Тапсырма: 2-ші,3-ші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда 5-ші сөйлемді сызбамен байланыстырып көрсет. «Табиғат» сөзіне фонетикалық талдау жаса Атамекен


Жоспар: Ізденімпаз Қаныш Ғылыми үйірме Жастардың мұраты Мұрат



бет27/105
Дата14.12.2022
өлшемі0,98 Mb.
#162785
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   105
Байланысты:
Диктант,мазмұндама,шығарма,бақылау жұмыстары

Жоспар:

  1. Ізденімпаз Қаныш

  2. Ғылыми үйірме

  3. Жастардың мұраты

Мұрат – алға қойған мақсат, арман, тілек.

4 мазмұндама


Баланың тапқырлығы
(Ертегі)
Ерте, ерте, ертеде, ен даланы шегіртке жаулапты. Егістіктер тақырға айналып, ағаштар жапырағынан айырылып, жалаңаш қалыпты. Киіз үйлерге қонған шегіртке олардың да ара-арасын шығарыпты. Бұл апат патшаны қатты састырыпты. Шегіртке патшаның алтын ордасына дейін басып кіріпті.
Патша уәзірлерінен ақыл сұраса, бірі дәрімен, екіншісі отпен құрту керектігін айтыпты.Ал үшіншісі қыста аяздан үсіп өлетіндігін айтыпты.
Бірде мұның шарасын табатындығын айтып, ордаға құс бағушы бала келіпті.Бірақ оның сөзіне ешкім нанбапты. Әуелі уәзірлері келеке етіпті. Амалы таусылған бала ақыры қараторғай қамаған тордың аузын ашыпты.Сол-ақ екен, топ- тобымен дүркірей ұшқан қараторғайлар шегірткелерді жей бастапты. Әбден тойған қараторғайлар дереу бұлақ бойына барып суға шомылып, тұмсығы мен қанатттарындағы шегіртке майын жуып тастап, қайта шегіртке аулауға аттанады екен.
Халық баланың тапқырлығына, қараторғайлардың еңбекқорлығы мен тазалығына риза болыпты. Ал уәзірлер өздерінің надандығына ұялып, «Ақыл жастан, асыл тастан» дегенге көз жеткізіпті.
Ж.Шәкен
Жоспар:

  1. Шегірткелердің жерді жаулап алуы

  2. Уәзәрлердің ұсынысы

  3. Тапқыр бала

  4. Халықтың ризашылығы



Тапсырма: Сен қандай ақыл айтар едің?



Критерий

Дескриптор

Баға



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет