Функция сатылай кешенді талдау
Анықтама
Тану:
жазылуы
оқылуы
математикалық белгісі
мағынасы
тарихи мәлімет
Қасиеті
Функцияның берілу тәсілі
Есеп түрлері
Функция сатылай кешенді талдау
Анықтама:
1.1 Мәні әртүрлі болып келген шамаларды – айнымалы шамалар дейміз. Мысалы: қозғалыстағы дененің жылдамдығы, оның жүрген жолы; оны жүріп өтуге жұмсалатын уақыт; шаршының периметрі; т.с.с
Мәні өзгермейтін шамаларды – тұрақты шамалар дейміз. Мысалы: тағы басқа шамалар.
S=R2 ; C=2R геометрияда дөңгелек ауданы, шеңбер ұзындығы R-ге тәуелді, ал физикада g-ға тәуелді. Себебі, R мен t-ны әртүрлі мән беріп өзгертсек болады, ал S пен C-ны өзгерте аламаймыз. Себебі,олар R мен t-ға тәуелді.
y=2x; y=x+1; f(x)=3x-1 бұл функция. Себебі, бір шаманың (х-тің) әрбір мәніне екінші шаманың
(у-тің) бір ғана мәні сәйкес болатын шамалар арасындағы тәуелділік функция деп аталады.
Тану:
жазылуы: y= f(x)
оқылуы: икстен эф
математикалық белгісі: y= f(x), мұнда х- аргумент, у-функция;
мағынасы:
Бірмәнді сәйкестік. Себебі, х-тің бір мәніне у-тің бір ғана мәні сәйкес келеді.
Мысалы:C=km (C-құн, m –баға, k-тауар мөлшері).
k=5 мәнінде, m=15тг/дана болғанда, C=75тг;
m=20тг/дана болғанда, C=100тг;
m=35тг/дана болғанда, C=175тг;
Тәуелсіз айнымалылар (аргумент) қабылдайтын барлық мәндер функцияның анықталу облысын құрайды. Оны D(y) деп белгілейді;
Мысалы: y=2,3x; D(y): (-;) болады; y=; D(y): (-;0) (0;).Себебі, x=0 болғанда, у-тің мәні болмайды.
Тәуелді айнымалылар (функция) қабылдайтын барлық мәндер функцияның мәндер облысын құрайды. Оны Е(y) деп белгілейді;
Мысалы:
y=; Е(y): (-;0) (0;); y=x2 ; E(y)= 0;).
Аргументтің кез келген мәнінде функцияның мәні анықтала бермейді;
Мысалы: y=; x=0 болғанда, у-тің мәні болмайды.Себебі, нөлге бөлуге болмайды.
Тарихи мәлімет:
Функция ұғымы XVII ғасырда пайда болған.
Функция терминін математикаға 1694 жылы тұңғыш еңгізген неміс философы, математигі, физигі әрі өнертапқыш, тарихшы Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716). «Функция» сөзі латынның «functio» сөзінен шыққан, қазақша орындау, атқару дегенді білдіреді.
Қасиеті:
C=km – өспелі функция ( баға өскен сайын құн да өседі). Себебі, аргументтің үлкен (кіші) мәніне функцияның үлкен (кіші) мәні сәйкес болғанда ғана функция өспелі деп аталады;
( қозғалыс уақытының жылдамдығына тәуелділігі)- кемімелі функция. Себебі, аргументтің үлкен (кіші) мәніне функцияның кіші (үлкен) мәні сәйкес болғанда ғана функция кемімелі деп аталады;
Функция өспелі де, кемімелі де болмауы мүмкін. Мысалы: k-күнде оқушымен кітаптың оқылған беттер санын беретін функция.
Функцияның берілу тәсілі – берілген аргументтің мәндеріне сәйкес функцияның мәндерін табуды көрсету.
Функцияны формула арқылы беру (аналитикалық): s(t)=vt; s(x)=x2; P=2(a+b). Мысалы: y=x; у- функциясын бермейді. Себебі, аргументтің бір мәніне функцияның екі мәні сәйкес келді: x=2 болғанда y=2; y= -2.
Функцияны кестемен беру:
функция береді. Себебі, х-өскенде, у-те өседі.
функция бермейді.Себебі, x=1 болғанда y=4 және y=5.
Графиктік тәсілмен берілуі – координаталар
жазықтығының нүктелер жиыны арқылы берілуі. Бұл нүктелердің абсциссалары –тәуелсіз айнымалыға (х-аргументіне), ал ординаталары – тәуелді айнымалыға (у- функцияның мәніне) тең.
Функцияны жиынмен беру:
Х У
анықталу облысы мәндер облысы
Y=f(x)=2x
5. Есеп түрлері:
5.1 Берілген формулалардың қайсысы у-функциясын береді:
y= -3,5x+4; y=x2; x+1-y=0; x=y2; 3x+9-3y=0; x(24-11)=y;
5.2 f(x)=2x-5 функциясы үшін f(0); f(3); f(-1) мәндерін
табыңдар;
5.3 1) Егер x=384; 11001; 0,9; болса, онда y= ;
2) Егер x=33; 330; 3,3 болса, онда y= 0,01x-3;
3) Егер x=100; 16; болса, онда y= ;
4) Егер x= 5; 2; 1; болса, онда f(x)=6- ;
5) Егер x= -1; 0; 1; -3; 3 болса, онда f(x)= x2-1 функциясының
мәнін табыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |