Мемлекетіміз егемендігінің өткен он жылдығы Сізге несімен кымбат?
Бодандыктан арылып, өз алдына өркениетті егемен ел болу халкымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы еді. “Талпынған жетер мұратқа” деген емес пе. Енді, міне, жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылында ата- бабаларымыздың ниеті кабыл болды.
-Одан бері арадаонжыл өтті. Бұл жылдар өзім үшінқашанда ерекше. Мен бақытты жанмын. Өйткені көз алдымда көк байрағымыз желбіреп, мемлекеттік энұранымыз шарықтауда. Жаңа тұрпаттағы Ата Заңымыз қабылданып, егемен еліміз халықаралық беделді ұйымдардың толыққанды мүшесі атанды. Табиғи байлығы мол ұланғайыр еліміздің аумағында жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бір атаның балаларындай тату-тэтті ғұмыр кешіп, ертеңгі жаркын болашағымыз үшін бір кісідей еселі еңбек етуде. Ұйымшылдығымыздың арқасында еліміздің әл-ауқат дэрежесі бірте-бірте жақсарып, халқымыздын әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы замана талаптарымен үндесіп келеді.
Сірә, азаттық, еркіндік жолында талай тарихи-саяси тартыстарды басынан өткерген халкымыз үшін бұдан артық бақыт болмас. Бұл бақытты өмірімізді кейінгі ұрпақтарымызға аманат етіп қалдыруымыз кажет. Сондықтан да біздер осы егемендігімізді барынша нығайта отырып, оны қоргай, сақтай білуіміз керек.
Әлбетте, егемен ел болғаннан соң, оның тәуелсіздігін, бостандығын, еркіндігін, конституциялық кұкын қорғайтын айбынды эскерінің болуы заңды кұбылыс. Сондықтан да
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы мамыр айының 7-ші жұлдызындағы Жарлыгымен еліміздің Қарулы Қүштері кұрылды. Алғашқы жылдары қиыншылықтар мен кемшіліктер де болмай қойған жоқ. Дегенмен өте шыққан азғана уақыттың ішінде осы жас мемлекетіміздің корғаныс қабілеті мен ұлттык қауіпсіздігін жан-жақты нығайту мақсатында қыруар нақты жұмыстар атқарылды. Елбасымыз - Қарулы Күштеріміздің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұр- сұлтан Назарбаевтың Жарлығымен еліміздің жаңа Әске- ри доктринасы қабылданып, замана талаптарына сай жаб- дықталған, бейімделген жаңа эскери округтар, құрылымдар, бөлімдер дүниеге келуде. Республикамыздың білімді де білікті офицерлерін сапалы даярлайтын жоғары әскери оқу орындарымыз бар.