Тапсырма Есептерді шешіңдер Призма



Дата07.02.2022
өлшемі24,61 Kb.
#92930
Байланысты:
СОӨЖ 11 - Гулаш Кощанова
критериалды бағалау[1], 12311003, 12311003, Финляндия, СОӨЖ 11 - Гулаш Кощанова

7 СОӨЖ тапсырмалары


тапсырма


Есептерді шешіңдер


Призма


1.1. Тік үшбұрышты призманың табанының қабырғалары 10 см, 17 см және 21 см-ге тең, ал призманың биіктігі 20 см. Призманың көлемін табыңыз.
1.2. Көлбеу үшбұрышты призманың бүйір қырларының ара қашықтықтары 10 см, 17 см, 21 см, ал бүйір қыры 18 см. Призманың көлемін табыңыз.
1.3. Дұрыс төртбұрышты призманың диагоналі мен бүйір жағының арасындағы бұрыш 300, ал табанының қабырғасы а. Призманың көлемін табыңыз.
1.4. Тік призманың табаны – тең бүйірлі тік бұрышты үшбұрыш. Оның катеті 3 см. Төменгі табанының катеті және жоғарғы табанының осы катетке қарсы жатқан төбесі арқылы жүргізілген қиманың ауданы 7,5 см2. Призманың көлемін табыңдар.
1.5. Алтыбұрышты дұрыс призманың көлемі 6 см3. Призманың ең үлкен диагональдық қимасының ауданы 4 см2. Призманың табан қабырғасының және бүйір қырының ұзындықтарын табыңдар.
1.6. Тік үшбұрышты призманың табаны катеттері 6 см және 8 см болып келетін тік бұрышты үшбұрыш. Призманың биіктігі 7 см болсын, онда оның толық бетінің ауданын табыңыз.
1.7. Тік бұрышты үшбұрышты призманың табан қабырғалары 58 см, 50 см, 12 см, ал бүйір қыры табанының үлкен биіктігіне тең. Призманың толық бетінің ауданын табыңдар.
1.8. Төртбұрышты дұрыс призманың бүйір беті 16 см2, ал толық бетінің ауданы 48 см2. Призманың биіктігін табыңыз.
1.9. Табан қабырғалары 6 см, 8 см, 10 см, ал биіктігі 8 см үшбұрыш тік призма берілген. Толық бетінің ауданын табыңыз.
1.10. Тік призманың табанында жатқан үшбұрыштың бір қабырғасы 2 м, ал қалғандары 3 м-ге тең. Призманың бүйір қыры 4 м. Осы призма мен көлемдері бірдей кубтың қырын табыңыз.


Цилиндр және конус


2.1. Қабырғалары 3 және 10 см болатын тіктөртбұрыштың үлкен қабырғасынан айналғанда шығатын фигураның көлемін табыңыз.
2 .2. Цилиндрдің осьтік қимасының диагоналі см-ге тең, ал табанының радиусы 3 см. Цилиндрдің биіктігін табыңыз.
2.3. Цилиндрдің осьтік қимасының ауданы 24 см2 . Цилиндрдің бүйір бетінің ауданын табыңыз.
2.4. Биіктіктері бірдей екі цилиндрдің бірінің табанының радиусын екіншісінікінен 2 есе арттырсақ, оның көлемдері неше есе артатынын анықтаңыз.
2.5. Цилиндрдің көлемі 63п см2 тең, ал осьтік қимасының ауданы Цилиндрдің табанындағы шеңбер радиусын табыңыз.
2.6. Конустың осьтік қимасы тең бүйірлі үшбұрыш, бүйір қабырғалары 16 және бұрышы 1200 болса толық бетінің ауданын табыңыз.
2.7. Тік конустың жасаушысы 6 см және табан жазықтығына 600 бұрыш жасай көлбеген. Конустың толық бетінің ауданын табыңыз.
2.8. Конустың осьтік қимасының ауданы 12 және жасаушысы 5 болса, конустың көлемінің бүйір бетінің ауданына қатынасын табыңыз.
2.9. Конустың осьтік қимасының периметрі 16, ал бүйір бетінің жазба бұрышы 1200 болса, толық бетін табыңыз.
2.10. Конустың бүйір бетінің ауданы табанының ауданынан 2 есе артық болса, жазбасының бұрышын радианмен табыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет