Шерингтон бойынша рецепторлар жiктеуi. 1906 жылы ағылшын физиологы. Шерингтонмен организмде орналасуы мен атқаратын қызметi бойынша сенсорлық процестердiң жiктеуi шығарылды.
Экстероцептивтi сыртқы тiтiркендiргiштердiң әсерлерiне сезгiштiк. Ол бес негiзгi модалдықтан тұрады – көру, есту, сипап сезу, иiс сезу және дәм сезу. Экстероцептор маңызды бағдарлаушы және реттеушi қызмет атқарады. Обúектiнiң рецепторға әсерi бойынша экстероцепторлардың екi түрiн бөлiп көрсетедi: контакттық және дистакттық. Контакттық рецепторлар, дистанттыққа қарағанда, филогенезде ертерек қалыптасқан. Оларға дәм сезу, сипап сезу рецепторлары жатады. Дистанттыққа көру, есту, иiс сезу рецепторлары кiредi.
Проприоцептивтi - дененiң немесе оның бөлiктерiнiң кеңiстiктегi орналасуы мен қозғалысына сезiмталдық. Қозғалысты қабылдауға арналған проприоцепцияның түрiн кинестезия деп атайды. Интероцептивтi – организмнiң iшкi ортасында жүретiн алмасу процестерiне сезгiштiк. Интероцепторлар Олар барлық iшкi мүшелерде кездеседi және сан-алуан органикалық процестерге - қанның химиялық құрамы мен қысымының өзгеруiне, ткандердiң температурасының өзгеруiне, асқазанның толуының және т.б. өзгеруiне жауап бередi. Интероцептивтi қызмет ету көбiнесе санадан тыс жүзеге асады.