Тарау Қаржылық бақылаудың мәні,пәні және формалары Қаржылық бақылаудың мәні,мазмұны мен пәні



бет49/49
Дата26.01.2022
өлшемі348,5 Kb.
#114818
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Тобылов . Т., Даулетбаев Б. Т. Аржылы ба ылау ж не аудит

16.4 Инвестициялар аудиті

Бухгалтерлік есеп шотының типтік жоспарында инвестицияларды есептеу үшін шоттардың «Инвестициялар» баптарын жатқызуға болады: «Еншілес серіктестіктерге инвестициялар», «Тәуелді серіктестіктерге инвестициялар», «Бірге бақылауға алынатын заңды тұлғаларға инвестициялар», «Басқалар».

Бақылауды қамсыздандырылатын инвестицияларға жарғылық капиталдағы 50% артық инвестицияларды және субъектілердің иелігіндегі 50% артық дауыс беретін акцияларды жатқызылады. Бақылауға алынатын субъектілер инвестор үшін еншілес заңды тұлғалар болып табылады.

«Тәуелді шаруашылық серіктестігіндегі инвестицияның есебі» бухгалтерлік есебінің стандартына сәйкес заңды тұлғалардың жарғылық капиталының 20-50% инвестордың салымы құрайтын болса немесе оның дауыс беретін акциялардың 20-50% инвестордың иелігінде болса, онда заңды тұлғалар инвесторлар үшін тәуелді тұлғаларға айналады.



Аудиторға келесілерді анықтау қажет:

  • инвестициялардың еншілес немесе тәуелді серіктестіктерге қатыстылығын, сонымен қатар бірге бақылауға алынатын заңды тұлғалардың инвестордың айналымға түспейтін активтеріне қатыстылығын, өйткені бұл инвестициялар айналымға ұзақ мерзімде қатыспайды, және бұл көрсеткіштердің қаржылық есеп беруге дұрыс енгізілуін;

  • еншілес, тәуелді және бірге бақылауға алынатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына акциялар мен салымдарды иелену, сонымен қатар қайта бағалау негізінде еншілес және тәуелді серіктестіктердің таза активтеріндегі инвестор үлесінің өзгеруімен байланысты инвестициялардың ұлғаюы «Инвестициялар» бабының шоттарындағы дебет жағы бойынша есептелуін;

  • инвестициялардың шығуы немесе басқа да жүзеге асырулар кезінде инвестициялардың баланстық құнын есептен шығару инвестициялар бабының шоттарындағы кредит жағы бойынша көрініс табуын;

  • инвестицияларды есептеу кезінде қандай тәсілдерді қолдану керектігін: а) үлестік қатысу тәсілі; б) құн тәсілі

  • субъекттің инвестицияларды есептеу және бағалау бойынша таңдаған тәсілінің есептік саясатта белгіленуін.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет