Егер адаптация анализатордың сегіштігінің түрлі жағдайларға байланысты артуының төмендеуінің көрсеткіші болса, сенсибилизация – тек артуын ғана көрсететін құбылыс болып табылады. Сенсибилизация – латынның сенсибилис деген сөзі, қазақшасы сезгіш деген мағынаны береді.
Түйсіктердің өзара байланысы
Сыртқы дүниенің заттары бір ғана анализатормен түйсінілмейді. Бір сезім мүшесіне түскен әсер, қалған сезім мүшелеріне де әсер етеді. Түйсіктердің бір-бірімен байланысқа түсуі сырқы дүниенің құбылыстарын толығырақ түйсінуге жағдай жасайды.
Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуіне ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Түйсіктердің қосарланып жүруін – синтестезия дейді. Синестезия – грек сөзі, қазақша қосарласқан түйсік деген мағынаны білдіреді.
Бір ізді образдар
Тітіркендіргіштік әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін – бір ізді образдар дейді. Бұлар көру, есту, иіс, дәм тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі.
Түйсік түрлері. Түйсік түрлерін үш топқа бөлеміз.
1. Экстерорецептор- көру, есту,иіс , дәм, тері түйсіктері жатады.
2. Интерорецепторлар – ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін органикалық түйсіктер (ашығу, шөлдеу)
3. Проприорецептор- бұшық етерде және сіңірлерде болады. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бір қалыпты орналасуын хабарлап отрады. (кинестезиялық және қозғалыс түйсіктері).
А. Көру түйсіктері
Көру мүшесі – көз. Оның 1- көздің ақ түсті қабығы;