ТАНЫСУ ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНШ
ЕСЕП
1 – КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН
0515000 – «МЕНЕДЖМЕНТ» МАМАНДЫҒЫ
(САЛАЛАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ АЯСЫ БОЙЫНША)
Орындаған:Ханымхан Алина Тексерген:Алтеева Нұрбибі Кеңесбайқызы
АЛМАТЫ 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ............................................................................................................ 3
1 . ТӘЖІРИБЕМЕН ТАНЫСУДЫҢ МІНДЕТІ, МАҚСАТЫ ӨТУ ЖОЛЫ.............................................................................................................. 4
1. 1Тәжірбиеден өту үшін оның мақсаты мен міндеттерімен танысу..... 4
1.2 Таңдаған мамандық бойынша ғылыми кітаптардан, кітаптан, газет бетіндегі мақаладан,журналдан іздеу............................................................. 5
1.3 Тәжірибеден өту кезінде жауапкершілікті және бақылау түрін білуі қажет
2 . ТӘЖІРИБЕ ТАЛАПТАРЫ. КӘСІБИ ӘДЕП, ЕҢБЕКТІҢ ЕРЕЖЕ ТӘРТІБІ............................................................................................................ 6
2.1 Тәжірибеден өтудің барлық талаптарымен таныс болу........................ 6
2.2 Еңбек тәртібі ережесімен танысу............................................................ 6
2.3 Кәсіби әдеп ережесі. Сыртқы келбетке де қойылатын талап............... 7
2.4 Жұмыс әдебін сақтау: жұмыстағы қарым-қатынас жасауға, сөйлесу мәнеріне қойылатын талаптар........................................................................ 9
3 . КОЛЛЕДЖДЕГІ ТӘЖІРИБЕ БАЗАСЫМЕН ТОЛЫҚ ТАНЫСУ........ 10
3.1 Кәсіпорынды таңдау арқылы кәсіпорын ортасымен коллледж базасында танысу........................................................................................... 10
3.2 Нарықтағы инфрақұрылым жағдайы. Нарық жағдайы. Бәсекелестік деңгейі............................................................................................................. 12
3.3 Кәсіпорынның даму деңгейі. Кәсіпорын жайында қапараттар жинау: орналасқан орны........................................................................................... 13
3.4 Кәсіпорын директорының тегі, аты-жөні, басқа мамандық иелері, өздері шығаратын өнім, сөл өнімнің тарихы және қолданысы................. 14
4 . ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУГЕ КӘСІПОРЫН ТАҢДАУ................................ 15
4.1 Таңдаған мамандығы бойынша, кәсіпорынның тізімін құру. Сол жайында ақпарат жинау................................................................................ 15
4.2 Түйіндеме тағайындау.............................................................................15
4.3 Осылардың көркемдеп жазылуына талап ету.......................................16
4.4 Түйіндеме дайындау. Қолдану тәртібі, жолы. Түйіндемені тарату. .. 17
5. ТАНЫСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП БЕРУ.................................................................................................................20
5.1 Танысқан кәсіпорындар тізімі................................................................ 20
5.2 Ең бастысы: барып қайтқан күні, директордың ТАЖ, белгілі қызметтегі адамдар есімі, орналасқан орны.............................................. 21
5.3 Кәсіпорын құрылым, нарықтағы орны, дамуы, құрылған тарихы.... 22
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................... 29
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...... .....................................
Кіріспе
Мен, Ханымхан Алина танысу тәжірибесінде «Менеджмент» мамандығы бойынша 23.05-08.06 2022 жылы аралығында өттім. Танысу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес 0515000-«Менеджмент» (салалары бойынша) мамандығы бойынша дайындалды. Танысу тәжірибесін кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары арасында жасалған келісімшарттар негізінде әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формадағы кәсіпорында өткізу орынды. Сәйкесінше мен «BI Group» ЖШС інде оқу тәжірибесінде өттім.
BI Group - бұл ірі инновациялық құрылыс холдингі, Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығының көшбасшы. Холдинг 1995 жылдан бері жұмыс істейді және осы уақыт ішінде кәсіби және сенімді серіктес деген атқа лайықты болды.Холдинг халықаралық қаржылық ашықтық стандарттарын, бизнесті жүргізудің этикалық қағидаттарын, командалық рухты ұстана отырып, корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибелеріне сүйенеді.Холдинг «Ең үздігін таңда»: жоба, команда, технология, менеджмент» қағидаты бойынша жұмыс жасайды. BI Group-тың 100-тан астам басшысы MBA дәрежесін алды.BI Group бүгінде құрылыс, девелопмент және инжиниринг сияқты әртүрлі салаларда бөлімшелер мен дирекциялардан құралған, құрылымы әртараптандырылған холдинг болып табылады.Тәжірибелік сабақтың нәтижесінде мен өзімнің кәсіби қызметке дайындығымның деңгейін анықтаймын.
Тәжірибенің мақсаттары мен міндеттерін көрсетемін. Тәжірибе туралы есеп менің білім деңгейімді және кәсіби іс-әрекетке қабілеттілігімді көрсетеді. Тәжірибенің мақсатына тоқталатын болсақ, дәрістерде алған білімімді қалыптастыра отырып кәсіпіммен танысу. Және де ұйымның нақты тәжірибелік қызметімен танысатын боламын, бұл маған мамандықты жақсы басқаруға мүмкіндік береді.
Танысу тәжірибесі барысындағы ең негізгі мақсаттарым мыналар: ұйымның ерекшелігін зерттеу; ұйымның жұмыс кестесімен танысу; қауіпсіздік ережелерімен танысу; ұйымның құрылымдық бөлімшелерімен танысу; кәсіби дағдыларды қалыптастыру; тәжірибе жинау.Осы тәжірибеден өту арқылы өз маманымның кәсіби шеберлігін арттыра отырып, осы тәжірибе арқылы өмірлік тәжірибеге ие болу.
Достарыңызбен бөлісу: |