Дәріс13. Айналу денелері. Цилиндр, конус және қиық конус Жоспар



бет1/6
Дата25.04.2022
өлшемі108,8 Kb.
#140752
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекц 13 геом


Дәріс13. Айналу денелері. Цилиндр, конус және қиық конус



Жоспар

  1. Айналу денелері ұғымы. Цилиндр

  2. Конус

  3. Қиық конус




СОӨЖ 6 Кеңес беру және СӨЖ 6 қабылдау.
СӨЖ 6 Айналу денелері, цилиндр, конус және қиық конус тақырыбына ең кемі сегіз есеп шығару.

Дерек көздері


https://www.youtube.com/watch?v=OzkgTXiqQvA


(Конус ұғымы 16 сабақ 8.56)

https://www.youtube.com/watch?v=nVhcHciaiak


(Айналу денелері. Конус. Цилиндр 12.40)



Айналу денелері ұғымы

Практикада бізге фигураларды жазықтықта бұруға қарағанда, фигураларды кеңістікте осьтен айналдыра бұру жие кездеседі.


Күнделікті өмірде денелердің өз осінен айналуын бақылап, оған куә болып жүрсіздер. Мысалы, Жер Күнді айнала қозғала отырып, оз осінен де айналады. Жер Күнді толық бір айналып өткен уақыт ішінде өз осінен 365 рет айналып үлгереді. Сонымен біз бірден екі қозғалысқа қатысамыз: бір тәулік ішінде Жермен бірге оның осінен толық бір айналым жасасақ, бір жылда Күнді толық айналып өтеміз.
Айналу осьтері, әсіресе дөңгелек фигураларда – сферада, шарда, цилиндрде, конуста болады. Сондықтан оларды кейде айналу денелері деп те атайды.
Айналу денесінің осі арқылы өтетін кез келген жазықтық осы денемен қиылысады. Алынған қиманы осьтік қима деп атайды. Ол оське қарағанда симметриялы болады. Дербес жағдайда осьтік қима бір-бірінен бөлек, бірақ оське қарағанда симметриялы екі жазық фигурадан тұруы мүмкін. Айналу денесінің барлық осьтік қималары тең.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет