Тарау Қаржылық бақылаудың мәні,пәні және формалары Қаржылық бақылаудың мәні,мазмұны мен пәні


Кассаға ревизия жүргізу тәртібі мен



бет17/49
Дата26.01.2022
өлшемі348,5 Kb.
#114818
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49
Байланысты:
Тобылов . Т., Даулетбаев Б. Т. Аржылы ба ылау ж не аудит

6.3 Кассаға ревизия жүргізу тәртібі мен

оның нәтижелерін рәсімдеу

Кез келген кәсіпорында кварталына бір рет кассадағы барлық қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың және басқа да құндылықтардың инвентаризациясы жүргізіледі. Ұйым басшыларының бекітілімі бойынша кассалы қойма есептеу үшін арнайы акт құрастыратын комиссия құрастырылады.

Инвентаризация алдында кассир арнайы құрылған комиссияға соңғы рет құжаттармен жүргізілген кассаның операциялар есебін, бағалы қағаздар айналымы туралы, кассаның кіріс және шығыс туралы есептерін ұсынады. Арнайы комиссия ұсынылған құжаттарға қатаң түрде тексеріс жүргізіп, құжаттардың дұрыс толтырылуын, операциялардың кассаның кітапқа дұрыс жазылуын тексереді.

Арнайы құрылған комиссия бақылауында кассадағы ақшаны кассир жеке-жеке есептейді. Кассадан қысқа мерзімге алынған ақшалар және оның қалдықтары көрсетілмейді.

Егер де инвентаризация нәтижесінде кассалық құндылықтардың артықшылығы және тапшылығы болса, барлық сома инвентаризациялық актте көрсетіледі.

Инвентаризациялық акт кассаны қайта есептеу кезіндегі болған оқиғаларды көрсету үшін қолданылады.

Инвентаризациялық комиссия ақша қаражаттарын кассадағы құндылықтарды, бағалы қағаздар және тағы да басқа толық қайта есептеу арқылы жүзеге асырады.

Инвентаризациялық акт екі дана толтырылады, біреуі арнайы комиссиямен, біреуі – материалды жауапты тұлғамен. Оның бір данасы шаруашылық субъектінің бухгалтериясына беріліп, екіншісі – материалды жауапты тұлғада қалады. Егер материалды жауапты тұлға өзгерген жағдайда акт үш дана толтырылады.

Инвентаризация алдында әр материалды жауапты тұлғадан қаржылық құндылықтарға жауапты екені туралы хаттама алынады және ол хаттама инвентаризациялық актке қосылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет