Тапсырмалар: дз өзара әрекеттесу түрлері. Дз фармацевтикалық өзара әрекеттесуі. Дз фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі. Дз фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі. "Сенситизирлеу әсері"дегеніміз не? "Синергизм" және "антагонизм"терминдеріне анықтама беріңіз?



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі47,67 Kb.
#89820
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ДЗ жағымсыз және ұтымды үйлесімі


Тақырыбы: Дәрілік заттардың жағымсыз және ұтымды үйлесімі
Тапсырмалар:
1. ДЗ өзара әрекеттесу түрлері.
2. ДЗ фармацевтикалық өзара әрекеттесуі.
3. ДЗ фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі.
4. ДЗ фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі.
5. "Сенситизирлеу әсері"дегеніміз не?
6. "Синергизм" және "антагонизм"терминдеріне анықтама беріңіз?
Жауаптар:
1. ДЗ өзара әрекеттесу түрлері
Бір мезгілде екі немесе одан көп препараттарды бірге қолданғанда, әсер
олардың әрқайсысын жеке қолданғандағы әсерден өзгеше болса, мұндай
құбылысты ДЗ өзара әрекеттесуі деп атайды.
ДЗ өзара әсерлесуі төменде аталған құбылыстарға әкеледі:
• препараттың бірінің әсерінің төменедуі, не болмаса толық жойылуы – бұл
құбылыс антагонизм деп аталады.
• ДЗ қосарлап қолданғанда бір бағытты әсер көрсетіп, эффект күшейсе
синергизм деп аталады.
Бір бағыттағы әсер етудің нәтижелері:
• егер, екі ДЗ қосарлап қолданғанда дамыған әсер екеуінің қарапайым суммасына тең болса (АБ=А+Б) – суммация деп аталады.
• егер, екі ДЗ қосарлап қолданғанда дамыған әсер екеуінің қарапайым суммасынан артық болса (АБ>А+Б) – потенцирлеу деп аталады.
• егер, екі ДЗ қосарлап қолданғанда дамыған әсер екеуінің қарапайым суммасынан кем, ал әрқайсысының әсерінен артық болса (АБ<А>Б) – аддитивті әсер деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет