S ц.т.б = 2 π RH+2 π R2 S ц.т.б = 2 πR(H+R) Конус. Айналу денесі- конус
Анықтама. Тікбұрышты үшбұрышты катетінен айналдырғанда шығатын фигура конус деп аталады.
Грек. Кonos- «қарағай бүршігі»
Анықтама. Конустың төбесінен оның табан жазықтығына жүргізілген перпендикуляр конустың биіктігі болады. Табан шеңберінің кез келген нүктесін конустың төбесімен қосатын кесінділердің проекциялары тең, сондықтан олар – тең кесінділер. Бұл кесінділер конустың жасаушылары деп аталады. Конустың бүйір беті де конустық бет деп аталады.
Конус табанының радиусы R жасаушысының ұзындығы l ал биіктігі H болсын. Пифагор теоремасына сәйкес бұл шамалар