Сезімталдық пен кішіпейілділік таныту.
Өмірдегі орнын түсіну.
Жақсылық пен сүйіспеншілік таныту. Жауапкершілік сезімдерін дарыту.
Тән және жан саулығын ың байланыстылығын түсіну. т.б
Махаббат, вадамгершілік, жан тазалығы, өзін сыйлау, өзіне сенімділік, мақсаткерлік, көпшілдік, төзімділік, сыпаыйлық, білімге құштарлық, елжандылық, дәстүрді жалғастыру, болашаққа ұмтылу, зор жауапкершілік. Т.б.
Өзінің өмірлік айқындамасын анықтау, түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу. Қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау. Мейірімді, қамқор болу. Сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу. Азаматтылық және елжандылықты таныту. Қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Парыз, арман, ақиқат т.б. туралы терең білімге ие болады. Адами қарым-қатынастарды тани алады және оны бағалай біледі. Жағымды қарым-қатынас орнатады. Физикалық және психикалық жағдайын еркін басқарады. Өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізеді. Ұстанымдары мен сенімдерінде тұра алады. Ақпаратты және коммуникативтік технологияларды пайдалана алады. Т.б.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1.Адам өзін- өзі қалай тану мүмкін? Қоршаған ортаға , жанындағы достарына, тәрбие берген мұғаліміне қарап өзін тани алады.
Өзін-өзі тану – нағыз адам болудың сыры мен қырын үйрететін пән. Нағыз адам болу - Отан алдындағы борышыңды өтеу, адами қарым-қатынасың, қоршаған ортамен үйлесімділігің.
Э. Хемингуэй: «Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады. Жер басып жүрген әрбір адамның өмірде өз міндеттері бар» деп айтқандай, әрбір адам өмірге келгеннен кейін оны артында ізі қалардай мәнді өткізе білуі қажет. Сондықтан да адамның танымы неғұрлым биіктей берген сайын, дүниенің көкжиегі де соғұрлым кеңейе бермек.
Өзіңді-өзің тану деген - өзіңді қоғамдық, әдептілік тұлға ретінде қарастыру арқылы барлық адамдарға тән негізгі қасиеттер төңірегінде этикалық ұғымдар қалыптастыру. Өзіңді білу, бұл - өз тарихыңды, дәстүріңді, ата-бабаларыңның игі жақсылығын біліп, үйрену.
2.Жеке тұлғаның үйлесімді дамуына не себеп болу мүмкін? Өзінің өмірлік айқындамасын анықтау.
Түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу.
Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау.
Адамдарға көмек көрсету, туыстарына және достарына мейірімді , қамқор болу.
Өзімен өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде щынайы болу.
Жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту.
Өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу
Қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.