Тапсырма: Эмпатиялық жағдайдың қандай типтері бар? Сөздік және сөздік емес түрлеріне т.б. ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
Жауап:Эмпатиялық жағдайдың бес түрін көрсетуге болады:
-бейнелеу-«Мен сіздің .................көріп тұрмын»;
-мойындау – «Сіздің не сезіп тұрғаныңызды түсіне аламын.......»;
-қолдау-«Менің сізге көмектескім келеді»;
-серіктестік-«Бірге жұмыс жасап көрейік»;
-сыйлау-«Сіз көп нәрсе жасадыңыз»;
Эмпатия сөздік немесе сөздік емес түрде болуы мүмкін.
Сөздік: -«Өкінішті..........»;
-«Сізге бұл жағдайды шешу қиынға соққан болар.....»;
-«Бүгін сіз ( қайғылы, ашулы, көңілсіз.......)сияқтысыз»;
-«Қазір сізге оңый емес»;
-«Бұл жағдайды жеңу үшін, біз бірге жұмыс жасаймыз»;
-«Маған кез-келген уақытта қоңырау соға аласыз».
Сөздік емес: -жанашыр кейіп танытыңыз;
-бет келбетіңіз арқылы онымен бірге екеніңізді білдіріңіз;
-науқастың қолынан ұстаңыз.
VІ Сабақты бекіту – 15 мин Коммуникативтік біліктілікті қалыптастыру үшін басқа қандай психологиялық қасиеттер маңызды?
Медицина қызметкерінің біліктілігінің қалыптасуындағы маңызды психологиялық қасиет-бұл сезімталдық (сенситивтілік). Бұл қасиет медицина қызметкеріне науқаспен қарым-қатынас жасаудағы өзінің мінез-құлқын қайта қарап, түзетуге көмектесетін «кері байланыс»ролін атқарады.
Дегенмен, сенситивтілік өте жоғары болмауы тиіс, себебі ол дәрігердің өзіндік бағалауын, аффилятивті қажеттілігін төмендетеді.