Тапсырма №2. Өсімдік ұлпалары және мүшелерінен өсінді алудағы қоректік орталар.
Қоректік ортаның түрлері.
Қоректік орта дегеніміз- күрделі және жай құрамдардың әртүрлі қосылыстары болып келетін орталар. Оны лабораториялық жағдайда бактериялар мен басқа микроорганизмдерді көбейітіп өсіру үшін қолданылады. Құрамы бойынша - табиғи, синтетикалық және жартылай синтетикалық. Тағайындалуы бойынша негізгі, элективті және дифференциалды -диагностикалы болып бөлінеді. Табиғи- сүт, сарысу, жұмыртқа, ет, картоп, бұршақ, сәбіз, өсімдіктер және олардың қайнатпасы. Жасанды қоректік орталар арнайы рецепттер бойынша дайындалады. Олар жануар текті (ЕПС, ЕПА ЕПЖ)және өсімдік текті (сыра суслосы) болып екі топқа бөлінеді.