Танымдық мәдениет тану әдісінің аясында қытай тілін оқудың кейбір мәселелері



бет1/4
Дата20.06.2018
өлшемі162 Kb.
#43974
  1   2   3   4
Танымдық мәдениет тану әдісінің аясында қытай тілін оқудың кейбір мәселелері

Ысқақнаби Адал



Жаһандану үрдісі халықтар мен этникалық топтардың арасындағы мәдени, саяси, тіл байланыстарын нығайтуға өз әсерін тигізуде. Бүгінгі өмір талабы әр түрлі халықтар мен мәдениеттің араласу және өзара түсінісу мәселесін барынша жоғары деңгейде қарауды талап етіп отыр. Адамдар бір-бірімен өзара қатынаста болу үшін, бір-бірінің мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін, тілін, дінін жете білуге тырысады, осы тұрғыдан келгенде мәдениетаралық байланыс орнатуға құлшыныс жасайды. Мәдениетаралық қатынастың басты саласының бірішет тіл арқылы ұлттық әдебиет және мәдениетпен танысып, халықтар арасындағы қарым-қатынасты кеңінен жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Қытай тілі – бұл әлемдегі ең бір кең таралған сино-тибеттік тіл тумасының маңызды бір өкілі болып келеді.

Қазіргі заманда бұл тілде тек қана Қытай Халық Республикасының тұрғындары сөйлей қоймай (шамамен 1,3 млрд.адам),оның сыртында оңтүстік-шығыс азия тұрғындары,соның ішінде Тайланд,Индонезия,Лаос,Сингапур тұрғындары қолданып отыр. Қытай Халық Республикасының аумағынан тыс жерлерде кем дегенде 450 млн. адам этникалық қытайлар,осы тілді сақтап қалған. Бұл дегеніміз жер шарының әрбір 5 адамның біреуі осы тілде сөйлеп тұр дегенді білдірсе керек, өйткені бұл жер шарындағы ең үлкен тіл деген ұғымды білдіріп тұрады. Бүгін қытай тілі Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми алты тілінің біреуі болып саналады.

Қытай тілі өзі жеті үлкен диалектикалық топқа бөлініп тұр. Әр диалектикалық топтарының өз кезегінде көптеген үстеулерге және жергілікті сөйлеулерге бөлінеді. Диалектердің арасындағы айырмашылықтары соншама кең көлемді екенін сондағы сөйлеп жүрген тұрғындар арасындағы қатынастарынан аңғару мүмкін емес. Ал бұны аңғару оңтүстік пен солтүстік диалектерінің арасынан байқау қиындық тудырмайды. Осы аталып отырған диалектердің арақатынастарының қолданысы ретінде қытай әдеби тілі(普通话 putonghua) аса маңызды рөл атқарады былайша айтқанда ортақ тіл. Бұл диалект негізінен солтүстік және солтүстік-шығыс диалектерінде сөйлейтін топтардан пайда болса керек (官话 guanghua немесе шенеунік тілі деп аталып кеткен).

Қытай шенеуніктерін батыс-еуропалық тарихи-жағрафиялық дәстүріне сәйкес оларды «мандариндар» деп атаған екен, сондықтан аталған «шенеунік тілі» және оның негізгі өкілі болып Бейжиң диалектісі болып саналса,елдің батысында кейде оларды «мандариндық» десе керек (Mandarin Chinese).

Сондықтанда бүгінгі біздің арнайы мектептерде және жоғарғы оқу орындарында үйретіліп жатқан қытай тілі дәл осы атап отырған ортақ тіл «普通话» тілінде оқытылуда. Сонымен қатар бұл диалектіде Қытай Халық Республикасының барлық ақпарат құралдары,теледидар және радио жүргізу хабарлары басылымдары осы тілде іске асырылады. Сондықтан осындай сан алуан түрлі диалектер түрлері өзіндік бір сипаттарымен тығыз байланыстырылған. Осы байланыстардың негізінде- жалпы ортақ біріктірілген жазба дәстүрі иероглиф (汉字 hanzi) тік және мәдениет жатыр деген сөз. Бұл елдің тіліндегі тағы бір таңғажайып бір құбылыс – бұл елдің адамдары өз арасында бір- бірін ауызба -ауыз түсінісе алмай тұрып, қолдарына қағаз қалам алып бір біріне жазысу арқылы түсіне беретінінде жатыр. Қытай тіліндегі кез келген жазбаша жазылған мәтін жоғарыда айтылған қай бір диалекттерде сөйлейтіндерге әбден түсінікті.

Иероглиф (汉字 hanzi) тік жазба әлі күнге дейін әлемдегі қытай тілділегілердің тілдік қалыптасуына маңызды рөлін атқарып келеді.

Қытай жазбасы болып келетін иероглифі – бөлекше бір буын немесе бір түсінік беретін әр бір белгімен қолданылады. Қытай иероглифінің жалпы саны 80 мыңнан асып түссе, олардың көп бөлігін тек әдеби ескерткіштерден немесе сөздіктерден кездестіруге болады. Бұл иероглифтердің 1500 түрін, ал егер тек оқу үшін 3 000 түрін игеріп танып алған жағдайда негізінен қалыпты жағдайдағы сауаттылыққа жатқызады, ал бірақ толық сөздік ретінде жасақталған иероглифтер саны 87019 белгіні құрайды. Қытай Халық Республикасындағы иероглифтер (汉字 hanzi) жай бір кысқартылған түрінде болса, ал дәстүрлі түрінде Тайвань, Гонконг, Сингапур және Макао елдерінде қолданылады.

Қытай сөздерін альфавиттік жазба түрлерімен білдіру көптеген жүйелері де қолданыста бар. Латын түрінде қолданылатын жүйені біз (Қытайдың пинин әріпі) деп оны ресми мәртебеге ие деп Қытай Халық Республикасында және Біріккен Ұлттар Ұйымында қолданылса, ал орыс әліппесіндегі жүйені (Палладия жүйесі) деп кең көлемде қолданып келеді.

Қытай тілі – бұл сино-тибеттік тіл тумасының ең бір бүгінгі замандағы маңызды өкілі бола қоймай әлемде кең көлемде таралған тілдердің бірі болып саналады.

Қазіргі кезде заман талабына сай экономиканың өсуі, техниканың жалпыласуы күннен күнге жершарында жасап жатқан адамдар арасындағы байланысты қоюластырып жіберді.

Тіл – адамзатқа тән таңбалар жүйесі, оның басты рөлі адамзаттың қарым-қатынасы үшін қызмет ету. Тіл өзінің фонетикалық формасы арқылы қарым-қатынас рөлін бейнелейді. Оның басқа дыбыстардан мәндік айырмашылығы болады.

Қытай тілі фонетикасы қытай тілінің заттық қабығы, қытай ұлтының өзара қарым-қатынас жасау барысындағы дағдыға айналған, мағына білдіретін дыбыстар жүйесі. Қытай тілін үйренуде, алдымен қытай тілінің фонетикасын үйренуіміз керек.

Қытай тілін үйренудің бүкіл барысы жөнінде айтқанда, қытай тілінің фонетикасын үйрену өте маңызды. Қытай тілінің фонетикасын жақсы үйренбегенде, сөйлеген сөздерімізді басқалар түсінбейді, сонымен қатар, қытай тілі арқылы қарым-қатынас жасауымызды қиындатады, һәм қытай тілі лексикасы, әрібі, грамматикасы бірлесе отырып мазмұндарды үйренуімізге тікелей ықпал жасайды. Сондықтан, қытай тілінің фонетикасын үйрену қытай тілін үйренудің бастамасы, қытай тілін жақсы үйренудің қажетті шарты болып табылады.

Тіл үйрену, соның ішінде қытай тілін үйрену көрші ел болған Қазақстан үшін өте маңызды. Тіл үйрену үшін біріншіден орта; екіншіден, тіл үйренуге қызығушылық, әуестік керек; үшіншіден, тіл үйренудің әдіс-тәсілдері болуы қажет.

Қазақстанда әр ұлыт халықтары үшін Қытай тілін игеру өте маңызды.Әсіресе ,жастар мен жасөспырымдер жөнінен алғанда ,күтіп тұрмайтын ,тағдырларына тіке қатысты ,үйренбесе болмайтын білім есептеледі.Демек қазіргі жағдайда Қытай тілін үйренудің жолдары өте көп .Соның ішінде 1.Сөздікті қарап үйренудің өнімі зор болмақ .Айталлық әр түрлі Сөздіктерді түрліше жолдармен қарап үйренуге болады.

Әсіресе,үнемі қолданып жүрген «Қытайша-Қазақша Сөздік» және «сөз теңізі» , «түсіндірме сөздік» сиақтыларға қарап үйренгенде Қытай әріптерінің дыбыстық оқылуын білгенде,алдымен «Қытай тілі дыбыстық әріптерінің буындық көрсеткішіне» қарап онан соң сөздіктегі көрсетілген бет саны бойынша сол Сөздіктің бет нөмірінен оның оқылуы мен мағынасын табу керек.енді бір әдіс ,Қытай әрібінің дыбыстық оқылуын білмегенде,алдымен сол әріптіңбасты бөлегін,Қытай әріпінің басты бөлектер мазмұнынан та уып алып,онан соң әріп іздеу Кестесінен іздеп сонда көрсетілген бет нөмірі бойынша әріптің оқылуы мен мағынасын табу керек.Қытай әрібін үйренгенде ең алдымен Қытай әріптерінің басты болектерін табуды йгеруіміз керек.

Қытай әрібінің басты бөлігін табуда мыналарды ескергеніміз жөн.Ең әуелі пішін мен дыбыстан құралған әріптерді дыбысталуынан емес пішінінен қарау керек.Кейбір әріптердің пішіні солда ,дыбысталуы оңда болып келеді.

Мысалы:钢 gang болат,姐 jie Әпеке,мұндағы әріптерді іздегенде, басты жан бөлектеріне қарау керек.Ал кейбір әріптердің пшіні оңда ,дыбысталуы солда болып келетін әріптер.мысалы: 预 yu алдымен , 飘 ріао желбіреу ,政 zheng саяси деген әріптерді 页,风,攵 сяқты басты бөлектеріне қарау керек.

Енді бір бөлім әріптердің пішіні үстінде , дыбысталуы астында болып келеді.мысалы:花 hua гүл, 空 kong бос,箱 xiang кебеже,деген әріптерді艹, 穴, 竹 секілді бас бөлектеріне қараған жөн.осының керісінше пішіні астында ,дыбысталуы үстінде болып келетін әріптер бар.мысалы: 堡bao қамал, 资 zi капитал, 忠zhong адал деген әріптерді 土, 贝, 心 басты бөлектерінен қарао керек.

Пішіні сыртында сыртында ,дыбысталуы ішінде болып келетін әріптер бар.мысалы: 园yuan бақша, 阁ge сарай деген әріптерді 囗,门 секілді сыртқы бөлегінен қарао керек.



Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет