«Тапқыр болсаң, озып көр!» Сайыс: «Тапқыр болсаң, озып көр!» 1-жүргізуші



Дата15.09.2017
өлшемі64,3 Kb.
#33671



«Тапқыр болсаң,

озып көр!»

Сайыс: «Тапқыр болсаң, озып көр!»



1-жүргізуші: - Армысыздар, құрметті ұстаздар, қатысушылар және көрермендер!

«Тапқыр болсаң, озып көр!» сайысын ашық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші: Әрқашанда білім көптік етпеген,

Талапсыз жан мұратына жетпеген,

Сәлем бердік ұландарға талапкер,

Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен – демекші, бүгінгі сайыста қатысушы топтардың жолдамдығы мен ептілігін, тапқырлығы мен алғырлығы додаға түседі.



1-жүргізуші: - Баға берер топтарға,

Қара қалды қылышпен қақ жаруға.

Әділқазы алқасын біз салайық,

Жүлдегерді таңдап бүгін алуға – деп әділқазылар алқасын сайлап алайық.

1)Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысының меңгерушісі Сапрыгина Р.Э.

2) Мектептің ғылыми – жобалар жұмысының меңгерушісі Абжанова Г

3) «Денсаулық» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімі Сахариева М. М.

- Енді бүгінгі сайысымыздың шартымен танысайық:

1. Таныстыру (топ аты, ұраны, белгісі)

2. Ширату

3. Өнер сайысы (үй жұмысына дайындап келген тапсырма)

4. Жеті жұрттың тілін біл.

5. Тапқырлар сайысы.

6. Капитандар сайысы.

7. Ептілер сайысы.


  1. кезең Таныстыру (жеребье арқылы) 5ұпай

Әдеппен ізетпен танысуға дей келе сайыстың алғашқы шарты «Таныстыруды» бастаймыз.


  1. кезең «Ширату» 3 мин

Балқарағай, қолшатыр, бозторғай, түймедағы – сөздеріндегі әріптерді пайдаланып сөздер құрау. Әр сөзге 1 ұпай.


  1. кезең «Өнер сайысы»

«Өнерлі балаларға кім жеткен,

Әр салада небір өнер көрсеткен,

Үшінші сайысты біз бастайық,

Өнерлінің әрқашанда өрісі кең» - деп өнер сайысын бастайық. Бұл сайыста әр топ дайындап келген өнерлерін көрсетеді.. Жоғарғы ұпай саны – 5 ұпай.




  1. кезең «Жеті жұрттың тілін біл»

Бұл сайыста жұмбақтардың дұрыс жауабын тауып, оның орыс тілінде аудармасы айтылса, 20 ұпай беріледі. Тек қазақша жауабы үшін 10 ұпай беріледі.


1) Аяғы біреу, қолы жоқ

Шиыр – шиыр жолы көп

Өзі сөйлей білмейді

Салған ізі сөйлейді (Қалам-ручка)


2) Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған (Бор-мел)


3) Сағат сайын қағылады

Тек мектептен табылады ( Қоңырау-звонок)


4) Бұлаңдаған құйрығы

Бір алдарлық қулығы (Түлкі-лиса)


5) Қыста ғана болады

Ұстасаң қолы тоңады (Қар-снег)


6) Көкшіл айна үйдегі

Көрсетеді киноны (Теледидар-телевизор)


7) Өзі кірді ашады

Суға салсаң қашады (Сабын-мыло)



8) Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады (Пияз-лук)


9)Қылдай белі бүгілген,

Өзінен де жүгі үлкен (Құмырсқа-муравей)


10) Жылт-жылт еткен

Жырадан өткен (су-вода)


11)Қабат-қабат қаттама

Ақылын болса аттама (Кітап-книга)


12)Белі бүкір

Алысқа түкір (Мылтық-ружье)


13) Судан алады,

Суға салса өледі (Тұз-соль)


14) Кесе –кесе мұқалды

Жони-жони жұқарды. (Пышақ-нож)






  1. кезең «Тапқырлар сайысы»

4 топқа 4 түрлі ребус беріледі сайыскерлер жылдам ребустың шешуін табу керек. Әр дұрыс шешілген ребусқа 5 ұпай.

Шешуі:



  1. кезең «Капитандар сайысы»

Әр топ командирін шақырамыз.

1 минут ішінде қойылған сұраудың дұрыс жауабы 1 ұпайдан есептеледі.

1. Республикамыздың басты қаласы (Астана)

2. Кітапты неден жасайды? (Ағаштан)

3. Білім күні қай күн? (1-қыркүйек)

4. Анаңның аты кім (...)

5. Қазақша жыл басы (Наурыз)

6. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)

7. Сыныбыңда қанша оқушы бар?

8. Аспан сөзінде неше әріп бар?

9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім (Т. Әубәкіров)

10. Бір өркешті түйе (Нар)

11. Апркль айының қазақша атауы. (Сәуір)

12. ТОбыңның аты

13.Биыл тәуелсіздігіміздің орнағанына неше жыл?

14.Жасың нешеде

15.Мемлекеттік рәміздер

16.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

17.Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын

18.Оқу жылы қашан аяқталады?

19.Киелі құс

20. «Көз қорқақ – қол ...»




  1. кезең «Ептілер сайысы»

Бұл кезеңде әр сайыскер кедергілерден өтіп математикалық тапсырмаларды орындап, келесі балаға эстафетаны тапсырады.


  • Сайыскерлер ойынын,

Тамамдадық біз бүгін,

Әділқазы береді

Дұрыс, әділ шешімін.
- Құрметті көрермендер, әділқазылар алқасы өз шешімін шығарғанша, сайыскерлерге арналған шашуымызды қабыл алыңыздар!

- Болмасын ешбір сын өкпе,

Әсері қалды жүректе.

Қазылар берген бағалар,



Ұштассын айтар тілекке! – демекші, сөз кезегін әділқазылар алқасының төрайымына береміз!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет