Мерзімі:
|
8 сынып биология
|
Нургазинова Асель Амантайкызы
|
«С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ
|
Сабақтың атауы
|
Ас қорытудың маңызы.Ас қорыту жүйесі .
|
Сілтеме
|
8 сынып биология оқулығы, Р.Әлімқұлова, Р.Сәтімбеков, А.Соловьева
Сабақ жоспары
|
Жалпы мақсаты
|
Ас қорыту жүйесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Ас қорыту жүйесінің адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту, ас қорыту мүшелерінің қызметі туралы білімдерін кеңейту.
|
Міндеттер:
|
Жаңа материалды қабылдай отырып, оқушыларды өз бетімен білімін толықтыру, ойлау, синтездеу, талдау, қорытындылау, нақтылау қасиеттерін дамыту. Ой – өрісі мен білімге деген белсенділігін дамыту:
Өз денсаулығын сақтауда жинақылыққа және зейінділікке үйрету. Салауатты өмір сүруге және дұрыс тамақтануға білуге тәрбиелеу.
|
Күтілетін нәтиже
|
Пәндік нәтижелер: ас қорыту жүйесін; адам ағза мүшелерін, олардың маңызын білу; салауатты өмір салтын сақтау;
Тұлғалық нәтижелер: салауатты өмір салтын сақтауынан өз-өзіне қызмет етуінен, өз ағзасын күтуінен көрініс табуы тиіс.
Жүйелі-әрекеттік нәтижелер: алған ақпаратты талдап, жинақтап, қорытынды жасау білігінен; танымдық, зерттеушілік, жобалаушылық, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу білігінен көрініс табуы қажет.
|
Сабақтың түрі:
|
Жаңа сабақ
|
Әдіс-тәсілдері:
|
СТО, АКТ, топтық жұмыс, жұптық жұмыс
|
Пәнаралық байланыс:
|
ағылшын, орыс тілі.
|
Қажетті материалдар
|
оқулық, интерактивті тақта, электронды оқулық, маркерлер, макеттер, плакаттар, шиыршық қағаздар.
|
Сабақтың барысы бойынша мұғалімнің жазбалары
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Уақыты
|
Оқушының іс-әрекеті
| -
Амандасу. Ынтымақтастық атмосферасын құрастыру. Пазл әдісі бойынша сыныпты топқа бөліп, топ басшыларын сайлау. Әр топқа бағалау парағын таратып беру
1 топ.Жүрек
2 топ.Қантамырлар
3 топ . Өкпе
4 топ. Кеңірдек
|
3 мин
|
Оқушылар берілген пазлдар бойынша мүшелерді анықтап, сол бойынша топқа бөлінеді. Топ басшыларын бір-біріне тілек айту
| -
Үй тапсырмасын сұрау. ҰБТ минуты. Өткен «Тынысалу жүйесі» тарауына байланысты тест сұрақтары беріледі. 10 сұрақ
-
Егер адамның өкпесінің тіршілік сыйымдылығы қалыптағыдан 400 мл төмен болса, онда өкпедегі газ алмасу:
а) төмендегені; б) өзгермегені; в) ауру тудырғаны.
2. Тынысалу мүшелеріне жататын ауру:
а) сколиоз; б) туберкулез; в) рахит.
3. Тынысалу жүйесінің ауруын жатпайды:
а) тұмау; б) туберкулез в) цистит.
4. Адам өкпесінің орташа тіршілік сыйымдылығы:
а) 1000 мл; б) 3500 мл; в) 5000 мл.
5. Тыныс алғандағы ауаның микробтар мен шаң - тозаңнан тазаруы, жылынуы:
а) ауа тамырда; б) мұрын қуысында; в) кеңірдекте.
6. Мұрынның иіс сезімталдығын төмендететін жұқпалы ауру:
а) туберкулез; б) трахейт. в) тұмау;
7. Адам тыныс алуына қажетті газ:
а) оттек; б) азот в) көмірқышқыл газы.
8. Темекі шегу зардабынан болатын өкпе ауруы:
а) силикоз; б) СПИД;в) пәле (рак).
9. Тыныштық күйдегі тыныс алу қозғалыстарының мөлшері:
А)10-12 Б)16-18 В) 20-22
-
Тыныс алуға қатысатын гормондар:
А)Тироксин мен адреналин Б)Гипофизбен ұйқы безі
В)Гипоталамус безі
Жауаптары: 1 - а, 2 - б, 3 - в, 4 - б, 5 - б, 6 - в, 7 - а, 8 - в. 9 б. 10 а.
|
|
3 нұсқалы тест жұмыстары беріледі. Орындағаннан кейін сағат тілімен бір-бірлерінің дәптерлерін тексереді.
3-5 жауап -3
6-8 жауап – 4
8-10 жауап -5
| -
Жаңа сабақ. Ас қорытудың маңызы.Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
|
5 мин.
|
Жаңа ақпаратты алады.
| -
Терминмен жұмыс. Жаңа тақырыптан алған терминдерді жазу.
-
Ауыз қуысы– Полость рта – Oral cavity
-
Жұтқыншақ – Гортань – Larynx
-
Өңеш – Пищевод – Esophagus
-
Қарын - Желудок – Stomach
-
Аш ішек – Тонкая кишка – Small intestine
-
Тоқ ішек – Толстая кишка – Large intestine
-
Тік ішек – Прямая кишка – Rectum
-
Соқыр ішек – Аппендикс – Appendix
-
Ұлтабар – Двенадцатиперстная кишка – Duodenum
-
Ерін – Губы – Lips
-
Тіс – Зубы- Teeth
-
Бауыр – Печень - Liver
|
5 мин.
|
Термин дәптерлеріне қазақша, орысша, ағылшын тілдерінде терминдерді жазады.
| -
Топпен жұмыс.
Адам қаңқасына асқорыту мүшелерін орналастырып, құрылысы мен қызметі жайлы қағаз бетіне түсіру
1-топ. Асқорыту мүшелері: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш
2-топ. Асқорыту мүшелері: аш ішек, тоқ ішек
3-топ: Асқорыту бездері: бауыр
4 топ. Ас қорыту бездері: ұйқыбез, сілекей
|
20 мин
|
Берілген тапсырмаларды қағаз бетіне түсіреді.
Әр топ ортада қорғап, адам қаңқасына іледі.
| -
Жаңа сабақты бекіту. Иә /Жоқ
-
Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жүйесін
құрайды. иә
-
Асқорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш кеңірдек, көмекей, өкпе жатады. Жоқ
-
Жұтқыншақ әрі асқорыту, әрі тынысалу мүшелер жүйесіне жатады. Иә
-
Қарын – құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында, көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі. Иә
-
Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері – аппендикс деп аталады. Жоқ
-
Бауырдан бөлінетін сілекей сөлі бөлінеді.Жоқ
-
Ұйқыбез әрі сыртқы, әрі ішкі секреция бездерінің қызметін атқарады. Иә
-
Өттің негізгі қызметінің бірі –зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Жоқ.
-
Бауыр жасушаларында қор заты - гликоген жиналады. Иә
-
Асқорыту мүшелерінің қабырғасы незінен 4 қабаттан тұрады: сыртқы, ортаңғы, аралық, ішкі
|
|
Дұрыс жауап берген оқушы, смайлик арқылы бағаланады. Топ басшылары бағалау парағына бағаларын қояды.
| -
Кері байланыс. Білім шиыршығы стратегиясы. Жаңа тақырып және алдыңғы тарау бойынша алған ұғымдарын (термин) 3 тілде жазып, оқу (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)
Бағалау критерийі
3 тілде-3 ұпай
2 тілде-2 ұпай
1 тілде-1 ұпай
|
5 мин
|
Шиыршыққа ұғымдары 3 тілде жазып, ағашқа іледі.
| -
Бағалау парағына оқушылар өздерін және басқа оқушыларды бағалайды.
|
1 мин.
|
Топ басшылары бүгінгі істеген жұмысы бойынша, бағалау парағын толтырады.
| -
Үйге тапсырма.
|
1 мин.
|
Үйге тапсырма алады
§39 Асқорытудың маңызы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |