Тарау 7 Ақша қаражаттары қозғалысының операциондық бақылау мен аудиті
7.1 Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептемесі, оның құрылымы
Қазақстан Республикасының шаруашылық субъектілері үшін қаржылық есептемесінің негізгі түрі Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептемесі болып табылады. Ол «Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептемесі» Бухгалтерлік есеп стандартымен бекітілген. Бұл есептемеде белгілі бір кезеңде субъект қаражаттарының қайнар көздері анықталады және олар қалай қолданылатыны көрсетіледі. Ол қолданушыларды есептік кезеңде операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметтер тұрғысында ақша қаражаттарының түсуі және шығуы туралы ақпараттарымен қамтамасыз ете отырып субъектің қаржылық жағдайындағы өзгерістеріне баға беруіне мүмкіндік беред.
Операциондық қызмет деп инвесициялық және қаржылық қызметтеріне жатпайтын субъектің табыс алу мен байланысты негізгі қызмет.
Инвестициялық қызмет – бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелетін несиелерді беру және алу.
Қаржылық қызмет – бұл нәтижесінде меншікті капиталдың және қарыздық қаражаттардың құрамы мен мөлшерінде өзгеріске әкелетін қызмет.
Бұл қызметтердің барлығы ақша қаражаттарының түсу және шығуының негізгі арнар б.т.
Достарыңызбен бөлісу: |