Тапқыр достар өткізген: қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мұғалімі Бадаева Айсұлу Қайратқызы 2017-2018 оқу жылы Тақырыбы: Тапқыр достар Жарыстың мақсаты



Дата27.03.2018
өлшемі56,83 Kb.
#39660
Қарасу негізгі мектебі

Интеллектуалды ойын



ТАПҚЫР ДОСТАР

Өткізген: қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мұғалімі

Бадаева Айсұлу Қайратқызы

2017-2018 оқу жылы


Тақырыбы:Тапқыр достар

Жарыстың мақсаты: Балалардың ауызекі сөйлесу, мақсатында сөз, сөйлем құру шеберліктерін жетілдіру, қазақша еркін сөйлеу дағдыларын аттыру. Оқушыларды ұқыптылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.

Әдісі: іздендіру, сөйлесу, аудару, сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар: Тіл туралы ұлағатты сөздер,жазылған сұрақ-жауаптар,әріптер.

Жарыстың барысы

Кіріспе:

1. Армысыздар,бұл жарыстың қонақтары,

Халқымның әрқашанда қонақ тағы.

Тапқыр достар аталатын бұл жарысты,

Таразылап, білікпен сарапталық.

2. Сонымен екі топты ортаға шақырамыз

3. Жарыстың мақсатын айту

4. Ойынның ұраны етіп Горькийдің сөзін алдым



« Тіл аспап сияқты, оны жақсы білу керек, оны жақсы меңгеру керек»

Сіздердің алдарыңызда 2топ жарысқа түседі.

Сайыс 9 кезеңнен тұрады.Қазылар алқасымен таныстыру.

Топ мүшелеріне сөз береміз.



1 кезең. Танысу./әр командаға 2минут/ Топ мүшелеріне сөз береміз.

2 кезең. БӘЙГЕ. Әр командаға 1 минут уақыт беріледі.

1.Тілден артық қазына жоқ, тілден артық ҚАСИЕТ жоқ.

2Полиглот болу- не? (көп тілде сөйлей білу)

3.Конституция қашан қабылданды? (30 тамыз 1995ж)

4 Еліміздің рәміздерін ата (елтаңба, ту, әнұран)

5. Қазақстанның бас қаласын ата (Астана қаласы)

6.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата. (бастауыш, баяндауыш)

7. Назарбаев кім? (президент)

8.Қазақстанда неше аймақ бар? (5)

9.Жіктік жалғау 1 жақ? (Мен)

10.Атау септік орысша қалай? (Именительный падеж)

11. қазақ тілінде неше әріп бар? (42)

12. Ашық буын орысша қалай? (открытый слог)

13.Назывное предложение қалай? (Атаулы сөйлем)

14.Бітеу буын қалай жасалады? (дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталады)

15.Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

16.Қаламмен қандай септік? (Көмектес)

17.Менің дәрігер болғым келеді. Қандай рай? (қалау рай)

18.Е.Н.Т.-қазақша қалай? (Ұлттық Бірыңғай тестілеу)

19.Ақ киімді,денелі,ақ сақалды... (Абай)

20.А.Иассауи кесенесі қай қалада? (Отырар)

1. Өнер алды қандай тіл? (Қызыл)

2. Қазақстанның мемлекеттік тілі (қазақ тілі)

3. Тәуелсіздік мерекесі қашан? (1991 жылы 16 желтоқсан)

4. Қазақстанның ұлттық валютасы (теңге)

5. Қазақстан – 2030 ол не? (стратегия)

6. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш)

7. Жұмекен Нәжімединов ненің авторы? (Әнұранның)

8. Қазақстанда неше облыс бар? (14)

9. Тәуелді жалғау 3 жақ (Ол)

10. Ілік септік орысша қалай? (Родительный)

11. Дауыссз дыбыс қанша? (25)

12. Бәйтерек қай қалада? (Астана)

13. Сложное предложение қазақша қалай? (Күрделі сөйлем)

14. Тұйық буын қалай жасалады? (Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталады)

15. Қазақ тілінде неше жалғау бар? (4)

16. Дәптердің - қандай септік? (ілік септік)

17. «Алақай» қандай сөздерге жатады? (одағай)

18. ПГК – қазақша қалай? (Мемлекеттік аралық бақылау)

19. Бітеу буын орысша қалай? (закрытый слог)

20. В школе қазақша қалай? (мектепте)

3 Кезең «Сөйле тілім» / әр командаға 10 сұрақ беріледі. Жауапты алған әріптен бастау керек/ 3 минут. 5 ұпай.

М, О,А,К, С,Д.


  1. Досыңның аты кім?

  2. Отбасында неше адам бар?

  3. Неше тіл білесің?

  4. Досыңның көзі қандай?

  5. Кітап оқуды жақсы көресің бе?

  6. Шешеңнің аты кім?

  7. Бір мақал айт

  8. Қандай тағамды ұнатасың?

  9. Нені жақсы көресің?

10.Двуречныйда кім тұрады?


  1. Қазір нешінші сыныпта оқисың?

  2. Қарындасыңның, сіңліңнің аты кім?

  3. Кімді жақсы көресің?

  4. Туып-өскен жерің?

  5. Астанада болдың ба?

  6. Әкең қандай адам?

  7. «Қазақстан» сөзінде неше әріп бар?

  8. Неше жастасың?

  9. Кім болғың келеді?

  10. Ушкарасуда кім тұрады?

4 кезең. «Сиқырлы сандар».

Ұлы адамдар – 40. Кімнің шын аты Мұхамедханафия. (Шоқан)

20. «Кел балалар, оқылық» өленінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)

30. Биыл Абайға неше жыл? (173).

Грамматикалық тамшылар

– 20 Жалғау түрлерін ата (Көптік, жіктік, септік, тәуелдік).

- 30 Қ-Ғ, К-Г, П-Б, қандай заң бойынша өзгерді? (Үндестікзаңы)


  • 40 Жеті септікті ата.

Қазақстан – елім менің – 20 Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)

  • 30 Қазақстан Орта Азияның Барысына айналды. (Қазақстан - 2030)

  • 40 Павлодар облысының ең ірі ауданы, Сарыарқаның бір бөлігі. (Баянауыл)

5 Кезең «Ойлан тап» Әр ойыншы 1 сұрақтан таңдап алады.

  1. Қазақстан қандай ел?

  2. Фонетика нені зерттейді?

  3. Сөз таптарын ата

  4. Халық ауыз әдебиетіне не жатады?

  5. 19 ғ. өмір сүрген ақын-жазушыларды ата?

  6. Морфология дегеніміз не?

  7. Қазақстанның бас қаласы

  8. Қазақтың жүз жасқа келген қарт ақыны?

  9. Қазақтың батыр қызы

6 кезең. «Полиглот».

Шарты: Жұмбақтардың шешуін үш тілге аудару.

1. Тілі жоқ, ақыл-кеңес береді. (КІТАП)

1. Сырт – сырт етіп соғады

Кеудесінде жүрегі.

Өзі тілсіз сөйлейді,

Өзі жансыз жүрегі. (Сағат, часы hours)

2. Қолы жоқ – сурет салады,

Тісі жоқ – тістей алады. (Аяз, мороз, frost)

3. Оңымнан оқы – тағаммын,

Солымнан оқы – сол тағаммын,

Күні жоқ менсіз адамның. (НАН)

4. Оң жағымнан оқы сол сан,

Сол жағымнан оқы – сол сан (ҚЫРЫҚ)

5.Әр қашанда таң атпай

Оятады сағаттай. (Әтеш, петух cock)

6. Қабат – қабат қаттама

Ақылың болса аттама. (Кітап, книга book)



7 Кезең «Адасқан сандар» (перевести)

1)Әнел таңертең тұрады

2)Шахмат үйірмесіне барамын

8 Кезең «Сөз алу» Берілген сөзден алынған сөзді қағазға жазу керек

2 минут


«тәуелсіз» сөзінен сөз ал

9 Кезең «Адасқан әріптер»(перевести)

  1. «Қанағаттанарлық»

  2. Тапқырлық

  3. Септік

  4. «Тәуелсіздік»

  5. Егеменді

  6. Шәкірт

10 Кезең «Тапқырлық» Әр топ қарсы топтан жауап алады.

Кім көп дұрыс жауап берсе, жеңіс соныкі.


Қорытындылау. Қазылар алқасы қорытындысын шығарады.

Марапаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет