым да жоқ” дегеннен танбаймын. Өзім жақсы оқысам да, жарыста, байқауда аса мергендік көрсетіп жүрсем де, бір командиріміз соңыма түсіп алды. Көп қиянат та көрсетті. Амал не, бэріне де төзіп бағуға тура келді. Сөйтіп жүріп, бұл пәледен де кұтылдым-ау! Ал енді соңыма шам алып түсіп, адам айтқысыз қиянат жасаған сол офицермен Мэскеуде СССР қорғаныс наркоматында кездестім. Коридорда көріп таныдым. Әбден жүдеген, үстінде гимнастерка дегені болмаса, ешбір лауазым белгісі жоқ. Басына іс түсіп жүргенін аңғардым. Ол да мені таныды, бірақ менімен кездеспеуге тырысып, бұрылып кетті. Мен қуып жетіп, амандастым. Ол “кек алар”




деген ниетте қоркып тұр менен. Онан кек алып кайтейін, казак “таспен ұрғанды аспен ұр” демей ме, асханаға тамақтануға шакырдым. Қарны әбден ашқан болуы керек, лажсыздан көнді. Сөйтсем бір соғыста тұткынға түсіп, шен-шекпенінен айырылып, арыздасып жүр екен. Кадрлар бөлімінде каралатын ісіне араласып: “бұл менің бұрынғы ұстазым, командирім еді” деп корғадым. Жігіттер де маған сенді, менің сөзімді жыкпады. Сонымен оның ісі оңалды. Екі-үш күннен кейін офицер формасын киіп, бұрынғыдай емес, кабинетіме көңілді кірді де:

  • Майор жолдас, сізге үлкен рахмет айтамын! Сізді бір кезде түсінбей, ағаттык жібергенімді кешіріңіз! Сіздің жаксылығыңызды ұмытпаймын, - деп өткендегі кінәсін

МОИЫНДйДЫ.
Өмірде ондай-ондай болады, подполковник жолдас, окасы жок! - дедім. Ол хат жазып тұру ниетімен адресімді алды, - деп аяқтады өткен күндерінің бір үзіндісін Мэлік аға.
Ең соңында ұзақ сонар сөз әдебиет жайында ауысты. Сол күні олар ұзак отырып, көңілді тарады.
Сонан арада біраз уакыт өтті. Өзім таныскан, өзім көрген қалам иелерінің шығармаларын оқып жүрдім. Бір күні Мэлік ағаның “Менің майдандас достарым” деген естелігі қолыма түсті. Онан бұрын да эр газет-журналдарда басылған майдан жазбаларын окығанмын. Естеліктерінде Баукең бастаған майдандас батырлар туралы жазғандары қатты әсер етті. Ол кісі кездесіп жүрсе де, шығармаларынан алған әсерімді айта алмадым. Бұл кезде менің де естеліктерім газеттер бетін көре бастаған.
Бір күні Жазушылар одағына барсам, Мәкең аулада біреумен сөйлесіп тұр екен. Мені көріп:

  • Партизан, бері кел, - деп жанына шакырды. Бардым. Амандық сұрасқаннан кейін:

  • Көрінбей кеттіңдер ғой, Жұмакең қайда?

  • Сырқаттанып қалды. Ауруханада.

  • Барып шығу керек екен ғой! - деп Жұмакеңнің ауыр жағдайын ойлады ма, көңілсізденіп қалды. Сәлден соң:

  • Естелік жазып жүр екенсің ғой. Еазеттерден оқыдым. Ол талабың жақсы екен. Оқиғасы қызықты, жазу керек, - деп кідірді де, бір нәрсе ойлағандай болды. Мен үндемей тұрмын. Ойлап тұрған ойын корытқандай:

  • Әрине, өзің жазуың керек. Біреудің бастан кешкен




окиғасын біреу жазғаннан гөрі, өзі жазғаны дұрыс па деп ойлаймын. Саған көмектесер Жұмакең де денсаулыктан айрылған, - деп Жұмакеңнің ауыр халіне кинала тұрып, менің де камымды ойлап тұрғанын аңғардым. Оған жауап катпадым. Оның көркем де ойлы келбеті, айтып тұрған ағалық камқорлығы мені үндетпеді.

  • Әзірге ойда қалған оқиғаны жеке-жеке қаз-қалпында жаза бер. Сенің материалыңа басқадай ой, көлденең сөз қосудың да керегі жоқ. Кей жазбаларынды карап та берейін, - деді Мэкең қамқорлық ниетпен. Осы кезде жанымызға аласа бойлы, тұлғасында табиғатта болатын заңымның белгісі бар сабырлы адам келді. Енді Мэлік аға ол кісімен ұзақ сонар эңгіме бастаған соң:

  • Мәке, сізге рахмет, тағы хабарласармын, - деп кетуге рұксат сұрағандй болдым.

  • Жарайды, партизан. Жаз, жаза бер, - деп қалды соңымнан.

Сонан көп ұзамай Жұмакең дүние салды. Мен Жұмағали ағаның көзі тірісінде тапсырып кеткен жора-жолдастары- ның арасында кала бердім. -Кейіннен Мэлік ағаның тасы бұрынғыдан да жоғары домалап, үлкен ғалым болды. Ғылым кандидаты, доктор, профессор, академик атағын да иеленді. Амал не, бұл батыр да, үлкен ғұлама аға да әттең ұзақ ғұмыр кеше алмады.


ОТАННЫҢ ХАС БАТЫРЫ
Бұл жау тылы - 1943 жылдың іші еді. Таң алдында отряд Днепрдің сол жағына өтті. Хоцки орманындағы кұрама лагеріне жеткенімізде қас қарайып кетті де, палатка, балағандарға бас сұққан соң, тамак ішуге де шамамыз келмеді. Қатты ұйқыда жатыр едім, сакшы оятты:
-Сізге қонактар келіп тұр, -деді. Тұрып палаткадан шыксам, төрт-бес адам тұр екен. Үшеуі бірінші отрядтың адамдары

  • командирлер, екеуі - бөтен эскери адамдар. Кеуделерінде орден-медальдары жаркырайды, біреуінің кеудесінде Алтын Жұлдызы да бар. Үйқылы-ояу: “бұлар кімдер, кайдан жүр” деген ойда тұрғанымда:

  • Вася, саған құрметті конақтар алып келдім. Танысып қой,

  • деді бірінші отряд командирі Попов.

  • Лавриненков, - деп, жасы өзім шамалас, орта бойлы,




мыгым денелі, касы қалың жігіт қолын ұсынды. Өзі айтпаса да, көріп тұрмын: майор, Совет Одағының Батыры.

  • Карюкин, - деп екінші де қолын созды. Капитан, орта бойлы, ашаң жүзді көңілді жігіт.

  • Ал, Вася, бүл кісілер бізге келгелі үш-төрт күн болып калды. Жігіттерден сен туралы естіген болуы керек, сенімен таныстыр деп болмаған соң, алып келдім. Енді өздерің таныса, білісе жатарсындар. Мен кеттім, - деп Попов атқосшыларымен өз отрядына қарай беттеді. Попов Николай Михайлович 1916 жылы Чкалов облысында туған, Қызыл Армияның офицері. Әскери бөлімдері қоршауда болып, жау тылында калған. Сол коршауда калған Ржищев аудандағы коммунистердің астыртын үйымымен байланыс жасап, осы өзім құрамында жүрген Чапаев атындағы партизан құрамасының үйымдастырушыларының бірі болган адам.

Екеуі де мен туралы хабардар болып шықты. Олар жігіттерден, кұрама басшыларынан естіген мен туралы әңгімесін бірінен соң бірі айта берген соң:

  • Мен туралы әңгімені қайтесіндер. Өздерің кайдан жүрсіңдер, мұнда қандай сайтан айдап келді, соны айтындар,

  • дедім. Майор жігіт басын шайқап, қолын сермеп:

  • Вася, айтпаңыз! Бұл екеуміздің де көрмегеніміз жоқ. Сен бүл оттың ішіне әдейі тапсырмамен түссең, біз еріксіз түстік,

  • деп бір өкініш сезімі билегендей эңгімесін бастады.

  • Өзің білесің, солдаттардың “Рама” деп атайтын фашис- тердің барлаушы самолеті бар ғой. Сол самолетті “қайтсеңдер де қолға түсіріңдер” деген бүйрық алдық. Басында екеуміз соны ауада аулауға шыққанбыз. Бірде бұлт арасынан көріп қалдық. Ал қу. Қуа-куа қысқасы жау тылына өтіп кеткенімізді өзіміз де аңғармай қалыппыз. Ақыры өз жерімізге қондыра алмайтын болған соң, атып түсіруді ойладық. Атып та түсірдік, бірақ өзіміз де жаудан кұтыла алмадық. Олар бізді атып түсірді. Жау оғынан жанған самолеттен жаралы болсак та, парашютпен түсуге тура келді. Самолеттен қолайсыз жағдайда бөлінгендіктен, жерге түскен соң, ессіз қалдық. Есімізді жиып, көзімізді ашқанда жау қолына түскенімізді бірак білдік. Сонан қойшы, екеуміздің көрмегеніміз жоқ. Оның үстіне награда, кұжаттарды да жасыра алмағанбыз. Олар біздің кімдер екенімізді білді. Олардың қолдарында совет ұшқыштарының таңдаулыларының (бізде “АС” дейді ғой) тізімдері де бар екен, бағым ба, сорым ба, солардың ішінде мен де болып шықтым.






Сонан олар бізді “жерден жеті коян тапкандай” Гитлердің ставкасына апарып мақтанбақ болды. Бізді жолаушылар таситын поезға отырғызды. Отырған поездың вагондары, элде барлығы сондай ма, не бізді отырғызған вагон ғана сондай ма, өзі бөлек, басқа вагондармен аралык катысы жоқ. Вагонның әр купесі вагон бүйірінен сыртқа бірак шығады екен. Үстіңгі полкаға шығаруға жоғарыдан біз кастык жасайды деп ойлады ма, әйтеуір екеумізге астыңғы екі орын тиді. Екі айдаушының бірі есік босағасына жайғасты да, екіншісі дем алуға үстіңгі полкаға шығып, үйқыға кірісті. Бізде үйкы кайда, біз қашуға бел байлап келіскенбіз. Үйықтаған болып көз жүмамыз. Бірнеше кідірістен кейін, біз тыныш жаткан соң, олар да бейқам бола бастады. Ал біз поезд тоқтап, күзетшілер есікті ашып- жапқанда, оның калай ашатынын байқаумен болдык. Тіпті бір станцияда біреуі жерге түсіп, жайбарақат жүрді. Түн болды. Босағада отырған күзетші қалғи бастады. Кім білсін қай жерде келе жатқанымызды, әйтеуір. Украина жері, әйтеуір қашуымыз керек. Екеуіміз эзірленіп, мен күзетшіні бастан қатты үрған кезде, мынау есікті ашып жібермек болды. Дэл солай шықты. Екеуміз бірдей вагоннан карғыдык. Бағымызға карай біз кұлаған жер кұм, биік жар болып шыкты да етегі саз жұмсак екен. Сонда да оңбай құладык. Жандэрмен орнымыздан тұрып, бірімізді- біріміз сүйемелдей, сол жерден жан ұшырып алыстай бердік. Ол тұс шағын орман болып шықты. Таң біліне бастағанда бір жуан ағаштың түбіне отырып дем алып, үсті-басымызды жөнге келтірдік. “Енді ешқашанда біз өлмейтін шығармыз” деп кұшақтасып көріскендей болдық. Түн болатын. Қай жерде бізден айрылып қалғанын күзетшілер де білмейді. Оның үстіне олар басқа вагондағы басшыларына да дереу хабарлай алмайды, өйткені вагон жеке, бір жерге токтағанда ғана басқа вагондармен қатыса алады. Осы жағдай көңілімізге демеу болып, жүрегіміз орныға бастады. Дегенмен “сақтықта қорлык жок” деп, орман ішімен жүрсек те, сақтанып, алғашқы күндерде ешкімнің көзіне түспеске тырыстық. Қолда не компас, не картамыз жок, эйткенмен шығысты бетке алып жүре бердік. Кейбір кездейсок кездескен адамдармен сөйлесіп, кай аудан, кай облыс жерінде жүргенімізді ғана біліп отырдық. Түн қараңғылығын бетке алып селолардан тамақтанып, сенімді деген адамдардан жөн сұрап жүрдік. Бір күні осы Днепрге жақындаған жерде бір адамға тап болдык. Ол майдан шебі элі алыс екенін, майдан шебі арқылы өту жолы қиын екенін айтты да, бір нәрсені айта


алмай тұрғандай болды. Оган енді айта алмай тұрғанын айттыру үшін, “не болса да” деп шын кім екенімізді, қайдан жүргенімізді бүкпесіз айттық. Ол бізге сенгендей болып, осы маңда партизан отрядтары бар екенін, олармен байланыстыратынына уэде берді- Біз қуанып кеттік. Келесі күні қайта кездескенімізде элгі адам бізді құрама штабына алып келіп, Примак, Ломако, Тканколарға жолықтырды деді Лавриненков. Ол кездескен адамы Комаровка селосында уақытша тұратын, кейіннен отрядқа келген коммунист Процко Илья Артемьевич еді. Сонымен осы екі батыр ұшқыштармен достастым, фашистердің гарнизондары, комендатуралары, жазалаушы әскери бөлімде- ріне қарсы талай үрыстарда тізе қосып бірге жүрдік. Ең соңғы айқастардың бірі Хоцки селосындағы фашист гарнизонын талқандап, бір мың бес жүз тұтқынды азат ету үрысында Лавриненковтың досы капитан Карюкин ерлікпен қаза тапты. Соңынан көп ұзамай, біздің партизандар құрамасы Днепр өзені бойында 1943 жылдың қыркүйек айының 21-нен 22-іне қараған түні Қызыл Армиямен қосылған соң, Лавриненков біздің партизандар күрамасы штабынан жақсы мінездеме алып, өзінің эскери бөліміне кеткен. Онан кейін мен жау тылына аттанып, ол досымнан көз жазып қалғанмын.
Майданнан аман-есен елге оралып, Алматыда қызмет істеп жүрдім. Айлар, жылдар белгісіз өтіп жатты. Партизан достарымды іштей сағынып жүрдім. Бұл 1966 жылдың іші еді. Үйде отыр едім, телефон шылдыр етті. Трубканы көтердім.

  • Партизан, амансың ба? Келін аман-есен бе? - деген таныс дауыс естілді. Бұл - сол кезде Министрлер Советі Председателінің орынбасары Әди Шэріпов. Таныс, білетін адамым болса да, үкімет басындағы адам үйге телефон соғып тұрған соң, абыржып қалдым. “Неге телефон соғып тұр екен, ыңғайсыз бір оқиға болды ма” деген де ой келді.

  • Е, Әде аға, аманбыз. Өзіңіздің үй-ішіңіз аман ба? - деймін.

  • Не қылып отырсың?

  • Үйде бір қонағым бар, аздап ішіп те отырмын.

  • Әй қайдам, сен ішсең, аздап іше алмайтын едің ғой.

  • Машина жіберсем, келе аласың ба?

  • Қайда?

  • Үкіметтің қонақ қабылдайтын үйіне.

  • Ойбай-ау, онда маған не бар?!

  • Сен сөзді қой. Осында генералдарды қабылдап жатырмыз.




Солардың ішінде бір генерал “Вася Кайсеновты” тауыгі беріңдер деп есімізді шығарды. Өзі сенімен бірге партизанда болған ба, әйтеуір сенің досың. Өзі осал емес, генерал, Совет Одағының кеудесінде екі Алтын Жұлдызы бар. Келіп мына кумен амандасып, көрініп кетпесең, болар емес. Қазір машина жіберем, есік алдына шығып тұр.

  • Мына қонағымды қайтемін?

  • Ол қонағың бұл досыңдай алыстан келмеген шығар. Күте тұрар, - деп трубканы қойып қойды. Сол кездегі қонағым - осы күнгі “Жазушы” аталып жүрген баспаның директоры Дүйсенбек Еркішев аға еді. Кім телефон соққанын, не дегенін айтып едім, ол кісі:

  • Барып кел. Біз күте тұрамыз ғой, - деді.

Барсам, Фурманов көшесімен Құрманғазы көшесінің киылысындағы үкіметтің қонақ қабылдайтын кең залында стол басында жиырма шақты генерал, бір маршал отыр. Өзіміздің басшылар мен маршалдан басқасы әбден көңілденіп алыпты. Мен де көңілсіз емес едім, сол қонақасыға арнайы шақырғандай кірдім. Төрде отырған генералдардың бірі маған қарады да, дереу орнынан тұрды. Таныдым. Осыдан жиырма үш жыл бұрын жау тылында бірге болған үшқыш Лавриненков. Қүшақтасып амандастық. Отырғандар біздің кездескенімізді құттықтағандай, қол соғып жатыр. Сол көңілді кеш менің Лавриненковпен екінші рет кездесуім болды. Онан кейінгі жылдары біз ара қатынасымызды үзбедік.
Бүл 1983 жылдың қыркүйек айы еді. Днепр өзенінен Совет Армиясының өтіп шығуының қырық жылдығына байланысты Киев қаласынан шақыру қағаз алдым. Онда үшінші танк армиясы бөлімшелеріне көмектесіп, ұлы Өзен айқасына қатысқан адамдарды шақырған екен. 1943 жылдың 21 қыркүйегінен 22 қыркүйегіне қараған түнде Чапаев атындағы партизан құрамасы басшыларының бұйрығымен өз отрядымнан 120 адам алып, өзенді қанды айқаспен өтіп шығып, батыс биік жағасына орналасқан Григоровка, Луковец, Зарубенец селоларын жау қолынан тартып алып, Қызыл Армияның бөлімдері келгенше ұстап түрып едік. Бұл ¥лы Отан соғысы тарихындағы атакты “Букрин плацдармының” бастамасы болатын. Сол сүрапыл айқаста Днепр үстінде, оның оң жак жағасында талай батыр достарым ерлікпен қаза тапкан еді. Осы сапарымда Лавриненковтармен бірге сол айқас болған




жерлерде болып кино түсірушілерге, корреспонденттер мен тарих зерттеушілер есіне ескі тарихтың тірі куэлары ретінде тағы бір жаңғырықтырып көмескі де бұрмаланып келген шындык беттерін ашып қайткан болатынбыз. Бұл менің аяулы хас батыр досым Владимир Дмитриевич Лавриненковпен соңғы кездесуім болды.
В. А. Лавриненков 1919 жылы мамыр айының 17 күні Смоленск облысы Починнов ауданына қарасты Птахино деревнясында дүниеге келді. 1940 жылдан армия қатарында болып ұшқыштар училищесінің курсанттығынан генерал- полковник дәрежесіне дейін жетті. Соғыс уақытында эскадрилья, полктарға басшылык ете жүріп, аса ерлік көрсетіп Совет Одағының Батыры атағын екі рет алды. Үш Ленин ордені, Октябрь революциясы ордені, алты Кызыл Ту, тағы көптеген орден, медальдармен наградталды. Соғыстан кейінгі жылдарды өмірінің соңғы күндеріне дейін әскери ірі-ірі қызметтер атқарды. Ол 1989 жылдың қаңтар айында ауыр науқастан Украина республикасының астанасы Киев каласында қайтыс болды.
СОЛДАТ ӘҢГІМЕСІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет