Тапсырма:Тірі организмдердің ашық жүйе екендігін көрсету.Тірі организдері туралы анализ жасаныз.
Тапсырма:Тірі организмдердің ортамен байланысын көрсететін сызба нұсқа құрастыру.
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар.
1.Тірі организмдердің негізгі қасиеттері. «Тіршілік» ұғымына алғаш анықтама Ф.Энгельс берген. Оның анықтамасы бойынша, тіршілік дегеніміз – тірі организмдердің қоршаған ортамен тұрақты түрде зат алмасуына негізделген, нәруызды денелердің тіршілік ету тәсілі.
Тіршілік – құрылымы нәруыздар мен нуклеин қышқылдарының күрделі биологиялық полимерлерінен тұратын, өзін – өзі реттейтін, өзінен кейін өзі тектес ұрпақ қалдырып отыратын тірі организмдер жиынтығының ашық жүйесі.э
Тірі организмдердің химиялық құрамының біркелкі болуы. Тірі организмдердің құрамында табиғатта кездесетін 70 – тен астам химиялық элементтер бар. Тірі организмдер мен өлі табиғаттың құрамындағы химиялық элементтердің мөлшері әр түрлі. Мысалы, өлі табиғаттың құрамында оттектен басқа кремний, темір, магний, алюминий, т.б. элементтер көбірек кездеседі. Тірі организмдердің химиялық құрамының 98% - ын, негізінен, 4 химиялық элемент құрайды.Ондай элементтерге көміртек, оттек, азот және сутек жатады.
Тірі организмдердегі органикалық қосылыстардың негізгі тобына нуклеин қышқылдары – ДНҚ, РНҚ жатады. Бұл қосылыстар тірі организмдердің тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттері арқылы ұрпақтарына беріліп, тірі организмдер тіршілігін үнемі жалғастырып отырады.
Тірі организмдер құрамындағы органикалық қосылыстардың екінші тобына – нәруыздар жатады. Нәруыздар биологиялық өршіткі ролін атқарады.
Органикалық қосылыстардың үшінші тобына – көмірсулар мен майлар жатады. Олар организмді қажетті энергиямен қамтамасыз етеді және биологиялдық мембрана мен жасуша қабықшасының құрылымдық құрамын түзуге де қатысады.
Тірі организмдердегі заттар мен энергияның алмасуы (метаболизм).
Тірі организмдердің құрылымдық деңгейінің біркелкі болуы. Барлық тірі организмдердің құрылымдық және қызметтік бірлігін жасуша құрайды.
Тірі организмдердің көбеюі. Тірі организмдер көбеюі кезінде ДНҚ молекулалары арқылы әрбір организмнің өзіне тән белгілері ұрпақтарға беріледі. ДНҚ – ның бір молекуласынан екі еселену арқылы бір – біріне өте ұқсас әрі бастапқы белгісін дәл қайталайтын екі молекула түзіледі.
Тірі организмдердің тұқым қуалаушылығы. Тұқым қуалаушылық қасиет арнайы құрылымы бар заттардың генетикалық коды арқылы беріледі. Генетикалық код ДНҚ молекуласындағы аминқышқылдарынан тұратын нуклеотидтердің орналасу ретіне тікелей байланысты болады.
Тірі организмдердің өзгергіштігі. Өзгергіштік арқылы организмдерден ген құрылымының жаңа белгілері мен қасиеттері пайда болады.
Тірі организмдердің өсуі мен дамуы. Организмдер өскен кезде жасушалар санының артуынан жеке мүшелері ұлғаяды да, жас даралар бірте – бірте ересектеріне айналады. Даму қасиеті – тірі организмдерге және өлі таьиғатқа
тән, кері қайталанбайтын заңды құбылыс. Тірі организмдердің жекелей дамуы – онтогенез, ал тарихи дамуы – филогенез деп аталады.
Тірі организмдердің тітргекенгіштігі. Кез келген тірі организм сыртқы орта жағдайларымен және басқа да организмдермен өзара тығыз байланысты болады. Көп жасушалы жануарлардың орта жағдайларының тітіркендіргіштігіне жүйке жүйесі арқылы жауап қайтаруын рефлекс дейді. Жүйке жүйесі болмайтын бір жасушалы қарапайым жануарлар мен өсімдіктердің қозғалысында немесе өсуінде тітіркендіргіштердің әсерінен болатын өзгерісті таксис немесе тропизм дейді. Мысалы, өсімдіктердің жарыққа қарап қозғалуын фототаксис дейді.
Тірі организмдердің біртұтастығы және дискреттілігі. Жер бетіндегі тіршілік жеке – жеке оқшаулану формасында кездеседі.
Тірі организмдердің өзін – өзі реттеуі.
2. Тірі организмдердің тіршілік деңгейлері.
1. Молекулалық – генетикалық деңгей. Бұл тіршілікке тән бастапқы ең қарапйым деңгей. Кез келген организм құрылысының қарапайымдылығына немесе күрделілігіне қарамй, оның бәрі де біркелкі молекулалық қосылыстардан тұрады.
2. Жасушалық деңгей. Жасушалық деңгейде оның құрамындағы жеке органоидтердің өзіне тән құрылысы болады олар жасушада белгілі бір қызмет атқарады. Бір жасушалы организмдерде барлық тіршілік процестері бір ғана жасушаның ішінде жүреді. Бір жасушалы жасыл балдырлар – хламидомонада, хлорелла және қарапайым жануралар – амеба, инфузория.
3. Ұлпалық деңгей. Шығу тегі, құрылысы мен атқаратын қызметі біркелкі жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығынан ұлпа түзіледі. Ұлпалық деңгей – тек көп жасушалы организмдерге тән қасиет. Мысалы, жануарлар мен адам денесінде төрт түрлі ұлпа (эптиелий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке) болады. Өсімдіктер мүшелеріндегі ұлпалар – түзуші, жабын, өткізгіш және бөліп шығарушы деп аталады.
4. Мүшелік деңгей. Көп жасушалы организмдерде шығу тегі, құрылысы мен атқаратын қызметі біркелкі ұлпалар жиналып, мүшелік деңгей құрайды. Адам организмінде ас қорыту, тыныс алу, қанайналым, мүшелер жүйесі болады.
5. Организмдік деңгей. Денесі бір ғана жасушадан тұратын өсімдіктер (хламидомонада, хлорелла) мен жануарлар (амеба, инфузория, т.б.) өз алдына жеке организм болып табылады. (5 - сурет)Ал көп жасушалы организмдердің жеке бір дарасы жеке организм деп есептеледі.
6. Популяциялық – түрлік деңгей. Бір түрге жататын өзіне тән табиғи орта жағдайында, белгілі бір аймақта таралған даралардың жиынтығы популяцияны құрайды. Популяция дегеніміз – бір түрдің жеке өз алдына оқшауланған әрі көптеген даралардан (особьтардан) тұратын тобы.
7. Биогеоценоздық деңгей. Құрылымдық деңгейі әр түрлі табиғи орта жағдайына ғана тіршілік етуге бейімделген көп түрлі организмдер жиынтығын биогеоценоз дейді.
8. Биосфералық деңгей. Жер ғаламшарындағы барлық тірі организмдер мен олардың тіршілік ететін жалпы табиғи орта жағдайларының жиынтығы биосфералық деңгейді құрайды.