ТАРАНДАР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА АНТРАГЛИКОЗИДТЕРІ БАР ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР
А.Ғ. Әбдірахман
2-курс магистранты, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қ.Л. Мусаев
Биология ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Тұқымдас: Тарандар – Polygonaceae Lindl.
Туыс: Рауғаш – Rheum L.
Түрі: Алтай рауғашы – Rheum altaicum Losinsk.
Сипаттама. Рауғаш туысына жататын биіктігі 250 см шамасында көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы түзу, іші қуыс. Гүлдері ұсақ, ақшыл-қызыл түсті, сыпыртқы тәрізді шоғырға жиналған. Жемісі 3 қырлы жаңғақша. Маусымда гүлдейді, жемісі шілдеде піседі [1].
Таралуы. Орманның шеттерінде, шалғынды жерлерде, жолдардың жиегінде өседі. Қазақстанда Зайсан, Алтай, Көкшетау тауларында кездеседі. Таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1-сурет).
1-сурет. Алтай рауғашы – Rheum altaicum Losinsk.
Дәрілік шикізаты. Дәріге алтай рауғашы тамыры күзде не ерте көктемде жинап алынады. Тамыры мен тамырсабағын 3-4 жасар кезінде жинайды. Қазір алынған тамырды шіріген бөліктерінен алып тастап, сабақ, жапырақ, топырағынан тазартып, жуып, кесіп, бөліктерге бөледі. Сонан соң, көлеңкелі жерлерде аздап кептіріп алып, соңғы сатысында кептіргішке салып 600 С температурада кептіреді [2].
Сыртқы белгілері – тамыры мен тамырсабақтарының өлшемдері әр түрлі, ұзындығы 25 см, ені 3 см-ге дейін келген. Өзіне тән иісі, ащы дәмі бар.
Сандық көрсеткіштер. Ылғалдылығы 12% -тен жоғары болмауы керек. Антрацен туындылары 2,2 % -тен төмен болмауы керек.
Химиялық құрамы. Шикізаттың құрамында антроцен туындылары, оның ішінде, уризофанол, алоэ-эмодин, фисцион, реин және оның монодирликозидтері, семнозид А, В, С, Д, алоэ-эмодин- диантрон, диантронгликозидтер, пектин илік заттар (10,6% ), крахмал болады.
Жапырақ сабағында органикалық қышқылдар (алма, лимон, янтарь), қант, С, В, РВ витаминдері, пектиндер, макро-микроэлементтер кездеседі.
Қолданылуы. Бұл өсімдіктің дәрілері іш жүргізетін, өт айдайтын, іштін өтуін тоқтататын қасиеттері бар. Осыған байланысты, ішектің жұмысы нашарланғанда, іш желдегенде, іш жүрмей қалғанда рауғаштың жер асты мүшелерінен дәрі жасайды. Алтай рауғаштың тамыры дәріретінде көбірек пайдаланса 0,2-2 г ) іш жүргізеді. Орташа мөлшерде (0,2 г) өт айдайды, аз мөлшерде пайдаланса (0,05-0,2 г) іштің өтуін тоқтатады. Геморрой ауруына шалдыққанда, тоқ ішектің шеті жараланғанда, үлкен дәретті сұйылтып шығару үшін де қолданады [3].
Дәрі-дәрмектер. Ұнтағы, таблеткалар, құрғақ экстракт, спирт тұнбасы, сироп.
Туыс: Қымыздық – Rumex L.
Түр: Ат құлақ қымыздық – Rumex confertus Willd.
Сипаттама. Қымыздық туысына жататын биіктігі 1,5 м-ге жететін, көпжылдық шөптектес өсімдік. Қысқа, қалың, аздап тармақты көпбасты тамырсабағы бар көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 1,5 м және қалыңдығы 2 см жоғары жағы тармақты, сабағы тік, көбінесе жалғыз-дара орналасқан, жалаңаш, тегіс емес болып келеді. Жапырақтары кезегімен орналасқан. Төменгі сабақты жапырақтары жүрек тәріздес негізі бар ұзын-үшбұрыш-жұмыртқа тәріздес, үштік емес, шеттері иреленген, ұзындығы 25 см, ені 12-13 см; жоғарғы жапырақтары кішілеу, жұмыртқа-ланцет тәрізді. Барлық жапырақтары сағақты, жоғарғылары қысқа сағақты. Сағақтарының астында сабақты қоршап алатын қызыл түстес воронка тәрізді қабықша түзіледі. Жапырақтарының төменгі беткейі қысқа түкті, әсіресе жүйкелерінде. Гүлдері ұсақ, жасыл түсті алты күлте жапырақшаларының гүл серігі бар ұзын, жіңішке және қою сыпыртқы тәрізді гүлшоғырына үлкен емес күлте басы түрінде жиналған. Жемістері – үшқырлы, дөңес, қоңыр түсті ұзындығы 4-5 мм гүл серігінде үш өсіп кеткен ұяшықтарда орналасқан жаңғақтар. Мамыр-маусымда гүлдейді. Жемістері маусым-шілдеде піседі [4].
Таралуы. Орманның шеттерінде, шалғынды жерлерде, жолдардың жиегінде өседі. Қазақстанда, Тобыл, Ертіс маңында, Ақтөбе, Тоғай, Зайсан, Алтай, Көкшетау тауларында кездеседі. Жалпы еліміздің еуропалық бөлігінде Батыс және Шығыс Сібірде, Қиыр Шығыста таралған (2-сурет).
2-сурет. Ат құлақ қымыздық – Rumex confertus Willd.
Дәрілік шикізаты. Тамырлары мен тамырсабақтары. Шикізатын күзде жер үсті бөлігінің дамуы тоқтаған кезде жинайды. Тамырлары мен тамырсабақтарын күрекпен қазып алып, топырағын қағып тастайды, жер үсті бөліктерін кесіп тастап, ағын суда жақсылап жуады. Қалың тамырсабақтарын ұзынынан, ал ұзын тамырларын көлденең кеседі. Кейде кептірер алдында шикізатын солдырады. Шикізатты жинау кезінде, жас өсімдіктерді қалдырып отырады. Ат құлақ қымыздық тамырларын күн астында да және көлеңкеде де кептіруге болады. Шикізатты жұқалап (3-5 см) қағазға немесе матаға жайып кептіреді. Қолайсыз ауа райында кептіргіштерде 50-60°С температурада араластыра отырып кептіреді.
Химиялық құрамы. Ат құлақ қымыздық тамырларында 4% дейін құрамында хризофан қышқылы мен хризофанол кіретін антрахинон туындылары бар; бұдан басқа, пирокатехинді топтағы илік заттар (15%-ға дейін, яғни рауғашқа қарағанда көбірек); флавоноидтар, кофе қышқылы, эфир майы, шайырлар, темір (органикалық қосылыс ретінде) бар. Жемістерінде антрахинон туындылары мен илік заттар табылған. Жапырағынан флавоноидтар (гиперозид, рутин және т.б.), аскорбин қышқылы, каротин табылған. Өсімдіктің барлық бөлігінде кальций оксалатының үлкен мөлшері бар. Жер асты өнімдерінде антропен гликозидтер (0,86-1,6% ), эмодин, аробинозид эмодина, хризофанол, Франгулоэмодин, алоэ-эмодин, фисцион болады.
Сонымен бірге, илік заттар 6,6 – 15%6 антроциандар 5%, лейкопелларгонидин, лейкодельфинидин, лейкоцианидин, катехиндер (катехин, эпикатехинраллат), нафталин туындылары (некодин, непозид); фенол (галло, кофе), органикалық (алма, лимон), қышқылдары, эфир майы 0,2%, сапониндер, алкалоидтар С, К витаминдер кездеседі [5].
Медицинада қолданылуы. Ат құлақ қымыздықты қайнатпа мен ұнтақ күйінде колиттер мен энтероколиттерді, геморройды емдеуге пайдаланады. Аз дозада олар бырыстырғыш, ал үлкен дозада іш жүргізетін қасиет көрсетеді. Қымыздықтың препараттары бүйректің несеп тасы ауруларында қолдануға болмайды. Дәрілік мақсат үшін жылқы қымыздық тамырын күзде жинап алады. Қазып алады да жер беті бөлігін кесіп алып тастайды, тамырын топырағынан тазартып, салқын сумен жуады. Таза ауада кептіріп алып, бүлінген бөліктерін бөліп тастайды. Сонан соң, қалың тамырларды, ұсақ бөлшектерге бөліп кеседі. 50-600С температурада кептіргіште кептіреді.
Сандық көрсеткіштер. Ылғалдылығы 13% -тен, бөлінбеген сабақтары мен тамырлары 5%-тен, минералды қоспалар 0,5%-тен жоғары болмауы керек [6].
Қолданылуы. Бұл өсімдіктен жасалған дәрілер қабынуға қарсы әсер ететін, іш жүргізетін, өт айдайтын, қан тоқтататын, құрқұлаққа ем болатын қасиеттері бар. Аш ішектің және тоқ ішектің қабынуын, геморрой түйіндерін, қанның азаюын емдеу үшін де қолданылады. Ауыз уылғанда және тіс қабынғанда ауыз шаяды. Бұл өсімдіктен жасалған дәрі-дәрмектермен кейбір
тері ауруларын емдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |