Көрерменің қандай, қазақ театры?
Театр – мәдениет ошағы. Ел өмірінің айнасына айналған театрларымыз күннен-күнге дамып келеді. Адам жанының емшісі болып жүрген театрымыздағы көрермендердің мәдениеті қай деңгейде?
Қай театрды алып қарамаңыз, көрермен жетерлік. «Қара халықтың мәдениетті болуынан, мәдениетті адамның қазақ болуы қиын», – дейді Ж.Аймауытов. Уақыт өткен сайын бұл пікірге көзіміз жетіп жүр. Бүгінгі күні халықтың мәдениетті, мәдениеттінің қазақ болуы да қиындап бара жатыр. Алпыстар шамасындағы көрермендер ертеректе өнер ошағындағы мәдениеттің жоғары болғанын тамсана айтады. Расында да, солай ма, бүгінгі күні көрермен, шынымен, өзгерген бе?
Қалай десек те, театрдағы халықтың мәдениетін көргенде ішіңе найзағай түскендей күйге түсетініміз жасырын емес. Қойылым кезінде ұялы телефонының қоңырауына ие бола алмай, онымен қоймай, телефонмен еркін отырып сөйлесу, орынсыз қол шапалақтау, кішкентай балалардың жылаған даусы, жастардың жырқ-жырқ күлкісі көзі ашық, көкірегі ояу басқа көрермендерді мезі етеді. Желсіз күні қауіп шақырмасақ та, бұлар біраз ойлантатын жайттар.
Театрға киіп келетін киім үлгісі де өз алдына бөлек талғамды талап ететін мәселелердің бірі. Тіпті, театрдан спорттық үлгіде киінген көрермендерді көрсек, таңғалмайтын дәрежеге жеттік. Осы орайда, жаңа қарқынмен келе жатқан тәуелсіз елдің театры: «Мен түзелдім, көрермен, сен де түзел!..» дейтіндей боп көрінеді де тұрады.
Оқылым Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10] Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Сондықтан да отандастарымыз жылдағы демалыстарын Қара теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен Ыстықкөлде өткізіп, таза ауада тынығып, мөлдір суына шомылып, демалыс дәмін татқысы келеді. Қарап отырсақ,
туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде мүмкіндік бар.
Қазақстанның Туризм және спорт агенттігі бүкіләлемдік туризм ұйымымен бірлесіп, сыртқы және ішкі туризмді дамытудың тиімді бағыттарын айқындап, соның бірі ретінде экологиялық туризмді атап көрсеткен. Экологиялық туризмге қатысты елдегі мүмкіндігі жоғары аймақтар ретінде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары белгіленді.
Елімізде бұл сала экономикамыздың әжептеуiр пайда әкелетiн тармағына айналып келедi. Алайда көптеген сарапшылар Қазақстанның өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай отырғандығын сенімді түрде айтады. Өйткені туризмнің дамуы бірінші кезекте саяхаттауға барлық жағдайдың жасалуына байланысты. Сол себепті сыртқы елдерге шығатын туристер саны әлі де басым болып отыр.
Соңғы кездері Қазақстан саяхатына шетелдік қонақтар қызығушылық танытуда. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастады деп түсіндіреді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуіне мүмкіндігі бар деп есептеледі.
Мәтін не туралы? [1]
Еліміздегі туризмнің аса жетілгендігі туралы
Отандық саяхатты өркендету жолдары туралы
Тек ішкі туризмнің өзгеше ұтымдылығы туралы
Шетел саяхатының аса дамығандығы туралы
Шетелде демалатын туристердің көптігі жайлы мәтіннің қай бөлігінде айтылған? [1]
1
2
3
4
Мәтіннің тақырыбы қандай? [1]
Қазақстан саяхатына қызығушылық бар ма?
Қазақстанда туризм саласы қашан дамиды?
Өзге елдегі демалыс орындарының дамуы
Сыртқы туризмнің экономикаға әсерінің болуы
Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылған? [1]
5-7. Сөйлемдерді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдеріңізді берілген сөздермен
бастаңыз.
Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады.
Туризм саласы дамудың
Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуіне мүмкіндігі бар деп есептеледі.
Әлемдік туризм нарығының биігіне
Алайда көптеген сарапшылар Қазақстанның өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай отырғандығын сенімді түрде айтады.
Қазақстанның
Мәтіннен алынған пікірге өз тұжырымыңызды білдіріңіз. [3]
Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде мүмкіндік бар...
Жазылым
Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай, сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін қолданып, аргументативті эссе жұмысын орындаңыз.
[10]
Өз еліңізде саяхаттау мүмкіндігі болса, қай жерге барар едіңіз? Неліктен?
"Театрға құлағы естімейтін адам келсе , ол сахнада болып жатқан іс - әрекетті көзімен көріп , түсініп , содан ләззат алуы керек . Ал егер көзі көрмейтін зағип кісі келсе , ол тыңдап ләз зат алуы керек"деген екен Сәкен Сейфуллин . Сіз бұл пікірмен келісесіз бе?
Достарыңызбен бөлісу: |