Тапсырмалар: Еріктік үрдістер мен еріктің сипаттамасы



Дата07.02.2022
өлшемі33,5 Kb.
#83493
Байланысты:
Такырып№4


Тақырып 4. Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы Тәуелсіз қоғамдағы тұлғаның «ерік бостандығы» тұжырымдамасы (4 апта)
Тапсырмалар:

  1. Еріктік үрдістер мен еріктің сипаттамасы.

Ерік – іс - әрекеттің саналы реттелуіне негізделген психиканың ерекше формасы. Іс - әрекетті орындау тұлғаның іс - әрекет элементтерін ұйымдастыруы және басқаруы болып табылады, яғни іс-әрекет процесін және өзін басқару.
Еріктік іс - әрекет тұлға қасиеттерімен (өмірлік тілекпен, ұмтылыстармен, сенімдермен және т.б.), іс - әрекеттің мазмұнымен, өмірлік жағдайлармен детерминантталған. Еріктік әрекеттер түрлері :

  • ырықты

  • ырықсыз

  • қарапайым

  • күрделі




  1. Еріктік акті.

Еріктік іс- әрекеттердің құрылымы:
• Еріктік іс- әрекеттердің құрылымы:
• Саналы мақсаттардың қойылуы (құмарлық, тілек, талпыныс);
• Шешім қабылдау (мотивтер күресі, басқа талпыныстардың пайда болуы);
• Жоспарлау және ұйымдастыру (тәсілдер мен құралдарды таңдау, орындаудың бірізділігін орнату, ішкі және сыртқы кедергілерді есепке алу), орындау.
• Мотивтердің ішкі күресі еріктік акттің пайда болуы мен іске асу шарты ретінде көрінеді.



  1. Тұлғаның еріктік қасиеттері.







  1. Адамның еркі және мінез-құлықтары.

Адамның еркі – бұл адамның өз мінез-құлқын саналы реттеу қабілеті, өзінің барлық күшін қойылған мақсатқа жетуге бағыттау. Ештеңе де өзінен-өзі, ерік-жігерсіз, құрбандық пен еңбексіз істелмейді. Адам еркі, тек қана берік адамның еркі – ғаламат күш. деп А. И. Герцен айтқан. Сондықтан адамның еркі ол өз өмірі яғни өтіп бара жатқан уақыты. Әр минутты жоғалтпай тырысу керек. Әрине адам еңбегімен бағаланады.
Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалықерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет