7. Эпителий құрамында қан және лимфа тамырларының жоқтығы.Сондықтан, эпителийлердің қоректенуі дәнекер тін тамырлары жағынан О2мен қоректік заттардың базальді мембрана арқылы диффузия жолымен жүзеге асырылады.
Эпителийдің әр түрлерін қабаттылығы, қатарлығы, жасушаларының пішіні.
Эпителийлердің морфологиялық класификациясы эпителий пласттың құрайтын жасушалар құрылысының ерекшеліктеріне негізделген, атап айтқанда, -жасушалардың базальді мембранаға қатынасына(қабаттылығы,қатарластыңы) және олардың пішініне Қабаттылық- деген ұғым эпителий пласттың құрайтын жасушалар қабаттарының санын білдіреді және ол пласт жасушаларының базальді мембранаға қатынасымен анықталады.Осы белгіге сәйкес эпителийлерді бірқабаттыларға және көп қабаттыларға бөледі.Егер де, пласт жасушаларының барлығы да базальді мембранамен байланысты болса, онда бұл- бір қабатты эпителий.Егер де эпителий пласты жасушаларының тек қана бір қатары базальді мембранамен байланысты болса, онда бұл- көп қабатты эпителий.Бір қабатты эпителийлердің қатарластығыжасушалар ядроларының базальді мембранаға қатынасты орналасып бейнелеуін көрсетеді; өз ретінде бұл- жасушаның биіктігі мен пішіні бірдей жасушалардан тұрса, онда олардың ядролары бір қатарда, яғни базальді мембранадан біркелкі аралықта орналасады, бұл- бір қатарлы эпителий.Егер де, эпителий биіктігі мен пішіні әр түрлі жасушалардан құралса, онда олардың ядролары базальді мембранадан әр түрлі аралықта орналасады,бұл- көп қатарлы эпителий.Сонымен, көп қатарлы эпителийлердің бір жасушалары биік болса(апикальді ұштарымен эпителийдің бос бетіне дейін жетеді), басқалары –орташа немесе аласа болады(олардың төбелері көрші биік жасушалардың бүйір беттері арасында аяқталады).Жасушалардың пішінін(жалпақ,куб,призма пішінді) олардың биіктігі және табан (ені мен ұзындығы) өлшемдерінің қатынасы бойынша анықтайды.Жалпақ эпителий- жасушалардың биіктігі табанынан едәуір төмен пласт.Куб пішінді эпителий- жасушаларының биіктігі мен табаны тең пласт.Призмалық(цилиндрлік) эпителий- жасушаларының биіктігі табан өлшемдерінен басым, яғни биік жасушалы пласт.Пішіні әртүрлі жасушалардан құрылған көп өабатты эпителийлерді жіктеу үшін олардың үстінгі қабат жасушаларының пішіні есепке алынады.