“Тізбек бойынша сұрау” әдісі: Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы кез келген жерінен тоқтатылып, ары қарай басқа оқушының жауап беруі сұралады. Бұл әдіс оқушылардың зейінін аудару және байқағыштығын дамытуға пайдалы. - “Тізбек бойынша сұрау” әдісі: Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы кез келген жерінен тоқтатылып, ары қарай басқа оқушының жауап беруі сұралады. Бұл әдіс оқушылардың зейінін аудару және байқағыштығын дамытуға пайдалы.
- “Деректі диктант” әдісі: Оқушыларға 5-7 түйінді сұрағы бар бірнеше нұсқалы сұрақтарға жазбаша жауап беру тапсырылады. Оның бір-екеуі бұрынғы материалдарға қатысты. Оқушылардың алдында таза парақ пен қаламнан басқа ештеңе болмауы тиіс. Соңынан стресстік жағдайдан шығу үшін сергіту ойындары ойналады.
- “Сыбырлап сұрау” әдісі: Басқа оқушылар жазба жұмыспен (бақылау, диктант сияқты) айналысып жатқан кезде, мұғалім бір немесе бірнеше оқушыдан (қасына барып не шақырып) сабақ сұрайды. Олар қойылған сұрақтарға сыбырлап қана жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |