Тыңдалым мен айтылымТапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің мазмұнын түсініп, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды және көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
мәтін
Астанада экотуризмді дамыту мәселелері талқыланды Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Жасыл экономиканы» қолдау мен «G-Global-ды» дамыту коалициясымен бірлесе отырып, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын талқылау аясында «Қазақстанның ішкі туризмінің ресурстары, әлеуеті мен даму жолдары» атты республикалық конференция өткізеді.
Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметінен хабарлады. Іс-шараның басты мақсаты – ішкі туризмнің қарқынды дамуы үшін мемлекеттің, бизнестің және азаматтық қоғамның әлеуетін біріктіру.
Конференция аясында Қазақстанның туристік саласындағы көкейкесті мәселелер; ішкі туризм мен экотуризмді дамыту үшін ұсыныстар әзірлеу; қонақүй мен туристік бизнес үшін ең жақсы идеялар бойынша конкурс жариялау; ең жақсы туристік жол бағдары бойынша конкурс жариялау және т.б. мәселелер қаралады.
Конференция жұмысына Қазақстанның әр аймағынан 70-тен аса адам, сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері, бизнес-қоғамдастық, халықаралық және отандық сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ пен басқа да мүдделі тараптар қатысады.
Конференция аясында қатысушылар арасында бірнеше меморандумдарға қол қойылып, Қазақстанның ішкі туризмін дамытудың біртұтас алгоритмі әзірленеді деп күтілуде.