екі түрлі көзқарас бар. Біріншісі - мәтінді әлеуметтік, мәдени-тарихи жағдайлардың ықпалынсыз, тек оның өзіне ғана сүйене отырып, түсіндіру қажеттігін қолдайды. Екінші жақтың ұстанымы бойынша герменевтика – философия. Мұнда мәтінді түсінуден, интерпретация жасаудан гөрі ол турасында ой толғау басым.
Тарих герменевтиканы гуманитарлық ғылымдардың фундаменті, жүйелі негізі деп білді. Алайда, қазіргі әдеби герменевтика бұл мәселелерді мақсатты түрде айналып өтіп, нақты әдіснамалар мен әдеби тәсілдер жасауды мақсат етеді. Алпысыншы жылдардың орта шеніне дейінгі батыс әдебиеттануындағы көркем туындыны өз ішінде ғана қарастыру үрдісінен арылған қазіргі әдеби герменевтика мәселе солай бола тұра, структуралистік, лингвистикалық, коммуникативтік тұжырымдарға арқа сүйеуге мәжбүр болды. Аталмыш бағыттарға арқа сүйеу арқылы қазіргі әдеби герменевтика дәстүрлі герменевтиканың интерпретация туралы ұғым-түсініктерін тарих қойнауында қалдыруға белсенді қызмет етуде. «Асылында сана һарекеті қандай болса да оның болмысы – түйсіну болады. Оның түйсінуден бөлек мақсаты болуы мүмкін емес» (Соловьев).
Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымы да герменевтика тәсілдеріне жүгініп, автор мен оқырман арасындағы күрделі қарым-қатынасты ашуға, жеке тұлғаның ішкі әлеміне, тылсым тереңіне үңілуге бағдар алғанын байқаймыз. Т.Есембеков мәтін поэтикасын, оқырман мен автор байланысы мен түрлерін жан-жақты зерттеді. «Мәтінді «алдын ала ұғу» немесе «түсінбеу» деген құбылыстардың өзі әдеби шығарманы түсінудің логикалық сатылары екенін қайтақайта еске салатын герменевтиканың негізгі қағидаларын білген жөн. Қазіргі кездегі герменевтикалық теориялар мәтіндегі жасырын, құпия ишара, меңзеу түріндегі көркем ақпаратты танудың жолдарын қарастыруда. Автордың ойлау жүйесіндегі мифтік сананың, ұжымдық сананың, архетиптердің, әрқилы иррационал образдардың табиғатын зерттеуге деген қызығушылық басым» (Есембеков, 2015).
Достарыңызбен бөлісу: |