Дүние зілдей ауыр - үрген карын,
Көтере алмай жылгылды артқан нарым, -
деп өлең айтып отыр. Ап-анық естіп: “Апам байғұс мені сағынып жүр екен ғой” деп егіліп отырып, “Апажан-ай!" деген дауысымның шығып кеткенін байкамаппын. Даусымнын жаңғырығы орман кезіп кете барды. Әттең, апам байғұс естісе ғой... Бауырларымның ішінде екінші карындасым - Шэмшия энші еді. Ол толкыта тербеп “Қүлагер” энін аңыратқанда, жан дүниең езіліп, егіліп сала беретін. Өзінің де жаны тым нәзік жан еді. Жанарына жас толып отырса да, эн әуенін әлсіретпей. аяқтап барып, ауыр күрсінетін. Сөйтіп жүріп ол да бұ дүниеге сыймай кетті.
Жастай үйренген қисса, дастан, өлең, жырлар адам жадында үмытылмай, ұзак жылдар сақталады екен. Сол қайран Апам үйреткен “Қалкаман - Мамыр”, “Еңлік пен Кебек” сиякты қиссалар көкейімде әлі сайрап жатыр. Өйткені кайран Апамнын еккен дэні ғой!
КІТАП-ШЕЖІРЕ
“Көркіңнен айналайын, Көкіиетауым! ”
Қазак халқының даркан даладай кең пейіліне біткен Қөкшетау өңірінің Жер шоқтығы екенін көргендер элдеқашан мойындаған. Топырағын басып, табиғатын тамашалап, ауасын жұтып, суының дэмін татып жүргендердің бұл өңірге деген махаббаты шексіз екенінде дау жоқ. Сондай сэттілікке ие бола алмағандарды осы жер үйығында еркін серуендегендей эсерге бөлейтін, жазылуына көркемделуі сай альбом-кітап жарық көрді (“Нұрлы әлем” баспасы, 1998 ж., Құрастырған Ғаббас Қабышұлы). Басылымның құндылығының өзі сонда - оның Қөкшетау тарихын таза табиғатындай көркемдей білуінде. Шындығында Көкшетау аспан астына Құдайдың өзі жарата салған табиғи мұражай ғой.
Өз басым Көкшетауды баска облысқа косқанда іштей налып, қасиетті Ақбураны басқа біреуге бұйдасынан жетелетіп жібергендей көріп едім. Сөйтсем Елбасының көргендігі алға жетелеп тұр екен ғой. Орнын толтырды. Астаналык облыстың орталығы жасады. Бұл менің ғана емес, халқының ой-пікіріндегі өзекжарды мәселе еді. Акбура “аһ” ұрып, орнынан тұрып кетпей, шөккен тынысы қалпын сақтады.
Әрі кеше Абылай бабамыз ту тіккен Ордасы еді ғой. Қасым төре, Кене хан, Наурызбай, Айғаным, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Шоқандар өмір кешкен өңір емес пе еді!
Соны ата-баба аруағы аян бергендей қалпына келтірген Елбасымыз аман болсын!
Әрі осындай қиын уақытта қасиетті Көкшетау топырағы бүкіл халқының рухани орталығына айналдырғандай, көрікті де көркем кітап етіп шығарған, осыны шығаруды ұйымдастырған азаматтарға мың алғыс!
ЕРЛІГІ БАБАЛАРДЫҢ РУХ БЕРСІН!
(Сүхбат)
Жаңа жылдың қарсаңында Үлы Отан согысының ардагері, даңқты партизан, жазушы, Халық Канарманы, отставкадагы полковник Қасым Қайсеновке жолыгып, бірнеше сұрақтар қойган болатынбыз. Назарларыңызга сол шагын сүхбатымызды үсынып отырмыз.
к к к
|