Келе жатқан Жаңа жылдан, ғасырдан және мыңжыл- дықтан қандай үмітіңіз бар?
XX ғасырда өмір сүру өр мінезді жомарт халқымыз үшін оңайға түскен жоқ. Әйтсе де бұл тарих қойнауына еніп бара жатқан жүзжылдық жүрегімізде өшпес ізін қалдырды. Ол кезең жақсы болсын, мейлі жаман болсын, бізге өте қымбат. Несімен дейсің ғой? Себебі біздер осы ғасырда тарихымызда тұңғыш рет ата-бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында дүниежүзі жұртшылығы жер бетінде, өзіндік қалыптасқан Ата Заңы, ана тілі, діні, өнер-білімі, озық эдет-ғұрпы бар батыр халықтың жэне оның ата-бабаларының жауынгерлік дәстүрлерін лайықты жалғастырып келе жатқан асыл перзенттерінің бар екендігін танып білді.
Әрине, келе жатқан Жаңа жылдан, ғасырдан және мыңжылдықтан күтер үмітім мол. Ең бастысы - осынау сағындырып жеткен тэуелсіздігіміз жаңа ғасырда да баянды болып, көпұлтты мемлекетіміз бақытты болса екен. Егемен еліме тыныштық пен құт-береке берсін дегім келеді.