3.Эпители пластының базальді мембранасында орналасуы. Эпители тіні эпителиоциттермен олардың астында орналасқан дәнекер тіні жасушаларының өнімі болып табылатын ерекше жасуша аралық зат- базальді мембрананың бетінде орналасады. Базальді мембрана эпители пластын өзіне, оның тұрақтылығын сүйемелдейді . Оларқылы дәнекер тінінің капиллярларынан эпителидің қоректенуі өтеді. Сөйтіп, базальді мембрана бұл екі тінді тек қана бөліп тұрмайды, ал сонымен бірге оларды біртұтас эпители-дәнекер тінді комплекске біріктіреді.