Танымдық мәдениет тану әдісінің аясында қытай тілін оқудың кейбір мәселелері



бет4/4
Дата20.06.2018
өлшемі162 Kb.
#43974
1   2   3   4
: 市毫 [shi hao] хао市里 [shi li] ли т.б.аудан өлшемдері: 平方市寸 [ping fangshi cun] шаршы сунь,平方市尺 [ping fang shi chi] шаршы чи, т.б. сыйымдылық өлшемдері: 市勺 [shi shao ],市合 [shi he ] т.б.салмақ өлшемдері:市丝 [shi si ], 市毫 [shi hao]т.б. көлемдік өлшемдер(体积): 立方市寸 [li fang shi cun], 立方市尺[ li fang shi chi] , 立方市丈 [li fang shi zhang]. 
Ауыспалы мөлшер сөздер (借用名量词) дегенімізсыйымдылықты білдіретін және басқа сөз табынан ауысып келіп (қосымша) қызмет атқаратын сөздер. Қазіргі қытай тілінде мұндай мөлшер сөздерді зат есім мен етістіктен ауысып келген сөздер құрайды. Мыс.:一杯茶 бір шыны шай,,一口井бір құдық, 一头牛 бір бас сиыр, 一户人家 бір жанұя,一粒珍珠 бір тал інжу маржан, 一串葡萄бір сабақ жүзім一朵花бір шоқ гүл, 一束鲜花бір бума гүл т.б.
Уақытша мөлшер сөздер (临时名量词) зат есім немесе етістік мөлшерлік мағынада қолданылып, зат есім немесе етістіктің өздері бейнелейтін зат немесе қимылдың көлемін екінші бір заттың мөлшері ретінде көрсетуін білдіреді. Мыс.: 书架书бір сөре кітап, 一脸汗жүзін тер басу, 一瓶子牛奶 бір бөтелке сүт, 一屋子人адам толы бөлме, 一箱子衣服бір чемодан киім, 一身泥денесі тұтас балшық, 桌子[ zhuo zi] үстел /зат есім/ 一桌子书[yi zhou zi shu] бір үстел кітап, 一裙子水етегі су болу   [kun] орам /етістік/一捆嫁[yi kun jia] бір орам жасау. 
Қазақ тіліндегі ауыспалы мөлшер сөздерді тұрақты тіркестер жасайды, олар негізінен зат есім және етістіктен ауысып келген сөздер болады. Мұндай сөздер қазақ тілінде дара мөлшерлік сөздер деп те аталады. Мәселен, қазақ тілінде зат есімнен немесе етістіктен ауысқан мөлшерлік сөздер өте көп: бір кесе су, бір тостаған қымыз, бір бас сиыр, бір тал алма, бір кесе су т.б.. Қытай тілі аса күрделі тіл болғандықтан, онда мөлшер сөздердің саны көп және әрбір мөлшер сөздің ойды анықтайтын, толықтайтын, сипаттайтын өзіне тән қызметі бар. Сондықтан олардың бірінің орнына бірін ауыстырып қолдануға келмейді. Қытай тіліндегі мөлшер сөздердің қолданылуы сөз тіркесіндегі немесе сөйлемдегі білідретін мағынасы жағынан, мөлшерлік мағынасымен, құрылымдық қызметі жағынан жіктеліп, ерекшеленеді. Ал қазақ тіліндегі мөлшер сөздер жеке сөз табы ретінде қарастырылмағанымен, тілде атқаратын қызметтеріне қарай олар сан есімдердің құрамындағы нумеративті сөздер немесе өлшем сөздер, счетті сөздер, есептік сөздер деп аталып жүр.
Қытай елі болса адамдар саны жағынан әлемдегі ең алдағы елдердің бірі. Сонымен қатар қытай елінің экономикасының дамуы, ғылым техникасының әлемге таралуы, күнделікті өндіріс пен тұрмыста қолданылатын кеибір киім, басқа да толып жатқан заттар қытайдан шығарылып жатқандығы айтпаса да барашаға мәлім. Сондықтан көрші Аспанасты елі қытайдың тілін үйрену біз үшін, әлем елдері үшін маңызды боп тұр.Сондықтан да жоғарыда баяндалған түйіндерге қоса қытай тілін үйіренуші жалықпай ізденіп , көп еңбектенуді білсе , қытай тілінде өзіндік жаттығуды жасаса , қытай тілін жақсы үйіренуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет