Байланысты: Тобылов . Т., Даулетбаев Б. Т. Аржылы ба ылау ж не аудит
Тарау 6 Кассалық-банктік операцияларға ревизия және бақылау жасау
6.1 Банк шотындағы және кассадағы қолма-қол ақшаларға аудиторлық тексеріс жүргізудің реті мен ақпарат көздері
Қолма-қол ақшаның аудиті мен бақылауының ақпараттық базасына жатады: кәсіпорынның есептік саясаты; бухгалтерлік баланс; Бас кітап; ақша-қаражаттарының қозғалысы туралы есеп; журнал-ордер №1, 2 және ведомость №1, 2 (есепті қолмен жүргізгенде) немесе машинограммалар (компьютеризция кезінде); инвентаризациондық комиссиясы мен материалды жауапты түлғаларды (кассирлерді) тағайындау жөніндегі тексерілетін субъект басшысының бұйрығы; кіріс және шығыс кассалық ордерлері, төлем ведомосттері; кассалық кітап; ақшалық және есеп айырысу чектері; қолма-ақшамен төлеуге объявление; төлем талап-тапсырмасы; банк выпискасы; валюталық карточкалар.
Қолма-қол ақшаны тексеру мен бақылау келесі ретпен жүргізіледі:
субъекттің есеп саясатымен танысу, оның ішінде: кассалық есептемені ұсыну мерзімділігі қандай, кассадағы қолма-қол ақшаға инвентаризация жүргізу мерзімдері, қандай мекемелерде және қандай шотта қолма-қол ақшалар бар;
бухгалтерлік баланс бойынша кассадағы қолма-қол ақшалардың, жыл аяғы мен жыл басындағы банктің есеп айырысу, валюталық және ерекше шоттағы ақшалардың дұрыстығы мен тепе-теңдігін анықтап, Бас кітап пен аналитикалық есеп регистріндегі ақпаратмен салыстырады;
ақша-қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қүжаттарды тексереді,құжаттардағы барлық реквизиттердің толтырылуын;