Бюджет сызығы дегеніміз – берілген табыс мӛлшерінің игіліктер жиынтығын толық сатып алу кезіндегі сол игіліктер жиынын кӛрсететін нүктелерді қосатын түзу сызық.
.
Тапсырма 4.Тест
1. Пайдалылық функциясы
А) Тұтынушы Х және У тауарларын тұтынғанда қол жеткізетін ең жоғары пайдалылығын бейнелейді.
В) Жалпы пайдалылық пен Х және У тауарларының көлемдерінің арасындағы байланысты көрсетеді.
С) егер тауарлар құрамы берілген болса, онда оның пайдалылығын саен түрінде анықтау үшін қолданылады.
Д) жоғарыда айтылғандардың барлығы дұрыс емес.
2. Талғамсыздық қисығы дегеніміз
А) тұтынушыға бірдей пайдалылық әкелетін тауарлардың жиынтығы.
В) ең жоғарғы пайдалылық әкелетін тауарлардың жиынтығы.
С) ең төмен деңгейдегі пайдалалық әкелетін тауарлар жиынтығы.
Д) барлық жауаптар дұрыс емес.
3. Талғамсыздық қисығының кез келген нүктесінде
А) тұтынушы ең жоғарғы пайдалылыққа ие болады.
В) пайдалылықтың мәні тұрақты болады.
С) ауыстырудың икемділік коэффициенті тұрақты.
Д) барлық жауаптар дұрыс емес.
4. Әлияның осы айдағы табысы өсті. Демек оның
А) бюджет сызығының бұрыштық коэффициенті өседі.
В) бюджет сызығы паралелль түрде оңға жылжиды.
С) бюджет сызығы параллель түрде солға жылжиды.
Д) бюджет сызығы өзгермейді.
5. Тұтынушының теңдестік жағдайы дегеніміз
А) баға ең аз шамада, ал тұтынатын тауарлар көлемі ең жоғары шамада болатын жағдай.
В) сатылатын тауарлардың құны сатып алынатын тауарлардың құнымен дәлме-дәл сәйкес келетін жағдай.
С) тауарларды тұтынғандағы пайдалылық өте жоғары болатын жағдай.