Көру түйсiгi. Көру түйсiгi адамға өте бай әрi нәзiк ажыратылатын кең көлемдi мәлiметтердi бередi.
Көру түйсiгi көзге жарық сәулесiнiң әсерi нәтижесiнде пайда болады. Бiздiң көзiмiз жалпы түстердi емес, ал белгiлi бiр заттардың түсiн қабылдайды. Заттар бiзден белгiлi бiр қашықтықта орналасып, түрлi формада, көлемде және т.б. болады. Көру бiзге обúективтiк шындықтың барлық осы көптүрлi қасиеттерiн бейнелендiредi.
Түйсiктердiң түрлерi
Түйсiктердiң түрлерi
Иiс сезу түйсiгi. Иiс сезу мен дәм сезу химиялық сезгiштiктiң түрлерi болып табылады. Осы кезге шейiн иiс сезу адамда маңызды рөл атқармайды деген пiкiр болды. Алайда иiс сезу вегетативтiк жүйке жүйесiнiң қызметiне әсер етедi және адамның көңiл-күйiнiң тонын анықтайтын жағымды немесе жағымсыз эмоциялық фонды тудырады. Иiс сезу дистанттық рецепторларға жатады.
Иiс сезу түйсiгi мұрынға ауамен бiрге кiретiн әр түрлi заттардың молекулаларының әсерiнен пайда болады.