Танымдық мәдениет тану әдісінің аясында қытай тілін оқудың кейбір мәселелері



бет3/4
Дата20.06.2018
өлшемі162 Kb.
#43974
1   2   3   4
    Бұл бет үшін навигация:
  • zhang
- атқа [pi] мөлшер сөзі ,  -  сиырға [tou] мөлшер сөзі, қойға [tou] мөлшер сөзі қолданылған. Қазіргі мөлшер сөздер қолданылуы жағынан көне қытай тіліндегі мөлшер сөздерден мүлде өзгеше. Кейбір мөлшер сөздер құралып-қосылу барысында зат есімдермен немесе етістіктермен біртіндеп тұрақты қатынастар орнатып, жиі қолданылуы дағдыға еніп, бірте-бірте қазіргі қытай тіліндегі мөлшер сөздерді қалыптастырған. Мөлшер сөздерді зерттеуде, болмаса қытай тілін шетелдіктерге үйретуде мұның мәні зор екендігіне сенімдіміз.
(ben)“-нің негізгі мағынасы – “тамыр, Cюй Шэнь《说文解字》(«Иероглифтерді талқылау») кітабында былай деп түсініктеме береді: “本下曰本, 徐笺凡木命根为柢,旁根为根,通曰本. Бұл-нің бастапқы мағынасы өсімдік тамырын білдіреді. Ол мөлшер сөзге айналғанда, әрине, өсімдіктердің мөлшерін білдіре алады. Мыс.: 百本薤五十本葱汉书·循吏传Жүз түп көк ағаш, елу түп шөп.
Адамдардың басым бөлігі өсімдіктердің мөлшерін білдіруде “-ді қолдану, оның “тамыр”деген мәнінен туындаған ауыспалы мағынамен, ал оны кітаптар мөлшерін білдіру үшін қолдану әдісі “-нің “түп-тамыр” (қазық, қайнар) мәнінен келіп шыққан ауыспалы мағынамен байланысты деп есептейді. 
Мөлшер сөзқытай тіліндегі ең негізгі грамматикалық ерекшеліктердің бірі. Қытай тілінде әдетте заттың сандық мөлшерін білдіру үшін сан есім мен зат есім бірден тіркесе алмайды, олардың арасында міндетті түрде мөлшер сөздер қосылып айтылады. Мыс.:一个人[Yi ge ren] бір адам, 一本书[yi ben shu] бір кітап, 一辆车[yi liang che] бір арба, 三件衣服[san jian yi fu] үш киім, 拉一把[La yi ba] тарту, 考一次[kao yi ci] бір рет сынақ тапсыру, 住一年[zhu yi nian] бір жыл тұру, 看了一遍[kan le yi bian] бір рет қарады. Айталық, бір тұтам шөп, бір қазан ет, бір сауым сүт, бір орам жіп, бір атым насыбай, бір уыс тары т.б. Осындағы тұтам, қазан, сауым, орам, атым, уыс сөздері аталған тіркестердегі зат есімнің мөлшерін (шамасын ) білдіріп тұр. 
Бірақ мұндай сөздер қазақ тілінде жеке сөз табы ретінде қарастырылмаған. Өйткені, біріншіден, олар жеке тұрғанда тілімізде басқа сөз табына (жоғарыда келтірілген сөздер зат есімге) тәуелді сөздер. Екіншіден, қазақ тілінде әдетте сан есім мен зат есім сөздері тікелей тіркесе береді. Мыс.: бір адам, екі үстел, үш орындық т.б. Ал қытай тілінде олай емес, кей жағдайда болмаса, сан есім мен зат есімдер мөлшер сөздерсіз тіркесе алмайды.
Заттық мөлшер сөздер адам не заттың санын білдіреді. Мыс.: 一个人[yi ge ren] бір тал адам, 一张桌子 [yi zhang zhou zi] бір стол, 一斤米 [yi jin mi] бір фунт күріш, 两本书[liang ben shu] екі кітап.
Заттардың формасына қарай қолданылатын мөлшер сөздер:[tiao] сырт көрінісі ұзын, жіңішке заттарға қолданылады :一条板凳 [yi tiao ban deng] бір ұзын орындық, 一条绳子[yi tiao sheng zi] бір арқан, т. б.
[zhang] тегіс, жалпақ және кейбір ашылатын заттарға қолданылады: 一张桌子[yi zhang zhuo zi] бір үстел,一张剧票 [yi zhang ju piao] бір театр билеті, т. б. Жинақтық мөлшер сөздер заттардың және адамдардың жұбын, жиынын есептейтін, санайтын бірлік ретінде қолданылады: [fu], [shuang], [dui], [bang], [ban],[tao], [da], [huo],群[qun] т.б. жатады. Мөлшер сөздердің бұл түрі заттардың жиынтығын білдіреді. Мыс.:  [fu] 一副手套[yi fu shou tao] бір жұп қолғап, 一副对联[yi fu dui lian] жұп жазбалар, 一副眼镜[yi fu yan jing] бір жұп көзәйнек, [qun] 一群马[yi qun ma] бір үйір жылқы, 一群孩子 [yi qun hai zi] бір топ бала, 一群人[yi qun ren ] бір қора кісі. . 
Қытай және қазақ тілдеріндегі жинақтық мөлшер сөздерге жасалған салғастырмалы талдау олардың өзіндік айырмашылықтары бар екенін көрсетті. Қытай және қазақ тілдеріндегі мөлшер сөздердің ұқсастығы туыс емес екі тілде де жинақтық мөлшер сөздердің болу, ал айырмашылықтары олардың жасалу жолдарында. Қытай тілінде көптік формасының жасалу жолдары көп жағдайда мөлшер сөздердің көмегімен жасалады. Қазақ тілінде жинақтық мөлшер сөздердің жасалу жолдары да әр алуан болып келеді.
Белгісіздік мөлшер сөздер әдетте белгісіз сандық шаманы білдіреді. Олар [xie], бірнеше, біраз және 点儿[dianr] біраз, азырақ сөздерінің көмегімен белгісіздік шаманы көрсетеді.. Мыс.: 一些 [yi xie ] бірнеше, 一些人[yi xie ren] бірнеше адам, 好些东西 [hao xie dong xi] біраз жақсы заттар, 点儿[dian er] азырақ, 一点儿东西[yi dian er dong xi] азырақ заттар. Белгісіздік шаманы білдіретін сөздер сан есімдермен тіркескенде, тек қана [уі] бір санымен тіркесе алады. Кейде мөлшер сөздер сан есімдерсіз зат есіммен тікелей тіркеседі. Мыс.: 来了些人[Lai le xie ren] бірнеше адам келді, 买点儿苹果[mai dianr ping guo] біраз алма сатып алады, т.б.

Заттық белгісіздік мөлшер мағынасы қоршаған ақиқат болмыстағы заттардың (адамдардың, жансыз және жанды заттардың, т.б.) болжалды санын білдіреді.
Қазақ тілінде заттық белгісіздік мөлшерді білдіруде көп, көбірек, аз (емес), азғантай, қалың, дүйім, сан, т.б. сөздері де қолданылады. Қытай және қазақ тілдеріндегі белгісіздік мөлшер сөздері ұқсас болып келеді. Қытай тілінде[xie], бірнеше, біраз және 点儿[dianr] біраз, азырақ сөздерімен, қазақ тілінде көп, аз, азырақ, қалың, т.б., сөздерімен жасалады.

Уақытқа қатысты (потенционалды) мөлшер сөздер 准量词: жыл ,星期апта, күн, 小时сағат, 三年 үш жыл, 五天бес күн, 一小时бір сағат т.б.
Қытай тіліндегі өлшем бірлікті білдіретін мөлшер сөздер екі топқа бөлініп қарастырылады. Бірі – метрикалық санау бірліктері: ұзындық өлшемдері(长度): 微米[wei mi]микрометр т.б.; аудан өлшемдері(面积和地积):公亩[gong mu] ар,公顷[gongqing] гектар т.б; сыйымдылық өлшемдері(容量): 毫升 [hao sheng] миллилитр,[sheng] литр т.б.; салмақ өлшемдері (重量): [ke] грамм, 百克 [bai ke] гектограмм, 公斤 [gongjin] килограмм, 公担 [gongdan] центнер,  [jin] жарты килограмм,  [dun] тонна; көлемдік өлшемдер(体积):立方厘米 [lifanglimi] куб сантиметр, 立方分米 [ lifangfenmi] куб.
Екіншісі –қытай халқының өзіне тән өлшемдік, салмақтық бірліктер: ұзындық өлшемдері
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет