Тапсырма: Берілген сұрақтарға жауап. Бақылау сұрақтары



Дата07.02.2022
өлшемі14,84 Kb.
#82104
Байланысты:
МуратоваГЭ21


Тапсырма: Берілген сұрақтарға жауап.
Бақылау сұрақтары:

  1. Статистикалық көрсеткіштердің мәні мен мағынасы.Көрсеткіш және оның атрибуттары.

Статистикалық көрсеткіштер – әлеуметтік –экономикалық құбылыстар мен процестерді сипаттайтын қорытындылаушы шаманы айтады.Жиынтықтың жеке мәндері белгілерді, ал сандқ сапалық сипаттамасы жиынтықтың қасиетін- статистикалық көрсеткішті білдіреді.Мысалы,нақты бір студенттің орташа үлгерімі –бұл белгі,жоғары оқу орнының студенттерінің үлгерімі-бұл көрсеткіш болады.

  1. Статистикалық көрсеткіштердің классификациясы.

Статистикада қорытындылаушы шамалардың үш тобы бар: абсолютті шамалар,қатысты шамалар және орташа шамалар.

  1. Салыстырмалы статистикалық көрсеткіштер жүйесі туралы түсінік.

Салыстырмалы көрсеткіштер – екі және одан да көп статистикалық сипаттамалардың қатынасын көрсетеді, коэффициенттермен, пайыздармен өлшенеді.

  1. Статистикалық көрсеткіштердің жүйесі туралы түсінік.

Статистикалық көрсеткіштер әр түрлі белгілер бойынша біртекті топтарға бөлінеді. Статистикалық көрсеткіштің зерттелетін жиынтықты қалай сипаттайтынына байланысты статистикалық көрсеткіштерді мынадай топтарға бөледі:абсолюттік,салыстырмалы және орта мәндер.

  1. Аурушаңдық және оны зерттеу әдістері.

Аурушаңдық – халық арасында аурудың таралуы.
Аурушаңдықты зерттеудің негізгі әдістері:
❖ Емдеу-профилактикалық мекемелерге өз бетімен қаралуы бойынша
❖ Өлім себептері мәліметтері бойынша ( өлім туралы дәрігер куәлігі 106/у)
❖ Медицналық тексеру мәліметтері бойынша (профилактикалық тексерулерді тіркеу картасы 131/у)
Осы әдісті жалпылау арқылы нақты аурушаңдық –өз бетімен қаралуы бойынша аурушаңдық,медициналық тексеру кезінде аықталған аурушаңдық пен толықтырылу және өлім себебі бойынша аурушаңдықты анықтауға болады.

  1. Ауру жағдайларын тіркеу

Өз бетімен қаралу бойынша аурулықты тіркеу медициналық көмекті қажет еткен пациенттің қаралу орнына сәйкес жүргізіледі: - амбулаториялық- емханалық ұйымдарға қаралғанда-амбулаторлық науқастың медициналық картасы 025 / у,қорытынды диагноз тіркелген статистикалық талон 025/2у ,амбулаторлық пациенттің статистикалық картасы 025/05у.-стационарда-стационарлық науқастың медициналық картасы 003/у,аурудың стационардан шыққан картасы 066/у.
-диспансерге-венерологиялы ауруы бар науқастың медициналық картасы 065/у,саңырауқұлақ ауруы бар науқастың медициналық картасы 065/1 у,туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасы 081/у.
-жедел жәрдемге – жедел және шұғыл медициналық көмекті шақыру картасы 110/у,медициналық көмек станциясының жолдама парағы 114/у.
- уақытша еңбекке жарамсыздық аурулығы жұмысқа шықпауға себеп болған ауруларды зерттеуге және экономикалық шығынды анықтауға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет