Тандамалы


Рахмет аға! Озініздің де денсаулығыныз мықты, тойлайтын мерекеніз көп болгай



бет42/44
Дата03.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#134197
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
жау тылындағы
Gurenge - E Minor - MN0233612
Рахмет аға! Озініздің де денсаулығыныз мықты, тойлайтын мерекеніз көп болгай.

Әңгімелескен Игілік ЖАНҰЛЫ.




КӨҢІЛДЕ СҮЙГЕНІМНІҢ НАЗЫ ҚАЛДЫ


“Екі қазақтың бірі жас күнінде өлең жазған ” деген сөз Қасым ағаны да айналып өтпепті. Батыр аға сонау соғыстан бүрын, отызыншы жылдары қолына қалам алып, бозбала көңілін, сүйгеніне жүрек сөзін, өмірге ғашықтығын өлеңмен өрнектеген екен. Өлеңдері аудандық, облыстық газеттерге басылыпты. Бірақ үш жарым жыл барлаушылар мектебі, төрт жыл жау тылындағы шайқас жас жігіттің нэзік көңілін қатайтып, қалам ұстаған қолын қаруға бейімдеп жібергендей еді. Қасым аға өзін жазушылар қатарына қоспаса да, оқырман қауым батырды тілі көркем, жеңіл юморлы шебер эңгімеші деп танитыны рас.
Қасым аға - бұл күнде де еліміздегі өзгерістерге үн қосып. өмір құбылыстарына өз пікірін білдіріп, замандастары жөнінде ойлы естеліктер жазып жүрген қаламгер. Сонымен бірге оқыс келген ой, көңіл құбылысын төрттағандармен түйіп тастайтын “эдеті” де бар екен.
Аганың өлеңдері түскен қызыл дэптерін парақтай отырып, Жеңіс мерекесі қарсаңында соның бірнешеуін газетімізге жариялауға ұлықсатын алдық.
Е. НҮРАЗХАН.


к к к
Жарты гасыр олжа өмір сүріппін, Соган мәз боп бос масайрап жүріппін! Бойымда бар жазушылық, ақындық, Қайсы бірін ол кездемен біліппін!?
Аманжолов Қасымды тыңдап:
Мен дагы Өр Найманның Қасымымын, Демеймін қатардагы жасыгымын! Тагдырдың талайынан талмай өткен, Алтайдың алшы түскен асыгымын!
к к к
Кэрілік түсау салды аягыма,
Еріксіз сүйендірді таягыма.
Осылай жасаган жас жау болып түр, Әйтпесе басар едім баягыма!


Қолым да қалтырайды қорыққандай, Мүрнымнан қан да кетер зорыққандай. Жол ортада жүре алмай түргандаймын, Алдымнан алпыс пэле жолыққандай.
к к к
Өмірдің жазы өтіп, қысы қалды,
Көңілде алтын кетіп, мысы қалды, Ашық-жарқын мінездің ізі де жоқ. Жабырқаулық соңыма түсіп алды.
к к к
Бір кезде Карпат тауын кезген аяқ Үстатты бүл күндері қолга таяқ. Мүнанда жас үлгайган өмірімде, Қауіптенем қалам ба деп қозгалмай-ақ.
к к к
Бауке сені сагындым сагынардай,
Адам таппай бір өзім табынардай!
Не болмаса қасқайып қарамаспын,
Сонан соң жүзім сынып багынардай!
к к к
Темірді темір кеседі,
Агаш агаиіты кесе ме?
Темір агашты теседі,
Агашты темір тесе ме?
к к к
Өмірімнің көбі өтіп, азы қалды,
Көңілде сүйгенімнің назы қалды. Алдымнан кэріліктің қысы түсіп, Артымда қайран жастық жазы қалды.
к к к
Адаммын басымнан сөз асырмайтын, Ашықпын ішіме сыр жасырмайтын.
Өр мінезім тагы бар кеуде согар, Ешкімге тізе бүгіп бас үрмайтын.
к к к
Күн бе, түн бе төсегімде отырмын,
Түк көрмеймін су қараңгы соқырмын.




Өткенімді, көргенімді енді мен,
Көзбен емес, көңіліммен сезіп отырмын.
к к к
Ешкімге жоқ бересім, аласым да,
Тагы да жоқ бақ, мансап таласым да. Осылаіі өмір кешіп жатырмын мен Гүл оранган Алматы қаласында!
* * *
Жарық дүние менен элі қашпады, Қараңгылық маңдайымды баспады. Жанарымда жол сәулесі сақталса, Қайтем аңсап онан әрі басқаны!


ҚОШ, ҚАЛТАЙ ІНІМ!
Дүниеден Қалтай да өтті. Өмірде сыйласып, қадірлесіп, қалжың қайырысып жүрген Қалтай інім жасының кішілігіне қарамастан, күрдасымдай етене жақын еді. Қалтайға бір ауьп қалжың айтсаң, ол одан әрмен ойнатып, түрлентіп, құлпыртып жіберетін.
Тілі қандай өткір, ойы қандай ұшқыр. Қалжыңдассаң, Қалтаймен қалжыңдас. Құдды ойынпаз қонжықтай шаршау, тоқырауды білмейтін. Көңілді кезі өз алдына, тіпті мұңайып, қайғырып отырса да, қайдағы бір эзіл немесе тапқыр сөз тауып кісіні күлдіретін...
Қалтайдың қалжыңы, Қалтай айтқан сөз - халық аузында. “Қалтайдың қалжыңынан қорық” деген де бар. “Өне бойым түгел құлақ болып кеткендей...” деп, өзі айтпақшы оның өне бойы тұнып тұрған өткір сөз, ұшқыр ой, юмор мен сарказм еді.
- Қаске, мен сіздің сырыңызды енді білдім. Неге сіз, өзіңіз сұранып алдымен барлаушылар мектебіне, сосын соғысқа барып, ақыры жау тылына өтіп кеткеніңізді. Өйткені сіз мектеп жасындағы 15 жасар қызды алып қашыпсыз. Ал совет заңында ондай іске барған адам сотталатын. Міне, сіз сол соттан қашып соғысқа кеткен екенсіз... - деп қалжыңдайтын.
Қаламгерлігін үнемі қайраткерлігі толықтырып, еліміздін




тәуелсіздігін алу жолында тер төккен, рухани мешеулік пен бойкүйездіктен арылуды айтып өткен шын мэніндегі зиялы, парасатты азамат бола білді.
Қош, Қалтай! Қазакы қалжыңның саркылмас кұдығы, таусылмас казынасы! Жаның жэннатта, иманың жолдас болсын!
ӨТКЕНГЕ ТОПЫРАҚ ШАШПАҢЫЗ
Соңғы жылдары Ұлы Отан соғысындағы ¥лы Жеңісімізді мерекелеу алдында оған карсы пікір айтушылар бас көтеріп келе жатқандығының куәсі болудамыз. Бұған дер кезінде дәлелді пікір айтып, түсінік беруге тарихшыларымыз бұғып, жұмған ауыздарын ашпай отырғандары өкінішті.
Кейбір керауыздар бұл - ¥лы Отан соғысы емес, Екінші дүниежүзілік агрессиялык-басқыншылық соғыс, екі дос - Гитлер мен Сталин дүние жүзін бөліп алу үшін әлемге агрессия жасады дегенге дейін барып отыр.
Енді біреулері: соғыс казак жерінде болған жок, Ресей, Украина, Белоруссия жерінде болды, Жеңіс тойын солар тойласын. 9 мамыр - қазак үшін осы мемлекеттерді корғаймын деп қырғынға ұшыраған каралы күн, кара жамылайык дегенді айтады.
Ал тарих шындығы қалай еді? Бір кезде қазіргі 15 мемлекет болып отырған елдер Совет Одағының құрамында - бір шаңырақ астында едік. Еуропаның 14 мемлекетін жаулап алған Гитлердің фашистік Германиясы аранын ашып, Совет Одағын да басып алмақшы болды. Совет Одағы болашак агрессияға қарсы тұруға дайындалуға уақыт созғысы келді. Сол мақсатта әр түрлі әрекетке барды. Бірақ фашистік Германия тұтқиылдан біздің елге соғыс ашты. Сол кезде Одағымыздың Конституциясы бойынша эр Совет азаматы касиетті борышы - Отанын корғауға аттанды.
Еуропаның 14 мемлекетін жаулап алуда соғыс тәжірибесін жинаған, сол 14 мемлекеттің күш-куатын пайдаланған фашистік Германия соғыстың алғашкы айларында жеңіске жетіп, көптеген жерімізді басып алды. Қапылыста калған көптеген армия бөлімдерін тұтқындады. Батыстағы республикаларымызды басып алып, фашист армиясы Ленинград, Москваның шетіне де жетті. Сталинград қаласын аяусыз талқандады. Мэскеуді табан тіреп қорғауда даңқты қолбасшылар Панфилов,






Момышұлы бастаған қазакстандык жауынгерлер ерліктін үлгісін көрсетті. Олар Мэскеуді берсек, өз Отаны іргелес қазак жерін фашистер таптап, халқын қорлап, ерлерін кұл, эйелдерін күң ететінін білді. Соғыстың алғашқы жылдарында-ақ казак жерінің батысына фашист снарядтары жарылып, фашист жендеттері парашютпен түсе бастаган-ды.
Жер шарына үстемдік жасауды мақсат түтқан фашистік Германияның жойқын шабуылына бөгет болған Украина, Ресей, Белорусия жеріне, олардың батыр ұлдарына борышты екенімізді ұмытпауымыз керек. 15 мемлекет күшіне карсы жалғыз өзі төтеп берген мемлекетімізде адам шығыны көп болғаны рас. Қантөгіс соғыс шығынсыз болмайды, оның үстіне жау басып алған жерінде бейбіт халқымызды кырды.
Теріс пиғылды Хрущевтың Сталинмен бас араздығы, оның ішінде кек алу саясаты соғыс шындығын бүрмалауға жол ашты. Оның теріс пікірін қолдаушылар А. Яковлев, Вокогоновтар тарихты бұрмалауға бар күшін салды. Олар өз елін өздері әшкерелеп, фашистер істеген қылмысты демеп, 400 поляк офицерлерін орыстар қырды дегенге дейін барды.
Жұмат Алтаев деген өзінің белгілі газеттердің біріндегі макаласында“...Неміс халқы фашистер емес, олар адамгершілігі биік, өте тэртіпті, білімді халық, психологиясында ешқандай қаныпезерлік жоқ, өте еңбексүйгіш” деп, немістерге деген сүйіспеншілігін жасыра алмайды. “Ал оның есесіне Ресей соғыссыз түра алмайды” деп зұлымдықты тек орыстардан көргісі келеді.
Сонда Зоя секілді жас қыздарды азаптап, дарға асқан, генерал Карбышев секілді колға түскендерді тірідей суык сумен аязда қатырған кімдер еді?..
Иә, эр халықтың өзіне тэн ерекшелігі болғанымен жақсылык-жамандығы орын алғанымен барлығына бір сөзбен баға беру әділеттілік емес. Қазақ жерін, елін екі жарым ғасырдан артық Ресей отарлап, билеп-төстеп келгенімен, қарапайым халқынан, озык ойлы оқығандары мен маман кадрларынан казақ халқы зиян шекті десек, тарихи шындыкка киянат жасаған болар едік. Мәселе халықга емес, олардын билеп-тестеуші басшыларында, солардың жүргізген саясаты мен идеологиясында екендігін Ж. Алтаев сияқтылар білуге тиіс. Халқын жасампаздыкка үндей ме, жоқ жауыздыкка баули ма, үлылыкка жеткізе ме, элде ұрлыкка итермелейді ме, бэрі де - басшыдан...


ж. Алтаев: “...Кешегі коммунистік партиясын Ельцин де “фашисткая преступная организация'’ деп дүние жүзіне теледидардан айтқан жоқ па?” дейді. Ельцин олай десе, өзі кайдан шығыпты? Карапайым деревняның тентегінен мем- лекет кайраткерлігіне дейін тәрбиелеп өсірген коммунистік партия - “преступная фашистская организация” болса, өзі кім болды? Онда оның өзі де “преступник-фашист” болганы ғой. Соны аңғармай, таяқтың бір басы өзіне тиерін білмей сөйлегенді қазақ: “аңғармай сөйлеген - ауырмай өледі” деген. Өмір-бақи сол партияның жақсылығын көріп, соның арқасында адам болғандығын ұмытып, өзге елге жағамын деп жалт берген сабаздың бұл қылығын қарапайым тілмен айтқанда сатқындық дейді. Рас, коммунистік партияның басында, арасында халқына қырғидай тигендер болды, бірақ барлық коммунистерді “қылмыскер-фашистер” деп айтуға қалай ауыз барады. Халықты адалдықка, әділдікке, еңбеккорлыққа, тәртіпке, қоғамдық мүддені жеке бастың мүддесінен жоғары қоюға, отансүйгіш - патриоттыққа тәрбиелеген де кездері болған. Кеңестер Одағы капиталистік жүйеге қарсы социалистік жүйе қүруға талпынып, өз қатарына көптеген елді тартқаны рас. Сырттан келер агрессияға карсы жанталаса қаруланғаны рас. Идеологиялық-саяси күрес кейде қарулы қактығысқа апарғаны жэне шындық. Сондықтан тарихтың өткен сабақтарына байбалам салмай, байыпты баға берген жөн болар. Өткеніміздің озық үлгісін ұмытпай, тозық түстарын тарих еншісіне қалдырып, бүгінімізді бағалайық, болашағымызды саралайық.
Иэ, ¥лы Отан соғысының Сүлтан, Нүркен, Әлия, Мэншүк, Бауыржан, Мэлік, Төлеген бастаған батырларын, жас өмірлерін қиған өзге де қыршындарын еске алу, олардың аруақтарына бағыштап дұға оқу орынды. Соларды еске ала отырып, 9 Мамырды Жеңіс мерекесі дейміз.
Өйткені сол күнді аңсап мындаған, жүз мыңдаған боздак көз жүмды. Жеңіс жолында жанын пида етті. Тірі қалғандар көзінен жасы парлап, денесінен қаны саулап түрып сол күні қуанды. Сол Жеңіс күнін жақындатуға тылдағы миллиондаған еңбекші халық маңдай терін төкті, табан етін тауысты. ¥лы Жеңістен кейін ел есін жиды, етегін жапты. Миллиондаған халық соғыста қираған қалалар мен шаруашылықты қалпына келтіру Үшін аянбай еңбек етті. Бүгінгі заманға жеттік. Қазақстан көп Үлтты мемлекет, бұл ұлы соғысқа осы үлт өкілдерінің барлығы




катысты. Сондықтан осыдан 55 жыл бұрын фашизмді жеңген ұлы ерлікті бүгін жокка шыгару - зор күнэ. "Өткенге топырак шашсаң, болашак саған тас атар” дейді халық даналыгы. Бұл соғыс жалғыз қазак халқына ғана касірет экелген жоқ, бүкіл Совет халкының басына келген нәубет еді. Сол апаттың бетін барлық ұлт бірігіп қайтарған еді.
9 Мамыр - Қазақстанда ¥лы Жеңіс мерекесі ғана емес, ұлттар бірлігі, халыктар достығы мерекесі десек те, еш артыктығы жок. Өйткені ортак жауды халықтар достығы мен жанқиярлығы арқасында жеңген едік. Ал бірлік пен достық бұл заманда да керек.


ЖҰМАҒАЛИ САИН
Ең соңғы рет жау тылына шығып, партизандар үшін соғыс аяқталған кезде, Киев қаласына, Украина партизандар козғалысы штабына Қазақстаннан бір акын келгенін естідім. Көп жылдар бойы шеттеп жүріп, ел-жұртты сағынғандықтан ба, элгі кісіні көруге асықтым. Штабта кадр бөлімінің бастығы, полковник Сперанский:

  • Ол кісі менде болды. Ол да партизандар қатарында болған екен, құжатын алуға келіпті, - деп бір қағазға карап: “аты - Жұмағали, фамилиясы - Саин!” білесің бе дегендей маған карады. Мен үндемей кабинетінен шығып кеттім, біракартынан сол кісінің кабинетінде Жұмакеңмен бірінші рет таныстым. Сонан ол кісімен он шакты күн Киев каласы, оның төңірегіндегі бір ауданда бірге болдым. Аты-жөнін бұл кісінің ұмытқанмен, бірер өлеңі есімде калыпты. Әр өленді есіме түсіріп отырып, бір кезде:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет