Тапсырма: 2-ші,3-ші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда 5-ші сөйлемді сызбамен байланыстырып көрсет. «Табиғат» сөзіне фонетикалық талдау жаса Атамекен


-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет4/105
Дата14.12.2022
өлшемі0,98 Mb.
#162785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
Диктант,мазмұндама,шығарма,бақылау жұмыстары

2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:

  1. мәтінді саналы оқуды;

  2. шығармаларды өздігінен дауыстап, іштей оқуды;

  3. мәтінді рөлдерге бөліп, мәнерлеп оқуды;

  4. мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуы мен аяқталуын табуды;

  5. көлемі 150 – 200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша тыңдау мен әңгімелеуді;

  6. мәтіннің азат жолдарынан басталатын бөліктеріндегі ойды анықтау және оған атауын қоюды;

  7. мәтіннің мазмұнына қатысты тірек сөздерді табуды;

  8. тыңдаған мәтіндері бойынша сұрақтарға жауап беруді;

  9. ертегілерді түрлеріне қарай топтауды;

  10. халық ауыз әдебиетінің шағын жанрларын (жұмбақ, жаңылтпаш, қаламақ, сұрамақ, санамақ) ажыратуды;

  11. өлеңнің басты ерекшеліктерін (ұйқасқа құралады, шумақтан тұрады және т.б.);

  12. өлеңді мысалдан, әңгімеден ажыратуды;

  13. оқулықпен жұмыс атқаруды (мәтін, сұрақ–тапсырмалар берілген беттерді көрсету және т.б.);

  14. шығарманың авторы мен тақырыбын атауды.



2-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:

  1. сурет бойынша диалог құруды;

  2. тыңдаған ән-күйлерінің мәтінмен байланысын анықтауды;

  3. ғылыми-танымдық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға, т.б.) сай өңдеу мен жүйелеуді;

  4. сызба бойынша өлең құрастыруды;

  5. өзі байқаған және көрген іс-әрекеттер мен оқиғалар бойынша шығарма – суреттемелер жазуды;

  6. мәтін кейіпкерлеріне, туысқандары мен достарына хатпен құттықтау жазуды;

  7. халық ауыз әдебиет үлгілерін және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды;

  8. 2-3 өлеңді жатқа айтуды;

  9. мазмұндама мен шығарма жазуды (25-30 сөзден тұратын);

  10. 2-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 40-45 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 50-55 сөз оқуды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет