Тапсырма: Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымында герменевтика тәсілінің қолданылуы туралы хабарлама



бет1/5
Дата12.09.2020
өлшемі18,84 Kb.
#78363
  1   2   3   4   5
Байланысты:
герменевтика


Тапсырма: Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымында герменевтика тәсілінің қолданылуы туралы хабарлама.

Егер біз әдебиет теориясының пәндік міндетін жалпы көркем сөз атаулының арғы бергі тарихы мен құрылымдық сипатына үңіле отырып, терең тәпсірлейтін ғылым ретінде қарайтын болсақ, онда мұның мүмкіндігінше ауқымы кең жүйелі әрі нақты теориялық пайымдарды талап ететіні түсінікті.

Қазіргі әдебиеттануда көркем шығарманы қабылдау мен оқырман мәселесі қызу талқылау нысанына айналуда. Осы тұрғыдан келгенде көркем шығармашылықтың аса маңызды саналатын коммуникативті сипатын естен шығармау қажет. Өнер туындылары, оның ішінде көркем шығарма да адамдардың өзара тығыз қарым-қатынасына негізделеді. Өйткені автор өз туындысын халыққа, белгілі бір қауымға, біреуге арнап жазады. Көркем шығарма – оны тудырған адамның жолдауы іспетті. Сондықтан оқырман сөз арқылы туындының көркемдік әлемін және оны жасаған авторды қабылдайды. Көркем тілдің адамды сендіретін, жұбататын, ойлантатын құдіретті күші бар. Кейде автор шығармадағы баяндауға араласып, кейіпкеріне болысатын, оқырманмен сырласып, ой бөлісетін, сұхбат құратын жайттар да кездесіп жатады. Сондықтан соңғы жылдары әдебиеттану шығарманың мәтіндік жүйесіндегі автор образы, оны оқырманның қабылдауы, оған әсері сынды күрделі мәселелерге көңіл бөле бастады. Бұл тұрғыдағы зерттеулер – қазіргі қазақ әдебиеттануында қарқын алып келе жатқан герменевтиканың үлесінде.

Герменевтиканың әдебиет теориясы үшін маңызы зор. Ол әдебиеттану ғылымының ғана емес, гуманитарлық ғылымдардың методологиялық негізін құрайды.

Зерттеушілердің пайымдауынша, мәтінді тану үшін жан-жақты, көп қырлы талдау қажет. Мәтіннің мағыналық мазмұны мен композициялық құрылымының ерекшеліктерін түсініп қана қоймай, сонымен қатар авторлық ұстанымды, автордың ішкі әлемін, шығармашылық даралығын, дүниетаным ерекшелігін, оның шығарманы кімге бағыттап жазғанын да ескерген жөн. . Герменевтика өнер туындысын жеке дара қарастырмай, оны тудырған, дүниеге келуіне ықпал еткен дәстүрлі мәдениет аясында тану, түсіну қажеттігін алға тартады.

Герменевтикада мәтінді тануға қатысты



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет