4. Эпители тінінің регенерацияға жоғры дәрежелі қабілеттілігі. Шекаралық орналасуына байланысты эпители тіндеріне өте жоғары жарақаттанғыштық және тозғыштық тән. Бұзылуына жауап беретін эпителийлер өз құрылымын камбиялды жасушаларының проферациясы арқасында тез арада қалпына келтіре алады. Эпителийлердің жоғарғы дәрежелі регенерациялық қабілеттілігімен олардың ісіктері – қатерлі ісіктер, аденокарцияномалардың жиі дамуын байланыстырады.
5. Эпителиоциттердің анық көрінетін полярлығы, яғни олардың екі қарама-қарсы полюстерінің – сыртқы ортағы беттеген апикальді және базальді мембранада, ішкі орта тіндеріне қараған базальді ұштарының болуы. Құрылысы бойынша да, функциялық тұрғыдан да олардың бір-бірінен едәуір айырмашылықтары бар. Бұл эпителидің шекаралық орналасуына байланысты: эпителиоциттің апикальді полюсімен шектес сыртқы ортаның жағдайы – өзгеше. Сондықтан эпителиоциттердің базальді және апикальді бөліктерінің құрылымдары, функциялық міндеттері және адаптациялық өзгерістері әр түрлі болады. Көп қабатты эпителиге, сонымен қатар, тік анизоморфия – жасушалар пластының полярлығы, яғни пласттың әр түрлі қабаттарын құрайтын жасушаларының морфологиялық белгілері мен функциялық қасиеттерінің бірдей еместігі тән.
6. Жасуша аралық затының болмауы немесе өте аз мөлшерде болуы – эпителийлердің басым бөлігін бір-біріне өте тығыз орналасқан жасушалар құрайды. Олардың арасындағы саңылаулар өте тар және соңғыларды толтыратын жасушааралық заттың мөлшері жоққа жақын , аз.
Достарыңызбен бөлісу: |